Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзен кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

2.3 Ұңғылар өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау талаптары мен оларға ұсыныстар

Өзен кенорнында ұңғымалардың өнімдерін ішкі кәсіпшілік жинау бір құбырлық бүтін жүйемен іске асады. Мұнай, су, газ ағыны бір құбырға буферлық қысым арқылы жиналып өлшеу қондырғысына (ӨҚ) және топтық қондырғыларға (ТҚ) тасымалданады. Ұңғымалар өлшеу қондырғыларына (ӨҚ), топтық қондырғыларға (ТҚ) сәулелік жүйе тәсілімен қосылып, бірақ ұңғымалардың қандай игеру обьектілеріне жататыны есепке алынбаған. Жоғары парафинді, жоғары тұтқырлықты мұнай өндірген кезде ұңғымалардың шлейфтерінде парафин түзеліп, мұнай қоюланып, әсіресе күз – қыс айларында қиыншылықтар туғызады. Скважиналардың бір қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін, ұңғыма сағасында УН – 02 жылыту пештері орнатылған. Қазіргі уақытта ілеспе газбен жұмыс жасайтын жылыту пештері 6% қорды қамтыған.

Топтық қондырғыда ұңғымалардың, дебиті өлшеніп, бірінші сатылы мұнай сепарациясынан өтіп, пеш арқылы мұнай жылытылып, жинау коллекторына айдалып, әрі қарай мұнай дайындау, айдау цехына тасымалданады. Дебитті өлшеу автоматталған өлшеу қондырғыларында (АЗУ) “Спутник А – 40” жүргізіледі. Әр топтық қондырғыда орнатылған есептеу құралы ТОР – 1 – 50 өндірілген сұйықтың жалпы мөлшерін, ал ТОР – 1 – 80 өндірілген өнімнің мөлшерін анықтайды.

Мұнай кәсіпшіліктерінің өндірген мұнайын өлшеу үшін мұнай дайындау, айдау цехына дейін жеке мұнай құбырлары тартылып, олардың бойына есептеу станциясы “КОРМАС” орнатылған. Ол құбырдағы жүріп жатырған мұнай, газ қоспасын және таза мұнайдың массалық шығынын, көлемін өлшейді

Кен орындағы пайдаланып тұрған мұнай жинау жүйесі, негізінен топтық қондырығылардан дайындау, айдау цехына дейін бірқалыпты тасмалдауды қамтамасыз етеді.

Кен орында өндірістік өңдеу ұзаққа созылған мезгілде кәсіптік жабдықтау объектілері үлкен көлемде құрастырылды, ұңғылардың мыңдаған саны қосылуда, кәсіпшілік ішінде жинау жүйесіне қосылу, жүздеп мыңдаған диаметрлері әр түрлі мұнай, газ, су құбырлары, 240 жуық топтасқан Алдын ала суда айыру қондырғысы құбырлардағы корозияны азайтып, мұнай дайындау, жинау жүйесінің жұмыс сенімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Жерасты және жер үсті жабдықтарында тұз түзіледі. Скважина өнімінің сулануы көбейген сайын, қондырғыларды тұз түзелуі артады. Бұл барлық жүйенің бір қалыпты жұмыс жасауын бұзады. Тұз түзілуге қарсы күресудің ең тиімді тәсілі тұзға қарсы ингибиторлар.

2.5-сурет. Суды алдын ала айыру жүйесімен топтық қондырғының сызбасы

1 – ұңғыма; 2 – автоматты өлшеу қондырғысы; 3 – блок гребенка; 4 – үш фазалы сепаратор; 5 – вертикальды газды сепаратор; 6 – дожимдық мұнай сораптар; 7 – сұйықты қыздыру пештер; 8 – дожимдық су сораптары; 9 – факелды сепаратор; 10- дренаждық сыйымдылық ; 11 – химреагенттерді мөлшерлеу блогы

Кен орындағы пайдаланып тұрған мұнай жинау жүйесі, негізінен топтық қондырығылардан дайындау, айдау цехына дейін бірқалыпты тасмалдауды қамтамасыз етеді. Бірақ пайдалану кезінде әр түрлі қиыншылықтар болып тұрады, олар парафин түзілуден, өнімнің қоюлануынан, тұз түзілуінен басқа, ілеспе қабаттық су өндірілгеннен, ішкі қорозияға ұшырайды. Ішкі кәсіпшілік жинау жүйесіндегі құбырлардың корозияға ұшырау жылдамдығы ингибиторлық қорғаныссыз жылына 3 – 8 мм құрайды. Мұнай жинау коллекторының қызмет мерзімі 2 – 3 жыл, жарылу жиелігі 1км жылына 3 реттен келеді. Ингибиторлық қорғанысты пайдалану коррозияның жылдамдығын азайтқанмен түпкілікті бұл мәселені шеше алмайды.

Алдын ала суда айыру қондырғысы құбырлардағы корозияны азайтып, мұнай дайындау, жинау жүйесінің жұмыс сенімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Жерасты және жер үсті жабдықтарында тұз түзіледі. Скважина өнімінің сулануы көбейген сайын, қондырғыларды тұз түзелуі артады. Бұл барлық жүйенің бір қалыпты жұмыс жасауын бұзады. Тұз түзілуге қарсы күресудің ең тиімді тәсілі тұзға қарсы ингибиторлар ДПФ-1, СНПХ – 5301, SP – 203 пайдалану болып табылады.

Кен орында өндірістік өңдеу ұзаққа созылған мезгілде кәсіптік жабдықтау объектілері үлкен көлемде құрастырылды, ұңғылардың мыңдаған саны қосылуда, кәсіпшілік ішінде жинау жүйесіне қосылу, жүздеп мыңдаған диаметрлері әр түрлі мұнай, газ, су құбырлары, 240 жуық топтасқан және өлшенетін қондырғылар, ұңғы түбін жылытатын және қыздыратын пештер, мұнайды және ағынды суларды алдын ала дайындау объектілері, мұнайды дайындайтын орталық пункт.

Кен орынның температурасы төмендеген кезде құрамында парафині өте жоғары мұнай, тұтқырлықтың тез жоғарылуымен сипатталады, ал температурасы +32 0С төмен болса, онда аққыштық қасетін жоғалтады. Су мұнайлы эмульсияның тұтқырлығы тура сондай шарттарда мұнай тұтқырлығынан жоғары болып келеді. Сондықтан, кен орынды өңдеудің ең басынан бастап кәсіпшілік ішінде жинау жүйесін пайдалану және мұнайды тасымалдау өте қиын болды.

Жылдың ең суық мезгілінде ұңғының аз дебитті қорының жұмысы тасталатын бұрғылау құбырларында мұнайдың қатып қалуынан тиімді болмайды. Ұңғының түбі мен тереңдігінің бойын жылыту тиімді емес орташа дебиттермен мен тасталатын бұрғылау құбырларының ұзындығы 300 м шамасында болады. Бірнеше ұңғыларды тасталатын бұрғылау құбырымен біріктіру себебімен қызмет етеді.

Қазір жұмыс істеп тұрған қордың ұңғылары (13-18 қабаттар), екі немесе бір тасталатын бұрғылау құбырына сәйкес жұмыс істейді, құбыр саны шамамен 1416 құрайды. 134 ұңғыларда 27 блокты тарағымен (БТ) 3-10 ұңғыда қосылған.

Қазір жұмыс істеп тұрған қор ұңғыларының жартылай көлемі (47 %) бірнеше ұңғыларды бір тасталатын бұрғылау құбырларымен біріктіріп қосады және бірігіп жұмыс жасайды.

Кен орында кәсіптік көліктерін пайдалану жүйесі ГУ-дан мұнайды алуды негізгі түрде қамтамасыздандырады, объектіде оларды дайындау және ППД жүйесіне ағынды суларды қайта айдау. Бірақ та, алынатын өнімнің сулануы тұтқыр қатып қалатын эмульсияны және ағынды сулар үлкен көлемде қайта айдауда энергетикалық шығындарды жоғарлауда өте күрделі қиындықтар кездеседі, агрессиялық ортада жоғарлау нәтижесінде тұз шөгінділерімен және коррозияның өнімділігі байланыста болады. Коррозияның қажалу нәтижесінде кәсіптік коллекторлардың ату жиілігі жоғарылайды. Коррозиялы ортаның агрессивтілігі ескертіледі, барлығынан бұрын, су фазасының құрамында 16-38 мг/л күкіртсутегі көп мөлшерде болады, сонымен қатар құрамында өте көп көлемде абразивті механкалық ерітінділер кездеседі, мұнай тізбегінің төменгі бөлігінде коррозия-эрозиялы қажағыштары пайда болады. Көптеген коррозиялық қажағыштыққа мұнайды жинайтын коллекторлар және ағынды сулардың бұрғылау құбырлары қажағыштыққа кемді болып келеді. Бұрғылау құбырларының авария кезінде болатын құрылыс технологиялық үрдістерін қиындықтар туғызады, сонымен бірге температура мен гидравликалық режимді бұзады. Кәсіпшілік ішінде жинау жүйесін пайдалану шарты тиімді емес және көлікті тасталатын бұрғылау құбырының істен шығуына әкеп соқтырады, мұнайдың ағып кетуі, қосымша мұнай мен газдың жоғалуы және өндірісте экологиялық жағдайын бұзады. Кәсіптік жинау ішіндегі жүйе, кен орынның алынатын өнімін дайындау және тасымалдау, кең капиталды, кең металлды және пайдаланатын объектілердің аз шығындалатыны өзімен бірге жиынтықта ұсынылады, ұңғыдан заттарды жинау үшін тағайындау, жеке өлшемдер және кәсіптік тасымалдау объектіде алынатын өнім оның тауар кондициясына дейін дайындалуы және тұтынушығы өткізу, тазалау және ағынды сулар мен газды пайдалану. Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын өңдеу біріңғай қағидалармен байланыста кәсіпшілік ішінде жинаудың технологиялық жүйесі, тасымалдау және ұңғылардың өнімін дайындау келесі талаптарға сай болу керек:

-алынатын өнімді жинау герметизациясы;

-әр ұңғыда өнімнің дебитін нақты өлшемі және гидродинамикалық зерттеулерді өткізу мүмкінділігі;

-кен орынның кәсіптік өнімін нақтылау;

-бір бағыттағы газ құрамының көлемін есептеу және қолдану кезіндегі өзінің қажеттілігі;

-барлық технологиялық түйіндерді пайдалану мықтылығы;

-барлық технологиялық үрдістерді автоматтандыру;

-мұнай және газдың аз ғана жоғалуының технологиясы.

Кен орында мұнайды тасымалдау және кәсіпшілік ішінде жинаудың жүйесі әрекетінде осындай өлшеулер және алынатын өнімді герметизациялық жинау бойынша оларға қойылатын талаптармен іске асырылады. Сепаратордың бірінші бағытындағы және әрі қарай жалғасқан бұрғылау құбырларында сұйықтарты тасымалдау мен газ объектілерінің алдын ала тауарды дайындау. Технологиялық қондырғыларды және өте күрделі технологиялық тәсілдерді қолдану арқасында елеулі орын алады. Сондықтан кәсіпшілік ішінде жинау жүйесі әрі қарай пайдалану кезінде қиыншылықтармен сипатталады, мұнайлы және су мұнайлы эмульсия өзгеше ерекшеліктерімен байланыста:

-парафинді асфальт смолалы заттардың көп көлемде болуы;

-құрамы жоғары парафинді мұнайдың қатып қалу температурасы өте жоғары;

-алынатын өнімнің сулануы үздіксіз болуы;

-алынатын мұнай өнімінің құрамындағы газдың деңгейі жоғары емес;

-ұңғының аз дебитті қорының бар болуы;

-кен орын алаңының кең болуы.

Кен орындарда көптеген объектілердің құру үрдісі кезінде кәсіптік жабдықтау шаралары іздестірілді, кәсіпшілік ішінде жинау жүйелерін әрі қарай толық жетілдіру бойынша шаралар құрастырылды және жүзеге асырылды.

Осыған орай ұңғыманы алғаш рет игеру кезінде оның табиғи өнімділігін қалпына келтіру мақсатында ұңғыманың түбіне тиісті аймағын өңдеу жұмыстары мүндетті түрде орындалуы тиіс.