Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2015-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.63 Mб
Скачать

6. Тәжірибелік (семинарлық) сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

1-тәжірибелік сабақ

6.1. Тақырыбы: Молекулалық биологияға кіріспе. Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері.

6.2. Мақсаты:

- студенттерде молекулалық биологияның заманауи медицинасындағы рөлі, нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметінің ашылуы, молекулалық биология жетістіктерінің тұқым қуалайтын аурулардың себебін, даму механизмдерін анықтаудағы маңызы туралы түсініктер қалыптастыру.

6.3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерді кафедраның политикасымен таныстыру;

- студенттердің бастапқы білімдерін анықтау;

- студенттерде тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының сақталуының, тасымалдануың және ақпараттың іске асырылуында ДНҚ рөлі жайылы түсінігін қалыптастыру;

- студенттерді молекулалық биологияның негізгі терминдері мен ұғымдарымен таныстыру;

- нуклеин қышқылдарының (ДНҚ, РНҚ) құрылымды-функциональдық айырмашылығы және қызметі жайлы түсініктер мен білімді қалыптастыру;

- тұқым қуалайтын ақпараттың жүзеге асуындағы нуклеин қышқылдарының рөлін ашу;

- студенттерге про- және эукариотты жасушаларының құрылысының ерекшеліктері туралы заманауи білімді қалыптастыру;

- заманауи клиникалық медицинадағы молекулалық биологияның маңызын ашу.

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

6.4.1. Молекулалық биология пәні және міндеттері.

6.4.2. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, құрылысы, қасиеттері және қызметтері.

6.4.3. РНҚ, құрылысы, түрлері, қызметтері.

6.4.4. Ауруларға диагноз қоюда, емдеу мен алдын-алудағы ДНҚ талдаудың маңызы мен рөлі.

6.5. Оқыту әдістері: студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. 3-10, 40-52, 74-81 б.

6.6.2. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 9-30, 107-110.

6.6.3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология.М., 2003. 2-3, 6-8 ,117-125 б.

6.6.4. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. 4-11 б.

6.6.5. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. 3-28, 68-82 б.

6.6.6. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықов ред. Алматы, 2004. 30-33 б.

6.6.7. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. 23-28 б.

6.6.8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. 3-17, 54-56.б.

6.6.9. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша – қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

6.6.10. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. М., 2003. 11-14 б.

6.6.11. Щипков В.П., Кривошеина Г.Н. Общая и медицинская генетика. М., 2003. 7-11 б.

6.6.12. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л. Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под. ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. С. 19-20.