Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

Жоспары:

1. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

2. Оқытудың формалары мен құралдары.

3. Сабақ – оқытудың негізгі формасы

4. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар

5. Мұғалімнің сабаққа дайындығы мен қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Оқытудың заңдылықтары мен принциптері туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: Оқытудың заңдылықтары мен принциптері ұғымы, сабақ, түрдері туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді сабақ туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті   жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы

1

Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.

2

Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.

3

Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.

4

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.

5

Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.

6

Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.

7

Қосымша әдебиеттер:

8

Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.

9

Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.

10

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.

11

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.

12

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.

13

Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.

14

Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.

15

Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

Оқытудың заңдылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың және И.П.Подласыйдың ғылыми педагогикалық еңбектерінде кең көлемде баяндалған.

Оқытудың принциптері дидактиканың негізгі буыны. Себебі, оқыту процесінде кез келген мұғалім оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын өз қалауынша таңдамайды. Керісінше, ол оқытудың мақсат-міндеттеріне сай қалыптасқан белгілі талаптарға немесе ережелерге сүйеніп іске асырады. Солардың ішіндегі оқытудың көрнекілік, жүйелік, бірізділік, саналылық, белсенділік принциптерін Я.А.Коменский ұсынған. Ол «Ұлы дидактика» атты ғылыми еңбегінде дидактикалық принциптерінің жүйесін құра отыра, оқыту адам және табиғат дамуының жалпы заңдылықтарына сай құрылатынын тұжырымдайды.

Оқыту процесінде әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын мұғалімнің басшылығымен оқушыларға жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен олардың санасына берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті. Сондықтан әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты дидактикалық принциптерді білуі шарт. Олар оқытуды ұйымдастырғанда оның білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы міндетті.

Оқытудың формалары мен құралдары

Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу процесін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты. Педагогика тарихында педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.

Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен деректер, олар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады. Оқыту құралдары дегеніміз – мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдық және идеалдық обьектілер.

Сабақ – оқытудың негізгі формасы

Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Я.А.Коменский сынып сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

  • оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау;

  • оқушыларды сыныптарға бөлу;

  • әр сыныпқа бір бөлме беру;

  • күніне 4 сабақ өткізу;

  • әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

  • қоңыраудың соғылуы;

  • тәртіп;

  • бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;

  • сабақты күзде бастау;

Сынып-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері.

Сабақтың маңызы ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға бағытталған жұмысы нәтижесінде оқушының білім меңгеруі, оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе жинақталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту процесін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде үлкен рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды.

Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар

Дәстүрлі сабақтың түрлері:

  • Жаңа оқу материалын оқу сабағы.

  • Іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы.

  • Білім, білік, дағдыны бекіту сабағы.

  • Білім, білік, дағдыларды қолдану сабағы.

  • Қорытынды жинақтау сабағы.

  • Аралас сабақ.

  • Практикалық сабақ.

  • Білім, білік, дағдыны дамыту сабағы.

  • Білімді тексеру сабағы.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Кіріспе сабағы.

  • Жаңа білімді хабарлау сабағы.

  • Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.

  • Жаттығу және тәжірибе сабақтары.

  • Зертханалық сабақ.

  • Қайталау-қорыту сабағы.

  • Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.

  • Аралас сабақ.

  • Өздігінен білім алу сабағы.

Дәстүрлі емес сабақтың түрлері:

Мұғалімнің сабаққа дайындығы мен қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқуға тиімді жағдай туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны психологиялық тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде тузетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу. Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады; жеке және жекелендіру.

Лекция 13. Тақырыбы: Оқытудың педагогикалық технологиялары.