Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sala_uyym_ekz_surak-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать

53.Еліміздегі ағаш өнеркәсібіндегі бұйымдарды ағаштан өндіру технологиясы және олардың даму мәселелері

Мысалға:«Фолдинг Спасе» атты кәсіпорын директорының орынбасары Владимир Сунның айтуынша, кәсіпорын қазір Германия, Австрия технологиясын пайдаланып, Қазақстан ағаштарынан тәп-тәуір жиһаздар жасап, халықаралық стандартқа сай деген баға алып отыр.

Ал даму мәселесіне келетін болсақ,біріншіден ағаш өңдеу саласындағы отандық нарықты зерттеп алуымыз керек, қай саласынан бәсекелестікке түсе аламыз деген талдаулар жүргізіп алу керек. Келесі өндіріс технологиясы болмақ.

Осы екі мәселе шешілгеннен кейін кешеннің мүмкіндігі нақтыланады.

54.Былғары және тон-тері өнеркәсібі салаларының маңызды өнімдерінің түрлері.

Былғары тері шикізатын өңдеу өнімі болып табылады.

Былғарыны 4 класқа бөледі:

1) класс - аяқ-киімге арналған былғары; 2) ер-тұрмандық былғарылар;

3) техникалық былғары; 4) киімдік-галантереялық былғарылар.

Әрбір класс ішінде былғарылар өзінің тағайындалуы бойынша топтар мен типтерге, ал технологиялық немесе шикізаттың белгілері бойынша түрлерге бөлінеді.

  1. Аяқ-киімге арналған былғары

Аяқ-киімге арналған былғары екі негізгі топтан құрылады:

1) аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары; 2) аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары.

Бұл топтардың әрбіреуі аяқ киімнің төменгі бөлігін бекіту әдісі бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді:

1) Бұрандалау – шегелеу әдісімен бекітілген аяқ-киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары және жеңіл аяқ киім үшін – жіппен тігу (сыздықты және тігісті) және бекітудің желімдеу тәсілі;

2) Ауыр аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары – юфть және жеңіл аяқ киім – хромдық былғары.

2. Ер-тұрмандық былғарылар

3. Техникалық былғары

Техникалық былғары тағайындалуына байланысты бірнеше түрлі болып өңделеді: жетектік қайыс белдік, машина бөлшектері және әртүрлі техникалық бұйымдарға арналған. Техникалық былғары өңдеуде негізінен, ірі қара малдың ауыр терілері пайдаланылады; ал кейбір түрлері ұсақ шикізаттан (бұзау терісі) алынады. Техникалық былғарыны дайындауда өсімдіктік, хромдық-өсімдіктік және хромдық илеу қолданылады. Техни

4. Киімдік-галантереялық былғарылар Киімдік калық былғары жонарқа терісінен өндіріледі.

-галантереялық балғарылар екі топқа бөлінеді: киімдік былғары және галантереялық былғары.

Былғары өндірісінің сызбанұсқасы Былғары өндірісінің негізгі үрдістері мен операцияларын сызбанұсқасы төменде көрсетілген:

Өндірістік партияға шикізаттарды таңдау

Жібіту

Жүннен арылту Шелдеу

Бөлу

Жұмсарту

Пикелдеу

Өсімдіктермен илеу

Хромдық илеу

Аралас илеу

Бояу және майлау

Кептіру және әрлеу

55.Былғары және тон-тері өнеркәсібі салаларының қасиеті және қолдану ортасы.

Қолдану аясы: ауыл шаруашылығы, металлургия, химия өнеркәсібі, темір жол, мұнай өнеркәсібі. Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар (қалыңд. 2,5 — 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 — 4,0 мм) жасалады.

56.Былғары және тон-теріден жартылай фабрикаттарды өндіру технологиясы және олардың еліміздегі жалпы жағдайы

Былғары— мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]