Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sala_uyym_ekz_surak-1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

20.Өндірістік құрылымның түрлері, мәні және түсінігі

Үш түрі: заттай, технологиялық, аралас.

Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады.

Ерекшелігі: Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.

Технологиялық құрылым колданылғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады.

Ерекшелігі: Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды дамытады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды.

Кемшілігі: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар колданудың мүмкіншілігінің жоқтығы. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығында көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.

Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемі азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.

21.Өндірістік үдеріс және оның құрылымы

Өндірістік үдеріс — кәсіпорында өнімді дайындау және жөндеу үшін кажетті адамдар мен еңбек құралдарының барлық іс-қимылдарының жиынтығы.

Еңбек үдерісінің негізгі элементтері, демек, өндірістік үдеріс — адамнын нысаналы қызметі немесе еңбектің өзі, еңбек заттары мен құралдары.

Ішкі құрылым мен мазмұны жагынан өндірістік үдеріс біртекті емес, көптеген ішінара (күрделі және қарапайым) үдерістерден құралады, олардың негізгі құрылымдық өлшемі - өндірістік операция.

Өндірістік үдерістің еңбек затының дайын өнімге айналуымен байланысты технологиялық жағы орындаушылардың технологиялық үдерістерді жүзеге асыру әрекеттерінің жиынтығы болып табылатын еңбек жағы бар.

22.Технологиялық циклдер және үдерістер туралы түсінік. Технологиялық үдеріс түрлері

Өндірістік цикл-кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің көптеген көрсеткіштерінің есебі үшін қайнар көзі ретінде, ең маңызды техника-экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.

* Өндіріске өнімді өндіруге жіберу мерзімі мен оның дайын өнім ретінде шығару мерзімі белгіленеді.

* Өндірістік құрылымдарының қуаттылығы есептеледі.

* Басқа жоспарлы-өндірістік есептер жүзеге асырылады.

* Аяқталмаған өндірісінің көлемі анықталады.

Өнімді дайындаудың өндірістік циклі бұл өндіріске жартылай фабрикаттар мен материалдардың,жіберулерінен негізгі өндірісте дайын өнімді алғанға дейінгі аралықта табылатын күнтізбелік кезеңде білдіріледі.

Өндірістік циклдің құрылымы:

• Негізгі операциялардың орындалу уақыты

• Көмекші операциялардың орындалу уақыты

• Өнімді дайындаудағы үзілістер

Өнімді дайындаудағы негізгі операциялар-ң орындалу уақыты: технологиялық циклден тұрады және адамның еңбек затына тікелей және жанама әсерін жүзеге асыру кезіндегі уакыт анықталады.

Кәсіпорынның жұмыс режиміне байланысты белгіленген үзілістер: жұмыссыз күндер,ауысымдар,ауысым аралық және түскі ас арасындағы үзілістер,жұмысшылар-ң демалуы үшін ауысымды регламенттелген үзілістер және т.б жатады.

Ұйымдық-техникалық себептерге негізделген үзілістер:Өзара байланысты жұмыс орындарын күту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]