Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

Жоспары:

1. Заманауи педагогикалық технологиялар

2. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу

3. Білім берудегі инновациялар.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Педагогикалық технологиялар туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: Оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы, педагогикалық технологиялар түрдері туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді педагогикалық технологиялар туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті   жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы

1

Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.

2

Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика.–Алматы,2002.-384.

Қосымша әдебиеттер:

1

Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.

2

Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.

3

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.

4

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.

5

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.

6

Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.

Заманауи педагогикалық технологиялар

Педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы.

«Технология» сөзі грек тілінен енген және 2 сөз тіркесінен құралған: «techne» – өнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе; «logos» – ғылым, ілім дегенді білдіреді және «өнер туралы ілім» немесе «шеберлік туралы ілім». Ал осы технология ұғымына оның қолдану саласын қоссақ, онда нақты технологияны қарастыруға болады. Мысалы, «педагогикалық технология» педагогикалық өнер жайлы ілім немесе педагогикалық шеберлік туралы ілім дегенді білдіреді. В.П.Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырады. Ғалым педагогикалық технологияның төмендегідей сапаларын атап көрсетеді:

Педагогикалық технологияларды топтап бөлу

Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері өз технологиясын, В.В.Фирсовтың түпкі нәтижеге негізделген деңгейлік саралау технологиясын, Унт Инге, В.Д.Шадриковтардың жекешелеп оқыту технологияларын, Н.П.Гузиктің оқытудың кіріктірілген жүйесін пайдаланып келеді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, республикамыздың көптеген мұғалімдері (45-48%) өз іс-тәжірибелерінде ізгілікті педагогиканы басшылыққа алып, дамыта оқыту технологияларын пайдаланады.

Білім берудегі инновациялар

Инновацияның өмірге келуінің объективті-субъективті себептері бар. Қоғамдық қатынастардың, қоғамның өзінің жедел дамуы адамзат сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары өзгерістерге ұшырайды. Инновацияның өмірге келуінің объективті сипаттамасы қоғам мен білім беру саласының даму қарқындарының бір-біріне сәйкес келмеуі болып табылады. Дамитын қоғамға әрқашан жаңаша ойлайтын «жаңа адамдар» қажет. Ал білім беру саласы қоғамның дамуына ілесе алмаса, онда білім беру саласында консерватизм орын алып деградация жүреді, өмірден артта қалушылық белең алады.

Шетелдік ғалымдар «инновация» терминін әртүрлі мағынада түсіндіреді. Мәселен, шетелдік ғалым Э. Роджерс «инновация – дегеніміз жаңашылдық, жаңа идея, жаңалық» деп түсіндіреді. Ал В.П. Кваша «инновация – бұл жаңашылдық, қандай да бір жүйенің сапалы өзгерісі» деп, инновациялық динамиканың екі бағытын ерекше атап өтеді: педагогикалық инновация және педагогикалық шығармашылық.

Лекция 14. Тақырыбы: Оқыту үрдісінің сапасын педагогикалық бақылау