Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sala_uyym_ekz_surak-1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать

4.Өнеркәсіптің маңызды салалары және олардың сипаттамасы

15 ірі салалар:

1. Электроэнергетика

2. Отын өнеркәсібі

3. Қара металлургия

4. Түсті металлургия

5. Химия ж/е мұнай -химия өнеркәсібі

6. Машина жасау ж/е металл өңдеу

7. Ағаш өңдеу ж/е қағаз өнеркәсібі

8. Құрылыс материалдар өнеркәсібі

9. Шыны ж/е фарфор өнеркәсібі

10. Жеңіл өнеркәсібі

11. Тамақ өнеркәсібі

12. Ұн, жарма өнеркәсібі

13. Медициналық өнеркәсібі

14. Полиграфтық өнеркәсібі

15. т.б.

Электроэнергетика- электр энергиясы мен қуатын өндіру ж/е электрмен жабдықтау жүйесі. Жылу электрстанциясы, атом электрстанциясы, су электрстанциясы.

Отын өнеркәсібі- жылу энергиясын алуға қолданылатын жаңғыш заттар. (Мұнай өнеркәсібі, газ ,көмір)

Қара металлургия- өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өндеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ауыр өнеркәсіп. (Рудалы ж/е рудалы емес шикізаттарын, коксты химия, болат, ферроқорытпаларды өндіреді.)

Түсті металлургия- түсті металлдарды өндейтін ауыр өнеркәсіп.( Сирек кездесетін , бағалы, аллюминий өнеркәсәбі, мырыш, кобалльт, никель өндіру.)

Химия ж/е мұнай-химия өнеркәсібі- ауыр өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі, еңбек зататрын өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.( Пластмасса, каучук.)

Машина жасау ж/е металл өңдеу- 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды көп қажет ететін , шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. (Автомобиль, трактор, жүк көтеру машиналары,станок жасау.)

Орман, ағаш жасау, кағаз өнеркәсібі-механикалық ж/е химиялық ағаш өңдеу салалардың комплексі. Ағаш, Кағаз, жиһаз жасау.

Құрылыс материалдар өнеркәсібі- цемент жасау, керамика, әк, гипс ж/е т.с.с өнеркәсіптерді қамтиды.

Шыны ж/е фарфор өнеркәсібі-

Жеңіл өнеркәсіп- халық тұтынатын тауар өндіретін өнеркәсіп.( Текстильді , киім жасау, былғары-тон, түйме жасау.)

Тамақ өнеркәсібі- азық-түлік өнімдері, сабын ж/е парфюмерия,темекі өнімдері. (Нан, макарон,спирт, сүт ж/е ет.)

Микробиологиялық өнеркәсіп- бағалы өнімдерді шығаратын сала. (Аминқышқылдар, витаминдер.)

Медициналық өнеркәсіп- медициналық дәрі шығаратын сала.

Полиграфтық өнеркәсіп-баспамен айналысатын сала: кітап, журнал, газет, т.б.

5.Саланың өзара байланысы мен әрекеті. Салааралық комплекстер.

Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар — экономикалық «құрылыстың» өзіндік «кірпіштері» болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.

Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.

Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.

Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады.

Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау— медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.

Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі.

Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі.

Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды.Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.

Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді баскару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды.

Салааралық кешен- интеграционалдық құрылым. Ол әр түрлі салалардың өзара байланысы және олардың элементтерініғ әр түрлі кезеңіндегі өнімді өндіру мен таратумен смпатталады. Бағытталған мақсаты бойынша салааралық кешендер:

  • Отын-энергетикалық

  • Металлургиялық

  • Машина жасау

  • Ауылшаруашылық

  • Орман

  • Минералды шикізат

  • Транспорттық

Атқаратын функциясы бойынша:

  • Инвестициялық

  • Инфрақұлымдық

  • Ғылыми-техникалық

  • экологиялық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]