- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфиясы
- •Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Өзен кен орнының игеру жүйесі
- •Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.6 Қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті арттыру
- •Мұнай бергіштікті арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.2.1 Парафин шөгінділерімен күрес және олардың алдын алу шаралары
- •2.2.2.2 Коррозиямен күресу және оның алдын алу шаралары
- •2.2.2.3 Тұз шөгінділерімен күрес және оның алдын алу шаралары
- •2.3 Ұңғылар өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Өзен кен орнында мұнай кен орнын жылулық әдістер арқылы игеру
- •2.3.1.1 Қабатқа жылутасығышты айдау техникасы
- •2.3.1.2 Буды дайындаудың технологиялық сипаттамасы
- •2.3.2 Бу айдаудың технологиялық көрсеткіштерін есептеу
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3. 1 Кен орнын игерудің технико – экономикалық көрсеткіштері
- •Жаңа технологияларды қолдануға дейін және қолданғаннан кейінгі эконоимкалық тиімділікті есептеу
- •Басқа шығындар
- •Амортизациялық төлемдер
- •Шартты тұрақты шығындар (f)
- •Энергетикалық шығындар (эш)
- •Жалпы эксплуатациялық шығын:
- •3.2 Үрдісті енгізгеннен кейін экономикалық тиімділікті анықтау
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлары
- •4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.2.1 Электр қауіпсіздігі
- •4.3 Жаңажол кен орнында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді талдау . Олардың сипаттамасы
- •Атмосфералық ауаны қорғау бойынша жүргізілетін шаралар
- •5.2. Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қортынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
Өндіруші ұңғымалардың 2008 жылғы орташа мұнай өнімділігі - 4,8 т/тәу, ал орташа тәуліктік сұйық өндіру 23,8 т/тәу болды. Ең аз орташа тәуліктік сұйық өндіру Қусмурын және Солтүстік-Батыс күмбезінде - 11,5 т/тәу, ал ең көп сұйық өндіру XVII қабатта 31,7 т/тәу болды. Өндірілген өнімнің сулануы 80 % болды. Егер блоктар бойынша қарастыратын болсақ , ең көп орташа тәуліктік мұнай өндіру 10 (9,6 т/тәу)блокта және 1 (8,6 т/тәу) блокта, сұйық бойынша 1а (58,1 т/тәу) блокта және 3а (35,9 т/тәу)блокта болды.
Өзен кен орны 40 жыл игеріліп келе жатыр және игерудің бастапқы сатысында бірінші жобалық құжатта дәлелденген келесі пайдалану объектілері болды: I - 13+14 горизонт; II - 15+16 горизонт; III - 17 горизонт; IV - 18 горизонт.
Миннефтепромның №680 жарлығына сәйкес 12.12.1977 ж. айдау және өндіру ұңғымаларында объекттерді ірілендіру мақсатында оқшаулау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданады. Пайдалану объектілері ретінде әр өнімді қабат қабылданады: I - 13 горизонт; II - 14 горизонт; III - 15 горизонт; IV - 16 горизонт; V - 17 горизонт; VI – 18 горизонт.
Кен орынды игерудің сатысын және ұзақтығын ескеріп, қабаттардың мұнай қорын өндіру дәрежесі, бұрынғысынша, өзбастақ пайдалану объектеріне дәлелденеді, әр өнімді қабат - XIII-тен XVIII-ге дейін. Бірақ пайдаланылудағы пайдалану объектілерінен (XIII-XVIII қабаттар) негізгі қатпардың құрылымының төбе тұсын, технологиялық игеру объектісін (ТИО) бөліп алу ұсынылады.
2.7- кесте - Өнім алу аймағында қабат қысымының өзгеру көрсеткіші
Горизонт |
Бастапқы қабаттықысым, атм |
Қабаттық қысым, атм |
Жылдар |
||||
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
|||
XIII |
104,2 |
Горизонт бойынша орташа өлшем |
100,0 |
101,2 |
102,9 |
103,6 |
106,3 |
Өнім алу аймағында |
97,3 |
97,3 |
98,2 |
98,9 |
100,4 |
||
Айдау аймағында |
104,0 |
105,9 |
108,6 |
109,0 |
112,8 |
||
Өзен кенорны, кеніштерінің игеруін және мұнай өндіру процесін қиындататын бірнеше қатар ерекшеліктеріне ие.
Барлық көмірсутек кеніштерде мұнай және газды ұңғыманың түбіне жылжытатын көп немесе аз мөлшерде әртүрлі энергиялар әсер етеді. Өзен кенорны су арынды және серпімді арынды режиммен игеріледі. Режимдердің әсер етуінде көп жағдайда бастапқы қабат қысымымен және игеру процесінде қысымның өзгерісі үлкен роль ойнайды. Қабат қысымы - өнімді қабаттың энергетикалық мүмкіншіліктерін, ұңғымалардың өнімділігін және түгел кеніштің өнімділігн анықтайтын ең негізгі фактор.
Кеніштің энергетикалық жағдайы, сұйық өндіру көлемін сипаттайтын негізіг көрсеткіш болып есептеледі. Игеру прцесінде игеру режимін бақылау үшін қабат қысымының өзгеруін зерттеу қажет.Өнімді қабаттарда қабат қысымының өзгерісін изобара карталар арқылы бақылайды. Осы себеппен изобара картасын немесе бірдей қысымдардың картасын салады және горизонттар бойынша орта қабат қысымын анықтайды.
01.01.2010 ж. жағдайы бойынша өндіру және су айдау ұңғымалар қоры бойынша анықталған 2.8 кестеде көрсетілген.
Игеру жүйесін рациональды жүргізу үшін, қабаттың режимін тиімді пайдалану үшін қабат қысымының өзгеру динамикасын зерттеу қажет. Қабат қысымының өсуі қабат су айдау көлемінің өсуімен, су айдау скважиналар санының көбеюімен сипатталады, сол себептен бұрғылаудан, мұнай қорынан, әрекетсіз қорынан су айдау ұңғымаларын іске қосу шараларықарастырылады.
Бұл біріншіден су айдау дайындаудың сапасыздығынан, екіншіден құрамында оттегі мен активті компоненттердің көп мөлшерлі қабат суларын және теңіз суларын араластырғанда сәйкес келмеуімен түсіндіріледі.
2.8 -кесте - Қабат, түп қысымының және жұмысшы депрессияның мәндері
Көрсеткіш |
Горизонт |
Скважина саны |
Диапазон |
Орта мәні |
|
минимальды |
максимальды |
|
|||
Рқаб, ат |
13 |
57 |
96,3 |
192,7 |
132,1 |
14 |
32 |
102,6 |
185,4 |
133,5 |
|
15 |
13 |
127,9 |
176,0 |
148,9 |
|
16 |
4 |
138,5 |
154,0 |
147,1 |
|
17 |
- |
- |
- |
- |
|
18 |
- |
- |
- |
- |
|
Ртүп, ат |
13 |
1118 |
19,9 |
121,8 |
65,5 |
14 |
737 |
29,4 |
119,7 |
73,2 |
|
15 |
376 |
32,9 |
130,8 |
79,6 |
|
16 |
203 |
31,5 |
131,0 |
81,7 |
|
17 |
116 |
47,5 |
127,3 |
85,2 |
|
18 |
40 |
55,9 |
128,1 |
78,5 |
|
∆Р, ат |
13 |
67 |
3,9 |
89,2 |
33,9 |
14 |
29 |
4,8 |
76,2 |
35,0 |
|
15 |
10 |
13,6 |
81,2 |
42,2 |
|
16 |
3 |
4,2 |
64,0 |
24,5 |
|
17 |
1 |
- |
- |
69,5 |
|
18 |
5 |
10,0 |
55,0 |
33,0 |
|
