- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфиясы
- •Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Өзен кен орнының игеру жүйесі
- •Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.6 Қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті арттыру
- •Мұнай бергіштікті арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.2.1 Парафин шөгінділерімен күрес және олардың алдын алу шаралары
- •2.2.2.2 Коррозиямен күресу және оның алдын алу шаралары
- •2.2.2.3 Тұз шөгінділерімен күрес және оның алдын алу шаралары
- •2.3 Ұңғылар өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Өзен кен орнында мұнай кен орнын жылулық әдістер арқылы игеру
- •2.3.1.1 Қабатқа жылутасығышты айдау техникасы
- •2.3.1.2 Буды дайындаудың технологиялық сипаттамасы
- •2.3.2 Бу айдаудың технологиялық көрсеткіштерін есептеу
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3. 1 Кен орнын игерудің технико – экономикалық көрсеткіштері
- •Жаңа технологияларды қолдануға дейін және қолданғаннан кейінгі эконоимкалық тиімділікті есептеу
- •Басқа шығындар
- •Амортизациялық төлемдер
- •Шартты тұрақты шығындар (f)
- •Энергетикалық шығындар (эш)
- •Жалпы эксплуатациялық шығын:
- •3.2 Үрдісті енгізгеннен кейін экономикалық тиімділікті анықтау
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлары
- •4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.2.1 Электр қауіпсіздігі
- •4.3 Жаңажол кен орнында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді талдау . Олардың сипаттамасы
- •Атмосфералық ауаны қорғау бойынша жүргізілетін шаралар
- •5.2. Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қортынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
Өндірісте көптеген қиыншылықтар кездеседі. Бұлардың бірі мұнайдың аномальды құрамы, жоғарғы парафинділігі, шайырлылығы, қабат коллекторларының әртектігі, құм тығындары, мұнай эмульсиялары, мұнайдағы механикалық қоспалар, т.с.с.
Бұл қиыншылықтарды химиялық, физикалық және термиялық жолдармен шешеді. Бұлар пештер орнату, қабатты гидрожару, қышқылмен өңдеу, ингибиторлар қосу, деэмульгаторларды пайдалану.
Өзен кен орнындағы мұнайдың құрамында парафиннің жоғары мөлшерде болуы мұнайды өндіргенде қиыншылықтарды туғызады.
Қабат қысымын ұстау үшін құрамы бойынша әр түрлі суларды қолдану өнеркәсіп жабдықтарында тұз шөгінділерінің пайда болуына алып келді.
Күкіртсутегінің пайда болуы және ұңғы өнімінің сулануы жоғарылауы жабдықтардың коррозиясына алып келді.
Сонымен, Өзен кен орнында мұнайды өндіруді жоғарылату жұмыстарына қарамастан, казіргі кезде төмендегі проблемалар маңызды болып келеді:
Мұнай кәсіптік жабдықтарының парафиндалуы
Жабдықтардың коррозиясы және қабат қысымын ұстау жүйесі
Жер асты және жер беті жабдықтардағы тұз шөгінділері
2.2.2.1 Парафин шөгінділерімен күрес және олардың алдын алу шаралары
Өзен кен орнындағы мұнай құрамында 28% дейін жоғарымолекулалы алифатикалық көмірсутек бар, осыған орай газсыздандырылған мұнайдың тұну температурасы 320С тан жоғары.
Прафин шөгінділерімен күресу мұнайды өндіру кезіндегі маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі.
1976 жылдан бастап жабдықтар мен құбырларда парафин шөгінділерінің алдын алу және жою үшін химиялық реагенттерді қолдану бойынша зерттеу жұмыстары басталды.
Арнайы жабдықтарды қолдану және химиялық реагенттердің бағасы жоғары екендігіне қарамай, парафин шөгіндісімен күресудің химиялық әдісі, басқа әдістермен салыстырғанда қолайлы әрі тиімді екені белгілі болды.
Америкалық фирма «Петролайт» пен контракт бойынша, БашНИПИнефть, ВНИСПТнефть және КазНИПИнефть сияқты ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында 14 химиялық реагенттер зерттелген болатын. Лабараториялық жағдайда зерттелген реагенттердің тек бесеуі нәтіже берді және ары қарай тәжірибелік-өнеркәсіптік түрде зерттеу үшін Өзен кен орынға жеткізілді. Өз кезегінде, бес реагенттің тек екеуі ғана (ХТ-48 және VУ-3830) парафинді-шайырлы шөгінділерді бұзу қабілетіне ие екенін көрсетті
Реагенттер деэмульгациялау қасиетіне ие және аралас әсер ететін химиялық реагент тобына жатады. Реагенттер ұңғының құбыраралық кеңістігіне дозалық сораппен беріліп отырады.
Газлифтілі ұңғыларда реагент ерітіндісі газлифтілі коллекторларға газды тарататын батарея арқылы беріледі.
ХТ -48 реагентін қолданған кезде, СКҚ қимасын өлшеген кезде парафин шөгінділерінің түзілу жылдамдығы 0,4 -0,5 мм/тәу екенін көрсетті, ал реагентті қолданбағанда жылдамдығы 2-3 мм/тәу тең. Бірақ зерттеу нәтіжелері бойынша ХТ-48 реагенті түзілген шөгінділерді толық жоймайды және оларды жою үшін арнайы технологиялық шаралар (ыстық сумен немесе конденсатпен өңдеу) қолдану керек екені анықталды. Сондықтан реагентті айдаудан алдын түзілген парафин шөгінділерін жою қажет.
Сонымен
қатар, VУ-3830, RP-968 және 66879 реагенттерін
штангалы тереңдік сораптарымен
жабдықталған ұңғымаларға сынақ ретінде
қолданылды. Барлық жағдайларда
реагентті қолданған кезде ұңғының
тәуліктік дебиті өсті. Химиялық
реагенттпен өңдеген соң ұңғының
өнімділігі, бастапқы дебиті жоғары
болған ұңғыда өсті. RP-968 реагентін
қолданған кезде ұңғының сулануы
дебитке әсер етеді. Ұңғының сулануы
мұнай дебитін төмендетеді. № 751, №1071,
№1072 ұңғыларда, сулануы 50% болғанда
дебит
Q=8
т/тәу, ал сулануы 20% болғанда
Q
=12 т/тәу және сулануы 10% болғанда
Q
=18 т/тәу тең болды. Реагенттер 7 тәулік
бойы айдалып отырды. Әр түрлі диаметрлі
шаблондарды қолдана отырып парафин
шөгінділерінің түзілу жылдамдығын
анықтайды.
Ұңғыны VУ-3830 реагентімен өңдеу кезінде парафин шөгінділерінің СКҚ-да орташа түзілу жылдамдығы төмендегідей:
482
ұңғымада -
орт=0,18
мм/тәу
1396 ұңғымада - орт=0,49 мм/тәу
609 ұңғымада - орт=0,99 мм/тәу
2214 ұңғымада - орт=0,66 мм/тәу
Ұңғыны ХТ-48 реагентімен өңдеу кезінде парафин шөгінділерінің СКҚ-да орташа түзілу жылдамдығы төмендегідей:
1317 ұңғымада - орт=0,29 мм/тәу
1849 ұңғымада - орт=0,41 мм/тәу
1482 ұңғымада - орт=0,76 мм/тәу
СКҚ-ні VУ-3830, ХТ-48 ингибиторларымен өңдеу ұңғының жұмысына жақсы әсер етті. Ұңғының өнімділігі өсті.
