Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзен кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

2.1.6 Қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті арттыру

жүйесі

Өзен кен орны 40 жыл бойы су айдау арқылы қабат қысымын ұстау жүйесімен игеріліп келеді. Су айдау бойынша жұмыстар 1967 жылы басталды, ол кезде кен орынның өнімді қабатына альбсеномен сулары 1,8 млн.м³ көлемде айдалды. 1971 жылдан бастап ҚҚҰ қажеттілігі үшін Ақтау – Жаңа Өзен суқұбырларының құрылысы аяқталған соң теңіз суы қолданды. Бұдан басқа ысыру агенті ретінде жол жөнекей өндірілген қабат суын қолданады. Өзен кен орнында қабаттағы мұнайдың ерекше қасиеттеріне және қабаттың бастапқы температурасын қажеттілігі үшін қабатқа ыстық су айдау қолданылады ( қабат температурасының төмендеуі қатты фаза күйінде кеуекті ортада мұнайдан парафиннің бөлінуіне жағдай туғызады).

Су айдаудың техникалық керек көлемі қабаттың жағдайда сұйық алу 1,2 есе жоғары болу керек, бірақ беріліп және айдалып тұрған судың көлемі біршама жоғары.

Айдалып жатқан судың шығынының негізгі себебі оның өндіріссіз

қолданылуы ҚҚҰ жүйесінің техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыздығы және оның судың қозғалу жолындағы тозуы: магистральды құбырдан айдау ұңғыларына дейін. Айдауға арналған су жоғары агрессивті сипаттамаға ие.

ҚҚҰ үшін қолданатын тазалықты бақылау мынаны көрсетеді:

  1. Орташа мағына 29г/л (жобалық шығынға қарсы 0,04 г/л ) кезінде механикалық қоспалардың жоғары құрамы – 11-ден 62г/л дейін, өзінің құрамында механикалық қоспалардан басқа оттегі бар тазартылмаған сулар қолдануға жабдықтардың коррозиялы және қарқынды гидроабразивті бұзылуына әсер етеді ( сораптардың, жер асты және ұңғылық жабдықтардың, құбырлардың).

  2. Орташа мағынасы 0,45г/л (жобалық мағынаға қарсы 0,01г/л) кезінде қабатқа- 0,038 –ден 1,44г/л дейін айдауға қолданылатын бұралқы сулардың құрамында мұнай өнімдері көп мөлшерде, мұнай өнімдері сумен айдалғанда тек қана БШСС ғана емес, сонымен қатар айдау ұңғыларына түседі. Сонымен қатар, бұралқы сулар көмірсутекті газбен қаныққан, оның бөлінуі жер үсті және жер асты жабдықтарын қауіпті жағдайлар туғызады.

Суды механикалық қоспалардан тазартпау айдау ұңғының түбіндегі тұнбалардың пайда болуына, түп маңы аймағының қабатының өткізгіштігінің төмендеуіне және қабылдаудың түсуіне әсерін тигізеді.

Мұнай бергіштікті арттыру әдістері

Өзен кен орны 40 жыл бойы су айдау арқылы қабат қысымын

ұстау жүйесінің көмегімен игеріліп келеді. Коллекторлардың литологиялық біртексіздігі, парафин және тұз шөгінділері, коррозия, өнімнің сулану дәрежесінің өсуі сияқты бірталай факторлар кеніш және ұңғыны пайдалануды қиындатады, мұнай бергіштікті төмендетеді.

Өзен кен орны 1961 жылы ашылып, 1965жылы жасалған кенорынды игеру Бас жобасына сәйкес игеріле басталды . Кенорынды игерудің казіргі жағдайына келсек , қазіргі кезге дейін кенорыннан барлық алынатын қордан шамамен 70-72% мұнай алынды . Кен орынды игерудің төртінші сатысында игеріліп жатыр, игеру көрсеткіштері бойынша, пайдалану ұңғымалар өнімі өте жоғары сулануда және өнімділігі түсуде. Кенорыннан мұнай негізінен механикалық тәсілмен өндіріледі , ол пайдалану ұңғылар қорының 90% құрайды және де винтті штангілі-сорап қондырғысы , ортадан тепкіш электр-сорап қондырғылары қолданылуда. Қабат қысымын ұстау жүйесі 1967 жылы құрылып, су айдау басталды. Өзен кенорында қабатқа су айдау 17 шоғырланған сораптық станциялар арқылы жүзеге асады, оның ішінде 13 БКНС және 4 КНС, барлығы 78 сорап орнатылған. Мұнай өндіру көлемін ұлғайту мақсатында Өзен кенорнында әр-түрлі тәсілдер қолданылады.

Өзен кенорнында мұнай бергіштікті жоғарылату технологиясы ретінде қабатқакелесілер қолданылды: ыстық су айдау, сатылы термалды суландыру, пішінді, аудандық, циклдік және ошақты суландыру, сулы ерітінділерді, беткі-әрекетті заттарды және т.б. айдау.

Ұңғының түп аймағына әсер ету әдістерінің негізгі мақсаттары – түп аймақтың фазалық немесе абсолютті өткізгіштігін жоғарылату, гидравликалық кедергілерді төмендету есесінен айдаушы ұңғылардың сыйымдылығын және өндіруші ұңғылардың дебитін ұлғайту болып табылады.

Ұңғылардың өнімділігін ұзақ уақытқа ұлғайту мақсатында төмендегі мына әдістер кеңінен қолданылады:

-Физикалық әдістер – қабатты гидро жару (ҚГЖ), қабатты газодинамикалық жару (ҚГДЖ), акустикалық әсер ету (АРСиП), электрлі әсер ету(ЭӘ);

-Жылулық әдістер – термогазқышқылды-перфорациялық-имплозионды әсер ету (ТГҚПИӘ), термобарохимиялық әсер ету (ТБХӘ).

Кәсіпшілікте ұңғыманың түп аймағына (ҰТА) жылумен әсер ету, құрамында жоғарғы парафинді- асфальтты- шайырлы заттары бар мұнай кен орындарын игеру кезінде ҰТА өткізгіштігі, осы заттардың тұнбалану салдарының және осы заттармен тау жыныстары қуыстылығының бітелуі, өткізгіштігінің төмендеуі кезінде қолданады.

Су айдау ұңғымаларынан айдалатын салқын су ҰТА- ғы тау жыныстарының салқындауын тудырады. Ал ол мұнайдың құрамындағы компоненттерінің тұнба түзілуін жеңілдетіп, соның нәтижесінде қабаттың өткізгіштігі төмендейді. Жоғарыда аталған барлық себептер өндіру скважиналарының дебитін, ал су айдау сважиналарының қабылдау қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан скважина өнімі қалпына келтіру үшін яғни, ҰТА-дағы парафин тұнбасын ерітіп одан әрі мұнай мен жоғары көтеру үшін ,жылулық өңдеулер қолданады.

Өңдеудің келесі түрлері қолданылады: ыссы мұнаймен бумен жылу қозғалтқыштарын әсер ету, жылу аккустикалық жер бетіне жоғарғы жиілікті электромагнитті аккустикалық әсер.

ҰТА-ын бумен өңдеу дегеніміз қабатқа мезгіл-мезгіл қаныққан бу айдау, сол себепті өңдеудің бір әдісін циклді бу жылулық өңдеу деп аталады. Бұл әдісті келесі шартта қолдануға болады, өнім қабатының тереңдігі 1500 м. қабат шартындағы мұнай тұтқырлығы 50 мПа*с дан жоғары.

-Химиялық әдіс айдау ұңғымасымен қатар пайдалану ұңғымасына да қолданады. Сулы-көмірсутекті эмульсия (СКСЭ), полимерлі-гелді құрам «Темпоскрин», тұтқырлы – серпімді құрам (ТСҚ), тұзды-қышқылды өңдеу(ТҚО), гидроқышқылды әсер ету (ГҚӘ) және кешенді әсерлі эмульсиясы (КӘЭ) ұңғыманың түп аймағына әсер етіп және түп аймағына және жерасты жабдықтарды асфальтті-шайырлы-парафинді шөгінділерден тазартып, ұңғыманың өнімділігін арттырады.

-СКСЭ және КӘЭ парафин-тұз шөгінділердің жиналуының әсерінен өнімділігі түскен ұңғымаларға қолданады.

Тұтқырлы-серпімді құрам (ТСҚ) қабаттың өткізгіштігі жоғары суланған аралықтарын айыру жұмыстарында, суланған қабатшалардың фильтрациялық қарсыласуын көбейту кезінде, қабатшалардың сіңірімділігін шектеу кезінде қолданады. Кешенді әсерлі эмульсиясы (КӘЭ) ұңғыманың түп аймағына әсер етіп және түп аймағына және жерасты жабдықтарды асфальтті-шайырлы-парафинді шөгінділерден тазартып , ұңғыманың өнімділігін арттырады.Осы әдістен кейін ұңғыма өнімділігі 20-25% көбейеді.

Өзен кенорны бойынша 2008 жылы 362 пайдаланушы ұңғымаға КӘЭ өңдеу жүргізіліп , 186 ұңғымадан жақсы нәтиже алынды. Өңдеудің нәтижелілігі 51,4 % құрады. Өңдеудің арқасында 9277 тонна қосымша мұнай өндірілді. 1 ұңғымаға келетін орташа қосымша өндірілген мұнай 49,9 тонна.КӘЭ әдісімен өңдеу бөйынша ең нәтижелі 2,3,5а блоктар болды, осы блоктардың 59 ұңғымасымен қосымша -4129,7 тонна мұнай өндірілді , бұл КӘЭ бойынша, барлық қосымша өндірілген мұнайдың 44,5 % құрайды.

2.9-кесте - Өзен кен орны бойынша 2008 жылғы өңдеулер нәтижесі

Өңдеулер түрі

Ұңғымалар саны

Тиімді

болғаны

Қосымша өндіру, (тн)

Нәтижелі,

(%)

Әсерінің

ұзақтығы, (күн )

КӘЭ

362

186

9277,0

51,4

22

СКСЭ

380

219

17833,6

57,6

25

ТСҚ

383

175

16399,0

45,7

31

СҚӨ

8

3

647,1

37,5

47

Барлығы

1133

587

44156,7

51,6

26

Сулы-көмірсутекті эмульсия. СКСЭ өңделетін ұңғыманың түп аймағына айдалып , пайдалану ұңғымасының өнімділігін қалыптастыру мақсатында қолданады. Бұл әдіс жерасты қондырғысына және пайдалану ұңғымасының түп аймағына жиналған асфальтті-шайырлы-парафинді шөгінділерден тазартады. Осы технологиямен өңдеу нәтижесінде ұңғыманың өнімділігі 1,2-1,3 есеге артады және әсер ету ұзақтығы 20 күннен кем емес деп күтіледі.

2-сурет. Қолданылатын технология түрлері бойынша ұңғылар фондын үлестіру

Әсерінің ұзақтығы

Нәтижелі,%

2.2-сурет. Өзен кен орны бойынша 2008 жылы қышқылмен өңделген ұңғымалар.

Өңдеудің арқасында қосымша -17833,6 тонна мұнай өндірілді, орташа әсер ету ұзақтығы 25 тәулік. 1 ұңғымаға келетін қосымша мұнай өндіру 81,4 тонна.СКСЭ әдісімен өңдеу бөйынша ең нәтижелі 2а,3,3а,5,5а блоктар болды, осы блоктардың 116 ұңғымасымен қосымша -11153,8 тонна мұнай өндірілді .