Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкд последн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.25 Mб
Скачать

Жоспары:

1. Тұтас педагогикалық процесс, компоненттері, қызметтері.

2. Тұтас пед. процестің заңдылықтары мен принциптері.

3. Тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші, педагогикалық жағдаят, шешу жолдары

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тұтас педагогикалық процесс туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: педагогикалық процесс ұғымы, педагогикалық процестің қозғаушы күші туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді педагогикалық процесс туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті   жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы

1

Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.

2

Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.

3

Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.

4

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.

5

Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.

6

Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.

7

Қосымша әдебиеттер:

8

Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.

9

Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.

10

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.

11

Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.

12

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.

13

Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.

14

Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.

15

Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Тұтас педагогикалық процесс, компоненттері, қызметтері

Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні - әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы. Педагогикалық процесс – негізгі, біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді.

Педагогикалық процесс – тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі, оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.

Біртұтас педагогикалық процестің атқаратын қызметтері

Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:

  • ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);

  • тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі)

  • дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);

  • аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);

  • əлеуметтік бейімдеу.