Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

3 Мемлекеттік стандарттарды ґѕдеу сатылары.

Мемлекеттік Стандарт – елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган бекіткен нормативтік-техникалық құжат.

Қазақстанда стандарттау мен [метрология|метрологиялау жүйесі 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасынан дами бастады. Ол ұлттық өнімдердің сапасы мен бәсекелестігін арттыру,табиғат және энергетика ресурстарының шынайы есебін жүргізу және айналадағы орта мен халықтың денсаулығын қорғау міндеттерін шешу мәселелерімен тығыз байланысты болды.

1993 жылы “Стандарттау және сертификаттау туралы” және “Өлшемдер бірлігі туралы” Қазақстан Республикасының алғашқы заңдарының қабылдануы Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Бұл заңдар 1999 және 2000 жылдары толықтырылды. Осы заңдарға сәйкес Қазақстан Үкіметі стандарттау жұмыстарын реттеудің нормативтік құжаттарын дайындады. Қазақстанның Мемлекеттік стандарт органы 1994 жылдан бері Стандарттау жөніндегі халықараралық ұйымға (ІSO) мүше. Қазақстанның стандарттау жүйесі стандарттау мен сертификаттау жөніндегі ұлттық бағдарламаға негізделген, Қазақстан кәсіпорындары ІSO-ның халықараралық стандарттары бойынша жұмыс істейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандартты дайындау үшін жиырмаға жуық техника стандарттау к-ті құрылған. Олар әсіресе тамақ өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, көмір жәнеметаллургия өндірістері сияқты салаларда жұмыс атқарады.

28 БИЛЕТ

1. ИСО 14000 және OHSAS 18001:1999 сериялы стандарттадың ерекшелігі

14000 сериялы стандарттар негізін қалаушы және нормативті болады. Негізін қалаушы стандарт ИСО 14001 «Система управления в области охраны окружающей среды. Руководство по применению» және стандарт ИСО 14004 «Системы управления в области охраны окружающей среды. Общее руководство по принципам, системам и сопутствующим технологиям» (бұл стандартта қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру нұсқаулары, тіркеу және сертификаттау қарастырылған). Нормативтік стандарттарда қоршаған ортаны қорғау шараларын басқару жүйесіне талаптар анықталған. Еуроодақта өнімнің экологиялық қауіпсіхз деген белгі енгізілген. Ол тұтынушыларға өндірілген өнімнің экологиялық тұрғыдан таза екенін хабарлайды.  Ішетін тамақтаға, сусындар мен дәрі-дәрмектерге белгі қойылмайды, егер құрамында қауыпті заттардың құрамы аз болатын, тек қажетті мөлшерде ғана бар. Экологиялық стандартқа ИСО үлкен  рөл атқарады.  1993 жылы оның құүрамына «экологиялық басқару» атты техникалық комитет құрылды. Осы жұмыстың нәтижесінде ИСО 14000 сериялы қоршаған ортаны қорғау халықаралфық стандарты қабылданды.  

  1. Стандарттау объектілерінің жіктелуі каталогталуы және кодталуы туралы түсінік

Сыныптауыш (Классификатор). ҚР пайдаланылатын сыныптауыштар.

Ақпараттық технологияның дамуымен ақпараттық кодтауы мен сыныпталу тәсілі актуалды деңгейге жетті. Бұрынғы КСРО жеткілікті жақсы ғылыми-әдістемелік база және технико-экономикалық мәліметтердің кең сыныптауыш жүйесі болды.

Бірақ экономикадағы жаңа нарықтық шарт Қазақстан Республикасындағы ықпал етуші сыныптауыштың модернизациясын талап етеді. Жалпы мемлекеттік сыныптауышсыз мекемеаралық мәліметтер ағынының келісушілік мәселесін шешу мүмкін емес.

Сыныптау және кодтау объектілері: статикалық мәліметтер, микроэкономикалық, қаржылық, құқық қорғау қызметі, банкі істері, бухгалтерлік есеп, стандарттау, сертификаттау, өнім өндіру, қызмет көрсету, кеден ісі, сауда және сыртқы экономикалық қызмет.

Социалды және технико-экономикалық мәліметтерді бірыңғай сыныптау және кодтау жүйелерін құру бойынша жұмыстың коордианциясы мен жалпы жетекшілікті Қазақстан Республикасының органдары мен стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті іске асырады.

Жүйелік регламенттеуші құрылуының негізгі принциптері, тәртіптері мен талаптарын “социалды және технико-экономикалық мәліметтерді кодтау мен сыныптаудың бірыңғай жүйесін ГСС РК. Негізгі жағдай.” СТ РК 5.0-95 баяндалады. Сыныптауышты жасап шығару кезінде Халықаралық сыныптауышпен олардың үйлесуін міндетті түрде есепке алу керек.

Қолдану аймағы мен бекіту дәрежесіне тәуелді социалды және технико-экономикалық сыныптауыш келесі категорияларға бөлінеді:

а) мемелекеттік –ГК

б) салалық (мекемелік) – ОК

в)ұйымның, кәсіпорынның, бірлестіктердің сыныптаушысы.

Социалды және технико-экономикалық мәліметтерді мемлекеттік сыныптауыш стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен бекітіледі және тіркеледі.

Әртүрлі министрліктер, мекемелер мен кәсіпорындардың басқару жүйелерінің арасындағы мәлімет алмасу кезінде міндетті болатын, құжаттаудың бірыңғайлану жүйесіне кіретін, мемлекеттік тағайындалған құжаттардың сала аралық (мекеме аралық) түрлерінде болатын мәліметтерді мемлекеттік сыныптауышқа қосады. Салалық сыныптауыштар Қазақстан Республикасының сәйкес министрліктерімен және мекемелерімен тағайындалады және бекітіледі. Салалық сыныптауыш берілген сала үшін сипаттамалық белгілер немесе сыныпталу объектілерімен толықтырылған, мемлекеттік сыныптауыштан таңдау немесе мемлекеттік сыныптауышқа қосылған мәліметтерден тұруы керек.

Осы категориялық сыныптауышы бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелер, министрлік ұйымдар арасындағы мәлімет алмасу кезінде қолданылады.Кәсіпорын сыныптауышы кәсіпорын жетекшісімен бекітіледі және кәсіпорын ішінде мәліметтік өзара әсерлесу ұйымы кезінде қолданылады.

Кәсіпорын сыныптаушысы берілген кәсіпорын үшін сипаттамалық белгілерімен немесе сыныптаушы объектілермен толтырылған басқа категориялардың сыныптаушынан таңдау немесе мемелекеттік және салалық сыныптаушыға қосылмаған мәліметтерден тұруы қажет.

Әртүрлі стандарттардың сипаттамасы

Стандарттардың түрлері стандарттау объектісінің сипатына тәуелді және тағайындалған талаптардан тұратын стандарттардың келесі түрлері болады:

  1. негізін құраушы стандарттар;

  2. өнім мен қызмет көрсетуге стандарттар;

  3. бақылау әдістері стандарттар (сынау, өлшеу, сараптау).

Негізді құрушы стандартты процесстер мен қызмет көрсетуді өнімді пайдалану және құру процесінде өндіріс пен техника ғылымның әртүрлі аймақтарындағы өзара байланыс, техникалық бірлестік, өзара түсіністікті қамтамасыздандырушы, нормалар мен тәртіптер, жалпы техникалық талаптар, іс-әрекет анықталмаған аймағы үшін жалпы ұйымдастырушы-әдістемелік жағдайында бекітіледі.

11.1-кесте.

Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік сыныптауыш тізбесі

ГКРК01-99

Сабақ сыныптауышы (СС)

ГКРК02-99

Ұйым мен кәсіпорынның жалпы сыныптауышы (ҰҚШС)

ГКРК03-99

Экономикалық қызмет түрінің жалпы сыныптаушысы (ЭДЖС)

ГКРК04-99

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптаушысы (ЭДТОС)

ГКРК05-2000

Бастапқы және орта кәсіптік білім беру мамандарын сыныптауыш

ГКРК06(ИСО3166.1)-2001

Мемлекеттердің атауы мен олардың территориялық бірліктерін белгілеу коды. 1-бөлім. Мемлекеттер коды.

ГКРК06(ИСО166.2)-2001

Мемлекеттердің атауы мен олардың территориялық бірліктерін белгілеу коды. 2-бөлім. Мемлекеттердің әкімшілікті-территориялды бөліну коды.

ГКРК06(ИСО3166.3)-2001

Мемлекеттердің атауы мен олардың территориялық бірліктерін белгілеу коды. 3-бөлім. Бұрын пайдаланылған мемлекеттердің атауын белгілеу коды.

ГКРК07(ИСО4217)-2001

Валюта мен қордың белгілену коды

ГКРК08-2001

Қазақстан Республикасындағы білім берудің жоғары кәсіптік мамандығы мен дайындау бағытын сыныптауыш.

ГКРК09-2002

Төлемді белгілеудің бірыңғай сыныптауышы

ГКРК10-2002

Қазақстан Республикасының білім беру дәрежесін мемлекеттік сыныптауыш

Негізді құрайтын стандарттарға мағынада мемлекеттік және сала ралық мәні бар объектілер жатады: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, мелекеттік бірыңғай өлшеу жүйесін қамтамасыз ету, конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі, бірыңғай өлшеу, сала аралық мәнді анықтау және терминдер (сапаны басқару, сенімділік, қаптау)

ВУЗКОМ мағынадағы негізді құрайтын стандарт-нақты жүйедегі стандарттар жиынындағы жалпы жағдайды анықтайтын стандарт. Мысалы: СТ РК 1.0-2000 “Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі жағдай.”

Негізді құрайтын стандарттарды 2-түрге бөлуге болады:

а) анықталған аймақтағы жұмысты жүргізуге жалпы ұйымдастырушы-техникалық жағдайды бекітетін-ұйымдастырушы-әдістемелік стандарт (мысалы: СТ РК 1.2-2002 “Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік стандарттарды жасап шығару реті”, СТ РК1081-2002 “Тағам өнімдеріне технологиялық рецепт пен нұсқауды жасап шығару реті. Негізгі жағдай”);

б) төмендегілермен бекітілетін жалпы техникалық стандарт;

- өндірісте, техникада, ғылымда көп ретте қолданылатын ғылыми-техникалық термин (мысалы: ГОСТ 16263-70 “Бірыңғай өлшеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе. Метрология. Анықтамалар мен терминдер”

- стандарттаудың әртүрлі объектілердің шартты белгілеуді –кодтар, белгілер, символдар, елтаңбалар (мысалы:СТ РК1003-98 “Қымбат зергерлік металдар негізіндегі қорытпалар. Елтаңбалар.”);

- әр түрлі құжатнамалардың мазмұнына, рәсімделуіне, жасалуына талаптар (мысалы: СТ РК 1.5-2000 “ГСС РК стандарттың мазмұнына, ресімделуіне, жасалуына қойылатын негізгі талаптар”);

- техникалық қамтамасыздандыруға (мысалы: ГОСТ 8.417-81 “Бірыңғай өлшеуді қамтамасыздандыратын мемлекеттік жүйе. Физикалық шамалардың бірліктері”) қажетті жалпы техникалық шамалар, талаптар мен нормалар параметрлік және өлшемдік қатарлар, аспаптық дәлдік кластары және т.б.);

- сапа көрсеткішінің номенклатурасы (мысалы: СТ РК 1043-2001 “жел эрозиясына қарсы машиналар. Сапа көрсеткішінің номенклатурасы”);

- техникалық эстетика мен эргономикалық талаптары;

- қауіпсіздік талаптары (мысалы: СТ РК 12.002-2002 “Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Өндірістік процесстер. Қой шаруашылығы. Қауіпсіздік талаптары”) және басқалар.

Өнімге (қызмет көрсетуге) стандарттың келесі түрлері жасалады:

а) Біртекті өнім тобына арналған талаптардан тұратын жалпы техникалық шарт стандарты (мысалы: СТ РК 1061-2002 “Қышқыл сүт өнімдері. Жалпы техникалық шарт.”, СТ РК1040-2001 “Жолаушы тасымалына арналған транспорттық қызмет көрсету. Жалпы техникалық шарт.”);

  1. Біртекті өнім негізгі сапа көрсеткіштерінің (мысалы: велосипед, тігін бұйымдары, ет консервілері) номенклатурасының конструктивті-технологиялық шешімі, қолдану аймағы, белгілеудің жалпылығын сипаттайтын өнімнің қосындысы.

б) техникалық шарт стандарттары- нақты өнімге (қызмет көрсетуге) арналған талаптардан тұрады (мысалы: СТ РК 982-95 “Кефир. Техникалық шарт”). Көрсетілген стандарт, мысалы өнімге, келесі бөлімдерден тұрады. Сыныптау: негізгі параметр мен өлшемдер: техникалық (жалпы техникалық) талаптар: қабылдау тәртібі: ентаңбалау, қаптау, транспортттау, сақтау;

в) Жалпы техникалық талаптың стандарттары – жалпы техникалық шарттың стандарттарының бір ғана бөлімінен тұратын жіңішке белгіленген стандарттар (мысалы: СТ РК 37-98 “Машинамен және қолмен тігу. Жалпы техникалық талаптар.”);

г) Техникалық талаптың стандарттары – техникалық шарттың бір ғана бөлімінен тұратын жіңішке белгіленген стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902-95 “Мектептегі тамақтану столдары. Функциональдық өлшемдер”, ГОСТ 20809-75 “Аңшылық оқтар. Түрлері мен негізгі өлшемдері”).

Бақылау әдістеріне арналған стандарттар өнімнің пайдалануының, сертификаттауының, жасалуын сараптау, өлшеуді өткізу тәсілдерін (қабылдау әдістері және т.б.) тағайындайды (мысалы: СТ РК 1049-2001 “Премикстар, сараптау тәсілдері”).

Бақылау әдістерінде бекітілген стандарттар қабылданған нәтижелердің дәлдігін, объектілігін қамтамасыз ететін болуы керек.

Әрбір әдістің ерекшелегіне қарай оның өткізілуі тағайындалады:

- сынау заттары, көмекші құралдар, реактивтер, материалдар;

- сынауды өткізуге дайындық реті;

- сынауды өткізу реті;

- сынау нәтижелерін өңдеу тәртібі;

- сынау нәтижелерін рәсімдеу тәртібі;

- сынаудағы жіберілетін қателіктер.

Стандарттар жіңішке тағайындалуда болуы мүмкін – бір сапа көрсеткішін тексеру (мысалы: таза жүн және жартылай жүн маталардың бу өткізгіштігін анықтау тәсіліне стандарт) немесе кең тағайындалуда –жиынтықты көрсеткіштерді тексеру (жібек және жартылай жібек даналық бұйымдарды сынау тәсілдеріне стандарт).

Сертификаттаудың практикасы стандарттың аралас түрлерін жасап шығару қажеттілігіне әкелді –бақылау әдістері мен өнімге стандарттар, жеке жағдайда, ауіпсіздікті бақылау әдістері мен өнім (қызмет көрсету) қауіпсіздігінің талаптарына стандарттар (мысалы: ГОСТ 25779-90 “Ойыншық. Бақылау әдістері мен қауіпсіздігіне жалпы талаптар”)

Процеске (жұмысқа) арналған стандартты өнімнің (қызмет көрсетудің) өмірлік циклының жеке кезеңдеріне арналған әртүрлі орындау әдістеріне (тәсіл, режим, норма) арналған талаптар бекітіледі – жасап шығару, дайындау, сақтау, тасымалдау, эксплуатациялау, жөндеу және утилизация кезінде. Мысалы: ГОСТ 26907-86 “Қант. Ұзақ сақталу шарты”, ГОСТ 7595-79 “Ет. Бөлшектің саудаға арналған сиыр етін бөлу” СТ РК 1155-2002, “Сынабы бар аспаптар мен бұйымдар. Вакуум-жылулық утилизациялау”.

Процеске арналған стандарт технологиялық операцияларды өткізу кезіндеқоршаған ортаны қорғау мен адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардан тұрады.

Жаңа кезеңде сапа менеждменті, құжаттаманы, сатып алуды, маман даярлауды және т.б. басқару жүйесінің шекарасында басқару процестеріндегі стандарттар үлкен мәнге ие. Сондықтан басқару процестері – сапа жүйесі әсер ететін кәсіпорыннның фирмалық стандартының типтік объектісі болып табылады.

  1. Өлшеу біріңғайлығын қамтамасыз етудің мақсаты және өлшеулердің түрлері

29 БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]