Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_otvety_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.18 Mб
Скачать

2. Жасушаларға антигендердің енуі, олардың ұлпаларда өзгеруі, сақталуы, және организмде таралуы. Жасуша ішілік протеолиздегі лизосомалардың атқаратын ролі.

Патогенді микробтар организмге енген кезде оның тағдыры организмнің жағдайы мен қоздырғыштың вируленттілігіне байланысты болады. Кейбір микробтар қанмен белгілі бір мүшелерге жеткен кезде ұлпаларда тұнады(қалып қояды), көбееді және ауруды туғызады, мысалы туберкулездің ұлпалық қоздырушысы. Әр жұқпалы ауру клиникалық белгілерге қарамастан, бүкіл организмнің ауруын сипаттайды. Кейде микробтар организмге еніп, тек бұзылған ұлпада ғана қалады да, көбейіп, токсиндер бөледі. Токсиндер қанға өтіп, одан да ауыр улануды туғызады. Бактериемия – микробтар қанда уақытша болып, онда көбеймейді, бірақ қан арқылы басқа сезімтал ұлпалар мен мүшелерге өтеді. Инфекция кезінде макро- және микроорганизмдердің өзара қарым- қатынастарының өзгеріске ұшырауы инфекциялық процесс деп аталады. Ол макроорганизмнің бұзылған гомеостазын және оның сыртқы ортамен тепе теңдігін қалпына келтіруге бағытталған. Ол негізінде үш түрде байқалады: жұқпалы ауру, микроб алып жүру және иммундеуші субъинфекция. Жұқпалы ауру инфекциялық процестің ең айқын көрінісі. Инфекциялық процестің үш кезеңі болады: 1-инкубациялық; 2-продромалдық; 3-клиникалық; 4-сауығу (реконвалесценция).

Белгілі бір микроб түрінің жұқпалы процесті қоздыру қабілеті немесе ауру тудыру мүмкіншілігі оның зардаптылығы (патогенділігі) деп анықталады. Табиғатта зардапты микроорганизмдерден басқа шартты зардапты микробтар да кездеседі. Олар ауруды организмнің табиғи резистенттілігінің (төзімділігінің) әлсіреген жағдайында тудырады. Микробтың зардаптылығының дәрежесі оның уыттылығы (вируленттілігі) болып табылады. Қоздырғыштың уыттылығы LD50 бірлігімен өлшенеді. Бұл бірлік тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлтіретін микробтардың ең аз мөлшері (саны). Микроорганизмдердің вируленттілігі олардың токсиндерді түзу қасиетіне (токсигенділігіне) және организмнің ақзалары мен ұлпаларына еніп, сол жерлерде көбейе алу мүмкіншілігіне (инвазиондығына) байланысты. Вируленттіліктің факторларына микробтардың ферменттерін (гиалуронидаза, фибринолизин, нейраминидаза, ДНК-аза, коллагеназа, коагулаза), олардың бетіндегі макроорганизмге бекінуге керекті құрылымдарын (жіпшелер, қылшалар, рибитотейхойлық және липотейхойлық қышқылдар, липопротеидтер мен липополисахаридтер); антифагоцитарлық әрекеті бар құрылымдарын (алтын түсті стафилококктың А-протеині, пирогенді стафилококктың М-протеині, сальмонеллалардың vi-антигені, туберкулез қоздырғышының корд- факторының липиді және т.б.); улы заттарын (гемолизиндер, лейкоцидин, нейротоксиндер, энтеротоксиндер, некротоксин және т.б.) жатқызуға болады.

Табиғи факторлар инфекциялық агенттің организмге енуіне қарсы тұратын бірінші тосқауыл. Микробтардың шабуылына төтеп беретін ең бірінші және күштер барьер – тері. Ол өзінің әсерін эпителийдің жаңаруы, сонымен қатар бактерицидтік әрекеті бар май және тері бездері арқылы іске асырады. Одан қалды, теріде кейбір бактериялардың жасушалық қабырғасын талқандай алатын лизоцим ферменті болады.

Кілегейлі қабықтар бактерицидтік қасиеті бар лизоцим және А-иммуноглобулинін бөліп шығарады. Оған қоса, тыныс алу жолдары қозғалғыш эпителийдің көмегімен бөгде заттарды сыртқа шағарып отырады. Сілекей ауыз қуысына түскен қоректік заттарды ғана емес, сонымен қатар микрофлораны өңдейтін бірінші секрет. Сілекейдің бактерицидтігі лизоцимнің, амилазаның, фосфатазаның және т.б. ферменттердің жоғарғы деңгейімен түсіндіріледі. Асқазан сөлі де көптеген зардапты микроорганизмдерді ерітіп жібереді. Ішекте миллиардтаған микроорганизмдер кездеседі, бірақ оның кілегейлі қабығында қоздырғыштардың қан айналымына түсуіне тосқауыл болатын күшті антимикробтық факторлар орналасқан.

Ұлпалар мен қанға еніп кеткен микроорганизмдердің жолында жаңа барьер – лимфа жүйесі пайда болады. Олар лимфа тамырларын бойлай орналаса, микробтардың денеге таралуын бөгейтін сүзгі рөлін атқарады. Қанның бактериостатикалық қасиеті оның құрамында бактерияларды еріте алатын табиғи антиденелердің – бактериолизиндердің әрекетімен анықталады.

Фагоцитоз – организмге енген зардапты немесе өлтірілген микробтар мен бөгде денелердің жасушалармен жұтылып, кейінірек олардың ферменттерімен талқандалуы. Фагоцитозға қатысушы жасушалар мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне жатады. Бұл жүйеге қанның моноциттері, ұлпа макрофагтары (дәнекер ұлпасының гистиоциттері, бауырдың купфер жасушалары, өкпенің альвеолярлық макрофагтары, көкбауырдың, лимфа бездерінің және сүйек майының макрофагтары, плевраның және іш қуысының макрофагтары, сүйек ұлпасының остеокластары, жүйке ұлпасының микроглиалдық жасушалары).

Егер де адам мен жануарлардың ұлпасы тітіркендіргіштің әсеріне тап болса, онда қабыну құбылысын байқауға болады. Қабынудың негізгі белгілері – қызару, домбығу, қызудың көтерілуі және ауырсыну. Бұл белгілерді зақымдалған жасушалардан бөлініп шыққан молекулалар тудырады. Олардың қатарына гистамин және серотонин, лизосомалдық ферменттер, лимфокиндер, лейкиндер, комплементтер, плазмин, простагландиндер және т.б. жатады.

Дене қызуының көтерілуі кейбір микроорганизмдердің өсіп-өнуін тежейді. Зат алмасу процесінің белсенділігінің артуы организмнің қорғаныс күштерінің күшеюіне жағдай туғызады.

Табиғи резистенттіліктің гуморалдық факторлары болып ұлпалар мен биологиялық сұйықтықтарда кездесетін антимикробтық заттар, атап айтсақ табиғи иммуноглобулиндер (опсониндер), лизоцим, бетализиндер, комплемент, пропердин, лактоферрин, интерферон табылады. Лизоцим – микроб жасушасының қабырғасын талқандай алатын мурамидазалық фермент. Ол микро – және макрофагтармен синтезделіп, организмнің барлық биологиялық сұйықтықтарын қанықтырады. Бета-лизинді тромбоциттер түзейді. Олар грам-оң микроорганизмдерге әсер етіп, лизоцимге микроб жасушасын ерітуге көмек көрсетеді. Пропердин – қан сары суының бета-глобулиндер қатарына жататын ақуызы. Ол микроб жасушасының талқандалуында, вирустың нейтрализациялануында, эритоциттердің лизисінде маңызды рөл атқарады. Лактоферрин үш валентті темірдің екі атомын байланыстырып, микроорганизмдермен бәсекеге түседі де, олардың көбеюіне кедергі жасайды. Ол сүт, көз жасы, сілекей және ішек-қарын, ас қорыту, жыныс жолдарының секреттеріне тән компонент болып, қан сары суында кездеспейді. Міне сондықтан да лактоферринді эпителий жамылғысын инфекциялардан қорғайтын жергілікті иммунитеттің факторы ретінде қарастыруға болады. Интерферонды лимфоциттер, фибробластар және макрофагтар түзейді. Ол сенсибилизденген лимфоциттердің және К-лимфоциттерінің цитотоксикалық әрекетін күшейтеді, ісік жасушаларының өсуіне кедергі жасайды және т.б. қорғаныс қызметін атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]