Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2015-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.63 Mб
Скачать

6.1. Тақырыбы: Тұқым қуалау ақпаратының іске асырылуы. Днқ репликациясы. Сызықты днқ молекуласы ұштарының репликацияланбау мәселелері және оның шешімі. Криктің негізгі постулаты.

6.2. Мақсаты: Студенттерге тірі ағзалардағы тұқым қуалайтын ақпараттардың іске асырылуының заңдылықтары мен молекулалық механизмдері, ДНҚ репликациясының механизмдері және ұстанымдары жайлы заманауи түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.

6.3. Оқытудың міндеттері:

- студенттерге тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуындағы, сақталуындағы ДНҚ рөлін түсіндіру;

- студенттерге тұқым қуалау ақпаратының мәнін және оның тірі ағзалардағы қызметінің маңызын түсіндіру;

- студенттерде әртүрлі тірі ағзалардағы тұқымқуалау ақпаратының жүзеге асырылуындағы негізгі білімді қалыптастыру;

- студенттерге тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуы мен қартаюда ДНҚ репликациясының механизмдерінің бұзылуының маңызын және рөлін түсіндіру.

6.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

6.4.1. Тірі ағзалардағы тұқым қуалау ақпаратының тасымалдану типтері және бағыттары

6.4.2. Репликация, анықтамасы, принциптері

6.4.3. ДНҚ репликациясының лидерлік және ілесуші тізбектерінің ерекшеліктері.

6.4.4. Репликацияға қатысатын негізгі ферменттердің қызметтері.

6.4.5. Репликация қателіктерінің себептері, пайда болу және түзетілуі механизмдері

6.4.6. Репликациядағы Теломерлік ДНҚ қызметі, құрылысы және ерекшеліктері

  1. 6.4.7. Репликация қателіктерінің және сызықты ДНҚ молекуласының теломерлік бөліктерінің репликацияланбауының биологиялық медициналық маңызы.

6.5. Оқыту әдістері: студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс; есептер шығаруды көрсету және түсіндіру,сызбалар толтыруға бағыттай отырып ауызша сұрау, тақырып бойынша бейнефильмдер көру.

6.6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.6.1. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. б.21-41.

6.6.2. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003. б. 17-40.

6.6.3. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. б. 52-53.

6.6.4. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

6.6.5. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С.110-122.

6.6.6. Щипков В.П., Кривошеина Г.Н. Общая и медицинская генетика. М., 2003. с. 11-16.

6.6.7. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. В 2-х томах. М.: Высшая школа, 2004. Т.1. б. 234-242.

6.6.8. Заяц Р.Г.,Бутвиловский В.Э. и др. Общая и медицинская генетика. Р-на- Дону, 2002. б.106-116.

6.6.9. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад. РАМН Н. П. Бочкова.- М., ГЭОТАР-Медиа, 2010. б. 203-205.

6.7. Бақылау:

6.7.1. Когнитивті (білім) құзыреттілікті бағалау:

6.7.2. Тақырып сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

6.7.3. Тест бақылау – 3 нұсқа 10 сұрақтан.

.

6.8. Тәжірибелік дағды құзыреттілігін бағалау:

6.8.1. Сызбалар сызу:

-ДНҚ репликациясының принциптері (Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы)), 9 сурет, 23 б.

- ДНҚ -ның лидерлік және ілесуші тізбектерінің синтезі (Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы)), 11 сурет, 25 б.

6.8.2. Есеп шығару.

ДНҚ бөлігі келесі нуклеотидтерден тұрады:

3  .. АГТАЦГГЦАТГЦАТТАЦАТГЦЦГЦ.... 5  .Бастапқы ДНҚ бөлігінің репликациялану нәтижесінде пайда болған ДНҚ – ның екінші тізбегінің нуклеотидтік құрамын жазыңыз. Полинуклетидтік тізбектің қайсысы бастапқы, қайсысы жаңа тізбек екенін көрсетіңіз.

6.8.3. ДНҚ репликациясына қатысатын ферменттердің қызметін кестеге толтыр.

Түрлері

Қызметі

1.

Хеликаза

2.

SSB - белок

3.

топоизомерза

4.

ДНҚ -полимераза

5.

Праймаза

6.

ДНҚ -лигаза

7.

Эндонуклеаза

6.8.4. Теломеразаның қатысыумен және теломеразаның қатысыуынсыз ДНҚ теломерлік бөліктерінің ұзару механизмін түсіндіру және сызбасын сызу.