Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

Сұрақтары:

  1. Есту кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым, дефектологияның бөлімі.

  2. Ғылым ретінде педагогиканың негізін қалаушы.

  3. Оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын ғылыми нақтылайтын педагогикалық теория?

  4. БІР адамның басқа бір адамнан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтындығы, өзіне тән ерекше қасиеті?

  5. Педагогика қай тілден енген?

  6. Жасөспірімнің дамуы туралы психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік көзқарастардың жиынтығын қандай ғылым зерттейді?

  7. Оқыту процесінің нәтижелілігін дидактикалық процесті оқыту жағдайымен бірлікте анықтау не деп аталады?

  8. Мақсатты, жоспарлы ұйымдастырылған тұлғаны қалыптастыру процесі.

  9. Жасөспірімнің дене, ішінара психикалық жедел дамуы?

  10. Төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қозғалыс немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары саналы күйге қарай өрлеу процесі қалай аталады?

2-тақырып. Педагогика ғылымының ерекшеліктері

Жоспары:

1. Педагогиканың негізгі және жеке категориялары

2. Педагогиканың обьектісі мен пәні

3. Педагогиканың атқаратын қызметтері

4. Педагогиканың бөлімдері мен салалары.

5. Педагог басқа ғылым. байланысы.

Шығармашылық тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Кесте-1. Педагогиканың негізгі категориялары

Педагогиканың негізгі категориялары

Кесте-2. Педагогиканың қосалқы категориялары

Педагогиканың қосалқы категориялары

3-тақырып. Педагогиканың әдіснамалық негіздері

Жоспары:

1. Педагогикалық әдіснама, бағыттары, түрлері

2. Педагогиканың философиялық негіздемелері

3. Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістеріне сипаттама.

4. Теориялық зерттеу әдістері

5.Тәжірибелік(эмпирикалық)зерттеу әдістері

Шығармашылық тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Педагогика әдіснамасының ағымдары

Тапсырма-1. Берілген педагогикалық зерттеудің түрлерін табыңыз.

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулердің түрлері

Педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер

Педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады

Теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс

4-тақырып. Педагогиканың аксиологиялық негіздері.

Жоспары:

1. Педагогикалық зерттеулердің құрылымы және логикасы

2. Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі

3. Педагогиканың аксиологиялық негізі

4. Білім берудегі құндылықтар жүйесі, түрлері, қазіргі кездегі басты құндылықтар

5. Пед-қ неология, праксиология

Шығармашылық тапсырма. Суретті толтырыңыз.

5-тақырып. Тұтас педагогикалық процесс – мұғалім іс-әрекетінің субъектісі

Жоспары:

1. Тұтас педагогикалық процесс, ерекшеліктері

2. Тұтас педагогикалық процесс компоненттері

3. Тұтас педагогикалық процестің қызметтері

4. Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері.

Шығармашылық тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Кесте-1. Педагогикалық процестің қызметтері

6-тақырып. Тұтас педагогикалық процестегі оқу және оқудан тыс әрекеттердің бірлігі.

Жоспары:

1.Педагогикалық процесс: субъект-субъектілік қарым-қатынас.

2. Тұт пед-қ процестің қозғаушы күші

3. Педагогикалық жағдаят

4. Педагогикалық жағдаяттарды шешудің жолдары

Педагогикалық жағдаят.

Жағдаят-1. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда ғана ұялы телефон жоқ. Үйде балаңыз ұялы телефон алып бер деп мазаңызды алады. Сабаққа барғысы келмейді. Алып беруге жағдайыңыз көтермейді. Сіз не істейсіз?

Жағдаят-2. Үзіліс кезінде балалар дәлізде жүгіріп ойнап жүрді. Кенет Арман бір оқушының аяғына шалынып құлап түсті. Осының салдарынан оның қолы сынғанын байқадыңыз. Арманның ата-анасы келіп, сол оқушыны мектепте қалдырмайтынын, мектепте қалдырмас үшін барлық жағдайды жасайтынын айтып айғайлады. Сіз сол сыныптың сынып жетекшісі ретінде қандай әрекетке барар едіңіз?

Жағдаят-3. Ана тілі сабағынан «Әке мен бала» әңгімесін өтіп жатып, балармен өз әкелері туралы әңгіме жүргізбек болып байқамастан Дамирға «Сенің әкең саған қандай өсиет айтады?» - деп сұрадыңыз. Осы кезде сынып оқушылары оның әкесі жоқ деп мазақтағандай дауыспен шу ете қалды. Осы кезде Дамир долданып сыныптан шығып кетті. Сіз Дамирды сыныпқа қайта қалай кірізер едіңіз? Сынып оқушылары Дамирды енді мазақтамас үшін қандай педагогикалық әдісті пайдаланар едіңіз?

Тапсырма: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты жағдаят, бейнежағдаят жазып келіңіз.

7-тақырып. Жеке тұлға дамуының көпқырлылығы