Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзен кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

4.2.1 Электр қауіпсіздігі

Электр тогы адам денесінен өткен жағдайда денеге термиялық, электрлік, биологиялық және механикалық әсер етеді. Берілген бөлікшеде электр тогымен жарақаттану электр өткізгіш торапты тоқ көзіне қосқанда пайда болады.

Электр тогымен жарақаттанудың алдын алуды ұйымдастыулық және техникалық деп бөлуге болады. Қауіпсіздік техникасы бойынша электр қондырғыларын пайдалану кезінде «электротехникалық жұмыстар» тарауы құрастырылады. Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік нормалары ұйымдастыру шараларына кіреді.

Техникалық ұйымдастыруға аз кернеуді, қорғаныш жерлендіруді қолдану жатады. Қорғаныш жерлендіру–электроқондырғының тоқ өткізбейтін бөліктерін жермен жалғау.

Жаңа жол кен орнындағы электрмен қамтамасыз ету қос линиядан сіңірілетін барлық жасаулар туғызады. Сенімділік «Кеңқияқ - 2» эектр бөлімшесінің 220 кВт қуатына қосылудан кейін артты.

Электрлік жабдықтарды қолдану кезінде еңбектің қауіпсіз шартын қамтамасыз ету келесі қорғау шараларында қаралады.

Кернеулі ток жүргізуші бөліктерді абайсыз тиіп кетуді болдырмайтын етіп электроқондырғыны, электро тораптарды және электрожабдықтардың араматураларын орындайды. Ол үшін ток жүруші бөліктерді жолдарда және жұмысшы алаңда лайықты биіктікте және арақашықтықта орналастырады, конструкцияның ерекше қорғаныстарын және электрожабдықтардың элементерін қолданады. Жерлестіру (заземление) электр қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тәсілі болып табылады. Ұңғы шоғырында жерлестіру ретінде ұңғының шегендеу тізбектері, жабық құрылғылар қолдану мүмкін. Жерлестірулер жермен сенімді байланысты қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар уақытылы тексерулер жүргізу, жабдықтарды дер кезінде алып келу, СИЗ-ді құру.

4.2.2 Өртқауіпсіздігі

Жаңажол кен орнында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қарастырылған:

- Өрт пен жарылыстың пайда болуының алдын алу;

- Өрттің таралуын болдырмау;

- Жұмысшыларды өрт аймағынан эвакуациялаунын қамтамасыз ету және қондырғыларды қорғау;

- Өртті сөндіру шаралары.

Өрт - жарылыс қауіпінің алдын алу шараларына – жүйелердің және қондырғылардың саңылаусыздандырылуын қадағалау, найзағайдан және статикалық электр тогынан қорғау, сақтандырушы клапандарды қолдану, күрделі жұмыс кешенін жобалау жатады.

Өрттің таралуын болдырмау шаралары құрылыс жобасындағы нормативтік құжаттар мен ережелерде қарастырылған өртке қарсы талаптардың орындалуына негізделеді. Осыған байланысты обьектінің құрылысы кезінде қондырғылар мен обьектіні қауіпсіз пайдалану үшін өртке шыдамды материалдар қолданылады. Барлық ғимараттар мен құрылымдардың өртке шыдамдылық деңгейі 11 ден төмен емес.

Қауіпті аймақтан адамдарды қауіпсіз эвакуациялау үшін, қызметкерлерді эвакуациялаудың жоспары дайындалған. Жүйелі түрде қызметкерлерді оқыту жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Әрбір аймақтағы жану ошағын уақытылы анықтау үшін өрт дабылының автоматты жүйесі қарастырылған. Бұл дабыл белгісі кәсіпшіліктің өрт депосына келіп түседі.

Жоба бойынша өртті сөндіру үшін мынадай шаралар жасалған:

- Ғимараттардағы өртке қарсы кран құрылғысы;

- Өртке қарсы гидранттары бар жоғарғы қысымды өндірістік өртке қарсы су құбыры сақиналы жүйесінің әрбір кәсіпшілік аймақтардағы құрылғысы;

- Жалпы көлемі 4000м2 өртке қарсы су қорларының резервурлары;;

Өрт кезінде қондырғыларды және метанол қоймасын салқындатуға арналған лафетті оқпанды орнату.

Өндіріс аймағында жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін өртке қарсы шараларды сақтау және техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындап отыру қажет. Мұнай және газ ұңғымаларында, мұнай-газ жинайтын және айыратын қондырғыларда қызмет ететін жұмысшылар жұмыс кезінде басқа да бөлімшелер жүргізетін жалпы кәсіпшілік, жөндеу және монтаждау жұмыстарына қатысуы керек болады. Сондықтан МГӨБ жұмысшылары мұнай мен газ аумағында жұмысты қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелерін міндетті түрде білуі керек.

1) МГӨБ аймағын, соның ішінде ұңғыма аумағын және мұнай газ жинаушы және айырушы қондырғылар, газ таратушы бүркешелер, мұнай жинайтын орындар мен мұнай сорабы орналасқан аумақтарды тазалықта ұстау керек. Төгілген мұнай өнімдерін және мұнайды жинап алу, ал ластанған аймақты қорғау керек.

2) Әрбір өндіріс кешенініде алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы қажет. Олардың саны мен тізімі керекті норма арқылы белгіленеді.

3) МГӨБ аймағында темекі тарту арнайы арнлған орындарда ғана рұқсат етіледі.

4) Өндіріс кешендерінде дәнекерлеу және басқа да отпен жүргізілетін жұмыстарды кәсіпорынның техникалық басшысының рұқсаты, бас жұмысшының басқаруымен және өрт сөндіруші жетекшілігімен жүргізілуі тиіс.

Обьектідегі өртке қарсы шаралар:

1) Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы талаптары МЕСТ 39-107-80 сәйкес келеді.

2) Өрт болмас үшін мына шаралар қаралады:

а) ұңғыма территориясы жоспарланған және таза ұсталуы керек.

ә) мұнай құйылатын орын таза, әрі жинақы болуы керек.

б) жұмыс территориясында, ұңғымадан 10м қашықтықта « Шылым шегуге тиым салынады» деген белгілер орнатылуы керек.

в) жабдықтардың саңылаусыздығы қатаң тексерілуі керек.

г) мұнай ұңғымасын жуу кезінде агрегат ұңғыдан кемінде 25м қашықтықта орнатылуы керек.

ғ) факел ұңғымадан 100м қашықтықта орнатылуы керек.

д) крандар, бұрандалар жайлап ашылып, жабылуы керек.

3) Өрттен сақтану жүйесін арнайы білімі бар жұмысшылар жүргізеді.

а) ұңғыма аймағындағы 10м3 тұрақты сыйымдылықтағы су қоры болуы тиіс.

ә) ұңғыма айналысында 3-5м3 көлемдегі сыйымдылықта көбік орналасады.

Мұнай өнеркәсібінде өрт қауіпсіздігі «А» категориясына жатады, яғни олар 100% - ға дейінгі жарылыс шегінде буды, газды қолданып, сонымен қатар оларды өндіруші жұмыстармен байланысты өнеркәсіп қатарына жатқызылады.

Әртүрлі жану ошақтарын жою жұмыстары келесі қондырғылар мен құрылғылар арқылы жүргізіледі:

-Кішігірім жану ошағын сөндіру үшін көбікті өрт сөндіргіштер қолданылады.

- Жанып жатқан электр желісін сөндіру үшін көмірқышқылды өрт сөндіргіш қолданылады.

- кішігірім тұтанған мұнай өнімдерін құммен сөндіреді.