Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

2. Исикава диаграммасы не үшін қажет. Мысал келтіріңіз.

Себеп-салдар диаграммасы (Исикова диаграммасы) - Жапонияда өндірістің бірінші желідегі жұмысшылары үшін процесті -нің әрекеттестігі ретінде қабылдайды:

Material - (материал) + Machine – (жабдық) + Man – (оператор) + Method – (әдіс).

Себеп-салдар диаграммасын графикалық түрде (сур.1.13) келтіруге болады. Бұндай диаграмманы кейбірде «балық сүйегі» деп те атайды.

Сур.1.14-те себеп-салдар диаграммасының сұлбасы келтірілген. Сур.1.14-тегі салдар болатын сапа сипаттамалары әртүрлі себептерді анықтайды – А, В, С себептерін және т.б. Бұл себептер өз кезегінде басқа себептердің салдары болып келеді: А1, А2 – салдары үшін; В1, В2, В3 – В салдары үшін және т.б. Себептерін іздеу кезінде салдары болып келетін сипаттамалар міндетті түрде шашырайтынын есте сақтау керек. Сипаттамалар (яғни нәтижеге) шашырауына әсіресе үлкен әсер ететін бұл факторлар арасындағы іздеуді себептерді талдау деп атайды.

Сур. 1.13. Себеп-салдар диаграммасы

1 – себептік факторлардың жүйесі; 2 – материалдар; 3 - өндірістің негізгі факторлары; 4 – оператор; 5 – жабдық; 6 – операциялар тәсілі; 7 – процесс; 8 – себеп; 9 – сапа сипаттамасы; 10 – мәліметтер; 11 – процесс сапамен бақыланады.

Себеп-салдар диаграммасын құру кезінде шақтамадағы мәндер шегінен шығатын сипаттамаға қатысы бар максималды сандарды таңдайды. Құбылыстардың себептерін зерттеу кезінде жұмысқа тікелей қатысы жоқ үшінші тұлғаны да қатыстыру керек, өйткені, бұл жұмыс жағдайына әдетті болып келген тұлғаларға қарағанда оларда бұйым сапасыздығының себебін табуда күтпеген тәсіл пайда болуы мүмкін.

Ең тиімдірегі «ми шабуылы» деп аталатын себептерді талдаудың топтық әдісі саналады. Қиыншылықтардың туу себебін табу үшін «ми шабуылы» әдісін қолдану кезінде мыналар қажет:

  • қиыншылықтардың туу себебі бойынша топ мүшелерінің ойларын ашық айту үшін жағдайды қамтамасыздандыру;

  • деректермен саналы түрде басқару мен идеяны бағалай отырып керексіз әңгімелерді алып тастау;

  • басқарушы адамдарға бірінші болып ой айтпау;

  • себеп-салдар диаграммасын құру кезінде себептердің ішінен соңғы бағдарманы (стрелка) «басқа ескерілмеген деректерді де» белгілеу қажет.

Сур. 1.14. Себеп-салдар диаграммасы

1 – себептік факторлар жүйесі; 2 – шашырамалы факторлар; 3 – сипаттама (салдар); 4 – шашырауға ұшырайтын сипаттамалар.

Себеп-салдар диаграммасын өндірістен бастап қызмет көрсетуге дейін кез келген кәсіп орындарда қолдануға болады. Сур.1.15, 1.16 құрылыс өндірісінде және оқу процесіндегі мысалдар себеп-салдар диаграммасы келтірілген.

Оқу процесіндегі диаграмма нақты қиыншылықтардың себебі немесе нәтижесін көрнекі түрде көруге көмектеседі (сур. 1.16). Себептің кері әсерін табу мен оны жою сапаны жоғарылатуға себеп болады.

Сур. 1.15. Бетон сапасына әсер ететін факторлар.

1 – жалғастырушы (вяжущие) заттар; 2 – бетонды толықтырушылар; 3 – қосымшалар; 4 – су; 5 – жұмысшылардың мамандығы; 6 – ынталандыру; 7 – кәсіпорындағы жұмысшының сажы; 8 – технологиялық процесс; 9 – бақылау құралдары; 10 – заманагөй; 11 – қолданылған; 12 – автоматты; 13 – жартылай автоматты; 14 – таңба; 15 – дәннің мөлшерлері; 16 – толтырушыны дайындау; 17 – материалды қамтамасыздандырудың ырғақтығы; 18 – сенімділік, ақиқаттық.

Адамдар

Әдіс

Құрал-жабдық

Оқыту стилі

Мұғалімдер

Зертханалық қ-жабдықтардың нақтылығы

Компьютерлер

Емтихандағы жауаптар сапасы

Оқулық қабылдаулар

Студенттер

Ата-аналар

Қызмет көрсетуші персонал

Үй жұмысы

Емтихандық процесс

Оқулықтар

Бағдарламалық жабдық

Ресурстар

Үрей

Қоршаған орта

Тесттер

Практикалық, зертханалық жұмыстар үшін әдістемелік нұсқау

Тексреу

Өлшеу

Материал

Сур. 1.16. Емтихан үшін себеп-салдар диаграммасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]