Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

І. Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

  1. Педагогикалық технологиялар.

  2. Заманауи педагогикалық технологиялар.

  3. Дамыта оқыту.

  4. Бағдарламалап оқыту.

  5. Проблемалық оқыту.

  6. Модульдік оқыту.

  7. Қашықтан және тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары.

  8. Білім берудегі инновациялар.

  9. Жаңашыл мұғалімдер идеясы.

  10. Қазіргі кездегі жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселелері.

  11. Мектептегі нормативтік құжаттар.

  12. Мектептегі заңдар, білім беру стандарты, тұжырымдамалар.

  13. Оқыту процесін және нәтижесін бағалауға психологиялық-педагогикалық талаптар.

Іі «Кім жылдам, кім зерек?» ойыны (блиц-тур сұрақтары)

  1. Өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы- бұл:

технология.

  1. «Технология - дидактикалық жүйенің прецессуалды бөлігі» деп анықтама берген ғалым кім?

М. Чошанов.

  1. «Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы» деп анықтама берген ғалым кім?

В.П. Беспалько.

  1. Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады:

жалпы педагогикалық, салалық, локальдік

  1. Концептуалдық негізі; мазмұндық бөлігі; процессуалды бөлігі - технологиялық процесс - бұл:

педагогикалық технологияның құрылымы.

14 лекция. Оқыту үрдісінің сапасын педагогикалық бақылау

І. Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау.

2. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі.

3. Бақылаудың түрлері.

4. Педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру және бақылау.

5. Коммуникация ұғымы нені білдіреді?

6. Түзету (реттеу) деген не?

Іі. «Кім жылдам, кім зерек?» ойыны (блиц-тур сұрақтары)

1. Тақырыптық тексеру – бұл: педагогикалық ұжымның немесе жекеленген

мұғалімнің қызмет жүйесіндегі белгілі бір

нақты мәселені тереңдей зерттеуге бағытталады.

2. Жан-жақты тексеру –бұл:

педагогикалық ұжымның, жекеленген мұғалімнің

қызметін жан-жақты тексеруге бағытталады.

3. Дербес тексеру –бұл:

жекелеген мұғалім, топ жетекшісі,

тәрбиелік жұмысын қамтиды.

4. Топтық-жинақтаушылық тексеру – бұл:

оқу және оқудан тыс әрекет процесінде

топ ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын

факторлар жиынтығын зерттеуде қолданылады.

5. Идеяларды құрау –бұл:

менеджердің қойылған мақсатқа жету үшін

жасалынатын іс-әрекеттің теориялық тетігін анықтауы.

6. Болжам жасау – бұл:

болашақта жүргізілетін іс-әрекеттің нәтижесін алдын-ала анықтау.

7. Шешім қабылдау – бұл:

жүргізілетін іс-шара қашан, қайда, кіммен жүргізілетінін анықтап, ұжымның әрбір мүшесінің міндетін анықтап беру.

8. Коммуникация –бұл:

процестің үздіксіздігін, тоқтаусыз жүруін

қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты алу, өңдеу

және жеткізу барысындағы іс-әрекеттер жүйесі.

19. Бақылау құралдары:

тест, бақылау жұмысы, емтихан, сынақ,

мемлекетаралық бақылау, олимпиада, байқаулар.