Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

Сабақтағы оқу процесінің негізгі звеносын бақылау

1. Оқу материалын оқушылардың қабылдауын ұйымдастыру:

а) оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға, оқытудың жағымды мотивтеріне, белсенді оқу жұмысына дайындығы қалай жүзеге асты?

ә) практикант оқу жұмысының қандай әдістерін қолданды:

- Оқып жатқан пәнді бақылау қалай ұйымдастырылды;

- қандай фактілер қолданылды, оларды түсіндірудегі ғылымилық пен қол жетімділік, шамаға лайықтылық қаншалықты дәрежеде болды;

- фактілерді бақылау мен қабылдаудағы оқушылардың іс-әрекеті қалай жүзеге асты;

б) сабақта оқу материалының иллюстрация, демонстрацияның қандай тәсілдерін (бейнелеу, символдық, көрнекілік, кітаптан оқу, түсіндіру, практикалық пікірлесу т.с.с.) қолданылды?

2. Оқу материалын оқушылардың ұғыну жолдары:

а) Оқу материалын қабылдаудан оны ұғынуға көшу қалай жүзеге асты;

ә) сабақта қандай проблемалық жағдаяттар болды, олар қалай шешілді;

б) жаңа түсініктерді қалыптастыру мен фактілерді жалпылау қалай жүзеге асты;

в) тақырыптың дүниетанымдық идеясы қалай анықталды, оны оқушылардың меңгеруі үшін қандай әдістер қолданылды;

г) берілген тақырып бойынша оқу материалының логикасы мен себепті-зерттеушілік арасындағы байланыс қалай анықталды;

д) жаңа оқу материалын ұғыну барысында оқушылар өзіндік ақыл-ой әрекетін қандай әдістермен меңгерді?

3.Оқу материалын қолдану және бекіту:

а) сабақты бекітудегі сұрақтар қандай болды және қалай қойылды, қойылған сұрақтардың саны, мақсаттылығы;

ә) жаңа материал бойынша өзіндік жұмыстың қандай әдістері (көлемі, оқу тапсырмасының сипаттамасы, қиындық деңгейі, өткен материалмен байланысы) қолданылды.

4. Үйге берілетін тапсырма:

а) Үйге берілетін тапсырма көлемін мұғалім қалай негіздеді;

ә) мұғалім оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы өзіндік дайындығын қалай қарастырды;

в) мұғалім сабақта үйге берілген тапсырманы түсіндіруде қандай әдісті қолданды;

г) үй тапсырмасы өз уақытында берілді ме?

Cтуденттің мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны және технологиясы Тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы және оның формалары мен қолдану әдістері

Тәрбие жұмысы – бұл тәрбиелік мақсатта мұғаліммен (сынып жетекшісімен) ұйымдастырылған оқушы мен мұғалімнің мақсатқа бағытталған бірлескен жұмысы

Тәрбие институттары

Отбасы

Қоғамдық тәрбие мекемелері: мектепке дейінгі, жалпы, қосымша, кәсіби білім беру

Мәдениет мекемесі, денсаулық сақтау, құқық қорғау

Балалар, жасөспірімдер, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер

Оқыту: сабақ беру мен оқу

Тәрбие мақсаттары

Тәрбие: тар мағынада сөз

Оқу танымдық әрекеттің тәсілдері мен білімін қалыптастыру

Іс-әрекет тәжірибесі мен түрткі туғызу

Қарым-қатынас тәжірибесі мен мәдениет қалыптастыру

Тұлғалық-субъектілік, рационалдық, эмоционалдық қатынас

Өзін-өзі тәрбиелеу

Студент-практикант тәрбие жұмысын сынып жетекшісінің жоспары және оның тікелей басшылығымен жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысының бағыттары

Студент-практиканттың өткізген тәрбиелік іс-шаралары оқушыларда үлкен қызығушылық туғызады, себебі ол:

  • Потенциалдық мүмкіндіктерін, қабілеттерін, бейімделушіліктерін, қызығушылықтарын дамытады;

  • нақты аймақ бойынша балалардың қызығушылықтары мен не нәрсеге бейімделушіліктерін тереңдетеді;

- мінез-құлықтың моделін береді;

  • қызығушылықтарын қанағаттандырады;

балалар мен ұжым арасындағы байланысты қанағаттандырады.