- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
- •1.2 Стратиграфиясы
- •Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Өзен кен орнының игеру жүйесі
- •Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
- •2.1.6 Қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті арттыру
- •Мұнай бергіштікті арттыру әдістері
- •2.2 Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
- •2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын-алу шаралары және олармен күрес
- •2.2.2.1 Парафин шөгінділерімен күрес және олардың алдын алу шаралары
- •2.2.2.2 Коррозиямен күресу және оның алдын алу шаралары
- •2.2.2.3 Тұз шөгінділерімен күрес және оның алдын алу шаралары
- •2.3 Ұңғылар өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау талаптары мен оларға ұсыныстар
- •2.3 Арнайы бөлім
- •2.3.1 Өзен кен орнында мұнай кен орнын жылулық әдістер арқылы игеру
- •2.3.1.1 Қабатқа жылутасығышты айдау техникасы
- •2.3.1.2 Буды дайындаудың технологиялық сипаттамасы
- •2.3.2 Бу айдаудың технологиялық көрсеткіштерін есептеу
- •2.3.3 Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3. 1 Кен орнын игерудің технико – экономикалық көрсеткіштері
- •Жаңа технологияларды қолдануға дейін және қолданғаннан кейінгі эконоимкалық тиімділікті есептеу
- •Басқа шығындар
- •Амортизациялық төлемдер
- •Шартты тұрақты шығындар (f)
- •Энергетикалық шығындар (эш)
- •Жалпы эксплуатациялық шығын:
- •3.2 Үрдісті енгізгеннен кейін экономикалық тиімділікті анықтау
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлары
- •4.2 Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
- •4.2.1 Электр қауіпсіздігі
- •4.3 Жаңажол кен орнында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді талдау . Олардың сипаттамасы
- •Атмосфералық ауаны қорғау бойынша жүргізілетін шаралар
- •5.2. Су ресурстарын қорғау
- •5.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қортынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Еліміз қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан-13, газ және конденсаттан-15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша – төртінші орын алады.
Сонымен қоса мұнай мен газ өндірісі бірқатар дамушы елдердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының экономикасын өрге сүйреуші маңызды салалардың бірі болып табылады.
XX ғасырдан бастап дүниежүзінің қарқынды дамуына байланысты мұнай мен газ тұтыну деңгейі үздіксіз өсіп келеді. Соған сәйкес мұнай кен орындары, соның ішінде тұтқырлығы аз, жеңіл мұнай кеніштері қарқынды түрде игерілуде. Сол себепті дүниедегі жалпы мұнай қорында тұтқырлығы жоғары, ауыр мұнай үлесі жылдан жылға артып келеді. Мұнай кен орындарын игерудің тиімділігін арттыру және кеніштердің мұнайбергіштігін арттыру үшін мұнай қабаттары мен түп аймағына жасанды әсер ету әдістері қолданылады.
Өзен кен орнының мұнай құрамы тұтқырлы болғандықтан, мұнай құрамына химиялдық немесе термохимиялық әдістермен әсер ету арқылы ұңғы өнімділігін арттыруға болады.
Қазіргі таңда кенішті жылулық әсер ету арқылы игеру әдісі тұтқырлығы жоғары, ауыр мұнай кеніштерін игерудің ең тиімді әдісі болып табылады. Бұл мұнай жылулық әсер ету арқылы игеру әдісі АҚШ, Ресей, Нидерланд, Венесуэла, Казақстан мемлекеттерінің мұнай кеніштерін игеруде кеңінен қолданылуда. Жылулық әсер ету әдісін үш түрге бөлуге болады: ыссы су немесе бумен ығыстыру әдісі, бу-циклдік өндеу әдісі, қабат ішілік жану әдісі.
Осы дипломдық жобада тұтқырлығы жоғары, ауыр мұнай кеніштеріне жататын Өзен мұнай кен орының бу-жылулық өндеу арқылы игеру әдісі қаралған.
1 Геологиялық бөлім
Кен орынның геологиялық құрлымының сипаттамасы
Өзен кен орыны Жетібай-Өзен тектоникалық қатпарының солтүстік Өзен-Қарамандыбас антаклиналь сызығында орналасқан және субшироттық сызыңқы ірі антиклиналь қатпармен байланысты.
Юра өнімді горизонттар жамылғысы бойынша құрлымның өлшемдері 33х10 км, ал амплитудасы 175 м-ден (туран жамылғысы бойынша) 300м-ге дейін (келловей өнімді горизонты бойынша) өзгереді. Өзен қатпары брахиантиклинальді, асимметриялы ХІІІ горизонты жамылғысы бойынша қатпардың құлау бұрышы оңтүстік қанатында 60-80, солтүстігінде 10-қа дейін және шығысында 40.
Өлшемі бойынша ірі емес Парсумун күмбезі Өзен құрлымының Оңтүстік қанатын қиындатады. ХVІІІ горизонттың жамылғысы бойынша көтерілу амплитудасы30м-ге жетеді, ал соңғы тұйық изгипса-1300 бойынша құрлымның өлшемдері 2,9х0,9 км құрайды.
Өзен кен орны Маңғышылақ түбегінің оңтүстік Маңғышылақ деп аталатын даланың оңтүстігінде орналасқан. Орфаграфиялық жағынан оңтүстік Маңғышылақ ауданы оңтүстіктен батысқа иілген, теңіз жағынан абсолют өлшемі солтүстікке қарай +260 метр. Ал оңтүстікке +24 метр болады. Ауданы бедерлі қиын құрылымды. Өзен ойпатының көлемі 500 километр, солтүстікке, оңтүстік шығысқа шығыс бөлігі күрт өзгереді. Ойпат түбі терең жыралармен бөлінген, оның ең төменгі бөлігі +30 метр. Әкімшілік тарапынан кен орны аймағы Қазақстан Республикалық Маңғыстау облысына кіреді.
Өзен кен орны Ақтау қаласынан 180-200 километр арақашықтықта орналасқан. Кен орны көп қабатты, күрделі құрылымды. Бор және Юра шөгінділері қимасында XXV өнімді қабатқа бөлінген.Олардың I-XII қабаттарында (төменгі бор шөгінділері) стратиграфиялық І қабат және Юра шөгінділерінен (XII-қабат) тұратын аралас кездесетін құм, аливрoлит және
газды жыныстардан тұрады. Бұл қабаттардың өткізгіштігі газбен қаныққан негізгі өнімді қабаттарды, ал XIII-XVIII қабаттар жоғарғы қабатты газда, XIX-XXV қабаттар төменгі қабатта газда мұнай [2].
Өзен кен орнының мұнайы ерекше қасиеттерімен де белгілі. Оның құрамында парафин (24%), асфальт, смола сияқты заттар көптеп кездеседі. Айналаның температурасы 320С ыстықтың өзінде парафин мұнайдан бөлініп шыға бастайды. Әртүрлі құнарлы қабаттардың мұнайы бір-бірінен көп айырмашылығ жоқ, жеңіл, меншікті салмағы 0,763-0,777 гр/см3 болады.
Аудан климаты континентті, жазы ыстық, ал қысы аз қарлы, желі қатты боранды. Аудан желді, оның орташа жылдамдығы 6-8 м/с. Жауын-шашын аз, өсімдіктері мен жануарлары мол және олар шөлейтке бейімделген.
Өзен кен орнында қабаты күрделі құрылымды. Бор және Юра шөгінділері қимасында XXV өнімді қабаттарға бөлінген.Олардың I-XII қабаттары стратиграфиялық турандық (І қабат), сеноионды (ІІ қабат), альбский (ІІІ-ХІ қабаттар) және неокольский (ХІІ қабат) тұратын аралас кездесетін құм, аливралит және газды жыныстардан жатады.
1.1-кесте - Жоғарғы қатардың өнімді қабаттарының сипаттамасы
р/с |
Қабаттар |
Орташа тереңдегі |
Түрі |
Орташа қалыңды-ғы |
Абсолют белгі |
||
Кеніш |
Өткізгіш |
ВНК |
ГНК |
||||
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 2 3 0 |
XIII XIV XV 1 |
1080 1200 1200 2 |
3 |
Терриген
4 |
252 153 5 |
1126 1136 1140 6 |
7 |
4 5 6
|
XVI XVII XVIII |
1240 1280 1370 |
Қабат cуы |
|
95 242 178 |
1140 1141 1145 |
1036
|
Мұнайлылықтың төменгі қатардағы мұнай қасиеті күмбезден - күмбезге өзгереді. Сондықтан әрбір күмбез бойынша орташа мағына берілген (1.2-кесте).
1.2-кесте - Төменгі қатардың өнімді қабаттарының сипаттамасы
р/с |
Қабат-тар |
Орташа тереңді-гі |
Түрі |
Орташа қалыңды-ғы |
Абсолют белгі |
||
Кеніш |
Өткізгіш |
ВНК |
ГНК |
||||
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
|
XIX A XIX A XIX Б XX A XX Б XXI A XXI Б XXII A XXII Б XXIII A XXIII Б |
1390 1480 1490 1560 1607 1640 1690 1730 1780 1840 1990 |
Қабат суы Қабат суы Газды
Қабат суы |
Терригенді Терригенді
Терригенді |
3,3
3,4 5,2
|
1372 1372
1520 1569 1608 1533 1543 1731 1807 |
1143 1143
|
XIII-XVIII негізгі мұнайлы қабаттар Юра жасында мұнайгаздылық қимасының жоғарғы батысына, жоғарғы сатысына жатады, тереңдігі 1800-1370 метр.Мұнайдың негізгі қоры бар. XIX-XXV өнімді қабатта мұнайгаздылығының ең төменгі қатарына жатады. Оларда кейде жаппай мұнайлы, мұнайгазды және газды кеніштер болады.
XIII-XXV – өнімді қабаттарының мұнайлылығының алғашқы нұсқасын геологиялық және геофизикалық зерттеулер кезінде олардың қозғалыссыз жағдайда жатқандығы анықталады.XIII-XVIII қабаттардың геологиялық құрылымының жалпы сипаттамасы жобада берілгенмен тәжірибемен салыстырғанда аз өзгерген. Қабаттар үшін кейбір берілгендер 1.1 кестеде көрсетілген.
Мұнайгаздылығының төменгі қатарындағы XIX-XXIV өнімді қабаттардың геологиялық құрылысы, қабаттардың газдылығының жоғары қатардық құрылысы ерекшеленеді, ал тенентальді құрылысының негізгі қор күрделендіре түседі.
