Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sala_uyym_ekz_surak-1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

43.Өндірістегі конструкторлық құжаттың, жүйесі, түсінігі және оның маңыздылығы

Конструкторлық құжаттар мен бұйымдардың классификаторы

Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ЕСКД) классификаторы дегеніміз классификация нысандары топтамасының жүйеленген жинағы – халық шаруашылығының барлық саласындағы негізгі және қосымша өндіріс бұйымдары, жалпы техникалық құжаттар мен олардың коды және классификациялардың бірыңғай жүйесі мен техникалық экономикалық ақпараттарды кодтаудың (ЕСКК ТЭИ) негізгі бөлігі болып табылады.

ЕСКД классификаторына бұйымдардың – тетікбөлшектер, құрастыру бірліктері, комплектілер, кешендердің (2.101-68 МЕСТ «ЕСКД. Бұйым түрлері») классификациялық сипаттамасы енгізілген, оларға, сонымен бірге стандарт бұйымдарға, ЕСКД классификаторына кіретін бұйымдардың жалпы техникалық құжаттарына (мӛлшерлер, ережелер, талаптар, әдістер және т.б.) ЕСКД бойынша конструкторлық құжаттар жетілдірілді және жетілдірілуде.Бұйымдардың белгіленуі мен конструкторлық құжаттар «ЕСКД. Бұйымдардың белгіленуі және конструкторлық құжаттар» 2.201-80 МЕСТ-ы бойынша бекітіледі. Негізгі конструкторлық құжаттың (тетікбөлшек сызбасы мен сипаттізімі) белгіленуі:

1 – бұйымды дайындаған өндіріс орнының коды (төрт сан);

2 – классификациялық сипаттаманың коды (алты сан);

3 – реттік тіркеу нӛмірі (үш сан),

1 суретте.

ХХХХ. ХХХХХХ. ХХХ

1. 2 3

Оқу сызбаларында дайындаушы өндіріс орны кодының орнына студент оқитын бөлім немесе мамандық атауы мен курсы жазылады, мысалы ИЗО2.Бұйым белгіленуі мен оның конструкторлық құжатының негізгі бөлігі – классификациялық сипаттама. Классификациялық сипаттама коды ЕСКД классификаторы бойынша тағайындалады және алты орынды санның бастапқы екеуі класын, содан кейінгілері бір-бірден класс тармағы, топ, топ тармағы, түрін білдіреді.

44.Металлургиялық өнеркәсіп саласының маңызды өнімдерінің түрлері. Олардың қасиеті және қолдану ортасы.

Қазақстанның дәстүрлі металлургиялық және кен өндіруші өнеркәсібі пайдалы қазбалардың бай қорымен үйлесе отырып, ел экономикасының локомативі болып саналады.

Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарының көпшілігі негізгі құраушы кәсіпорындар болып табылады.

Жаһандық металлургиялық өндіріс орталығы Азияға қарай орын ауыстыруда.

Қазақстанның артықшылығы келесі элементтердің минералды кендерінің маңызды көлеміне негізделеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан металлургия экспортының басым бөлігін мыналар құрайды:

-қара металлдар(52%)

-мыс(28,5%)

-мырыш(7%)

-аллюминий(4,8%)

Қазақстан металлургиялық өнімдерін өткізетін негізгі нарықтары:

-Ресей;

-Қытай;

-Түркия;

-Жапония;

-Иран;

-Германия;

-Пәкістан.

ҚР Статистика агентігінің мәліметтері бойынша Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінінң үлесі:

-ІЖӨ(7%)

-еліміздегі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 22%

Тау-кен өндірісінің үлесіжалпы экспорттың 30% құрайды;

Мұнда өндірілген кеннің 80% сыртқы нарыққа жөнелтеді.

Өңдеуші өнеркәсіпте металлургиялық саланың үлесіне ТМК-нің жалпы өнімнің 35% астамы тиеді. ТМК-нің құрамына70-тен астам кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]