- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфиясы
- •Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Өзен кен орнының игеру жүйесі
- •Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.6 Қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті арттыру
- •Мұнай бергіштікті арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.2.1 Парафин шөгінділерімен күрес және олардың алдын алу шаралары
- •2.2.2.2 Коррозиямен күресу және оның алдын алу шаралары
- •2.2.2.3 Тұз шөгінділерімен күрес және оның алдын алу шаралары
- •2.3 Ұңғылар өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Өзен кен орнында мұнай кен орнын жылулық әдістер арқылы игеру
- •2.3.1.1 Қабатқа жылутасығышты айдау техникасы
- •2.3.1.2 Буды дайындаудың технологиялық сипаттамасы
- •2.3.2 Бу айдаудың технологиялық көрсеткіштерін есептеу
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3. 1 Кен орнын игерудің технико – экономикалық көрсеткіштері
- •Жаңа технологияларды қолдануға дейін және қолданғаннан кейінгі эконоимкалық тиімділікті есептеу
- •Басқа шығындар
- •Амортизациялық төлемдер
- •Шартты тұрақты шығындар (f)
- •Энергетикалық шығындар (эш)
- •Жалпы эксплуатациялық шығын:
- •3.2 Үрдісті енгізгеннен кейін экономикалық тиімділікті анықтау
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлары
- •4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.2.1 Электр қауіпсіздігі
- •4.3 Жаңажол кен орнында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді талдау . Олардың сипаттамасы
- •Атмосфералық ауаны қорғау бойынша жүргізілетін шаралар
- •5.2. Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қортынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жаңа технологияларды қолдануға дейін және қолданғаннан кейінгі эконоимкалық тиімділікті есептеу
Экономикалық тиімділікті арттыру үшін біз жаңа технологияларды қолдануымыз керек, соның ішінде: штангалы терең сорапты қондырғыларды жаңарту, қабатқа бу айдау, механикалық өңдеудің жаңа әдістерін қолдану тағы басқа іс-шаралар кіреді.
Мақсатымыз: берілген іс-шараны өткізуге кеткен өтемдердің барлық түріне калкуляция құру негізінде біршама жаңа жетіскен механикалық өңдеуді енгізгендегі жылдық экономикалық әсерді есептеу[8].
Қабатқа жылулық әсер еткен соң мұнай көлемін анықтаймыз. Ол үшін ұңғыманың дебиті қбатқа ыстық бу айдаған соң q2=44 тонна/тәулік, жұмыс істейтін уақытын Тэ=1жыл белгілейміз. Әдісті енгізгенге дейін ұңғыма дебиті q1=40 тонна/тәулік құраған. Ұңғыманың пайдалану коэфиценті КЭ=0,95.
Қабатқа жылутасығышты енгізгеннен кейінгі бір жыл бір ұңғымадан алынатын өнім көлемін мына формула арқылы есептейміз:
Q2=q2·Tэ·Kэ (3.1)
Q2=44·365·0,95=15257 тонна/жыл
Осы уақыт ішінде қабатқ жылулық әсер етпегендегі дебит мынадай болар еді:
Q1=40·365·0,95=13870 тонна/жыл
Өңдеуден кейінгі өнім көлемінің айырмашылығы келесі формула бойынша есептеледі:
∆Q=Q2-Q1 (3.2)
∆Q =15257 -13870 = 1387 тонна/жыл
Өнімнің өзіндік қүнының өзгеруі, жаңа техника және әртүрлі техникалық іс-шараларды енгізуден болуы мүмкін. Мұнай өндірудегі шығындардың деңгейі қосымша өндірілетін көлем тізімдеріне сәйкес өзгереді.
Еңбек ақы қоры шығындары
Еңбек ақы дегеніміз жұмысшының өндірісте жасаған еңбегіне алатын ақысы. Яғни, жалақы – еңбек құны. Жалақы – қызметкердің қоғамдық өндірісте жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес олардың жекелей тұтынуына келіп түсетін, қажетті өнімнің негізгі бөлігінің ақшалай көрінісі.
Негізгі еңбек ақысы бойынша шығындардың өзгеруін тек енгізілетін шаралар жұмысышылардың сапасына немесе олардың разрядының өсуіне немесе төмендеуіне әкеліп соғатын болған жағдайда ғана есептейді.
Қолданылған шаралар жұмысшылар санының өсуіне байланысты немесе қысқаруына әсер ететін жағдайда негізгі ақы шығындарды есепке алу жұмысы жүргізіледі.
ЕАҚ=ЕҚмин∙Кауд∙Ктерр∙Кқж∙12∙ЖС (3.3)
мұндағы: ЕҚмин — минималды еңбек ақы, 14952 теңге;
Кауд— аудандық коэффициент, 1,1;
Ктерр — территориялық коэффициент, 1,14;
Кқж — қосымша жалақы коэффициенті, 1,25;
12 — ай саны;
ЖС — жұмысшылар саны.
Бу-жылулық өндеу әдісін енгізбегендегі ЕАҚ:
Жұмысшылар саны 423 адам
ЕАҚ1=14952*1,1*1,14*1,25*12*423= 118967531,76 теңге
Бу-жылулық өндеу әдісін енгізгендегі ЕАҚ:
Жұмысшылар саны 471 адам
ЕАҚ2=14952*1,1*1,14*1,25*12*471= 132467393,52теңге
ҚР салық кодексіне сәйкес, еңбекақы қорынан мелекеттік бюджетке (әлеу.салық) 11% ставка бойынша төлемдер жасалады. Осылайша, әлеуметтік төлемді құрайды:
ӘТ = ЕАҚ∙0,11 (3.4)
ӘТ1 = ЕАҚ1∙0,11= 13086428,5тг.
ӘТ2 = ЕАҚ2∙0,11=14571413,3тг
Жалпы төлемдер қорын анықтаймыз:
ЖТҚ = ЕАҚ + ӘТ (3.5)
ЖТҚ1 = ЕАҚ1 + ӘТ1 = 132053960,3 тг
ЖТҚ1 = ЕАҚ1 + ӘТ1 = 147038806,8 тг
