Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері

Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К.Гончаров, А.Г.Калашников, С.В.Грехтенберг). Біршама кейін педагогикалық процестің оқу процесінде заңдылықтарын В.И.Загвязинский, Г.И.Щукина, Н.И.Болдырев, Н.Н.Петухов және т.б. зерттей бастады.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарға талдау жасай келе, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттеген ғалымдар: И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин, т.б.

Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін, мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидаларын принциптер деп атайды.

Біртұтас педагогикалық процестің принциптері - нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады. Қай педагогикалық процесс болмасын, өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді.

Тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші, педагогикалық жағдаят, шешу жолдары

Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.

Педагогикалық жағдаят педагогикалық шындыққа тән көпжақты болады, нақтылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны, мәні, тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, қалыптасудың қас қағым сәті арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысы мен дамуын көруге мүмкіндік туады.

Лекция 4. Тақырыбы: Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьектісі және субьектісі.

Жоспары:

1. Жеке тұлға қалыптастырудың философиялық-әдіснамалық негіздері

2. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар

3. Тұлғаның дамуының қозғаушы күштері, іс-әрекеті, құндылық бағдары

4. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың дамуы мен ерекшеліктері

5. Жеткіншектер мен жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тұлғаның дамуы туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: жеке тұлға ұғымы, тұлға дамуының қозғаушы күші туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді жеке тұлға туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті   жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы

1

Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.

2

Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.

3

Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.

4

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.

5

Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.

6

Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.

7

Қосымша әдебиеттер:

8

Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.

9

Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.

10

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.

11

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.

12

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.

13

Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.

14

Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.

15

Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Жеке тұлға қалыптастырудың философиялық-әдіснамалық негіздері

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені ол айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты.

Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі ретіндегі индивид.   Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид.

Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар

Тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық жеке тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық ықпалдар болып табылады. Тәрбие - жеке тұлға дамуындағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.

Тұлғаның дамуының қозғаушы күштері, іс-әрекеті, құндылық бағдары

Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың дамуы мен ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысында болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және отбасы олардың іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.

Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды. Бұл кезде балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата-аналар балалардың күш-қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте- бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет

Бастауыш мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен ерекшеліктері

Оқушылардың түрлі іс - әрекеттерін жүзеге асыру үшін, оларды барлық ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай, тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет: кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын ғана болдырмау, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету; баланы әртүрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б.

Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйектері қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жартышарының функциялары дамиды. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор.

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері

Жеткіншектік шақта балалардың денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Жеткіншек шақ - ең қиын, ең тынышсыз, ұшқалақ шақ, балалардың қоғамдық белсенділігі дамиды, саяси ой-өрісі кеңиді, өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, терең білім алуға талаптанады. Үлкендермен қарым-қатынас, мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау орын алып жатады.

Жасөспірімділік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс -әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.

Лекция 5. Тақырыбы: ҚР білім беру жүйесі