- •1 Билет
- •1. Стандарттаудың анықтамасы. Стандарттаудың мақсаты және объектілері
- •2. Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің мақсаты және мәселелері
- •3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оны бекіту тәртібі
- •2 Билет
- •1. Стандарттау саласындағы исо мақсаттары мен мәселелері
- •2. Стандарттаудың функцияларын және принциптерін атап өтіңіз
- •3. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
- •3 Билет
- •1. Метрологияның заңнамалық және нормативтік базасы
- •2. Квалитология және оның құрамдас бөліктері. Квалиметрияның анықтамасы және оның түрлері.
- •3. Сертификаттауда қолданылатын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттап беріңіз
- •1. Сапаны басқарудың мақсаттары. Басшылықтың жауапкершілігі.
- •2. Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын(орталықтарын) аккредиттеу.
- •3. «Эталон» туралы түсінік. Эталондардың жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі мақсаттары.
- •2. Сапа жүйесінің даму тарихы.
- •3. Қр Мемлекеттік өлшеу жүйесінің(қр мөж) құрылымы және объектілері.
- •1. Өлшеуді жүргізу әдістемесін(өжә) жасау ережесі және тәртібі.
- •2. _Метрологияның бөлімдері және олардың функциялары.
- •3. Сапа саласындағы саясат қандай принциптерге негізделіп құрылады.
- •1. Мемлекеттік Техникалық Реттеу жүйесінің құрылымы және атқаратын функциялары.
- •2. Сапаны жоспарлау және басқару сатылары.
- •1. Өлшеу құралдары(өқ) дегеніміз не және ?? жіктелуі.
- •2. Ұйым стандартын өңдеу тәртібі.
- •3. Қр сертификаттаудың негізгі мәселері қандай.
- •1. Өнім сапасының дәрежесін квалиметриялық бағалау.
- •2. Машина жасаудағы параметрлік стандарттаудың мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Өнімді өлшеу, сынау және бақылаудың негізгі мәселелері.
- •Сертификаттау, стандарттау және аккредиттеу бойынша сарапшы аудиторларға қойылатын талаптар.
- •2. «Сапа тұзағының» құрамдық элементтері.
- •3. Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау принциптері.
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.
- •2. Өнімнің сәйкестігін растау бойынша қандай іс-шаралар іске асады.
- •3. Тейлордың сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызы немен ерекшеленеді.
- •Сертификаттау бойынша құзіретті органның негізгі функциялары.
- •2. Өнімді сәйкестендірілуі (идентификаттаудың) маңызы және мәселелері.
- •3. Өлшегіш түрлендіргіштер және олардың тағайындалуы.
- •1. Өқ типтерін Мемлекеттік сынау және бекіту.
- •1. Өнімді стандарттау және унификаттау дәрежесін анықтау.
- •2. Исикава диаграммасын қолданудың мақсаты және мәні.
- •3. Сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Стандарттаудың экономикалық және әлеументтік тиімділігі.
- •2. Сынау жабдықтарын аттестаттау.
- •3. Квалиметриялық бағалау сатылары.
- •1. Өнімді, қызметті сертификаттау бойынша жїргізілетін жұмыстардың реті.
- •2. Ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі. Түзетуші іс-әрекеттер.
- •3. Стандарттау объектісінің қолдану түріне байланысты стандарттар түрлері.
- •Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының(хзмұ-мозм)негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •Қр қолданылатын салалық стандарттардың сипаттамалары.
- •3. Сертификаттаудың түрлері және пішіндері. Сертификаттауға қатысушылар.
- •2. Исикава диаграммасы не үшін қажет. Мысал келтіріңіз.
- •3. Өлшем біріңғайлығын қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (қр мөж) негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Мемлекеттік баќылау жјне тексерудіѕ функциялары. Нормабаќылаудыѕ мјселелері.
- •9.2 Кесте
- •Қр Халықаралық стандарттар жүйесінің мақсаттары мен бағыттары.
- •3. Өқ салыстыру, калибрлеу және метрологиялық аттестаттау. Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •1. Стандарттаудың әдістемелік және теориялық негізі.
- •2. Сапа көрсеткіштерінің номенклатураларының анықтамалары.
- •3. Өткізу әдістеріне бойынша сынаудың жіктелуі.
- •1. Демингтің 14 принципі.
- •2. Қызметті сертификаттау сұлбалары.
- •3. Созуға сынау. Сынау әдістемесі.
- •2 Ґлшеудіѕ дјлдік класы жјне ґќ ќателіктерініѕ тїрлері.
- •3 Мемлекеттік стандарттарды ґѕдеу сатылары.
- •Стандарттау объектілерінің жіктелуі каталогталуы және кодталуы туралы түсінік
- •Tqm принциптері және оны қолдану
- •2. Сәйкестік сертификатын қолдануды тоқтату немесе жою қандай жағдайларда іске асады
- •3 Машина жасаудағы стандарттың рөлі. Алға ұмтылу стандарттау туралы түсінік.
- •1. Қр Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы. Сапа тұзағы
- •Өқ түрлері және өқ метрологиялық қасиеттреі, қр өлшеу объектілері түрлері бойынша өқ жіктелуі.
- •3. Қр стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың негізгі категориялары.
3 Машина жасаудағы стандарттың рөлі. Алға ұмтылу стандарттау туралы түсінік.
Әрбір бұйым сапасы шығару көрсекіштерінің қатарымен сипатталады, олардың шекті мәндері нормативтік техникалық құжаттармен (НТҚ) бақыланады және регламенттеледі. Машина жасау саласының бұйымдарын стандарттауда, бұйым жасау кезінде талаптарын сақтап орындауға жататын бұйым стандартын (НТҚ) кіргізу тәжірибесі жинақталған. Бұйым стандартында (ҰС) өздерінің сапалық көрсеткіштері ж.йесі үшін тағайындалған сандық мәліметтер мен шақтамалар кіреді. ҰС бұйымды жобалау, жасау процесінде шешімін күтетеін мәселелерді анықтайды. ҰС бұймының тағайындалуын, қойылатын талаптарды, бақылау әдістерін, жасаудың жаңа әдістерін, тасымалдауын, сақталуын, т.б. көрсетіледі.
Стандарт жәнестандарттау ұғымы туралы түсінік
Стандарт - бұл қағидабойыншакөптегенмүдделіжақтардыңелеулімоселелергеқарсылықбілдірудісипаттайтын, келісуішлікнегізіндеәзірленетінжәнетанылғаноргандардыңбөкітетіннорматитікқұжаты.
Бұлжалпығабірдейжәнеқайтапайдалануережесіүшінстандарттаудыңбелгілібіробъектілердіңжалпыпринциптері, мінездемесі, талаптарыжәнеәдістерібелгіленуімүмкін. Солсияқтыбелгілісалалардытәртіпкекелтірудіоңтайлыдеңгейгежетугебағытталады.
Республикадақолдапылыпжүргенстандарттыңжүйеқұқықтықжәнеәлеуметтікэкономикалықмақсаттардыкөздейді:
Біріншіден, заңдылықтәртіпкесәйкестұтынушылардыңжәнеүкіметтіңмүдделерінжәнеөнімніңсапасы, қоршағантабиғиортаны, өмірқауіпсіздігін, халықтықденсаулығынқорғаудықамтамасызетеді.
Екіншіден, өндірістіәзірлеуде, өнімдіпайдаланудатехникалықбірліккекепілдікбереді.
Үшіншіден, стандарттыңжүйеәлеуметтік-экономикалықбағдарламалардың, жобалаудыңнормативтік-техникалықбазасыретіндеқызмететеді.
Мемлекеттікстандарттар, соныменқатарбарлықжұмыстүрлеріноңтайландыруды, жүргізілетінсапажүйесініңбірін-біріналмастыратынөнімдерменпроцестересебіненресурстардыұқыптыпайдаланудықамтамысызетеді.
Стандарттау — бұлеңұтымдынормалардытабатынқызмет, алсодансоқстандарттыңүлгілерді, нұсқаулардыөнімдіәзірлеудегіталапәдістемелердінормативтікқұжаттарғатағайындапқояды. Стандарттаудыңбастыміндетіхалықшаруашылығының, халықтықеліміздің базасының, экспортмұқтажыүшіншығарылғанөнімгеүдемеліталаптардыанықтайтын, солсияқтыосықұжаттарды
№30 БИЛЕТ
1. Қр Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы. Сапа тұзағы
10.5 суретте көрсетілген.
Ғылыми-әдістемелік сертификаттау орталығы
ААҚ «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы»
Сертификаттау жөніндегі органдар
Келісімшарт
Сынау хаттамасы
Сынау зертханалары
Сынау хаттамасының көшірмесі
Келісімшарт
Өтінім берушілер (дайындаушылар, сатушылар, орындаушылар)
10.5- сурет. Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымы
Сертификаттау жұмыстарын басқару сертификаттаудың өкілетті ресми органы – АҚ «Сараптау және сертификаттаудың ұлттық орталығына» жүктелген. Өкілетті орган өзінің іс-әрекетін ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында бекітілген функциясына сәйкес жүргізеді және өзінің құзыреттілігі шегінде келесі функцияларды атқарады: – заңнамаға, РК СМЖ талаптарына, ҚР мемстандарт ережелеріне сәйкес сертификаттау процедураларын орнатады;
– қаіпсіздік талаптарын тағайындайтын халықаралық ережелер, нормалар және стандарттарды жасайды және келістіреді;
– сертификаттаудың келешегі бар бағыттарын жасайдЫ
– ҚР міндетті сертификаттауға жататын өнім мен қызметтің түрлері бойынша ұсыныс дайындайды;
– сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеуге, олардың іс-әрекеттеріне инспекциялық тексеруге қатысады;
– сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының іс-әрекеттерін басқарады;
– сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын санаққа алады;
– шетел сертификаттарын, сәйкестік белгісін және сынақ нәтижелерін мойындау туралы ұсыныстар дайындайды;
– қатерлі өнеркәсіп өндірістері, объектілері және жұмыстарын сертификаттау Кеңесін құрады.
Ғылыми-әдістемелік орталық сертификаттау жөніндегі органдардың біреуінің негізінде құрылып, келесі функцияларды ұсынады:
– жүйелік зерттеулерді жүргізеді және сертификаттау обьектілерінің құрылымы және құрамы бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды өңдейді;
– өнім сертификаттауы бойынша нормативтік-техникалық қамтамасыздандыру қорын өзектендіреді және жүргізеді;
– сертификаттау органдарын, сынау зертханаларын, сарапшыларды аттестаттау бойынша аккредиттеу комиссиясының жұмыстарына қатысады;
– ғылыми-зерттеулер жүргізеді және өнімді сертификаттау бойынша жұмыстар әдістемесі мен тәжірибелерін, соның ішінде Ережелерді жетілдіруде, олардың негізінде басқарушы құжаттар кешенін әзірлеуге ұсыныстарды дайындайды;
– жұмысқа қатысушылар ақпаратын таратады және реестр жүргізеді, ҚР мемлекеттік реестріне арналған қажетті мәліметтерді дайындайды;
– сертификаттау және аккредиттеу обьектісі бойынша ақпараттарды таратады және талдайды, реттеуші және басқарушы функцияларды қамтамасыз етуге бағдарланған, автоматтандырылған деректер банкін жүргізеді;
– халықаралық және озық шетелдік тәжірибенің есебімен сертификаттау бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін техникалық-экономикалық талдау мен бағалаудың әдістемелік ұсыныстарын әзірлейді;
Сертификаттау жөніндегі орган (бұл мемлекеттік ұйым немесе жекеменшік фирма болуы мүмкін) – сәйкестік сертификаттауын жүргізуші орган. Ол заңды тұлға атағына ие және үшінші жақ, яғни өндіруші мен тұтынушыдан тәуелсіз болып табылатын ұйымның негізінде құрылады. Сертификаттау бойынша органдар көп болуы мүмкін, олардың әрқайсысы қандай-да бір біртипті өнімді сертификаттауға негізделеді, мысалы, машина жасау бұйымдары, тамақ өнімдері, отын және т.б.. Негізгі функциялары:
– біртипті өнімді сертификаттау кезінде қолданатын нормативтік құжаттар қорын қалыптастыру және өзектендіру;
– берілген сертификаттау жүйесінің ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарын әзірлеу және жүргізу;
– сертификаттауға өтінімдерді, сондай-ақ шағымдарды қабылдау мен қарастыру, осылар бойынша шешімдерді дайындау және сертификаттауды жүргізу кезінде өтініш берушілермен өзара әрекет ету;
– әрбір нақты өтінім бойынша сынау зертханаларын және өндірістерді тексеру жөніндегі органды анықтау, егер ол сертификаттау сұлбасымен қарастырылса, олармен өзара әрекет етудің негізінде сынауларды және өндірісті тексеруді ұйымдастыру;
– сәйкестік сертификатын рәсімдеу және беру, оны мемреестрінде тіркеу;
– шетел сертификаттарын және де басқа сәйкестік куәліктерін мойындау;
– ҚР Мемстандартының аумақтық органдарының қатысуымен өнім сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылауды ұйымдастыру;
– берілген сертификаттардың және сәйкестік белгілерінің жұмысын жою немесе тоқтату ;
– өнім үшін түзету шараларын әзірлеуге қатысу, сертификаттық талаптардың бұзылуы туралы ақпараттар бойынша жедел іс-шараларды қабылдау;
– сертификатталған өнім реестрін және сертификаттау нәтижелері туралы ақпаратты жариялау дайындамаларын жүргізу;
– ағымдағы қаржы қызметін және іс-қағаздарын жүргізу;
– қызметкерлер біліктілігін жоғарылатуды және аттестаттауды ұйымдастыру;
Сертификаттау жөніндегі орган ретінде жұмыс істеу құқығына үміттенуші ұйым аккредиттеу процедурасынан өтуі керек. Аккредиттеудің тәртібі мен талаптары Мемстандарттың нормативтік құжаттарында және сертификаттау жүйесінің құжаттарында берілген.
Сынау зертханасы (орталығы) өздігінен ұйым және заңды тұлға дәрежесіне ие, әрі сәйкестікті растау бойынша органның немесе басқа заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. Орталықтың негізгі мақсаты нақты өнімнің сынауын немесе нәтижелердің анықтылығын және обьективтілігін қамтамасыз ететін стандартты әдістемелерді пайдалану арқылы сынаудың нақты түрлерін жүргізу болып табылады. Зертхана сынау хаттамаларын ҚР МСЖ НҚ орнатылған қалпында рәсімдейді. Қызметтер мен сапа жүйелерін сертификаттау жүйелері сынау зертханаларының сертификаттау процесінде қатысуын қажет етпейтінін білген жөн. Олардағы сәйкестікті бағалау бойынша барлық тәжірибелік жұмысты сертификаттау жөніндегі орган жүзеге асырады. Сынау зертханалары сертификаттау жөніндегі органға бағынады. Сертификаттау жөніндегі органның біреуінде сынаудың әр түрімен айналысатын бірнеше зертханалары болуы мүмкін. Сертификаттау жөніндегі орган және оның зертханалары әдетте, бір заңды тұлға, яғни фирма немесе кәсіпорын болып табылады. Негізгі талаптар: тәуелсіздік, алаламайтындық, дербестік және техникалық құзырлық. Тәуелсіздік үшінші тұлға дәрежесімен анықталады. Алаламайтындық қызметте сынауларды жүргізу, шешімдер қабылдау және сынау хаттамаларын толтыру кезінде айқындалады. Дербестік сынау зертханалары және олардың қызметкерлері қорытындыларға немесе бағаларға әсер етуге қабілетті коммерциялық, қаржылық, әкімшілік не басқа да қысымға ұшырамауы керектігінде анықталынады. Техникалық құзырлық ұйым мен басқарманың сәйкес келуші құрылымымен, білікті қызметкерлердің, сынау үшін бөлме мен жабдықтардың, сапаны қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарын қоса, сынау әдістері мен процедураларға нормативті құжаттардың бар болуымен расталады. Талаптарға сәйкестік сынау зертханасын аккредиттеу кезінде тексеріледі. Сертификаттау жүйесі өнімді сынауға тек аккредиттелген зертханаларды жіберуді қарастырады.
