- •1.Сала туралы түсінік және олардың түрлері
- •2.Саланың құрылымы мен инфрақұрылымы
- •3.Экономиканың салалары мен ортасы, олардың сипаттамасы мен өзара байланысы
- •4.Өнеркәсіптің маңызды салалары және олардың сипаттамасы
- •5.Саланың өзара байланысы мен әрекеті. Салааралық комплекстер.
- •6.Тиімді өндіріс құрылымының мәні мен түсінігі
- •7.Өндіріс құрылымының элементтері
- •8.Кәсіпорынның функционалдық бөлімшелері
- •9.Өндірістік циклдің ұзақтығы және оның түсінігі мен есептелу тәртібі
- •10.Аяқталмаған өндіріс және оның көлемін есептеудің тәртібі
- •11.Өндірістің технологиялық дайындығын ұйымдастыру
- •12.Экономика кешендерінің негізгі салаларының қазіргі жағдайы
- •13.Қазақстандағы өндіріс салаларының қазіргі жағдайы және даму мәселелері
- •14.Шикізат: түсінігі, агрегаттық жағдайына, құрамына, пайда болуына байланысты жіктелуі
- •15.Түрлі шикізат түрлері және қысқаша сипаттамалары.
- •16.Минералды: рудалық, рудалық емес, жанғыш минералды шикізат, пайдалы қазбалар шығару туралы түсінік.
- •17.Өнеркәсіпті ұйымдастырудың формалары
- •18.Өндірістік өнеркәсіп түрлері: бірліктік, сериялық, жалпыламалық.
- •19.Кәсіпорынның өндірістік құрылымы.
- •20.Өндірістік құрылымның түрлері, мәні және түсінігі
- •21.Өндірістік үдеріс және оның құрылымы
- •22.Технологиялық циклдер және үдерістер туралы түсінік. Технологиялық үдеріс түрлері
- •23.Шоғырлау, қиыстыру, мамандану, кооперативтеу-өнеркәсіптік өндіріс ретінде.
- •24.Технологиялық үдерісті ұйымдастырудың маңыздылығы.
- •25.Технологиялық үдерістің құрамы және түсінігі
- •26.Технологиялық үдерісті жетілдіру жолдары
- •27.Ғылыми-технологиялық үдерістің түсінігі
- •28.Өндірістік үдерістің түсінігі және олардың жіктелуі
- •29.Өндірістік құрылымға әсер ететін факторлары және оның жетілдіру жолдары(заттай, технологялық, аралас)
- •30.Өндірістік өнеркәсіптің типтері
- •31.Өндірістік үдерістің рационалды қағидалары
- •32.Өндірістік цикл, құрылымы және түсінігі
- •33.Өндірістің техникалық дайындығының түсінігі мен мәні
- •34.Өндірістің конструкторлық дайындығы
- •35.Өндірістегі конструкциялық құжаттың жүйесі, маңыздылығы және міндеті
- •36.Өндірістегі операциялар бойынша еңбек заттарының қозғалыс түрлері
- •37.Өндіріс типінің түсінігі және оғанн әсер ететін факторлар.
- •38.Өндірістің сериялық типіне сипаттама және осыған тән салалар
- •39.Өндіріс үдерісінің негізгі факторлары және олардың өзара әрекеті
- •40.Өндірістік үдерістің негізгі параметрлері және олардың түсінігі
- •41.Операция қарқыны және ырғағына түсінік және олардың есептелінуі.
- •42.Өндірістің конструкторлық дайындау этаптары және олардың түсінігі.
- •43.Өндірістегі конструкторлық құжаттың, жүйесі, түсінігі және оның маңыздылығы
- •44.Металлургиялық өнеркәсіп саласының маңызды өнімдерінің түрлері. Олардың қасиеті және қолдану ортасы.
- •45.Металлдардың өндірістік жіктелуі.
- •46.Қара және түсті металдардың өндірудің негізгі технолгиялық үдірістері
- •47.Машина жасау өнеркәсібі, машина жасау туралы түсінік.
- •48.Кешеннің жетекші салалары, құрылымдық – техникалық сала құрылысы бойынша машина жасау индустриясының қазіргі замандағы мәні.
- •49.Химиялы-орман өнеркәсіп салаларының маңызды өнімдерінің түрлері
- •50.Химиялы-орман өнімдерінің қасиеті және қолдану ортасы.
- •51.Қр химиялық өнеркәсіптердің қазіргі жағдайы және олардың ел экономикасындағы алатын рөлі
- •52.Ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларының маңызды өнімдерінің түрлері
- •53.Еліміздегі ағаш өнеркәсібіндегі бұйымдарды ағаштан өндіру технологиясы және олардың даму мәселелері
- •54.Былғары және тон-тері өнеркәсібі салаларының маңызды өнімдерінің түрлері.
- •55.Былғары және тон-тері өнеркәсібі салаларының қасиеті және қолдану ортасы.
- •56.Былғары және тон-теріден жартылай фабрикаттарды өндіру технологиясы және олардың еліміздегі жалпы жағдайы
- •57.Сауда ұйымдастыру, саудада өнеркәсіп саласының технологиялық негіздері.
- •58.Нан өндірісінің шикізаты және нан өндіру технологиясы
- •63.Тәтті тағамдар өндірісі және шикізаты, тағамдық құндылығы.
- •64.Спирт өндірісінің шикізаты оның технологиясы
- •68.Өсімдік майының өндіріс технологияларының кезеңдері.
- •69.Өсімдік майының тазарту әдістері және олардың түсінігі
- •70.Саланың жөндеу жұмыс шаруашылықтарын ұйымдастыру
- •71.Саланың қойма шаруашылықтарын ұйымдастыру жұмыстары
- •72.Саланың көлік шаруашылығын ұйымдастыру және оның маңыздылығы
- •73.Саланың энергошаруашылық жұмыстарын ұйымдастырудың түсінігі
- •74.Өндірістік инфрақұрылымның түсінігі және оның даму тенденциялары
- •75.Өндірістің үйлестірілуі (комбинирование: маңызы, формалары және өндірістің үйлестіру деңгейлерінің көрсеткіштері
- •76.Өндірісті үйлестірудің экономикалық тиімділігі
- •77.Өнеркәсіп салаларын үйлестіруді дамытудың ерекшелігі
- •78.Өндіріс циклінің құрылымы: негізгі операцияларды орындаудың уақыты (дайындау, өңдеу, құрастыру)
- •79.Өндіріс циклі: көмекші операцияларды орындаудың уақыты (көліктік, бақылау)
- •80.Өндіріс операциялары бойынша еңбек заттарының қатарлы қозғалысының түсінігі, артықшылығы, кемшілігі.
- •81.Өндіріс операциялары бойынша еңбек заттарының параллельді қозғалысының түсінігі, артықшылығы, кемшілігі
- •82.Өндіріс операциялары бойынша еңбек заттарының қатарлы-параллельді қозғалысының түсінігі, артықшылығы, кемшілігі
- •83.Өндірістің конструкторлық дайындаудың мәні мен мақсаты
- •84.Өндірісті техникалық дайындауды жоспарлаудың түсінігі
- •85.Ғылыми – техникалық прогресстің экономикалық тиімділігі және мәні
- •89.Ел экономикасында маңызды орынды алатын негізгі ірі салалар және олардың қазіргі жағдайы
45.Металлдардың өндірістік жіктелуі.
Қара металлургия — металлургияның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы.
Түсті металлургия — кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдар мен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды. Республикада түсті металлургия шикізатынан сирек және шашыраңқы металдарды ажыратып алу мәселесінен маңызды нәтижелер алынды.
46.Қара және түсті металдардың өндірудің негізгі технолгиялық үдірістері
*жер қойнауынан қазылып алынған руданы алдын ала өңдеу;
*кентастардан және басқа материалдардан металды алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту;
*металдар мен қорытпалар өндіру;
*металдарды термомеханикалық өңдеу;
*металдарды қысыммен және құймалап өңдеу;
*металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатымен қаптау;
*металл бұйымдардың беттеріне басқа металдар мен бейметалдарды диффузиялық енгізу.
47.Машина жасау өнеркәсібі, машина жасау туралы түсінік.
Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі "Дженерал Моторс", "Форд Мотор", "Дженерал Электрик" (АҚШ), "Даймлер-Крайслер", "Сименс" (ГФР), "Мицуи", "Мицубиси", "Тойота Мотор" (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді.
Машина жасау өнеркәсібінің ұдайы дамып, өркендеуі қоғам қажеттілігімен және FTP жетістіктерімен, көптеген өнімдерді (тұрмыстық техника, автомобиль, электрондық техника) тұтынудың жаппай сипат алуымен анықталады. Машина жасау өнеркәсібінің орналасуы бастапқыда металға бағдарланса, соңғы онжылдықтарда маман жұмыс күшіне, кейбір салаларының ғылыми-зерттеу орталықтарына, инфрақұрылымы дамыған ірі қалаларға шоғырлануы байқалады. Бірте-бірте бұл сала кәсіпорындары барлық жерде орналасатын болады.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылаған сайын өндірістің құрылымы да күрделеніп, жеке салалардың арасалмағы өзгерді. Қазіргі кезде өнімнің құны бойынша электр техникасын жасау дәстүрлі салаларды артқа тастады. Ғылымды көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. АҚШ қарапайым құрал-жабдықтар шығаруға қарағанда күрделі, кымбат техника өндірісіне маманданған. Азия елдері жаппай сипаттағы компьютерлік техника мен тұрмыстық, электроника, ал Батыс Еуропа елдері байланыс құралдары мен медициналық, өндірістік және ғылыми құрал-жабдықтар шығаруға бағдарланған. Көлік маишналарын жасау автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі. Шығаратын өнімінің саны (жылына 45—50 млн дана), өнім құны және сериялылығы жөнінен автомобиль жасау алдыңғы орында; бұл өнімге сұраныс дүниежүзі бойынша тұрақты есу үстінде. Жалпы, автомобиль өндірісінің 3/4-і жеңіл автомобиль үлесіне тиесілі (43-сызбанұсқаны қараңдар).
Барлық өнімнің 25%-ын жүк машиналары, арнайы (медициналық, өрт сөндіру, полициялық) автомобильдер мен автобустар құрайды (бұл көрсеткіш елдер бойынша айырмашылық жасайды). Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары — Батыс Еуропа,Солтүстік Америка және Жапония. Аймақтар арасында басты орын (өнімнің 1/3-ін береді) алатын Батыс Еуропаның өндірісі экспортқа бағдарланған, шығарылған өнімнің 75%-ы өндірілген елден сыртқа сатылады.
Жеке елдер арасында АҚШ пен Жапония өндіріс көлемі жөнінен жетекші орын алады, олардың әрқайсысы жылына, шамамен, 9—10 млн автомобиль шығарады. Автомобиль жасау күшті монополияланып, дүниежүзі бойынша бұл сала өнімінің 80%-ы аса ірі он автомобиль компаниясының үлесіне тиесілі. Әдетте, әр елдің өзіндік "автомобиль астанасы" бар; олардың қатарына өндіріс шоғырлануымен көзге түсетін Детройт (АҚШ),Вольфсбург (ГФР), Турин (Италия), Төменгі Новгород (Ресей), Нагоя-Токио (Жапония) жатады. Көлік машиналарының автомобильден басқа түрлерін (кеме, теміржол көлігі, ұшақтар) жасау да көрнекті орын алады. Кеме жасаудан Жапония, Корея Республикасы, Германия, Қытай жетекші орында. Қазіргі кезде сұйық өнімдер таситын танкерлерге, контейнер тасымалдаушы және мұзжарғыш кемелерге, туристік және ғылыми-зерттеу бағытындағы арнайы кемелерге сұраныс артып отыр. Ұшақ өндірісіндеСиэтл мен Лос-Анджелес қалаларындағы (АҚШ) "Боинг" зауыттарының тобы және Тулузадағы (Франция) "Конкорд" зауыты көзге түседі.
Жалпы машина жасау шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін (сағаттар, тоқыма және тігін машиналары, т.б.) шығаруды қамтиды. Мұнда бірнеше данадан ғана (атом реакторы, металлургия комбинаттарының жабдығы) шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіріледі. Бұл сала бойынша дүниежүзінде АҚШ, Германия, Жапония алдыңғы орын алады. Кейбір елдердің айрықша маманданған салалары бар; Швейцария сағат өндірісіне қажетті өте дәл станок жасауға, Жапония мен Корея аса ірі станок жасауға маманданған.
Қазақстан саласына шолу
• Қазақстандық машина жасауды дамытуда өндiріс өнеркәсiбі, металлургия және құрылысқа арналғанжабдыққа өсіп келе жатқан iшкi сұраныс арқылы белсенді қолдау көрсетіледі.
• Электр энергиясының төмен құны (Ресейге қарағанда айтарлықтай төмен), оның энергия сыйымдылығын есепке ала отыра Қазақстанда машина жасауды дамыту үшін басым фактор болып табылады.
• Қазақстандық машина жасау потенциалын ашуға дамыған транспорттық жүйенің болуы және машина жасау өнімдерінің ірі-ірі әлемдік импортшыларының: Қытай, Индия және Ресейдің географиялық жақын орналасуы әсер етеді.
• Машина жасау саласында бірлескен өнеркәсіп құру мақсатында шетелдік өндірушілерді тартуға бағытталған Қазақстан саясаты сектордың дамуын жылдамдатады.
• Қазақстанның машина жасаудағы басты кластерлеріндегі транспорттық және энергетикалық инфрақұрылымдарға қолжетімділік (Алматы, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Талдықорған қалалары).
• Келісім-шарт жағдайында Ресей мен Қытай құрамдас бөліктерінің кең нарықтары мен жабдықтарының қосалқы бөлшектеріне ашық қолжетімділік.
• Сирек кездесетiн металдарды өндiрудiң өсуiҚазақстанды индустриаландыру үшін және оның позициясын сирек кездесетін металдардың дамушы нарықта күшеюіне мүмкiндiк туғызады.
• Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндіру бойынша келесідей секторларда 250-ден астам желілер жүргізілді: мұнай газ, тау-кен өндірісі, электр жүйесі және электроника.
• Қазақстанда руда шығатын қосалқылардың молшылығы қазақстандық күрделі машина жасау өнімдерінің әлемдік нарықта бағаларды оптимизациялау есебінен бәсекелестігін көеруге мүмкіндік береді.
• Қазақстан логистикасының дамушы инфрақұрылымы және оның машина жасау өнімдерін тұтынудың негізгі нарықтары – Қатай, Ресей, Таяу Шығыс және Еуропа арасындағы бірегей географиялық орналасуы.
Өнімнің өндірісіне шолу
2011 ж. елдің ҰЖТ-да машина жасаудың үлесі 1,12%, ал қайта өңдейтiн секторда 2010 жылмен салыстырғанда өндірістің жылдық 64% өсу жылдамдығы бойынша 9,86% құрды. Машина жасау секторы бойынша орташа жылдық өсу жылдамдығы бойынша 2008 және 2011 мерзіміне:
• Станок жасау 85%;
• Ауылшаруашылық техника 36%;
• Электр жабдық 28%;
• Транспорттық машина жасау 17%;
• ИКТжабдық 13%;
• Ауыр машинажасау 12%;
• Өнеркәсiптiк жабдық 5% құрды.
Қазақстанда секторлар тобы бойынша машина жасау саласының өндіріс үлесі құндық көріністе 2011 жылы:
• ауыр машинажасау 46%;
• транспорттық машина жасау 20%;
• электр жабдық және құрал жасау 36 % құрды.
ҚР статистика бойынша агенттігінің 2012 жыл 1 қаңтардағы мәліметтері бойынша машина жасау саласында 1504 өнеркәсіп жұмыс істейді. Қазақстанның индістриаландыру картасы бойынша машина жасау саласында 9 жаңа ірі жобалар жүзеге асырылуда. Олар:
Транспорттық машина жасауда: «Азия Авто» АҚ, жүк және қоғамдық транспорт; «ЗИКСТО» АҚ, вагон жасау; «Байтерек А» АҚ, электровоздар; «Камкор Менеджмент» ЖШС, жүк вагондары.
Мұнайгаз машина жасауда: «Батыс-Қазақстан Машина жасау комбинаты» АҚ, газ қотарушы агрегат және газтурбиналы электр станцияларын әзiрлеу және жасау.
Тау-металлургиялық машина жасауда: «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, жүк темiр жол вагондары үшiн iрi құю өндiрiсі.
Ауыл шаруашылық техника өндiрiсiнде: «Агромаш Холдинг» АҚ, комбайндардың өндiрiсi.
Электротехникалық жабдық өндiрiсінде: «Қайнар-АКБ» ЖШС, индустриалды қорғасын - қышқыл аккумуляторлық батареяларының өндiрiсi; «EAST INDUSTRY COMPANY Ltd» ЖШС, өндiрiс күш беретiн және бақылау кабелдерi.
Экспортты шолу
Машина жасаудың экспортты бағдарланған негiзгісекторлары являются мұнайлы-газ, тау-кен өндiрісi, электротехникалық өнеркәсiптiк машина жасау болып табылады. Ауыр және электротехникалық машина жасау секторларының үлесi барлық машина жасау саласынныңэкспортында65% құрды.
Қазақстан экономикасын техникалық жаңартуының масштабты мақсаты машина жасау кешенінің басымды дамуының қажеттілігімен негізделеді
Машина жасау саласында қажеттілер:
— жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін аса тиімді кәсіпорындарға селективті инвестициялық қолдау;
— халықаралық кооперацияны кеңейту, бірлескен кәсіпорындармен және дүние жүзінің алдыңғы қатарлы фирмалар өндірісін құруға ықпал жасау;
— техникалық жаңарту мен өндірісті дамытуды мақсатты қаржыландыру.
Жобаларды қаржыландыру критериі — технологиялық тартымдылығының актуалдылығы, алдыңғы қатарлы ноу-хоу трансфертінің жағдайы және оның жеке дамуы, бәсекеге қабылеттілігі және өнімнің экспорттық әлеуеттігі. Аталған бағыттағы прогресі үшін дағдарысты факторлары алдыңғы қатарлы компанияларда тәжірибе алмасу жолымен ұлттық ғылыми, инженерлік және жоғары білікті жұмысшы кадрларын мақсатты дайындау, қажетті мамандықтардың жүйеленген тізбесін құру және тиісті дайындық бағдарламасын қаржыландыру болып табылады.
Салааралық машина жасаудың әлеуеті жобаларды іске асыру жағдайы бойынша жоғарылайтын болады:
— конструкциялық машина жасау материалдарын ( болат құбырларды және т.б. жалпақ және сұрыптап қақтау) шығару бойынша және машина жасау дайындықтарының арнайы өндірісін дамыту;
— қазіргі заманғы өндірісін (порошокты металлургия, композициялық материалдар және т.б.), перспективалы құралдар мен метиздерді жандандыру;
— материалдарды өңдеу технологиясын дамыту (пісіру, кесу және т.б.);
— машина жасауға қажетті майлау материалдары және лактыбояумен жабу өндірісі;
— инжинирингілік мәдениетті, жобалаудың ақпараттық жүйесін және өнеркәсіптік дизайнын құрастыру;
— икемді автоматтандырылған өндірісті енгізу, құрал жасаудың салалық өнерекәсібін дамыту
Соңғы жылдары машина жасаудың соңғы өнімінің қосылған құнына қазақстандық өндірушілерінің үлесін көтеру мақсатымен, технология мен өндірістің (соның ішінде стратегиялық серкітестіктерді тартумен) жаңа әзірлемесі бойынша венчурлық кәсіпорындарды қолдау қажеттілігі анықталды.
Қазақстанның Инвестициялық қоры машина жасау кешенін жаңартуды Қазақстанның Индустриалды-инновациялық стратегиясын іске асыру жоспарындағы бірден-бір басымды бағыты ретінде қарастырады. Қазіргі кезде Қордың қарастыруында ауыл шаруашылық, мұнайгаз және көліктік машина жасау өнімдерін шығару жобаларын есепке алғанда бірнеше жобалары бар.
