- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфиясы
- •Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Өзен кен орнының игеру жүйесі
- •Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.6 Қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті арттыру
- •Мұнай бергіштікті арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.2.1 Парафин шөгінділерімен күрес және олардың алдын алу шаралары
- •2.2.2.2 Коррозиямен күресу және оның алдын алу шаралары
- •2.2.2.3 Тұз шөгінділерімен күрес және оның алдын алу шаралары
- •2.3 Ұңғылар өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Өзен кен орнында мұнай кен орнын жылулық әдістер арқылы игеру
- •2.3.1.1 Қабатқа жылутасығышты айдау техникасы
- •2.3.1.2 Буды дайындаудың технологиялық сипаттамасы
- •2.3.2 Бу айдаудың технологиялық көрсеткіштерін есептеу
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3. 1 Кен орнын игерудің технико – экономикалық көрсеткіштері
- •Жаңа технологияларды қолдануға дейін және қолданғаннан кейінгі эконоимкалық тиімділікті есептеу
- •Басқа шығындар
- •Амортизациялық төлемдер
- •Шартты тұрақты шығындар (f)
- •Энергетикалық шығындар (эш)
- •Жалпы эксплуатациялық шығын:
- •3.2 Үрдісті енгізгеннен кейін экономикалық тиімділікті анықтау
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлары
- •4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.2.1 Электр қауіпсіздігі
- •4.3 Жаңажол кен орнында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді талдау . Олардың сипаттамасы
- •Атмосфералық ауаны қорғау бойынша жүргізілетін шаралар
- •5.2. Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қортынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
Өзен
кенорнының XIII-XVIII горизонттарының
баланстық мұнай және газының қорлары,
мемлекеттік зерттеулерден өтіп (протокол
ГКЗ СССР №4883 13.05.66ж) , өніркәсіптік
қорлары 1046.млн.тонна , ал алынатын қор
-471,5 млн.тонна болды. Бастапқы баланстық
еріген газ қоры , кенорын бойынша 76020,2
млн.м
болды.
Ал горизонттар бойынша қарайтын болсақ, мұнайдың баланстық және алынатын қорлары:
-XIII горизонт бойынша 204 млн.тонна және 92 млн.тонна;
-XIV горизонт бойынша 450 млн.тонна және 203 млн.тонна;
-XV горизонт бойынша 140 млн.тонна және 63 млн.тонна;
-XVI горизонт бойынша 124 млн.тонна және 56 млн.тонна;
-XVII горизонт бойынша 98 млн.тонна және 44 млн.тонна;
-XVIII горизонт бойынша 30 млн.тонна және 13,5млн.тонна;
Өзен кенорнында өнімді қабаттардан, игеру басталғаннан бері 291510,3 мың.тонна мұнай және 677287,2 мың.тонна сұйықтық өндірілді. Оның ішінде, 110779,6 мың.тонна XIV(39%) горизонттан өндірілген. Басқа пайдалану объектерінен барлық өндірілген мұнай бойынша 1,3%-дан (Солтүстік-Батыс күмбезі) 24% -ға(XIII) дейін өндірілген. Кенорын бойынша ағымдағы мұнай өндіру коэффициенті 27,3% құрады.Негізгі горизонттар бойынша МИК 33,8%-дан(XIII) 11,4%-ға(Қумырын күмбезі) дейін өзгереді.
Өзен кенорны бойынша, мұнайға қаныққан қабаттардан 1.01.2009 жылғы мезгілге жылдық өндіру 5783,9 мың.тонна мұнай, 29889,5 мың.тонна сұйықтық өндірілді. Өндіріліп жатқан өнімнің орташа сулануы 80,6 % болды. Оның ішінде,1609,5 мың тонна мұнай XIII( 32,3%) және XIV(32,7%) горизонттардан өндірілді, қалған пайдалану объектілерінен 1,3%-дан (Қумұрын күмбезі) 12,1%-ға(XV) дейін өндірілді. 2008 жылы мұнай өндіру бойынша Қумұрын күмбезінің объектерінен өндірілген мұнай , кенорыннан түгел өндірілген мұнайдың 1,3 % құрайды, ал Солтүстік-Батыс күмбезі бойынша-1,9% құрайды. 2008 жылы өндіруші қордан өндірілген мұнай келесідей: өндіруші ұңғымалардан-5467,3 мың.т (94,5%), жаңа ұңғымалардан-265,9мың.т(4,59%), қозғалыссыз қордан шыққан ұңғымалардан-50,7мың.т(0,87%).
Бастапқы баланстық қордан игеру қарқыны 0,55% құрады, бастапқы алынатын қордан -1,24%, ағымдағы алынатын қордан -3,3% құрады. Ең жоғарғы игеру қақыны бойынша:
Бастапқы баланстық қордан XIV горизонтта (0,8%) ;
Бастапқы алынатын қордан -1,75%(XIII) ;
Ағымдағы алынатын қордан-4,37%(XIII) ;
Горизонттарды игеруді талдау тек қана, бүкіл кенорын бойынша мұнай өндірудің технологиялық көрсеткіштерінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді.
Кен орын бойынша 2008 жылы мұнай өндіру көлемі бойынша максималды көрсеткіш 3а блокта(752 мың.тонна), 2а блокта(629,5мың тонна) , өнімнің сулануы 82% болды.
Пайдалану объектілері және блоктар бойынша жеке-жеке қарастырсақ, ең көп мұнай және сұйықтық өндіру 3а блоктың XIV горизонтынан 163,965 мың.тонна өндірілген, ең аз көрсеткіш -4а блоктың XVII горизонтынан (0,889 мың тонна мұнай және 11,5 мың тонна сұйықтық) өндірілген.
Кенорынды игеру жағдайын талдау нәтижесінен , мұнайды шығару негізінен механикалық тәсілмен жүзеге асады (ШТС), жылдық мұнай өндіру 5623,9 мың.тонна және 28520,3 мың.тонна сұйықтық. Фонтанды ұңғымалардан 159,3 мың.тонна мұнай және 816,9 мың.тонна сұйықтық өндірілді. Кенорын игеріліп басталғаннан бері 01.01.2008 жылға дейін 21211,7 млн.м еріген газ өндірілді.
2.6 - кесте - “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ң ұңғылар қоры 2008-2010 жж
Аталуы |
2008 |
2009 |
2010 |
|||
1.Мұнай қоры |
|
|
|
|||
Пайдалану қоры |
3603 |
3578 |
3559 |
|||
а) әрекеттегі |
2266 |
2145 |
2362 |
|||
Соның ішінде: фонтанды |
16 |
19 |
17 |
|||
Газлифтілі |
6 |
0 |
0 |
|||
Аталуы |
2008 |
2009 |
2010 |
|||
ШТС |
2244 |
2126 |
2345 |
|||
Жай әрекеттегі қоры |
341 |
446 |
248 |
|||
б) әрекетсіз қор |
1335 |
1429 |
1195 |
|||
Соның ішінде: фонтанды |
5 |
5 |
5 |
|||
Газлифтілі |
61 |
59 |
52 |
|||
ШТС |
1269 |
1365 |
1138 |
|||
|
||||||
Меңгеруде |
2 |
4 |
2 |
|||
2. Айдау қоры |
|
|
|
|||
Пайдалану қоры |
1263 |
1168 |
1162 |
|||
Сонын ішінде: әрекеттегі |
632 |
535 |
527 |
|||
Әрекетсіз |
628 |
631 |
632 |
|||
Орналастырылған |
3 |
2 |
3 |
|||
Соның ішінде: тұрып қалған |
68 |
62 |
44 |
|||
Бақылау |
480 |
567 |
586 |
|||
Жойылғаны |
589 |
627 |
631 |
|||
Су өндіретін |
12 |
12 |
12 |
|||
Тоқтатып қою |
1 |
1 |
1 |
|||
Жиыны |
5943 |
5953 |
5951 |
|||
Жылдық еріген газ өндіру 2008 жылы 231,4 млн.м болды, бұл 2009 жылдан 16,5% көп. Кенорын бойынша орташа газ факторы 40м /т.
1.01.2008 жылы 1307,6 мың м3 табиғи газ газ өндірілді және 43,55 мың тонн конденсат өндірілді, бұл 2003 жылға қарағанда 103,365 мың тонн және 4,95 мың тонн аз. Бұлай болу есебі РГГ “МАЭК”-тің құрғақ газ қабылдауының күрт төмендеуі
Барлық көмірсутек кеніштерде мұнай және газды ұңғыманың түбіне жылжытатын көп немесе аз мөлшерде әртүрлі энергиялар әсер етеді. Өзен кенорны су арынды және серпімді арынды режиммен игеріледі. Режимдердің әсер етуінде көп жағдайда бастапқы қабат қысымымен және игеру процесінде қысымның өзгерісі үлкен роль ойнайды. Қабат қысымы - өнімді қабаттың энергетикалық мүмкіншіліктерін, ұңғымалардың өнімділігін және түгел кеніштің өнімділігн анықтайтын ең негізгі фактор.
Кеніштің энергетикалық жағдайы, сұйық өндіру көлемін сипаттайтын негізіг көрсеткіш болып есептеледі. Игеру прцесінде игеру режимін бақылау үшін қабат қысымының өзгеруін зерттеу қажет.Өнімді қабаттарда қабат қысымының өзгерісін изобара карталар арқылы бақылайды. Осы себеппен изобара картасын немесе бірдей қысымдардың картасын салады және горизонттар бойынша орта қабат қысымын анықтайды.
