- •5.Өсімдіктердің өсуін ынталандыратын бактериялар. Микробтық инсектицидтер. Микроб пен өсімдіктердің өзара әрекетесуінің биотехнологиясы.
- •2.Антигендер, олардың қолданылуы, антигендердің шығу тегі, белокты антигендер, антигендердің физика-химиялық қасиеттері. Антигенділік шарттары.
- •4.Жарамсыз өнімдер мен қалдықтардың мөлшері және шығу тегі. Микробтық деградация және конверсия. Залалдануды анықтау барысында бақылау ретінде қолданылатын м/Одер
- •5.Өсімдік жасушаларының тотипотенттілігі. In vitro жағдайында морфогенездің даму жолдары.
- •2. Жасушаларға антигендердің енуі, олардың ұлпаларда өзгеруі, сақталуы, және организмде таралуы. Жасуша ішілік протеолиздегі лизосомалардың атқаратын ролі.
- •3.Инсулин: негізгі қасиеттерінің сипаттамасы. Алу, тазалау, идентификациялау, инсулиннің дайын дәрілік формаларын өндіру. Фармацевтикалық инсулиннің дүниежүзілік саудаға енгізілуі.
- •5. Каллусты жасушаларды алу, өсіру және сипаттамасы.
- •2.Пробиотиктер. Пробиотиктердің жіктелуі, әсер ету механизмі, алу технологиясы. Пребиотиктер. Синбиотиктер.
- •3.Антибиотиктерді өндіру технологиясы. Антибиотиктерді өнеркәсіптік жағдай алудың мысалы ретінде пенициллинді өндіру технологиясының схемасы.
- •5.Клоналды микрокөбею туралы түсінік. Микроклоналды көбеюдің сатылары және клоналды микрокөбею үрдістеріне әсер ететін факторлар.
- •3.Биогазды өндіру. Үрдістің биохимиялық және микробиологиялық сипаты.
- •4.Селекциялау мақсатына арналған симбиотикалық өзара әрекеттесу жолындағы генетикалық жүйенің интеграциясы. Рекомбинаттық микроорганизмдердің қатысуымен өтетін ақуыздардың өнеркәсіптік синтезі.
- •5.Микроклоналды жолмен көбейтудің әдістері. Микроклоналды жолмен көбейтудің артықшылықтары. Микроклоналды көбейту
- •8 Билет
- •1.Иммунологиялық салдану, агаммаглобулинемия байқалуының механизмі. Антиденелердің аффинділігі мен антигенділігі. Гуморальдық иммундық жауапты генетикалық бақылау.
- •2.Цитокиндер, олардың түрлері және организмде қалыптасу принциптері. Интерферонды алу және жалпы сипаттамасы. Жоғарғы эукариотты ашытқылардың рекомбинатты цитокиндердің өнімі.
- •3.Спирттік ашу. Спирттік ашудың қоздырушысы. Этил спиртін алудың технологиялық схемасы, ферментациялау шарттары және шикі зат көздері.
- •5.Сомаклоналды өзгергіштік, сомоклоналды варианттар. Сомоклоналды варианттарды селекциялық үрдісте қолдану.
- •9 Билет
- •3.Ацетонды-бутилды ашу. Ацетонды-бутилды ашудың екі фазалығы. Ацетонды және бутилдыспиртті алудың кезендік және батареялық тәсілдері. Ферментациялау шарттары, продуценттер.
- •4.Ағынды суларды тазалаудың анаэробтық әдістері. Қалдықтарды метандық ашыту. Қатты қалдықтарды жою..
- •3.Фермент продуценттері – микроорганизмдерді өсіру технологиясы. Ферменттік препараттарды тазалау және дайындау технологиясы.
- •4.Өсімдіктерді қорғаудың биотехнологиялық әдістері. Микробтық жерді тыңайтқыш препарттар және олардың тиімділігі. Бактериялық, вирустық және саңырауқұлақтық энтомопатогендік препараттар.
- •2. Энтомопатогенді препараттарды алу технологиясы. Нитрагин және ризотрофин бактериялық тыңайтқыштарын алу.
- •5.In vitro жағдайында гаплоидтерді алу технологиясы. Андрогенез, партеногенез. Өсімдік селекциясындағы гаплоидтердің маңызы.
- •Псевдогамия барысында гаплоидтердің пайда болуы
- •In vitro жағдайында қоздырылған андрогенез
- •15 Билет
- •17 Билет
- •5. Баска организмге тасымалданатын кажетті генді бөліп алу.
- •15 Билет.
- •4 Сұрақ. Өсімдіктер өсуін ширататын микроорганизмдер
- •20 Билет. 1 сұрақ. Биотехнологиялық өндірістің негізі ретіндегі микроорганизмдер- бактериялар мен актиномицеттерді, мицеллалы саңырауқұлақтар мен ашытқыларды, микробалдырларды.
- •22 Билет
- •1 In vitro - тірі аєзалардыѕ жасушаларын, ўлпаларын «шыныда», залалсыз жаєдайда жасанды ќоректік ортада ґсіру јдісі.
- •20Билет
- •21 Билет
- •22 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27 Билет
- •28 Билет
- •29 Билет.
- •29 Билет.
- •30Билет
2.Антигендер, олардың қолданылуы, антигендердің шығу тегі, белокты антигендер, антигендердің физика-химиялық қасиеттері. Антигенділік шарттары.
Антиген – иммундық жауапты тудыра алатын генетикалық болмысы жағынан организмге бөгде заттар мен құрылымдарды айтады. Антигендерге белок тектес әртүрлі липидтер, полисахаридтермен байланысқан белоктар, жануарлар мен өсімдік тектес клеткалар, жылан, шаян және өсімдіктердің улары, вирус, бактерия, микроскоптық саңырауқұлақтар, қарапайымдар, микробтардың эндотоксиндері, т.б. жатады. Антигендік детерминанта (эпитоп) – антиденелермен танылатын антигеннің учаскесі. Т-жасушалық рецепторлармен танылатын, І немесе ІІ класты молекулалармен ассоциацияланған эпитоп. Антиген – телімсіз резистенттіліктің жасушалары қатарына табиғи иммунитеттің, сонымен қатар телімді иммунды жауаптың қалыптасуына АТЖ санатында қатысатын моноциттер, макрофагтар және оның туындылары жатады.
Организмнің иммундық жүйесі денеге енген антигендерге қарсы иммунды жауаптың бес түрін қалыптастырады: антиденелер түзу, иммунологиялық жады (есте сақтау), иммунологиялық толеранттылық, гиперсезімталдықтың шапшаң түрі, гиперсезімталдықтың баяу түрі. Телімді иммунды жауаптың пайда болуына түрткі болатын заттар антигендер. Антигендер деп иммунды жауапты тудыра алатын бөгде заттар мен құрылымыдарды атайды. Антигендердің екі негізгі қасиеттері бар: 1) өздеріне тән (телімді) антиденелердің немесе сенсибилизденген лимфоциттердің пайда болуына себепкер болу; 2) өздеріне қарсы түзілген антиденелермен немесе сенсибилизденген лимфоциттермен әрекеттесу. Антигендердің бірінші қасиеті олардың иммунногенділігін, ал екіншісі – телімділігін (ерекшелігін) анықтайды. Антигендер гуморалдық және жасушалық жауапты тудырып қана қоймай, кей жағдайларда белгілі бір антигенге бейтараптылық немесе ғылыми терминмен айтқанда иммунологиялық толеранттылық көрсетеді.
3.Өсірілетін (культивирленетін) жасушаларды криосақтау. Криопротекторлар және олардың консервілеудегі маңыздылығы. Жасушаларды қайта өсіру және оларды криосақтаудан кейін бағалау. Эмбриондары сақтау. Қазіргі кезде эмбриондарды ұзақ және тиімді сақтау әдістерінің бірі тереңдік қатыру (криоконсервілеу). Бұл әдіс эмбриондарды алыс жерге тасымалдауға бір мезетте егіздердің санын жоғарылатуға мүмкіндік береді. J. Ozil (1983) эмбриондарды тереңдік қатыру үшін бластоцид сатысындағы 8 тәуліктік эмбриондарды қолдану қажеттігін баяндаған. Ал 1983 жылы американдық ғалым H. Lehn-Jensen эмбриондарды тереңдік қатыру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ажыратылған 6-5 тәуліктік эмбриондарды екіге бөліп, ал олардың бөлшектерін агарлы цилиндрге салып, кейіннен тірі қойдың лигерленген жұмыртқа түтігіне ауыстырған. 24-48 сағаттан кейін эмбрион бөлшектерін ажыратып, содан соң моруланың тығыздалған даму кезіндегі немесе ерте бластоцид сатысындағы эмбриондарды 10% глицерин қосылған фосфатты тұз ерітіндісінде қатырады. Фосфатты тұз ерітіндісіндегі глицериннің концентрациясын әр 10 мин. сайын жоғарылатып отырған (3,3%-тен 10% дейін). Ал эмбриондары бар агар бөлшектерін 0,3 мл қатырғыш ортасы бар маркирленген пайеттерге салады. Бастапқыда қатыру режимінің жылдамдығы 10С/мин -60С өткізілсе, ал кристалданғаннан кейін жылдамдығы 0,30С/мин ауыстырылса, ал қатыру 350С дейін жоғарылатылды. Содан кейін пайеттерді Дьюар ыдысындағы сұйық азотқа салады. Пайеттерді жібіту үрдісі су моншасында қыздырылу арқылы іске асырылған. Ал фосфатты тұз ерітіндісіндегі глицерин концентрациясын арасына 10 мин салып 4 рет шаю арқылы төмендеткен. Эмбриондарды көшіру тиімділігі зиготаларды сақтау жағдайына тікелей байланысты. Эмбриондарды консервациялаудың болашағы бар әдісіне терең мұздатуды жатқызуға болады (-196°С-да сұйық азотта криоконсервациялау).
Терең мұздатылған эмбриондарды ұзақ уақыт сақтаудың бірқатар артықшылықтары бар: үлкен табындар мен реципиент топтарын ұстау қажеттілігі туындамайды, өйткені донордан алу мерзіміне қарамай-ақ кез келген уақытта көшіру жасалына алады, бүл көшіру рентабелділікті жоғарылатады. криоконсервация генетикалық бағалы жануарлардан эмбрион банктарын құруға, сонымен қатар сирек, құрып бара жатқан тұқымдардың гендік қорын сақтауға, эмбриондарды әлемнің кез-келген еліне жеткізуге мүмкіндік береді.
Эмбриондарды тасымалдау әдістерін қолданғаннан бері, оларды алып қондыру аралығында сақтаудың пайымды жолдары ізделуде. Өндірістік жағдайда эмбриондарды таң кезінде алса кешкілікке дейін тасымалдап қондырады. Осы аралықта эмбриондарды сақтау үшін құрамына ірі қара мал сары суы қосылған бірнеше түрлі фосфатты буферлер қолданып үй температурасында, не болмаса 37°С сақтауға болады. Ірі қара мал эмбриондарын, 24 сағат бойы ұрықтану белсенділігін төмендетпей өсіруге болады. Эмбриондардың тіршілік қабілетін әлде қайда жоғарлатуға болады егерде қоршаған орта температурасын төмендеткен жағдайда, ал эмбриондардың температуралық сезімталдығы әр малда әр түрлі әсіресе шошқа ұрықтарының.Осы күнге дейін ірі қара мал мен шошқа эмбриондарының алғаш даму сатысында, тіршілік қабілетін 10-15°С-ден төмендетіп сақтау мүмкін болмай тұр (С. Полдж, 1982). Қой ұрықтары бірінші не екінші жасушалық кезеңдерден бастап бластоциттерге айналғанға дейінгі мерзімде, жалпы, қай кезеңде болсын 0°С бастап салқындатуды жақсы көтереді. Ұрықтарды, сақтау температурасы 37°С., 10°С., не болмаса 0°С төмендесе, ұрықтың даму үрдісі баяулап тек 5-6 тәулік аралығында сақтауға болады.Ұрықты ұзақ мезгіл сақтау үшін олардың даму үрдісімен қатар, алмасу үрдістерінде толығынан тежеу не болмаса тоқтатқан жөн. Ұрықтардың бұл күйі температура -195°С не болмаса одан да жоғары болу керек. Соңғы жылдар бойы жасалып жатқан эксперименттер нәтижесінде ірі қара мал ұрықтарын салқындату мен қайта еріту жылдамдығының оптимальды қатынасы анықталды. Егерде ұрықтарды (–50°С-ден төмен) саябыр (мин/1°С.) салқындатып сұйық азотқа салатын болса, еріту жылдамдығы да баяу өткені қажет (мин/25°С. не оданда баяу). Жылдам еріген кезде мұндай ұрықтар жылдам бұзылып, тіршілік қабілетін жояды. Ұрықтарды керісінше, азотқа салар алдында, баяу (мин/1°С.) мұздатып қатыратын болса (-25 и 40°С), онда жылдам ерітуге болады (мин/300°С). Осы кезде, су қалдығы азотқа салғаннан бастап қатып, шыны тәрізді күйге ауысады – транформациялады (С. Вилладсен, 1980). Бұл факторлардың анықталуы ірі қара мал ұрықтарын мұздатып қатыру және жылдам ерітуге жол ашты. Ұрықтарды шәует тәрізді, көшіріп - қондыру алдында, 35°С жылы суда - 20 с. ішінде, арнайы құралдар қолданбай ақ ерітіп алып трансплантациалауға болады.
Арнайы паеттерде мұздатылып қатырылған ұрықтарды, сол пакет ішінде бір ретте ерітіп, араластыруға болады. Мұздатылып қатырылған ұрықтарды криопротектор ерітіндісінен алып, құрамында сахарозасы бар, гипертоникалық ерітінді ортасына салады, осы кезде криопротектор қалдықтары жасушаның осмостық теңдігін бұзбай (глицеринің 0,02 мл 1,5 М) бірте-бірте ұрықтан шығарылады. Өндірісте, малды 0,02мл.көлемінде ұрықтандыру үшін, ұрықтарды 0,25 миллилитірлік пасталарға орналастырады. Арнайы ауа көпіршіктері арқылы паетті үш камераға бөледі: біріншісінде - криопротектор ерітіндісі; екіншісінде - криопротектор ерітіндісіндегі ұрық; үшіншісінде - ерітінді (1,08 М сахароза ерітіндісі). Мұздатып қатырып соңында еріткен кезде пает құрамын сілкіп араластырады да реципиент организміне ұрықты хирургиялық қатынассыз ақ күнделікті малды қолдан ұрықтандыру тәрізді алмастырып көшіруге - трансплантациялауға болады. Тұнғыш рет 1974 жылы С.Вилладсен және т.б., қой ұрықтарын мұздатып қатырып соңында еріту әдістерін ашқан. Ұрықтарды баяу салқындатып (мин. 0,3-2,0°С), баяу еріту арқылы (мин. 4-25°С.). Криопротектор ретінде диметилсульфоксид-ДМСО қолданылған. Алғаш құлын, овуляцияның алтыншы күнінің 11 мұздатылып қатырылып соңында ерітілген ұрықтардан алынған. Сүт қоректілер ұрықтарын мұздатып қатыру кезеңінде, ұрық тіршілік қабілетін сақтап қалуда пеллюцид аймағы айтарлықтай рөл атқарады. Қоршаған ортада мұз кристалдарының пайда болуынан, сұйықтықтың осмостық қысымы жоғарлап, соңында тұздары ұрық ішіне кіруінен кейін, суы шығып теңеседі. Био үлгілерді баяу мұздатып қатыру не еріту кезінде, жасушада өтетін процесстер болса бір қалыпта, бұзылмай өтеді, жасуша өз тіршілік қабілетін сақтайды. Ауыл шаруашылық малдарының ұрықтарын төмен температурада сақтап консервілеу, көп реципиент малдар басын бақпай, бірнеше жылдар бойы өнімділігі жоғары, сапалы мал генофондтарын сақтап қалуға, ұрықтарды экспорттауға не импорттауға мүмкіншілік береді.
4.Ксенобиотиктер мен қоршаған ортаны ластаушы заттардың биотерансформациясы. Өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы жарамсыз өнімдер мен қалдықтарды микробтық өндеу. Қоршаған ортаны тазартудың екі өзекті мәселесі бар: өте көп мөлшерде күнделікті пайда болатын қалдықтарды өндеу және қо-қыс тастайтын жерлерде, топырақ пен суда жылдар бойы жинак-талатын қалдықтардың уытты косылыстарды жою.
Ксенобиотиктер (хепоs - бөтен) - пестицидтер, органикалық еріткіштер, жуғыш заттар, пластмассалар, полиэтилен қапшық-тары, мүнай және мүнай өнімдері, лактар мен бояулар, синтетикалық фармпрепараттар және т.б. Бұлар химияльщ қүрамы күрделі қосылыстар, солардың ішінде галогенделген және галогенделмеген ароматтык заттар. Топырақ пен судағы көптеген микроорганизмдер 0-20°С темпе-ратура аралығында антропогенді ластануларды утилизация жа-сау үшін өздерінің ферментативті жүйелерін жылдам бейімдеуге қабілетті. Биотехнологияда метаболиттер биосинтезінен басқа микроорганизмдердің биотрансформациялайтын қабілеттілігі пайдаланылады. Биотрансформация - микроорганизмдердің индуцибельді ферменттер әсерінен трансформациялайтын субстраттың молекула-лық құрылымын өзгерту нәтижесінің өнімі, яғни субстраттың құрылымды ұқсас мақсатты өнімге айналуы. Бірақ осы молекулалар-дың биосинтезі Dе nоvо емес. Биотрансформация ферментативтік реакция нәтижесінде жүргізіледі: гидроксилденуі, дегидратация, тотығу, тотықсыздандыру, изомеризация және т.б. Биотрансформациялаушы қабілеттілік әртурлі таксономиялық топтағы микроорганизмдерге тән. Микроорганизмдердің биотрансформациялаушы қабілеттілігі келесі биопрепараттарды алуға колданады:
этанолдың толық емес тотьщтыру жолымен сірке қышқылыналады - Gluсоnоbасtег suoһохidаns, Асеtоbасtег suoһохidаns ; дегидратация жолымен Д-сорбиттен L-сорбоза түзіледі (С витамин синтезіне қажетті) - Асеtоbасtег suoһохidаns ; стероидтар мен стеролдардан гидроксилдену немесе дегидрирлену тәсілімен гидрокортизонды, преднизонды, преднизолонды, прогестеронды алады - Rhіzopus піgrісаns, Rhіzopus аrrһіzus. 6-аминопенициллан қышқылына (6АПК) дейін пенициллинніңгидролизі жартылай синтетикалық пенициллиндер алуға қолданады – Васіllus теgаtеrіum, Е.соlі.
5.Вирустық инфекциядан өсімдіктерді сауықтыру әдістері. Термотерапия. Хемотерапия. Апикальды мерижүйелердің культуралары. ТЕРМОТЕРАПИЯ (гректің термо... және therapeia -емдеу), ауру өсімдіктерді жоғары температурадан сауықтыру. Көбінде ауру материалдарды сонымен қатар вирустық және микоплазмалық инфекциядан тазарту үшін қолданылады. ТЕРМОТЕРАпияны отырғызылған материалдарды өңдеуде қолданылады. Бірінші жағдайда өңдеу температурасы 32— 55°С. Ыстық суда жүргізіледі. ТЕРМОТЕРАПИЯда ауру вегетативті өсімдіктерді арнайы қалыпты ортадағы камерада, ауадағы температурасы 37—39°С ылғалдылығы 70% болатындай етеді. Процесстің ұзақтығы — бірнеше аптадан бірнеше айға дейн созылады. Термотерапияны сонымен қатар жасанды қоректік ортада қолданылады. ТЕРМОТЕРАПИЯ толығымен вирустық және микоплазмалық аурулардан сауықтырады.
ХИМИОТЕРАПИЯ әдісі ауру өсімдіктерді химиялық заттармен емдеу. Әсер ету механизмі паразиттерге қалай әсер етсе өсімдіктерге де солай әсер етеді. Если в задачу лечения входит предотвращение заболевания не только в данном году, но и в репродукции, то такое лечение называется химической иммунизацией растений. X. Қорғаушы қызметтері бұзылған кезде, инфекциялардың п.б., вирустық ауррумен ауырғанда, тамырлары шірігенде қолданылады. Емдеуші зат ретінде гидрооксихинолина и бензамидазола, оксатины, дитиокарбаматы, роданиды и антибиотиктер қолданады.
Билет 3
1.Ветеринариялық және медициналық БТ пәні, міндеттері және даму сатылары. БТлық, ветеринариялық және фармацевтикалық препарттарды құрудың негізгі жолдары. БТдағы нысандар: М/Одер, вирустар, жануарлар, жануарлардың ұлпалары мен жасушалары.
Ветеринарлық және медициналық БТ (грекше «bios»-тіршілік) – БТның қарқынды дамып келе жатқан ғылым мен өндірістің жаңа саласы. БТ - пән аралық ғылым, биологиялық обьектілер мен биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құру, сол арқылы адамға қажетті өнімдерді алу. Студенттерге әлемдегі БТның даму бағыттары жөнінде заманауи көзқарастарын қалыптастыру, оның дамуын молекулалық биология, клеткалық және молекулалық биофизика, биохимия, молекулалық генетика, микробиология, молекулалық иммунология және биоинформатика төңірегіндегі жетістіктерімен байланыстыру.
Қазіргі замандағы жетістіктердің бірі биологиялық белсенді заттардың алу технологиясы, медицинада және ветеринарияда кеңінен қолданылатын дәрі-дәрмектердің негізі - ол биологиялық обьектілер, олар жануарлардың, өсімдіктердің және М/Одердің немесе оның компоненттері болып табылады. Өнеркәсіптердің негізгі мақсаты адамдар мен жануарларға тиімді заттармен өнімдерді алу болып табылады. Міне осыны іске асыру үшін микробиология, биохимия, генетика, гендік инженерия, иммунология, химия ғылым салаларына сүйене отырып және биологиялық обьектілермен немесе молекулалар көмегімен жүзеге асырылады.
Соның нәтижесінде әртүрлі зерттеулер жүргізіліп жатыр, дәрі–дәрмектерді, сонымен қатар жұқпалы ауыруларды балауға арналған тиімді тәсілдерді әзірлеу жұмыстары атқарылып жатыр. Көптеген елдерде антибиотиктерді, инсулинді, интерферонды және интерлейкинді, вакцинаны, моноклональды антиденелерді өндірістік деңгейде өндіріліп жатыр. Медициналық және ветеринарлық БТны Қазақстанда дамуын нығайту керек. Осы бағыттағы Республика экономикасының жоғарлауына жоғары білімді мамандар қажет.
Вет.мед міндеттері: ауылшаруашылық жануарлардың көптеген кең тараған және қауіпті ауруларымен күресу әдістерін әзірлеу. Мал шаруашылығында вет.бақылауды күшейту, жануарлар мен адамдарды аурудардан қорғау, нарыққа сапалы препараттар шығару, т.б. Қазақстанда жыл сайын: құтырық, бруцеллез, туберкулез аурулары тіркеледі.
БТ саласындағы ғылыми-зерттеу мен технологиялық жұмыстардың объектілеріне М/Одер, жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары және ұлпалары жатады. БТның мақсаты адамдардың тіршілігіне пайдалы өнімдерді түзетін М/Одердің штамдарын, жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары және ұлпаларын алу, сонымен қатар жасуша физиологиясының метаболизмін, генетикасын зерттеу, оларды зертхана жағдайында өсіру әдістерін жетілдіру, өндірістік биомасса көлемін арттыру, жасушалық метаболиттерді бөліп алу және тазарту болып табылады. Бұл жағдайда биологиялық объектілердің сапасына биологиялық өнім құндылығы тәуелді болып келеді. Сондықтан продуцент М/Одердің биологиялық қасиеттерін зерттеу, сұрыптау, бөліп алу, генетикалық түрлендіру, трансгенді жануарлар мен өсімдіктерді алу негізінен БТлық процестердің негізгі бастамасы болып есептеледі.
БТ биологиялық ғылымның бір саласы болғандықтан биообъект ретінде М/Одердің таксономиялық топтары қолданылады. Осы ғылыми бағыттың жаңа даму сатыларында БТлық үрдіске М/Одердің жаңа топтары, соның ішінде генетикалық модификацияланған түрлері де енуде.
Өндірістік М/Одер. Суда, топырақта, адам мен жануарлар организмдерінде, өсімдік ұлпаларында тіршілік ететін М/Одер табиғатта зат алмасуға қатысып, биологиялық белсенді қосылыстарды түзеді, жануарлар организмінде иммунопротекторлық қызмет атқарады. Жылдан жылға құнды өндірістік М/Одер коллекциясы модификацияланған М/Одермен жыл сайын толықтырылуда.
Өндірістік БТда қолданылатын М/Одерге негізінен бактериялар, актиномицеттер, ашытқылар мен мицелийлі саңырауқұлақтар жатады.
Мал шаруашылығы мен ветеринарияда негізгі нысандар ретінде ауыл шаруашылық жануарлар жатады. Табиғи және қолдан сұрыптау, асыл тұқымды жануарлар селекциясы осы күнде де маңызды. Одан кейін жануарлардың өсірілген жасушалары мен тіндерін in vitro жағдайында технологиясы арқасында жануарлар жасушаларының культуралары БТның маңызды нысаны болып табылады. Жануарлар жасушалары мен тіндер культураларын келесі мақсатта қолданады: =трансплантологияда қолданылатын биоматерил ретінде; =физиологиялық белсенді қосылыстар: интерферон, инсулин, өсу гормоны, интерлейкин, простагландиндер, лизоцим, комплемент, т.б. биопродуценттер ретінде; =вакциналар, диагностикумдар, вирустық препараттар алуда вирустарды өсіру үшін; =гибридтік жасушаларды, оның МКАдің продуценттері – гибридомаларды алу.
2.М/Одерді өсіру (культиврлеу). Беткейлік және тереңдік өсіру. М/Одерді өсірудің кезендік және үздіксіз үрдістері және олардың артықшылықтары мен кемішіліктері. М/Одердің біріншілік және екіншілік метаболиттері.
Биологиялық катализаторлар - ферменттер қатысуымен жүретін үдерістердің БТда типтік үдеріс ретінде бөлінуі кездейсоқ емес. Шындығында, М/Одер, жануар мен өсімдік жасушалары мен үлпалары көмегімен алынатын бүкіл БТлық өнім - бүл ферментативтік реакциялар нәтижесі. Сондықтан, бірталай зерттеушілер микробтық, жануар және өсімдік текті ферменттерді тірі жасушалармен қатар жеке биологиялық агент түрінде бөледі. Ғылыми зерттеулердің өз алдына бөлініп шыққан тарауы ол -инженерлік энзимология, оның негізгі міндеті - әдетте жасу-шадан таза бөлініп алынатын немесе метаболизмдік жүйеде жасуша ішінде болатын ферменттердің катализдік әсерін пайдаланып, БТлық үдерістерді жүзеге асыру.
БТлық өндірісте кебінесе микробиологиялық синтезге негізделген ферментативтік үдерістерді қолданады. Оған қоса өсімдік шикізаты (әртүрлі көктенген дәндерді -мия, қауын ағашының, інжір жапырақтарының, ананастың көк-жасыл бөлік шырынының протеазалары, т.б.) жануарлар мүшелері мен үлпаларынан алынатын (ірі қаралардың үйқы безі, қарын, ішек шырышы, үлтабарының протеолиздік фер-менттері, сперма түтікшелерінің гиалуронидазасы) ферменттік препаратгар пайдаланылады. Өткен ғасырдың 1970-1980 жыл-дарында органикалық шикізат ферментациясына негізделген БТлық өндірістің кең дамуы орын алды (жаужа-пырақ, жүгері, целлюлоза және т.б.), бүл М/Одер-дің әртүрлі топтарының көмегімен іске асты. Ферментация үдерісі арнайы жасалынған аппаратурада - биореакторларда (ферментаторларда, ферментерде) жүзеге асады. Өндірістік биореакторлардың көлемі бірнеше ондаған мың литрге дейін жетті.
Ашық аланда орналасқан ферментерлерде аминқышқыл-дары - глутамин қышқылы мен лизинге қантты түрлендіретін М/Одер бар. Глутамин қышқылы мононатрийлік тұз (МНГ) түрінде тамақ дәмін жақсарту үшін қолданылады. Лизин адам мен күйіс қайырушы жануарлардың тамағына қосу үшін керек, оны жануарларға береді, өйткені олар өздері лизинді синтездей алмайды. Әрбір ферментер 237825 л кө-лемді қамтиды, биіктігі 30 м болады (25-сурет). Бүл фермен-терлер 1970 ж. басында салынған. Мүнда жылына 20000 т МНГ және 10000 т лизин өндіріледі. Аминқышқылдарының микробиологиялық синтезі аэробты жағдайда жүреді, қүбыр-лар шанақша арқылы өтіп, әрбір ферментерден керексіз ауаны өткізіп шығарады. Аминқышқылдарды М/О-дер көмегімен алуға болатын өндірістік химикалийлердің тобы болып саналады, басқа екі тобын ферменттер мен алифаттық органикалық қосылыстар қүрайды (Б. Глик, 2002 ж.)
Кезендік ферментацияда аппарат қоректік орта-субстрат-пен толтырылады; себу материалы - штамм-продуцент кіргі-зіледі; ферментация жүргізіледі; белгілі уақыттан кейін био-реактор тоқтатылады, ақырғы өнім мен биомасса шығары-лады. Аппаратты тазалайды, зарарсыздандырады және үде-рісті қайталайды.
Үздіксіз ферментацияда аппарат толтырылған кезден бас-тап, ферментация үдерісі динамикасында биореакторға үздік-сіз белгілі жылдамдықпен жаңа қоректік орта беріледі және үздіксіз биомассаның барабарлық мөлшері алынып тасталады. Ферментативтік үдеріс бірнеше тәулік бойы жалғасады.
Ферментациялық технология өндірістік деңгейде микробтық синтез және ашыту процестерінің нәтижелерін жүзеге асырады:
ферментация М/Одердің биореактор жағдайында өсуі мен көбеюіне негізделген және М/Одер биомассасын немесе метаболиттерін (антибиотиктер, амин кышқылдары және т.б.) алуды мақсат етеді;
ферментация М/О-продуцентті дақылдық ортаға себуден басталып мақсатты өнімді алуға, оны бөліп алу және тазартуға дейін созылатын кезеңді, белгілі реттілікпен өтетін технологиялык процесс болып табылады;
ферментациялық процесті іске асыруына үш объект қажет: М/Одер-продуценттердің таза дақылы, көп компонентті қоректік орта және технологиялық орама және автоматты басқару мен бақылау блогі бар биореактор.
Қолданылатын М/Одер тобына (бактериялар, акти-номицеттер, мицелиалы саңырауқұлақтар), алынатын өнімге (микробтық биомасса немесе олардың метаболиттері), байланысты ферментация процестері технологиясы, динамикасы, аппараттар-мен жабдықталуына байланысты келесі нұсқауларға ажыратылады:
периодтық, үздіксіз және қоректік ортаны оқтын-оқтын қосумен ететін;
беткейлік және тере нділік, сұйық және қатты фазалы;
аэробты және анаэробты ферментация.
Периодтық ферментация кезінде алдын-ала залалсыздандырылған биореактор жабық жағдайда гомогенизацияланған, компонент-тік құрамы бойынша дайындалған, залалсыздандырылған қоректік орта мен себілетін материалдармен толтырылады. рН, температура, қажет болған жағдайда белгілі мөлшердегі аэрация және ара-ластыру бекітіледі. Ферментация процесі біткен соң, биомассаны биореактордан шығарады. Ферментерді жұмысқа қайта дайын-дайды, залалсыздандырылады да, процесс қайталанады.
Егер периодтық ферментацияда М/Одер ферментация барысында дақылдық орта жаңартылмай өсірілсе, онда суб-стратты қосумен өтетін мерзімді ферментацияда дақылда оқтын-оқтын түрде белгілі мөлшердегі жаңа қоректік орта қосылып отырады. Егер процесс көп компонентті орталарда (меласса, жүгері экстракты, целлюлоза мен ақуызы бар әр түрлі заттар) жүргізілсе, онда қосымша коректендіруді толық ассимиляцияланатын субстраттармен (сахароза, спирт, т.б.) жүзеге асырған жөн. Бұл мақсатты метаболит өнімін арттыруға мүмкіндік береді. Процесс біт-кен соң, биомассаны өңдеуге жібереді.
Үздіксіз ферментация кезінде жана коректік орта үздіксіз, бел-гілі жылдамдықпен биореакторға қүйылады да, аппараттан сондай мөлшерде дақылдық сүйықтықты немесе биомассаны шығарып отырады. Микробты клеткалар субстрат компоненттерінің кон-центрациясы, продуценттің меншікті өсу жылдамдығы периодты ферментацияға қарағанда түрақты.
3.Биологиялық белсенді заттарды алу технологиясы. Биологиялық белсенді заттарды алудың зертханалық регламенті. Дәрілік заттарды клиникалық кезінде және клиникаға дейінгі арлықта сынақтан өткізу. Дәрілік препараттарды ауқымды масштабта өндіру. Фтиопрепараттар БТсының ерекшеліктері.
Биологиялық белсенді заттар (ББЗ) - бұл организмнің өзі синтездейтін немесе микробиологиялық синтез жолымен алынатын кең көлемді зат спекторы болып табылады. Бұл вакциналар, антиденелер, ферменттер, нуклеин қышқылдары, гормондар және т.б. Бұл қосылыстарды организмге енгізгенде, олар макроорганизмде иммундық жауаптың стимуляциясына әкеледі, иммуноферментті жануарларда перифериялық қанның гематологиялық көрсеткіштерін жақсартады, иммунореактивтіліктің қалпына келуіне ықпал жасайды. Профилактикалық және емдік ветеринарияда БАҚ-ды көп көлемде қолданылады, ол макроорганизмде иммундық жауапты стимулдейді.
ББЗ-ға сүт, жұмыртқа ақуызы, глобулиндер, ұлпа препараттары, кейбір М/Одер және т.б. жатады.
А.В Никитина мен С.М. Навашина классификациясы бойынша бактериалды пептидогликандардың және оның синтетикалық аналогтарының топтары табиғи иммуномодуляторлар қатарына жатады. Көптеген қоздырғыштар (Myc.tuberculosis, Cor. Parvum6 B. pertusis, Nocardea, L. monocitgenes) және бактериялы препараттар (пептидогликандар,ЛПС., А ақуызы) анық көрсетілген телімді емес иммуномодулирлеуші қасиеттерге ие. Осындай қасиеттер тек бактерияларға ғана емес, сонымен қатар саңырауқұлақтарға да тән. Біздің елімізде және шет елдерде дәрігерлердің дәрі мен емдік- профилактикалық, парфюмериялық, косметикалық заттарға (өсімдік шикізатынан алынатын) сұраныс күн сайын арта түсуде.
Фитопрепараттарды алу жөнінде Қазақстанда МОН РК (Қарағанды қаласы) фотохимия институтының жұмыскерлері айналысады, олармен «Арглабин» препараты алынды. Ол ракқа қарсы активтілікке ие.
Емдік өсімдіктердің қасиеттері әрекеттесетін заттарға байланысты болады, осы заттарды өсімдіктер өздері синтездейді (бейорганикалық заттардан, СО2-ден, ауадан, судан, топырақтан). Бұл БАЗ өсімдіктерде тіршілік әрекеті барысында бөлініп және олрдың органдарында жиналады. Олар тірі организмдерге физиологиялық және фармакологиялық әсер ететін, ауру малдарда патологиялық үрдісті жақсартып, қалпына келтіре алатын қабілеті бар, оның жалпы резистенттілігін жоғарылататын химиялық қасиеттер болып табылады.
Емдік өсімдіктердің құрамында әр түрлі биологиялық активті заттар бар, олар өсімдіктердің терапевтикалық құндылығын анықтайды. Олардың маңыздылары: алколоидтар, гликозидтер, флавогоидтар, витаминдер, дубильді заттар, кілегейлер, эфир майлары, органикалық қышқылдар, кумапиндер, пектиндер болып табылады.
Жаңа жиналған ЛРС-тан эфирлі майларды, майлы майларды камедтерді, шырындарды алады. Олардың біреулері кейбір қосымша операциялардан кейін (тазарту, консервациядан кейін) ЛС (алоэ, каланхоэ, подорожник шырындары, расторопин және тыкваның майлы дәндерінің майлары), басқалары комплексті ЛС алу үшін жартылайфабрикат (мятаның және эвкалиптің эфирлі майлары, т.б.). ЛРС-ті көбінесе настойка мен экстракттарды әзірлегенде қолданады, оларды 30-40 түрлі өсімдік шикізатынан дайындайды (мята, эвкалипт, пустырник, зверобой, солод тамыры, аралия, жень-шень, лимонник дәндері және жапырақтары, т.б.).Настойкаларды спирт қолданылуымен алады. Спирттің 40% және 70% концентрациясы қолданады. Экстракттарды шикізаттардан әр түрлі экстрогендерді (этил спирті, хладондар,т.б.) қолдана отырып алады. Өсімдік шикізаты экстракттың алу технологиясында қандай экстроген қолданғанына байланысты стандартталған болуы қажет.
