Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_otvety_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.18 Mб
Скачать

9 Билет

1.Антиген-антидене кешендерінің қалыптасуы және олардың фазалары. Антиген-антидене реакцияларының телімділігі. Антиген - антидене кешендерінің биологиялық белсенділігі. Иммундық кешеннің аурулары, қан сарысулық ауруы.

Иммундық жүйе бұл дененің барлық лимфоидты ағзалары мен лимфоидты жасушаларының жиынтығы. Оның негізгі мақсаты – организмге енген бөгде заттарды (антигендерді) бейтараптандыру. Иммундық жүйе орталық және шеткі лимфоидты ақзалардан тұрады. Орталық ақзаларға сүйек майы, айырша без (тимус), құстардың Фабрициус қалтасы, сүт қректілердің Пейер түйіндақтары, сонымен қатар көмекей безі жатады. Бұл ақзаларда иммундық жүйенің негізгі жасушасы лимфоцит қалыптасып, жетіледі. Шеткі ақзалардың құрамына жетілген лимфоциттері бар сөл бездері, көк бауыр, сонымен қатар ішек-қарын, тыныс алу және жыныс жолдарының кілегейлі қабығының астында орналасқан лимфоидты ұлпалар енеді. Бұл ақзаларда лимфоциттердің профилерациясы және жіктелуі орын алып, антидене өндіруші немесе сенсибилизденген (эффекторлық) лимфоциттер түзіледі.

Иммундық жүйенің жасушаларын (иммуноциттерін) үш топқа жіктеуге болады: антигендердің әсеріне телімді жауап қайтара алатын В- және Т-лимфоциттері; антигендер туралы мәліметтерді лимфоциттерге бере алатын (антиген-таныстырушы) жасушалар; өз организмінің компоненттерін кез келген бөгде заттардан, айталық микроорганизмдерден, ажыратып, оларды фагоцитоз немесе цитотоксиндік әрекет арқылы жоя алатын телімсіз (табиғи) қорғанысқа жауапты жасушалар.

Организмге енген антигенге қарсы иммунды жауаптың өрістеуі үш түрлі жасушалардың, атап айтсақ Т-, В-лимфоциттерінің және макрофагтың өз-ара әрекеттесуін қажет етеді. Макрофагтар Т-жасушаларының көмегісіз В- лимфоциттерінің белсенділігін тек қана тимусқа тәуелсіз антигендерге (липополисахаридтерге және т.б.) қарсы арттыра алады. Организмнің иммундық жүйесі денеге енген антигендерге қарсы иммунды жауаптың бес түрін қалыптастырады: антиденелер түзу, иммунологиялық жады (есте сақтау), иммунологиялық толеранттылық, гиперсезімталдықтың шапшаң түрі, гиперсезімталдықтың баяу түрі.

Телімді иммунды жауаптың пайда болуына түрткі болатын заттар антигендер. Антигендер деп иммунды жауапты тудыра алатын бөгде заттар мен құрылымыдарды атайды. Антигендердің екі негізгі қасиеттері бар: 1) өздеріне тән (телімді) антиденелердің немесе сенсибилизденген лимфоциттердің пайда болуына себепкер болу; 2) өздеріне қарсы түзілген антиденелермен немесе сенсибилизденген лимфоциттермен әрекеттесу. Антигендердің бірінші қасиеті олардың иммунногенділігін, ал екіншісі – телімділігін (ерекшелігін) анықтайды. Антигендер гуморалдық және жасушалық жауапты тудырып қана қоймай, кей жағдайларда белгілі бір антигенге бейтараптылық немесе ғылыми терминмен айтқанда иммунологиялық толеранттылық көрсетеді.

Гуморалдық иммунитеттің негізін телімді антиденелер құрайды. Антиденелер – антигендердің әсерінен организмде В-лимфоциттері (плазматикалық жасушалар) түзейтін және осы бөгде заттармен әрекеттесе алатын (телімді) ақуыздар – иммуноглобулиндер. Иммуноглобулиндердің бес класы белгілі: IgG, IgM, IgA, IgD, IgE. Иммуноглобулиндер – екі ауыр (әрқайсысының молекулалық салмағы 50000 Д) және екі жеңіл (әрқайсысының молекулалық салмағы 25000 Д) полипептидтердің тізбектерінен тұратын ақуыз. Иммуноглобулиннің молекуласында жеңіл және ауыр полипептидердің әрбір жұбы бір бірінен айнымайтын тізбектер. Полипептидтің әрбір тізбегі вариабелді (өзгермелі) және константты (тұрақты) бөлімдерден құрастырылғын. Антидененің вариабелді бөлімінде антигендермен әрекеттесе алатын белсенді орталықтары орналасады. Антиденелер бір антигенді екіншісінен ажырата алатын қабілетке ие. Олардың әрқайсысы тек өздерінің пайда болуына себепкер болған антигендермен ғана әрекеттесе алады. Антиденелердің бұл қасиеті оның комплементарлығы деп белгіленеді. Антиген-антидене реакциясы организмге әрдайым пайдалы болмай, кейде залалды да болып келуі мүмкін. Айталық, аталмыш реакциялардың нәтижесінде денеге енген заттар, соның ішінде микробтар өңделіп, фагоцитозға жеңіл тартылады, бөгде ақуыздар бейтарапталынады, трепонемалар, лептоспиралар, келімсек жасушалар талқандалынады. Сонымен қатар кейбір жағдайларда антиген-антидене кешені анафилаксияны, есекжемді, демікпені және басқа аллергиялық реакцияларды тудырады.

2.Цитокиндер, олардың түрлері және организмде қалыптасу принциптері. Интерлейкинді алу және жалпы сипаттамасы. Адамдар мен жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы интерлейкиннің дәрілік формаларын құрастыру және әзірлеу.

Өмірсүргіштігі төмен тимусқа тәуелді лимфоцитпен, макрофагтар және т.б. жасушалармен түзілетін биологиялық субстанцияларды цитокиндер (лимфокиндер) деп атайды. Цитокиндерге макрофагтардың тасымалдаушы және ингибридті мутациялық факторлар, интерлейкиндер, интерферондар және т.б. жатады.

Т-жасушаларымен және т.б. жасушалармен лимфокиндердің комплексі лимфоидты жүйеде аутоиммунды реакцияны және қарсы трансплантант реакциясын жүзеге асырады.

Лимфокиндер жасушалық иммунитеттің медиаторлары болып табылады. Сенсибилизденген лимфоциттерді антигендермен ынталандырғанда, олар лимфокин деп аталатын (цитокин) еритін факторларды бөледі.

Лимфокиндер үш топқа бөлінеді: 1) Лимфокин- ингибитор; 2) Лимфокин – стимулятор; 3) Қабыну лимфокині

Цитоқиндер макрофагтармен байланыста болғанда сутегінің асқын

тотығының жасушаларының өнімін ұлғайтып индукциялайды, бірақ бұл үрдісте каталаза ферментінің белсенділігі төмендейді.

Интерлейкин 1 мен 2-нің антиген немесе митогенмен бірігуі координацияланатын сигналдармен сипатталады, бұлардың лимфоидты жасушаның 3 типіне әсері бар, нәтижесі лимфоциттердің қуатты пролиферативті жауабы түрінде көрінеді. Цитокиндердің лимфоидты жүйе жасушасымен өзара әсері көміртегі, стероидты гормондар, фармакологиялық препараттар және олардың метаболитерімен тежелуі мүмкін. Цитокиндердің өнімдері гистосәйкестіктің басты қомплексімен бақыланады.

Цитокиндер жергілікті әсер ету қасиетіне ие, ол кейде жалпы қан ағымына түседі. Патогенді белгілері бар және антигеннің салмақтылығы басым болса, онда кейбір цитокиндер, мысалы, ИН-1, ИН-2, ісік некрозының факторлары қанға шығуы мүмкін. Жасанды жолмен организмге енгізсе, ол организмнен тез қайта шығады.

Интерферонның қасиеттері.

Интерферон (ИФН) – ерекше вирусқа қарсы ақуыз түрі, оларға зақымданған немесе тұтас организмнен өндіріледі. 1957 жылы ағылшын вирусологтары Айзикс пен Линденман ашқан.

Бірнеше интерферон түрлері мен белоктардың класстары анықталған, олар бір-бірінен әртүрлі молекулярлық массалары арқылы ерекшеленеді. Вирустармен индукцияланған интерферонның молекулярлық массасы 26-38·10³ Д, ал полисахаридті бактериялармен индукцияланғандардікі 89-90·10³ Д болды.

Антигендік телімділіктері бойынша интерферондар альфа (α), бета (β), гаммаға (γ) бөлінеді.

Интерферонның жасушада түзілу механизмі. Интерферон жүйесі телімді емес резистентіліктің маңызды факторы, ол организмнің барлық жасушасында көрсетілген және бөтен генетикалық ақпараты тану мен элиминацияға бағытталған.

Интерферон индукциясы өлі және тірі вирустармен, табиғи нуклеин қышқылдарымен, ситетикалық полирибонуклеидтармен, бактериялық антигендермен, кейбір полисахаридтермен және полианиондармен стимуляцияланады. Бұл процес ақуыз синтезінің ингибиторларына сезімтал болып келеді.

Интерферогенез бірінен соң бірі жүретін 3 кезеңнен өтеді (индукция -өнім-әсер) және дабылға жауап ретінде тізбекті реакциясын түзеді (дабылдар: инфекциялық, аллергиялық, аутоумунды, онкологиялық және т.б.)

І фаза- интерферон индукциясы:

1. жасуша беткейіндегі индуктор адсорбциясы; 2. индуктордың жасушаны ұстауы; 3. индукцияның инициация процесі; 4. интерферон генінің дерепрессиясы; 5. интерферон үшін и-РНҚ-ның транскрипциясы (иРНҚ-ИФН).

ІІ фаза –интерферон өнімі:1) транскрипция иРНҚ-ИФН; 2)трансляциялық 1-пост интерфероидтың түзілуі мен полипептидке айналуы; 3) интерфероидты гликолиздеу, интерферонның түзілуі; 4) интерферонның бөлінуі.

Қазіргі уақытта физиологиялық интерферондардың анықталуы мен зерттелуінің жан-жақтылығы, гомеостазды сақтауда бақылау мен реттеуге бағыттайды. ИФН-ы белгілі негізгі эффектісіне қарай антивирустық, антимикробтық, антипролифераттық, иммуномодульдеуші және радиопротективті деп бөлуге болады.

Вирустық материалдың генетикалық әр түрлігіне қарамастан, ИФН олардың кезеңдік репродукциясына басымдық көрсетеді, барлық вирустарға тән трансляцияның басын және вирусқа телімді ақуыздардың синтезін тежеп, шектейді. Осымен интерферонның антивирустық әсеріндегі ерекшелігі түсіндіріледі.

Медициналық препараттардың ИНФ-ы құрамы бойынша альфа, бета, гамма болып бөлінеді, ал шығарылу уақыты мен қолданылуы бойынша – табиғи адамзаттың лейкоцитарлы интерферондар (бірінші ұрпақ ИФН) мен рекомбинантты болып бөлінеді (2-ұрпақ ИФН)

Альфа және бета интерферондар белгілі антивирустың әсеріне, олар вирус ақуызының синтезін тежейді және репродукцияның басқа кезеңдеріне басымдылық көрсетеді.

Гамма ИФН-дар иммуноциттерге белсенді әсер етеді (НК-жасушалар, Т-лимфоциттер, моноциттер, монофагтар мен гранулоциттер), сондай-ақ гистосәйкестілік (НLА) комплексінің біріншілік және екіншілік антиген класстарының мембраналық эксрессиясын күшейтеді. ИФН көрсетілген әсер ету спектрін үлкен 3 топқа бөлуге болады: вирустық инфекция, ісік аурулары мен басқа да патологиялық формалары.

Иммунды және интерферон жүйелерінің ортасындағы байланыс айқындалды. ИФН фагоцитоз, табиғи киллердің белсенділігін, гистосәйкестіліктің басты комплексі антигеннің экспрессиясын стимуляциялайтыны көрсетілді. Екінші жағынан олар анафилаксиялық шоктың дамуын, қабынуды, гиперсезімталдылықтың баяу типі, антиденелердің түзілуін қыспаққа алады.

Интерферондарды клиникалық қолдануда кері әсер етуі мүмкін: тұмауға ұқсас белгілер, дерматологиялық реакциялар және гиперсезімталдылықтың белгілері және т.б. Сондай-ақ жеке органдармен жүйелерде де реакциялар тууы мүмкін: жүректің түтіктік жүйесінде, ішек-қарын жолында, зәр бөлетін жүйеде, орталық жүйке жүйесінде.

Гендік инженерия әдістері шыққанша интерферондарды донорлық қаннан алып келді, бір литр қаннан тазартылмаған 1 мкг интерферон алынады, ол бір инъекциялау дозасына жетеді.

Интерферонды вируспен түзілетін ауруларды емдеуге қолданылады, мысалы: герпес вирусымен, гепатит, сондай-ақ вирустарды инъекциялау жұмыстарында қолданылады. Олар сондай-ақ организмдегі ісік ауруларына (кеуде ісігі, тері, жұтқыншақ, өкпе және ми) емдік әсер етеді. Қазіргі кезде альфа, бета және гамма интерферондарын гендік инженериялық ішек таяшасын, жәндіктер мен сүт қоректілердің жасушаларының штамдарын қолданып сәтті алынуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]