Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sala_uyym_ekz_surak-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать

34.Өндірістің конструкторлық дайындығы

Жаңа өнімді жобалау, модернизациялау, кәсіпорынды жаңа құралдармен қамтамасыз ету өндірісті конструкторлық дайындау болып табылады.

Жаңа өнімді жобалау кезінде өнімнің сипаттамасын, оны конструкциясын, физикалық-химиялық ерекшеліктерін, түрін өндірістің конструкторлық дайындығы анықтайды.

Өндірістің конструкторлық дайындығының қорытындысы - техникалық құжат түрінде болады.

35.Өндірістегі конструкциялық құжаттың жүйесі, маңыздылығы және міндеті

Конструкторлық құжаттар мен бұйымдардың классификаторы

Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (ЕСКД) классификаторы дегеніміз классификация нысандары топтамасының жүйеленген жинағы – халық шаруашылығының барлық саласындағы негізгі және қосымша өндіріс бұйымдары, жалпы техникалық құжаттар мен олардың коды және классификациялардың бірыңғай жүйесі мен техникалық экономикалық ақпараттарды кодтаудың (ЕСКК ТЭИ) негізгі бөлігі болып табылады.

ЕСКД классификаторына бұйымдардың – тетікбөлшектер, құрастыру бірліктері, комплектілер, кешендердің (2.101-68 МЕСТ «ЕСКД. Бұйым түрлері») классификациялық сипаттамасы енгізілген, оларға, сонымен бірге стандарт бұйымдарға, ЕСКД классификаторына кіретін бұйымдардың жалпы техникалық құжаттарына (мӛлшерлер, ережелер, талаптар, әдістер және т.б.) ЕСКД бойынша конструкторлық құжаттар жетілдірілді және жетілдірілуде.Бұйымдардың белгіленуі мен конструкторлық құжаттар «ЕСКД. Бұйымдардың белгіленуі және конструкторлық құжаттар» 2.201-80 МЕСТ-ы бойынша бекітіледі. Негізгі конструкторлық құжаттың (тетікбөлшек сызбасы мен сипаттізімі) белгіленуі:

1 – бұйымды дайындаған өндіріс орнының коды (төрт сан);

2 – классификациялық сипаттаманың коды (алты сан);

3 – реттік тіркеу нӛмірі (үш сан),

1 суретте.

ХХХХ. ХХХХХХ. ХХХ

1. 2 3

Оқу сызбаларында дайындаушы өндіріс орны кодының орнына студент оқитын бөлім немесе мамандық атауы мен курсы жазылады, мысалы ИЗО2.Бұйым белгіленуі мен оның конструкторлық құжатының негізгі бөлігі – классификациялық сипаттама. Классификациялық сипаттама коды ЕСКД классификаторы бойынша тағайындалады және алты орынды санның бастапқы екеуі класын, содан кейінгілері бір-бірден класс тармағы, топ, топ тармағы, түрін білдіреді.

36.Өндірістегі операциялар бойынша еңбек заттарының қозғалыс түрлері

Операциялар үдерістер бойынша еңбек затының қозғалысының 3 түрінің біреуі қолданылады.

1.Қатарлы

2.Параллелді

3.Қатарлы-параллелді

37.Өндіріс типінің түсінігі және оғанн әсер ететін факторлар.

Қазіргі кезде өндірістің мына типтері кең тараған:

жаппай;

сериялық;

жеке-дара;

аралас өндірістер.

Өндіріс типтері әдетте жұмыс орнын мамандандыру коэффициенттерімен немесе сериялық коэффициенттермен (Кс) сипатталады, яғни бұл орта есеппен бір жұмыс орнында қанша бөлшек операция орындалатынын көрсетеді:

Жеке-дара өндіріс типінде өнім түрі мен көлемінің тез өзгеруі стандартты конструкциялы технологиялық шешімдерді пайдалану мүмкіндіктерін шектейді.

Жеке-дара өндіріс типінің айрықша ерекшеліктері:

-цехтардың, учаске мен жұмыс орындарының технологиялық жағынан мамандандыру деңгейінің басымдығы және бұлар үшін бұйымдардың үнемі бір түрін өндірудің міндетті еместігі;

-әмбебап жабдықтарды пайдалану және оларды бір типті топтарға орналастыру;

-қолмен атқарылатын жұмыстар үлес салмағының көптігі жөне өндірістік циклдің ұзақтығы;

-жүмысшылардың жоғарғы біліктілігі.

Жеке-дара өндіріс типінің өнімдеріне қатыстылар:

-бірегей станоктар;

-темірді жұқарту стандары;

-автоматты реакторлар;

-қуатты электр машиналары,

-құрылыс объектілерінің көпшілігі жатады.

Сериялық өндірістер:

-аз сериялы;

-орта сериялы;

-көп сериялы болып бөлінеді.

Сериялық өндіріс типі дүркін-дүркін біркелкі партия (серия) күйінде келіп түсуімен сипатталады.

Жеке-дара өндірісте жұмыс орнына қарай еңбек заттары бір-екі данасы ғана түседі.

Жеке-дара өндірістің ерекшелігі: өнімнің белгілі бір бөлігін дайындау жыл бойына немесе жылдар аралығында қайталанып отырады, ал бұл өнім өндіруді технологиялық мамандандырылған учаскелер бойынша ұйымдастыруға бірден-бір қолайлы жағдай жасайды.

Жаппай өндіріске тән сипат: үнемі қайталанатын бір-екі операцияны орындауға бағдарланып, жұмыс орны мамандандырылады (көп жағдайда Кс=1).

Жаппай өндіріс типінің негізгі белгісі — шығарылуы ұзақ мерзімге көзделінген біртекті өнімді неғұрлым көп өндіру. Сондықтан жаппай өндіріске жататын кәсіпорындарға шығарылған бұйымдардың номенклатурасын шектеп отыру тән. Өнім өндіру көлемінің ауқымдылығы және жүйе тұрақтылығының биік деңгейде болуы егжей-тегжейлі орындалған технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Өндірісті арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандыру еңбек өнімділігінің қарқынды өсуіне бірден-бір қолайлы жағдай жасайды.

Жаппай өндірісте мамандандыруды тереңдету өнімнің өзіндік құнын төмендететін өнім сапасын, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі фактор. Мәселен, жеке-дара өндіріс тәсілімен шығарылған автокөліктің өзіндік құны жаппай өндіріс әдісімен шығарылған автокөліктерге қарағанда 20—30 есе жоғары келетіні тәжірибеден белгілі.

Сонымен қатар жаппай және ірі сериялық өндірістерде кемшіліктер де жоқ емес. Солардың қатарынан мыналарды атап көрсетуге болады:

өндірістің нақты тұтынушы сұранымына емес, негізінен орташа стандартқа бейімділігі;

қолда бар арнайы жабдықтарды қайта құрудағы қиындықтардың техникадағы өзгерістерді қысқа мерзім ішінде атқаруға болмайтындығына байланыстылығы.

Жаппай өндірістің осал жақтарын жою үшін дайын өнімнен комплектелетін материалдарды, бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды стандарттаудың және оларды бір жүйеге келтірудің технологиялық тәсілдерін қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]