Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sala_uyym_ekz_surak-1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

48.Кешеннің жетекші салалары, құрылымдық – техникалық сала құрылысы бойынша машина жасау индустриясының қазіргі замандағы мәні.

Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.

Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.

Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.

Бағдарламаны саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған, сонымен қатар қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту және машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.

49.Химиялы-орман өнеркәсіп салаларының маңызды өнімдерінің түрлері

Химиялық өнеркәсіп - бұл жекелеген салааралық кешен болып табылады. құрылыс материалдарының өнеркәсібі - ірі кешендік құрылысқа жатады. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі - орман өндірісі кешенінің бір бөлігі. Оның басқа тармағына - орман шаруашылығы (қорғау, орманды өсіру және оны баптау)жатады.

Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді.

Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады.

Химияның салааралық байланыстары ауқымды.

Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады.

Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән. Олар:

1) табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар. Бұл

заттар көп жағдайда өздерінің қасиеті жөнінен дәстүрлік конструкциялық материалдардан да асып түседі;

2) шикізат базасы ауқымды болып келеді

3) көмірмен (кемір-химия), металлургиямен (кокс-химия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен

(мұнай-химия) құрамдасады.

Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына - шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады.

Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, металлургияға қарағанда жүмысшы саны аз.

Химия кешеніне 5 ірі сала:

  • кен-химия (минералдық шикі-заттар - фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру);

  • негізгі химия (қышқылдар, қоспалар, фосфор, минералдық тыңайтқыштар алу);

  • полимерлер химиясы (пластмасса, химиялық талшык;

  • полимерлердіөцдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару);

  • химия - фармацевтикалық (дәрі жасау).

Еліміздің негізгі химиясын «төрт таған» -

  • кукірт қышқылы,

  • химиялық қосылыстар,

  • фосфор

  • минералдық тыңайтқыштар өндірісі құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]