Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

Жоспары:

1. Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттері

2. Еңбек және дене тәрбиесінің мәні

3. Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің мазмұны

4. Экономикалық және құқықтық тәрбие ерекшеліктері.

5. Азаматтық және саяси тәрбиенің мазмұны

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тәрбиенің түрлері туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: тәрбие түрлері ұғымы, тәрбие түрлері дамыту бағыттары туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді тәрбие түрлері туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті   жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы

1

Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.

2

Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.

3

Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.

4

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.

5

Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.

6

Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.

7

Қосымша әдебиеттер:

8

Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.

9

Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.

10

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.

11

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.

12

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.

13

Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.

14

Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.

15

Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттері

Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпыадамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдің принциптері адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Ақыл-ой тәрбиесі әр қашанда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми- педагогикалық анықтамалары мен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп – шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана сезімін, оқу мен еңбек процесінде дамытуды айтады.

Еңбек және дене тәрбиесінің мәні

Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. «Адамды адам еткен, еңбек» демекші, «еңбек процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға сүйенсек, еңбек әрекетінің нәтижесінде адамның дене және интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады.

Еңбек – адамның заттық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруда, дене және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасампаздық және интеллектуалдық әрекеті. Адамның еңбегінің арқасында бүтіндей заттық және рухани игіліктер жасалынады, еңбек процесінде адам баласы өзі жетіледі.

Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Дене тәрбиесі күн ырғағын, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.

Дене тәрбиесі – тұлғаны жан -жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды және жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің мазмұны

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбие алдымен қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

Экономикалық және құқықтық тәрбие ерекшеліктері.

Экономикалық тәрбие мен білім беру – шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті шарты. Экономика – белгілі бір қоғамның экономикалық құрылысын және оның базисін сипаттайтын қоғамдық өндірістік қатынастар жиынтығы. Жас мемлекетіміздегі маңызды қатынастарды реттей отыра қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жағдай туғыза отырып қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал - құқықтық сауаттылық. Құқықтық сананың негізгі элементтері: өнегелі, адамгершілік және саяси сезімдер.

Азаматтық және саяси тәрбиенің мазмұны

Азаматтық тәрбие мемлекеттік саясаттан басталады. Елдің азаматы болу үшін сол елдің саясатын санаға ендіру керек. Азаматтық тәрбие жүйесі:

  • оқушылардың санасын қалыптастыратын жалпы азаматтық, адам баласына тән саяси идеялар.

  • мектептегі, мектептен тыс оқу орындарында, қоғамдық еңбек орындарында ақпарат құралдары арқылы жүргізілетін азаматтық тәрбиенің мазмұны мен түрлері жатады.

Саяси тәрбие - адамның саяси санасы мен мінез-құлқына жүйелі және бағытталған ықпал ету процесі. Саяси тәрбие мақсаты, мазмұны мен оны ұйымдастыру қоғамдық саяси жүйесінің сипатымен анықталады және оны сақтау мен дамыту мүдделеріне қызмет жасайды.

Жеке тұлғалық деңгейде саяси тәрбие қоғам мүшелеріне саяси жүйемен арнайы бөлінген адамдардың (насихатшылар, саяси қызметкерлер, тәрбиешілер) жеке ықпалы маңызды рөл атқарады. Саяси тәрбие құралдары: митингілер мен шерулер.

Лекция 9. Тақырыбы: Отбасы-тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесінде