- •1 Билет
- •1. Стандарттаудың анықтамасы. Стандарттаудың мақсаты және объектілері
- •2. Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің мақсаты және мәселелері
- •3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оны бекіту тәртібі
- •2 Билет
- •1. Стандарттау саласындағы исо мақсаттары мен мәселелері
- •2. Стандарттаудың функцияларын және принциптерін атап өтіңіз
- •3. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
- •1. Метрологияның заңнамалық және нормативтік базасы
- •3 Билет
- •2. Квалитология және оның құрамдас бөліктері. Квалиметрияның анықтамасы және оның түрлері.
- •3. Сертификаттауда қолданылатын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттап беріңіз
- •1. Сапаны басқарудың мақсаттары. Басшылықтың жауапкершілігі.
- •2. Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын(орталықтарын) аккредиттеу.
- •3. «Эталон» туралы түсінік. Эталондардың жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі мақсаттары.
- •2. Сапа жүйесінің даму тарихы.
- •3. Қр Мемлекеттік өлшеу жүйесінің(қр мөж) құрылымы және объектілері.
- •1. Өлшеуді жүргізу әдістемесін(өжә) жасау ережесі және тәртібі.
- •2. _Метрологияның бөлімдері және олардың функциялары.
- •3. Сапа саласындағы саясат қандай принциптерге негізделіп құрылады.
- •1. Мемлекеттік Техникалық Реттеу жүйесінің құрылымы және атқаратын функциялары.
- •2. Сапаны жоспарлау және басқару сатылары.
- •1. Өлшеу құралдары(өқ) дегеніміз не және ?? жіктелуі.
- •2. Ұйым стандартын өңдеу тәртібі.
- •3. Қр сертификаттаудың негізгі мәселері қандай.
- •1. Өнім сапасының дәрежесін квалиметриялық бағалау.
- •2. Машина жасаудағы параметрлік стандарттаудың мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Өнімді өлшеу, сынау және бақылаудың негізгі мәселелері.
- •Сертификаттау, стандарттау және аккредиттеу бойынша сарапшы аудиторларға қойылатын талаптар.
- •2. «Сапа тұзағының» құрамдық элементтері.
- •3. Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау принциптері.
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.
- •2. Өнімнің сәйкестігін растау бойынша қандай іс-шаралар іске асады.
- •3. Тейлордың сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызы немен ерекшеленеді.
- •Сертификаттау бойынша құзіретті органның негізгі функциялары.
- •2. Өнімді сәйкестендірілуі (идентификаттаудың) маңызы және мәселелері.
- •3. Өлшегіш түрлендіргіштер және олардың тағайындалуы.
- •1. Өқ типтерін Мемлекеттік сынау және бекіту.
- •1. Өнімді стандарттау және унификаттау дәрежесін анықтау.
- •2. Исикава диаграммасын қолданудың мақсаты және мәні.
- •3. Сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Стандарттаудың экономикалық және әлеументтік тиімділігі.
- •2. Сынау жабдықтарын аттестаттау.
- •3. Квалиметриялық бағалау сатылары.
- •1. Өнімді, қызметті сертификаттау бойынша жїргізілетін жұмыстардың реті.
- •2. Ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі. Түзетуші іс-әрекеттер.
- •3. Стандарттау объектісінің қолдану түріне байланысты стандарттар түрлері.
- •Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының(хзмұ-мозм)негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •Қр қолданылатын салалық стандарттардың сипаттамалары.
- •3. Сертификаттаудың түрлері және пішіндері. Сертификаттауға қатысушылар.
- •2. Исикава диаграммасы не үшін қажет. Мысал келтіріңіз.
- •3. Өлшем біріңғайлығын қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (қр мөж) негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Мемлекеттік баќылау жјне тексерудіѕ функциялары. Нормабаќылаудыѕ мјселелері.
- •9.2 Кесте
- •Қр Халықаралық стандарттар жүйесінің мақсаттары мен бағыттары.
- •3. Өқ салыстыру, калибрлеу және метрологиялық аттестаттау. Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •1. Стандарттаудың әдістемелік және теориялық негізі.
- •2. Сапа көрсеткіштерінің номенклатураларының анықтамалары.
- •3. Өткізу әдістеріне бойынша сынаудың жіктелуі.
- •1. Демингтің 14 принципі.
- •2. Қызметті сертификаттау сұлбалары.
- •3. Созуға сынау. Сынау әдістемесі.
- •2 Ґлшеудіѕ дјлдік класы жјне ґќ ќателіктерініѕ тїрлері.
- •3 Мемлекеттік стандарттарды ґѕдеу сатылары.
- •Стандарттау объектілерінің жіктелуі каталогталуы және кодталуы туралы түсінік
- •Tqm принциптері және оны қолдану
- •2. Сәйкестік сертификатын қолдануды тоқтату немесе жою қандай жағдайларда іске асады
- •3 Машина жасаудағы стандарттың рөлі. Алға ұмтылу стандарттау туралы түсінік.
- •1. Қр Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы. Сапа тұзағы
- •Өқ түрлері және өқ метрологиялық қасиеттреі, қр өлшеу объектілері түрлері бойынша өқ жіктелуі.
- •3. Қр стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың негізгі категориялары.
1. Сапаны басқарудың мақсаттары. Басшылықтың жауапкершілігі.
Сапаны басқару (англ. quality control) – кәсіпорын басшылары және қызметкерлерімен іске асырылатын өнімді жасау процесіне оның сапасын жоспарлау функциясын және сапаны бақылау функциясын орындау жолымен қамтамасыз ету мақсатымен әсер ететін оперативті сипаттағы қызмет.
Сапа менеджменті (англ. quality management) - сапаны жалпы басқару - ресурстармен, сондай ақ адам ресурстарымен қамтамасыз ететін жоғары басшылықпен іске асырылатын сапа бойынша жұмысты іске асырады, сыртқы ортамен өзара әрекеттеседі, сапа саласындағы саясат және жоспарды анықтайды және сапа бойынша стратегиялық және маңызды оперативті шешімдерді қабылдайтын кәсіпорын аспекті.
Анықтамалар
ИСО 9000:2005 стандартында:
Сапаны басқару - сапаға талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.
Сапа менеджменті - сапаға сәйкес басшылық және ұйымды басқару бойынша координацияланған қызмет. Бұл анықтама ескерту ретінде әдетте сапа саласындағы саясат және мақсатты дайындауды, сапаны жоспарлау, сапаны басқару, сапаны қамтамасыз ету және жақсарту қамтиды.
Басшылық жауапкершілігі.
Жоғарғы басшылық сапаны басқару жүйесiнiң мiндетiн жетiлдiруін және жаксартуын міндеттеу керек ол үшiн келесі қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет:
-Тұтынушының тұтынушылық және реттiк талаптарына сәйкес хабарландырудың маңызын;
- Сапанын мақсатын жане сапа жөнiндегi саяси бiтiмнің бекітілуін;
- Сапа жүйесiнiң басшылығына талдау жүргiзуін;
- Қажеттi өнiмдермен қамтамасыз етуін.
Тұтынушыға бағыттау
Жоғарғы басшылықтан керектi сипаттiзiм және тұтынушы талаптары бiр аныкталынған көлемдегi талаптары iшкi ұйымда қолданылуы керек. Бұл талаптарды компания көмегi арқылы тұтынушы акпараты ұйымдық денгейде түсiнiктi етiп аударды.
2. Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын(орталықтарын) аккредиттеу.
Аккредиттеу (тіркеу) Мемстандарттың сертификаттау органдары ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға құқылы екендігін ресми мойындау болып табылады.
Сертификаттау органдары өнімдерді (қызмет көрсетуді) ссртификаггауды келісім-шарт негізінде жүзеге асыруы керек.
Сертификаттау органдары өнімдер (қызмет көрсетуді) міндетті және/немесе ерікті сертификаттау жұмыстарын орындауға аккредиттелуі (тіркеу) мүмкін. Сертификаттау органдарының филиалдары мен өкілдіктері сертификаттау органдарының тәртібімен аккредиттеледі (тіркеледі).
Сертификаттау органдардың, сондай-ақ олардың филиалдарымен өкілдіктерінің құрылымында аккредиттеудің өтініш аясында ҚР СТ 7.3 талаптарына сәйкес сертификаттық сынақтар жүргізуге құқық алуға аккредиттелген (тіркелген) және сертификаттау органдарының тіркеу аясына енгізілген өнімдердің сәйкестігін бағалауға керекті сынақтар түрінің 75 пайызын жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ сертификатталған өнімдерді сертификаттау мен инспекциялық бақылау бойынша жұмыстар жүргізу үшін қажетгі құзырлықта тұрақты (штаттық) қызметкерлері бар сынақ зертханалары немесе сынақ орталықтары болуы керек.
Аккредиттелген сертификаттау органдарында :
- сертификаттау органдары туралы ережелер (А Қосымшасы);
- аккредиттеу аттестаты (Б Қосымшасы);
- бекітілген аккредитгеу аясы (В Қосымшасы) болуы керек.
Сертификаттау органдарын аккредиттеуді (тіркеу) Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - Мемстандарт) жүргізеді.
Сертификаттау органдары қамтамасыз етуге тиіс:
- жүйеде белгілеген сертификаттау ережелерін сақтауды;
- шағым арыздар берудің тәртібі мен оларды ҚР СТ 3.10-ға сәйкес карауды;
- шетелден әкелінген және отандық өнімдерді сертификаттау үшін алынған өтемдердің баламалыгын;
- сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде алынған және өтінушінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпараттың құпиялылығын (өнім, процесс, қызметтер, сондай-ақ өндіріс жағдайлары адамдар денсаулығына, азаматтардың мүлкіне және қоршаған ортаны корғауға зиян келтіретіндерін қоспаған жағдайларда) сақтауды.
Қажет болған жағдайда жүйелі аккредиттелген сынақ зертханалары мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде белгіленген тәртіппен тіркелген сарапшыларды-аудиторларды сертификаттау органдары жұмысқа косымша шарт жасау арқылы тартуы мүмкін.
Қолдану саласы. Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу (тіркеу) жүйесінде құзыретті және тәуелсіз органдары есебінде танылуы үшін өнімдерді (қызмет көрсетуді) сертификаттау жөніндегі органдары сәйкес келетін негізгі талаптарды осы стандарт (ҚР СТ 7.2-2000) белгілейді.
Стандарт мынадай жағдайларда:
- сертификаттау органдарын аккредиттеуге (тіркеуге) даярлаған кезде және аккредиттеу (тіркеуге) кезінде;
- сертификаттау органдарының жұмыс істеген және сапа жүйесіне аудит жүргізген кезде;
- сертификаттау органдарының іс-әрекетіне мемлекеттік бақылау жүргізген кезде қолдануға арналған.
Осы стандарттың талаптары міндетті болып табылады.
Нормативтік сілтемелер. Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
ҚР СТ 1.1-2000 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттау және сабақтас қызмет түрлері. Терминдер мен аныктамалар.
ҚР СТ 3.0-2001 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер.
ҚР СТ 3.8-2000 Қазақстан Респубдикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сарапшы-аудиторлар. Кәсіби шарттар, дайындау және сынау ережелері.
ҚР СТ 3.10-97 Қазақстан Республикасының Мемлекетгік сертификаттау жүйесі. Шағым арыздарды қараудың тәртібі.
ҚР СТ 7.0-99 Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі ережелер.
ҚР СТ 7.3-2002 Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесі. Аккредиттеу жүйесі. Сынақ зертханаларға, орталықтарға қойылатын талаптар.
ҚР СТ ИСО 9000-2001 Сапа менеджментінің жүйелері. Негізгі ережелер және сөздік.
ҚР СТ ИСО 65-2001 Өнімдерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар.
ҚР СТ ИСО 10013-2001 Сапа туралы басшылықты дайындау жөніндегі жетекші нұсқаулар.
Терминдер мен олардың анықтамалары ҚР СТ 1.1, ҚР СТ 7.0, ҚР СТ ИСО 9000 стандарттарына, ИСО/МЭК 2 [3] жетекші құжатына сәйкес келеді.
Сәйкестік сертификаттауының табысты болуы, тек сертификаттауға қатысушылардың өзара сенімділігі, сынақ пен тексеру өткізудегі құзыреттілігі арқасында мүмкін. Өтінім беруші өзінің өніміне қорытынды беретін сертификаттау органы мен сынақ зертханаларына сену керек. Сондықтан да, сертификаттауға қатысушылардың тәуелсіздігін, құзыреттілігін және алалықсыздығын анықтау үшін сәйкес механизмдер қажет. Осындай сенімділікті қамтамасыз ететін механизмді аккредиттеу деп атаймыз. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:
өтінім берушілер, мемлекет және басқа да мүдделі құрылымдар жағынан сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарының жұмысына сенімді арттыру және олардың істерінің сапасын көтеру;
ішкі және сыртқы сауда қатынасында өнім мен қызметтің бәсекелестігін қамтамасыз ету;
сынақ нәтижелері мен сәйкестік сертификатын ұлттық, европалық және әлемдік деңгейде мойындалуы.
Белгіленген мақсаттар аккредиттеу саласындағы келесі мәселелерді шешуді шамалайды:
сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарына қойылатын талаптарды бірегейлі тағайындау;
аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар мен аккредиттеудің жалпы ережелерін тағайындау;
халықаралық нормаларға сәйкес келетін аккредиттеудің ұлттық жүйесін құру,
аккредиттеудің ұлттық құрылымдарының халықаралық деңгейде және өз елінің ішінде қарым-қатынасы.
