- •1 Билет
- •1. Стандарттаудың анықтамасы. Стандарттаудың мақсаты және объектілері
- •2. Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің мақсаты және мәселелері
- •3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оны бекіту тәртібі
- •2 Билет
- •1. Стандарттау саласындағы исо мақсаттары мен мәселелері
- •2. Стандарттаудың функцияларын және принциптерін атап өтіңіз
- •3. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
- •3 Билет
- •1. Метрологияның заңнамалық және нормативтік базасы
- •2. Квалитология және оның құрамдас бөліктері. Квалиметрияның анықтамасы және оның түрлері.
- •3. Сертификаттауда қолданылатын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттап беріңіз
- •1. Сапаны басқарудың мақсаттары. Басшылықтың жауапкершілігі.
- •2. Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын(орталықтарын) аккредиттеу.
- •3. «Эталон» туралы түсінік. Эталондардың жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі мақсаттары.
- •2. Сапа жүйесінің даму тарихы.
- •3. Қр Мемлекеттік өлшеу жүйесінің(қр мөж) құрылымы және объектілері.
- •1. Өлшеуді жүргізу әдістемесін(өжә) жасау ережесі және тәртібі.
- •2. _Метрологияның бөлімдері және олардың функциялары.
- •3. Сапа саласындағы саясат қандай принциптерге негізделіп құрылады.
- •1. Мемлекеттік Техникалық Реттеу жүйесінің құрылымы және атқаратын функциялары.
- •2. Сапаны жоспарлау және басқару сатылары.
- •1. Өлшеу құралдары(өқ) дегеніміз не және ?? жіктелуі.
- •2. Ұйым стандартын өңдеу тәртібі.
- •3. Қр сертификаттаудың негізгі мәселері қандай.
- •1. Өнім сапасының дәрежесін квалиметриялық бағалау.
- •2. Машина жасаудағы параметрлік стандарттаудың мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Өнімді өлшеу, сынау және бақылаудың негізгі мәселелері.
- •Сертификаттау, стандарттау және аккредиттеу бойынша сарапшы аудиторларға қойылатын талаптар.
- •2. «Сапа тұзағының» құрамдық элементтері.
- •3. Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау принциптері.
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.
- •2. Өнімнің сәйкестігін растау бойынша қандай іс-шаралар іске асады.
- •3. Тейлордың сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызы немен ерекшеленеді.
- •Сертификаттау бойынша құзіретті органның негізгі функциялары.
- •2. Өнімді сәйкестендірілуі (идентификаттаудың) маңызы және мәселелері.
- •3. Өлшегіш түрлендіргіштер және олардың тағайындалуы.
- •1. Өқ типтерін Мемлекеттік сынау және бекіту.
- •1. Өнімді стандарттау және унификаттау дәрежесін анықтау.
- •2. Исикава диаграммасын қолданудың мақсаты және мәні.
- •3. Сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Стандарттаудың экономикалық және әлеументтік тиімділігі.
- •2. Сынау жабдықтарын аттестаттау.
- •3. Квалиметриялық бағалау сатылары.
- •1. Өнімді, қызметті сертификаттау бойынша жїргізілетін жұмыстардың реті.
- •2. Ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі. Түзетуші іс-әрекеттер.
- •3. Стандарттау объектісінің қолдану түріне байланысты стандарттар түрлері.
- •Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының(хзмұ-мозм)негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •Қр қолданылатын салалық стандарттардың сипаттамалары.
- •3. Сертификаттаудың түрлері және пішіндері. Сертификаттауға қатысушылар.
- •2. Исикава диаграммасы не үшін қажет. Мысал келтіріңіз.
- •3. Өлшем біріңғайлығын қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (қр мөж) негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Мемлекеттік баќылау жјне тексерудіѕ функциялары. Нормабаќылаудыѕ мјселелері.
- •9.2 Кесте
- •Қр Халықаралық стандарттар жүйесінің мақсаттары мен бағыттары.
- •3. Өқ салыстыру, калибрлеу және метрологиялық аттестаттау. Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •1. Стандарттаудың әдістемелік және теориялық негізі.
- •2. Сапа көрсеткіштерінің номенклатураларының анықтамалары.
- •3. Өткізу әдістеріне бойынша сынаудың жіктелуі.
- •1. Демингтің 14 принципі.
- •2. Қызметті сертификаттау сұлбалары.
- •3. Созуға сынау. Сынау әдістемесі.
- •2 Ґлшеудіѕ дјлдік класы жјне ґќ ќателіктерініѕ тїрлері.
- •3 Мемлекеттік стандарттарды ґѕдеу сатылары.
- •Стандарттау объектілерінің жіктелуі каталогталуы және кодталуы туралы түсінік
- •Tqm принциптері және оны қолдану
- •2. Сәйкестік сертификатын қолдануды тоқтату немесе жою қандай жағдайларда іске асады
- •3 Машина жасаудағы стандарттың рөлі. Алға ұмтылу стандарттау туралы түсінік.
- •1. Қр Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы. Сапа тұзағы
- •Өқ түрлері және өқ метрологиялық қасиеттреі, қр өлшеу объектілері түрлері бойынша өқ жіктелуі.
- •3. Қр стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың негізгі категориялары.
3. «Эталон» туралы түсінік. Эталондардың жіктелуі.
Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Метрологияның негізгі мәселелеріне: өлшеудің жалпы теориясы; физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру; өлшеудің әдістері мен құралдары; өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы); өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология); эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау; эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.
Эталон (фр. etalon , stalo – үлгі) – ғылым мен техника дамуының белгілі бір кезеңіндегі ең жоғары дәлдік деңгейіне сай өлшеу бірліктерін алу, сақтау және беру үшін қолданылатын үлгі өлшемдері мен өлшеуіш приборлар. Оның бастапқы, қосалқы, арнаулы, мемлекеттік, куә, салыстыру, жұмыстықжәне көшірме эталон деп аталатын түрлері бар.
1Бастапқы эталон бірлікті ең жоғары дәлдікпен алуды қамтамасыз етеді. 2Қосалқы эталон – белгілерінің мәні бастапқы эталонмен анықталатын эталон.3Арнаулы эталон бірліктің ерекше жағдайдағы дәлдігін қамтамасыз етеді әрі сол жағдай үшін бастапқы эталонды алмастыра алады.4Мемлекеттік эталон белгілері бір ел үшін негізгі эталон ретінде ресми түрде тағайындалып, бастапқы эталонның не арнаулы эталонның қызметін атқарады.5Куә эталон – мемлекеттік эталонның сақталу дәрежесін тексеруге және оны бүлінген кезде (не жоғалғанда) алмастыруға арналған қосалқы эталон.6Салыстыру эталоны – эталондарды бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік жоқ жағдайда, оларды өзара салыстыру үшін пайдаланылатын қосалқы эталон.7Жұмыстық эталон бірліктің дәл өлшемін дәлдігі жоғары үлгілік құралға түсіру үшін қолданылады.8Көшірме эталон – бірліктің өлшемін жұмыстық эталонға түсіруге арналған қосалқы эталон;
БИЛЕТ№5
1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі мақсаттары.
ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі «Сертификаттау туралы» (1999ж) ҚР Заңына сәйкес міндеттті сертификаттауды жүргізуге, сондай ақ ішкі және халықаралық нарық талаптарына сәйкес ерікті сертификаттауды жүргізуге қызмет етеді.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау облысында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен процедураларын, сертификаттау бойынша органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) талаптарды, және олардың аккредиттеу процедураларын, сертификаттау бойынша эксперт аудиторлардың дайындау және аттестаттау процедураларын, Мемлекеттік сертификаттау жүргізу реестрін, аудитті және инспекциялық тексеруді жүргізу ережелерін, сондай ақ сертификаттау мақсаттарының іске асырылуына қажетті басқа талаптарды орнатады.
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары болып табылады:
өнім, процес, жұмыс, қызметтің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың меншігін және қоршаған ортаны қорғау;
тұтынушылардың мүдделерін өнім және қызмет сапасы мәселесінде қорғау;
саудадағы техникалық кедергілерді жою, ішкі және сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;
физикалық және заңды тұлғалардың қызметі үшін қажет жағдайларды туғызу.
ҚР МСЖ ұйымдық құрылымын құрайды:
стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік орган;
өнімді, процесті, жұмыс, қызметті сертификаттау бойынша аккредиттелген органдар;
аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары).
Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік орган сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жалпы басқаруды қамтамасыз етеді. Оның міндеттеріне төмендегілер жатады:
Мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру;
сертификаттау облысындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, сертификаттау дамуының перспективті жобаларын жасауға қатысу;
міндетті сертификаттауға жататын өнім (жұмыс, тауар, қызмет) тізімін дайындау;
органдарды орнатылған тәртіпте сертификаттау бойынша жұмыстарды және сертификациялық сынақтар жүргізу құқығына аккредиттеу;
эксперт – аудиторларды аттестаттау;
сынақ зертханаларының және өнім, жұмыс, қызметті сертификаттау бойынша органдардың қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің реестрін жүргізу.
Стандарттау,метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік орган келесідей құқықтарға ие:
сәйкестік сертификаты және сәйкестік белгісі пішіндерін орнатуға, оларды беру және қолдану тәртібіне;
сынақ зертханаларының және сертификаттау бойынша органдардың аккредиттеу аттестаты күшін тоқтату туралы шешім қабылдауға;
құзыретті органдарға сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат беруге;
басқа ұйымдармен берілген сертификаттау бойынша құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қарама қайшы келген жағдайда оларды кері қайтару туралы қаулы беруге;
сертификаттау ережелері мен процедураларын бұзғанына кінәлі тұлғаларға заңнамамен анықталған құқықтық әрекет ету шараларын қолдануға.
Сынақ зертханалары сертификаттау сынақтарын жүргізеді. Сынақ зертханалары заңды тұлға мәртебесін иеленуі немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімдері болуы мүмкін. Олар орнатылған тәртіпте аккредиттелуі қажет.
