Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sala_uyym_ekz_surak-1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

57.Сауда ұйымдастыру, саудада өнеркәсіп саласының технологиялық негіздері.

Сауда ұйымдастыру – өнеркәсіп саласының технологиялық негіздері, ұйымдық құрылым мен ұйымдастырушылық қызметті талап ететін, сауданың жұмыс істеуіне арналған іс шаралар болып табылады.

Сауданы ұйымдастыруды екі аспектіге бөлеміз: статистикалық және динамикалық

Сауданы ұйымдастыру функциялары:

*Оперативті – өз уақытында проблеманы шешетін.

*коммерциялық – түскен пайданы іске асыратын.

Сауда ұйымдастырудың құрылымдары:

-экономикалық

-функционалдық

-басқарушылық

-технологиялық

-әлеуметтік

-аумақтық

Сауда ұйымдық құрылым:

*экономикалық

*функционалдық

*басқару

Сауда ұйымдастыру:

*қарым-қатынас: ұйымдастырушылық,әкімшілік,экономикалық,әлеуметтік,технологиялық

*байланыс:сауда-экономикалық,сыртқы сауда,интеграция,ынтымақтастық

Сауда ұйымдастыру:

*басқару: әкімшілік органдар, қызметтер

*сауда жүйесі: салалық,функционалдық, ведомствалық,аумақтық

*коммерциялық нысандар:кәсіпорындар,бірлестіктер,ұйымдар

58.Нан өндірісінің шикізаты және нан өндіру технологиясы

Нан өнімдерінің негізгі топтары:

--- Бидай ұнынан дайындалған нан

--- Шығыны әр түрлі қара бидай ұнынан дайындалған нан

--- Қара бидай мен бидай ұндарының қоспаларынан дайындалған нан

Нан өндірісінің шикізаттары: Бидай,сұлы,жүгері т.б

Шикізат дайарлау—Қоспалар арқылы қамырды даярлау—Қамырды даярлау—Қамырды бөлу—Пісіру—Салқындату.

59.ҚР- ғы макарон және нан өндірістерінің жалпы экономикалық жағдайы

Қазақстан Республикасына макарон өнімдерінің импорты 25 072,5 мың тонна / 50 087,5 мың АҚШ доллар құрайды. Макарон өнімдерінің импорты негізгі 12 мемлекеттен жүргізіледі. Қазақстан Республикасына макарон өнімдерінің экспорты 12 556 тонн / 11 248,0 мың АҚШ доллар. Макарон өнімдерінің нарық сыйымдылығы 254 мың тонна.

Бүгінгі күні «Султан Макароны» фабрикасы нарыққа бидайдың қатты сұрпынан дайындалатын «Султан» тауарлық белгісімен ұнтақ жарма, кебек, екінші сұрыпты ұн және 27 түрлі жіңішке және қалың макарон өнімдерін ұсынып отыр. Фабрика ай сайын 3400 тонна макарон өнімдерін, 600 тонна ұн, 1100 тонна ұнтақ жарма өнімдерін өндіреді және айына 100 тонна өнімді сақтауға мүмкіндігі бар. «Султан» саудалық белгісін тарату мен өнімдерін өткізу бойынша 1996 жылы «Султан Маркетинг» Компаниясы құрылды оның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасты. Бүгінгі күнде «Султан Маркетинг» өзінің қызметін Қазақстанның 11 аумағы мен 7 елдерде жүргізіп отыр. Компанияның қойма бөлмелерімен, көлікпен қамтамасыз етілген және көтерме желі мен дистрибьютерлік компаниялары бар филиалдары бар, олар ірі штаттан тұратын таратушыларға ие. «Султан Маркетингінің» өткізу қуаттылығы жұмасына 17 000 клиентті (тауар өткізу нүктелеріне байланысты) құрайды. Фирма ауданы 15 000 м2 болатын жабық қойма бөлмелерін қолданады және құрылған күнінен бастап, 14 елмен экспорттық қарым-қатынастары бар, оның ішінде Ресеймен, Украинамен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен, Афганистанмен, Монғолиямен, Түркменстанмен , Литвамен, Белорусиямен, Германия мен Қытаймен қарым-қатынаста.

60.ҚР- ғы қант өндірісі, негізгі шикізаттары және оларды өңдеудің технологиясы

Қант — қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім.

Қант өндірісі — қант қызылшасы мен қант құрағынан кристалды ақ ұнтақ қант және шақпақ-қант өндіру. Біздің елімізде қант құрамында 17,5% қант болатын қант қызылшасынан өндіріледі. Қант өндірісінің негізгі процестері: қызылшаны жуу, жапыр ақшалап турау, диффузиялық аппараттарда өңдеу, диффузиялық шырынды тазарту (дефекация, сатурация, сульфитация), тазартылған шырынды булау, қою шырынды құрғақ заттары 92,5% болғанша қайнату, центрифугалау, ұнтақ кептіру, салқындату; мұның нәтижесінде ұнтақ қант алынады кесек қант құмшекер қанттан жасалады

61.ҚР – ғы шикі крахмал өндірісі, шикізаты және өңдеу технологиясы

Өндірушілер:

Жаркент « алматы»

АзияАгро-ФУД «Алматы»

Картопты крахмал өндірісі:

- жуу, ұсақтау, ботқасынан крахмалдың бөлінуі, кептіру.

Картопты үздіксіз жұмыс істейтін жуу машиналарында жүзеге асырады.

Айналасында жасуша сөлі бар, крахмал түйнегі орналасқан, түйнек жасушаларын ашу үшін, картопты ұқыпты мұқият ұсақтау қажет.Ботқадан крахмалды бөлу, ұсақтап болғаннан кейін, електерде жүзеге асырылады. Дәндер бөліну үшін, әдетте електер жүйесін қолданады. Ботқаны сумен жуып – шайып және електен алынатын езіндіні қайтадан өткізу.Жуудан кейін алынған шикі крахмал түйірлерге тез бөлінетін, қою масса болып келеді. Ол жартылай полуфабрикат ретінде зауыттарда сақталады, одан құрғақ крахмал немесе крахмалөнімдерін – сірне, саго және басқаларын алады. Өңдеудің алдында шикі крахмалды сумен араластырады, елек арқылы өткізеді (рафинировалды). Алдын - ала кептіретін центрифугада өңдеп, сумен жуады. Мұнда огың ылғалдылығы 50 - 55 тен 40 % - ға дейін төмендейді.

Шикі крахмалды 20 % - дан аспайтын қалдық ылғалдылық қалғанша кептіру жүргізіледі, нәтижесінде ол үгілгіш, ұнтақтәрізді болады. Крахмал клейстеризацияланбауы үшін, кептіру төмен температурада (бастапқыда 50 - 55 0С) жүргізілуі тиіс.

62.ҚР – ғы шикі крахмал өндіретін зауыттар, олардың экономикалық жағдайы мен болашағы.

Қазақстан мен әлем нарығында сұранысқа нативті емес түрлендірілген крахмал ие. Химиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты крахмал, басқа өнім алуда маңызды орынға ие. Крахмал молекулалары біршама реакцияға қабілетті болып келетін қосылыстардан тұрады, олар көптеген заттармен белсенді түрде араласады. Қазіргі кезде түрлендірілген крахмалсыз сапалы және бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін емес. Азық-түлік өнімдерінде қойыландырғыш, тұрақтандырғыш, толықтырғыш, құрылым құраушы және т.б ретінде қолданылатын түрлендірілген крахмал қауіпсіз болып табылады, ол адам денсаулығына, дамуына еш зиян келтірмейді. Қазақстанда іс жүзінде түрлендірілген крахмал алатын отандық технологиялар жоқ.

Жаркент крахмалсірне зауыты 2001 жылы «Алым-Астық» ЖШС ретінде іргесі қаланған. 2005 жылдың қыркүйек айына дейін өнімнің тұтынушылардың сұранысына сай келмеуіне және коммерциялық қызметтің қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты тұрақты пайда әкелмеді. Қазіргі уақытта зауыт ҚР ірі индустриялық өндірісі болып табылатын «Универсал» ЖШС сатып алынған. Бұл компания цехты қацта құралдандырып, жұмысшыларды ауыстыруды қолға алды, дербес жағдайда Ресей мен Қытайдан технологтар шақырылды. Крахмал өндірісі шамамен айына 700 тоннаны құрайды. Зауыт тұтынушылары «Кагазы Трейдинг», «Хамле» ЖШС, «Рахат» АҚ, «Іле картонды-қағазды комбинат» болып табылады.

«Алтын Нан» крахмалсірне зауыты 2004 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс атқарады және кондитерлік өнеркәсіп үшін карамель сірне өндірісінде мамандандырылады. Ассортимент қатарында сонымен бірге крахмал, глютен, крахмал сірнесі , ұрық, жем, астық қалдықтары, бұқтырылған жүгері, глютенді сүт, май және оның күнжаралары. Компания кеңсесі Бішкек қаласында да бар. Комбинатта АҚШ, Германияның және Италияның қазіргі заманға сай машина жасау құралдары орнатылған. Зауыт тәулігіне 100 тонна жүгері дәнін немесе жылына 35 мың тонна дән өңдеуге мүмкіндігі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]