Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзен кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

2.2.2.2 Коррозиямен күресу және оның алдын алу шаралары

Мұнай кәсіпшілік жабдықтардың коррозиялық бүлінуі қызмет ету мерзімін азайтады, мұнайдың жиі авариялық төгілуіне және қоршаған ортаның ластануына алып келеді.

Әр түрлі мұнай кәсіпшілік жабдықтардың коррозиялық бзүлінуінің спецификасы ұңғыдан өндірілетін өнімнің және айдалатын сұйықтықтың сипатына байланысты болады.

Мұнай кәсіпшілік құбырлардың барлығы коррозияға ұшырайды және арнайы қорғау шараларын қажет етеді. Қорғау шараларының бірнеше түрі бар:

  • Кәсеіпшілік жабдықтарды жерасты коррозиясынан электрохимиялық қорғау

  • Коррозияға төзімді болатты қолдану

  • Химиялық реагенттерді қолдану – коррозия реагенттері

Өзен кен орнында мұнайды тасымалдаудың, дайындаудың және жинаудың жабық жүйесі қолданылады.

1976 ж бастап кен орын мұнай және газды өндіру бойынша 7 цехқа (ЦДНГ) бөлінген, олардың әр қайсысы мұнайды қотару және дайындау цехына(ЦППН) айдайтын мұнайды тасымалдайтын магистрал жүйесі бар.

Қазіргі кезде магистралды мұнайды жинақтаушы коллекторлардың коррозиялық жағдайы қандай да бір шараларды енгізуді талап етеді.

1981 жылы диаметрі 500 мм құбырлардың үзілуі 38 рет жүз берді. Коррозиялық анализ металлдардың жергілікті бүлінген жерлерде, көп жағдайда темір сульфидінің бар екенін көрсетті.Өзен кен орнындағы қабат сулары әлсіз электролитті болып келеді және зерттеулердің нәтіжелері бойынша, әлсіз электролиттерде коррозия тез қарқынмен яғни 20 мм/жыл жылдамдықпен жүреді.

Бұл металлдың бетінде қалың коррозиялық микроэлементтердің түзілуімен түсіндіріледі. Көміртекті болаттың коррозиясы күкірсутегі болған жағдайда жоғары болады және сутегі деполяризациясымен жүреді.

+ + 2е- Нaqc + Haqc H2

Fe – 2e- Fe++ + H2S FeS + 2H+

Құбырдың төменгі бөлігінде тұнатын, жалпы формуласы FeхSу темір сульфиді юкоррозияның екінші ретті өнімін түзе отырып, Fe- FeхSу коррозиялық жұпты түзеді, мұндағы FeхSу - полярсыздандыратын катод, ал Fe – анод. Мұнда түзілетін темір сульфиді құбырлардың бұзылу сипатын түсіндіреді.

Механикалық заттардың ірі түйіршіктері, құбырдағы пісіру жігі, жер бедерінің тегіс еместігіне байланысты құбырдың майысқан жерлері темір сульфидінің жинақталуына алып келеді және коррозия процессінің орталығы болып табылады. Темір сульфиді тұнбасының жергілікті жинақталуы, язвалық коррозияға алып келеді. Мысал ретінде қабат қысымын ұстауға арналған су құбырын айтуға болады.

Бүлінген жердегі алынған коррозия өнімдерінің сынамалардың фазалық құрамы шөгінділердің темір сульфидінен және қою қоңыр гидратталған.

2.21 - кесте - Қабат қысымын ұстау жүйесіндегі су құбырының коррозиясы бойынша эксперимент нәтіжелері

№№

Объект

Коррозияның жылдамдығы, мм/жыл

Гравиметрия мәлі-меттері бойынша

Химиялық анализ негізіндегі есептеулер бойынша

1

Бұралқы су құбыры

0,6

0,2

2

Теңіз су құбыры

0,13

0,11

Соңғы кезде мұнайды дайындау жүйесінің және мұнайды жинау қондырғыларының коррозиялық бүліну сипаты анықталып, химиялық реагенттерді қолдану жөніндегі тәжірибелік-өндірістік жұмыстар басталды, сондай-ақ сумұнайлы эмульсияның қабатталуы және құбырдан шөгінділерді жою бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. Металдың коррозиялық процесіні бәсеңдетуге арналған ингибиторды агрессиялық ортаға дозалық сораптардың көмегімен аз мөлшерде енгізеді.

2.22 – кесте - Өзен кен орнындағы қабат қысымын ұстау жүйесіндегі құбырларды коррозиядан қорғау бойынша ингибиторларды қолдану динамикасы

Ингиб-лар

Өңделген судың көлемі

Ингибитор шығыны, тн

Ақаба

Термальді

Ыстық

Теңіз

суы

ОПУ және УПГ

1980ж

1981ж

1982ж

1

РА-23/Д

8305093

-

-

-

222,5

2

СК-378

2577960

-

-

4544544

175,9

3

Р23/Д

-

-

-

-

338,4

4

РА-23/Д

5949911

-

-

-

-

399,8

5

РА-23/Д

-

-

720170

-

-

51,3

6

РА-23/Д

740205

-

-

-

-

-

221

7

РА-23/Д

-

-

301426

-

-

-

29,6

8

ИСБ-1

-

997375

-

-

-

-

2,063

Өзен кен орнында 1979 жылдан бастап кәсіпшілік құбырды коррозиядан қорғау мақсатында шетелдік химиялық реагенттер қолданыла бастады – «Серво», СК-378, «Ауби», Норуст рА-23/Д. СК-378 және Норуст рА-23/Д ингибиторларын ҚҚҰ жүйесіндегі құбырларда коррозияның алдын алу мақсатында қолданған жағдайда қорғау тиімділігі 95-98% құрады, ал Ноурст рА-23/Д ингибиторын теңіз суын тасымалдайтын құбырларға қолданған кезде тиімділігі 80-85% құрады.

Бірақ дайындаушы фирмалардың шетелдік реагенттерді уақытылы жеткізе алмауына банйланысты, коррозияға қарсы отандық ингибиторларды издеу маселелері туындады.

Осыған байланысты КазНИПИнефть зерттеу институты И-2-А және И-2-В сияқты ресейлік реагентті сынау жүргізді. Сынақ нәтіжелері бойынша реагнттің тиімділігі 85-95% екенін көрсетті. Бұл ингибиторларды Өзен кен орнында шетелдік қымбат ингибиторлардың орнына қолдануға болады.