Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

Лекцияның иллюстративті және таратылым материалдары

1 лекция. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде

І. Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

  1. Қазақстандық педагогиканың даму кезеңдері.

  2. Шетелдік педагогиканың даму кезеңдері.

  3. Кеңес кезеңіндегі педагогиканың дамуы.

  4. Тәуелсіз жылдардағы педагогиканың дамуы.

  5. Қазақстандағы білім беру жүйесі.

Іі. «Кім жылдам, кім зерек?» ойыны (блиц-тур сұрақтары)

1.«Педагогика» грек сөзінен аударғанда ... болып табылады

баланы жетектеу.

2. Педагогика ... туралы ғылым.

 адам тәрбиесі.

3. Педагогиканың нысаны – бұл:

біртұтас педагогикалық процесс. 

4. Әлеуметтік тәжірибені жас ұрпаққа беру, қоғам талбына сай жеке тұлға қалыптастыру – бұл:

тәрбие.

5. Педагогика ғылымының міндеттері:

білім беру, тәрбиелеу, дамыту.

2 лекция. Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьектісі және субьектісі.

І. Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

  1. Жеке тұлға дегеніміз кім?

2. Жеке тұлға қалыптастырудың философиялық-әдіснамалық негіздері.

  1. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру.

  2. Іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным.

  3. Жеке тұлғаның даму факторлары: тәрбие, тұқым қуалаушылық, орта.

  4. Жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері.

  5. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, дүниетанымы, белсенділігі.

Іі. «Кім жылдам, кім зерек?» ойыны (блиц сұрақтары)

  1. Әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі дара адам – бұл:

жеке тұлға.

2. Күрделі, ұзақ, қарама-қайшылығы бар процесі –бұл:

адам дамуы.

3. Балалық шақта және жеткіншек кезеңде жеке адамның денесі мен психикасының шапшаң дамуы – бұл:

акселерация.

4. Жеке тұлға дамуына әсер етуші факторлар тобы –бұлар: ішкі және сыртқы факторлар.

5. Ойын, оқу, еңбек - бұлар:

әрекет түрлері.

3 лекция. Тәрбиенің мақсат, міндеттері, әдістері.

І. Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

  1. Тәрбиенің мақсаты.

  2. Тәрбиенің қарым-қатынас стильдері: авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік.

  3. Тәрбиелеу жүйелері: мұғалім, оқушы, ата-ана.

4. Қоғамдық оқу орындары: мектеп, институт, колледж, лицей.