Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2015-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.63 Mб
Скачать

7.8. Бақылау:

7.8. 1. Бақылау сұрақтары:

7.8.1.1. Хромосомалық аурулардың пайда болу себептері.

7.8.1.2. Хромосомалық аурулардың клиникалық көріністері (белгілері).

7.8.1.3. Хромосомалық аурулардың медицина мен денсаулық сақтаудағы маңызы.

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Хромосомалық аурулар –хромосомалар санының немесе құрылысының өзгеруіне байланысты дамитын тұқым қуалайтын аурулар

Хромосомные болезни – наследственные болезни, обусловленные изменениями числа или структуры хромосом

Chromosomal diseases –diseases caused by changes of number or structure of chromosomes

Синдром – бірнеше сыртқы (клиникалық) белгілердің тұрақты үйлесімі, аурудың синонимі ретінде қолданылады

Синдром(ы) – устойчивое сочетание нескольких внешних (клинических) признаков, употребляется в качестве синонима болезни

Syndrome (s) – stable combination of a few external (clinical) signs, are used as a synonym of disease

Трисомия- қосымша хромосомалардың болуынан дамитын хромосомалық аурулар

(мысалы, 21,13,18 хромосомалар бойынша трисомиялар)

Трисомии – хромосомные болезни, обусловленные наличием добавочной хромосомы (например, трисомии по 21,13,18 хромосомам)

Trisomies - chromosomal diseases, caused by presence of additional chromosomes (for example – 21,13,18 chromosomes)

Моносомиялар – бір хромосоманың жетіспеуінен пайда болатын хромосомалық аурулар (Х–хромосомасы бойынша моносомия)

Моносомии – хромосомные болезни, обусловленные отсутствием одной из хромосом (моносомия по Х-хромосоме)

Monosomies – chromosomal diseases caused by absence of single chromosome (monosomy by X-chromosome)

Құрастырушы: проф.Куандыков Е.У.

14-сабақ (СОЖӨЖ)

7.1. Тақырыбы: «Тұқым қуалайтын патологиясы бар жанұяға медициналық –генетикалық кеңес беруде генетикалық қауіптілікті анықтауға есептер шығару ұстанымдары. Емдеудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша кеңес

7.2. Мақсаты: студенттерде тұқымқуалайтын патологиясы бар аурулар мен оның жанұясына арнайы медико-профилактикалық көмек көрсету ретінде медико-генетикалық кеңес, тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің заманауи әдістері жайлы білімді қалыптастыру.

7.3. Оқытудың міндеттері:

- медико-генетикалық кеңестің (МГК) заманауи медицинада және денсаулық сақтауда алатын орнын, маңызы мен мәнін ашу

А-Д типті,

А-Р типті,

Х–тіркескен тұқым қуалайтын аурулар кезінде генетикалық қауіптілікті есептеу әдістерімен танысу

- студенттерді тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің заманауи әдістерімен таныстыру;

7.4. Жүргізілу формасы: шежіре құру және талдау, тұқым қуалайтын аурулардың генетикалық қауіптілігін есептеу, тақырып бойынша бейнефильм көру.