- •1 Билет
- •1. Стандарттаудың анықтамасы. Стандарттаудың мақсаты және объектілері
- •2. Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің мақсаты және мәселелері
- •3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оны бекіту тәртібі
- •2 Билет
- •1. Стандарттау саласындағы исо мақсаттары мен мәселелері
- •2. Стандарттаудың функцияларын және принциптерін атап өтіңіз
- •3. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
- •1. Метрологияның заңнамалық және нормативтік базасы
- •3 Билет
- •2. Квалитология және оның құрамдас бөліктері. Квалиметрияның анықтамасы және оның түрлері.
- •3. Сертификаттауда қолданылатын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттап беріңіз
- •1. Сапаны басқарудың мақсаттары. Басшылықтың жауапкершілігі.
- •2. Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын(орталықтарын) аккредиттеу.
- •3. «Эталон» туралы түсінік. Эталондардың жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі мақсаттары.
- •2. Сапа жүйесінің даму тарихы.
- •3. Қр Мемлекеттік өлшеу жүйесінің(қр мөж) құрылымы және объектілері.
- •1. Өлшеуді жүргізу әдістемесін(өжә) жасау ережесі және тәртібі.
- •2. _Метрологияның бөлімдері және олардың функциялары.
- •3. Сапа саласындағы саясат қандай принциптерге негізделіп құрылады.
- •1. Мемлекеттік Техникалық Реттеу жүйесінің құрылымы және атқаратын функциялары.
- •2. Сапаны жоспарлау және басқару сатылары.
- •1. Өлшеу құралдары(өқ) дегеніміз не және ?? жіктелуі.
- •2. Ұйым стандартын өңдеу тәртібі.
- •3. Қр сертификаттаудың негізгі мәселері қандай.
- •1. Өнім сапасының дәрежесін квалиметриялық бағалау.
- •2. Машина жасаудағы параметрлік стандарттаудың мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Өнімді өлшеу, сынау және бақылаудың негізгі мәселелері.
- •Сертификаттау, стандарттау және аккредиттеу бойынша сарапшы аудиторларға қойылатын талаптар.
- •2. «Сапа тұзағының» құрамдық элементтері.
- •3. Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау принциптері.
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.
- •2. Өнімнің сәйкестігін растау бойынша қандай іс-шаралар іске асады.
- •3. Тейлордың сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызы немен ерекшеленеді.
- •Сертификаттау бойынша құзіретті органның негізгі функциялары.
- •2. Өнімді сәйкестендірілуі (идентификаттаудың) маңызы және мәселелері.
- •3. Өлшегіш түрлендіргіштер және олардың тағайындалуы.
- •1. Өқ типтерін Мемлекеттік сынау және бекіту.
- •1. Өнімді стандарттау және унификаттау дәрежесін анықтау.
- •2. Исикава диаграммасын қолданудың мақсаты және мәні.
- •3. Сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Стандарттаудың экономикалық және әлеументтік тиімділігі.
- •2. Сынау жабдықтарын аттестаттау.
- •3. Квалиметриялық бағалау сатылары.
- •1. Өнімді, қызметті сертификаттау бойынша жїргізілетін жұмыстардың реті.
- •2. Ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі. Түзетуші іс-әрекеттер.
- •3. Стандарттау объектісінің қолдану түріне байланысты стандарттар түрлері.
- •Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының(хзмұ-мозм)негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •Қр қолданылатын салалық стандарттардың сипаттамалары.
- •3. Сертификаттаудың түрлері және пішіндері. Сертификаттауға қатысушылар.
- •2. Исикава диаграммасы не үшін қажет. Мысал келтіріңіз.
- •3. Өлшем біріңғайлығын қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (қр мөж) негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Мемлекеттік баќылау жјне тексерудіѕ функциялары. Нормабаќылаудыѕ мјселелері.
- •9.2 Кесте
- •Қр Халықаралық стандарттар жүйесінің мақсаттары мен бағыттары.
- •3. Өқ салыстыру, калибрлеу және метрологиялық аттестаттау. Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •1. Стандарттаудың әдістемелік және теориялық негізі.
- •2. Сапа көрсеткіштерінің номенклатураларының анықтамалары.
- •3. Өткізу әдістеріне бойынша сынаудың жіктелуі.
- •1. Демингтің 14 принципі.
- •2. Қызметті сертификаттау сұлбалары.
- •3. Созуға сынау. Сынау әдістемесі.
- •2 Ґлшеудіѕ дјлдік класы жјне ґќ ќателіктерініѕ тїрлері.
- •3 Мемлекеттік стандарттарды ґѕдеу сатылары.
- •Стандарттау объектілерінің жіктелуі каталогталуы және кодталуы туралы түсінік
- •Tqm принциптері және оны қолдану
- •2. Сәйкестік сертификатын қолдануды тоқтату немесе жою қандай жағдайларда іске асады
- •3 Машина жасаудағы стандарттың рөлі. Алға ұмтылу стандарттау туралы түсінік.
- •1. Қр Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы. Сапа тұзағы
- •Өқ түрлері және өқ метрологиялық қасиеттреі, қр өлшеу объектілері түрлері бойынша өқ жіктелуі.
- •3. Қр стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың негізгі категориялары.
1. Өнімді стандарттау және унификаттау дәрежесін анықтау.
Стандарттау қызмет түрі ретінде қайталанатын мəселелердің ең ұтымды шешімі үшін қажет жалпы ғылыми жəне арнайы əдістер жиынтығына негізделеді.Стандарттау жұмыстарында жиі қолданатын əдістер мыналар болып табылады:
1) стандарттау объектісін тəртіптеу;
2) параметрлік стандарттау;
3) бірыңғайлау;
4) агрегаттау;
5) кешенді стандарттау;
6) алдын – ала стандарттау.
Өнімнің ең маңызды параметрлері оның тағайындалуы жəне пайдалану қызметін анықтау сипаттамалары болып табылады:
- өлшем параметрлері ( киім жəне аяқ киім өлшемі,ыдыстың сиымдылығы);
- салмақтық параметрлері (əртүрлі спорттық бұйымның массасы);
- машина мен аспаптардың өнімділігін сипаттайтын параметрлері (желдеткіштің өнімділігін, транспорттық жүйенің жылдамдық қозғалысы);
- энергиялық параметрлері( двигательдің қуаттылығы) жəне т.б.
Бірыңғайлау (лат.unus –бір)- əртүрлі өнімнің, процесстің жəне қызметтің оптималды санын жəне олардың параметрлік мəндерін жəне өлшемдерін таңдау.
Бірыңғайлау – бұл бір нəрсені бірыңғай жүйеге, пішінге келтіру.
Бірыңғайлаудың мақсаты- əртүрлі өнімдердің, процестердің қажетсіз көп түрлерін негізгі тұтынушыларды қанағаттандыратын санына келтіру.
2. Исикава диаграммасын қолданудың мақсаты және мәні.
Себеп-салдар диаграммасы (Исикова диаграммасы) - Жапонияда өндірістің бірінші желідегі жұмысшылары үшін процесті 4М-нің әрекеттестігі ретінде қабылдайды:
Себеп-салдар диаграммасын графикалық түрде (сур.1.13) келтіруге болады. Бұндай диаграмманы кейбірде «балық сүйегі» деп те атайды.
Сур
Сур. 1.13. Себеп-салдар диаграммасы
1 – себептік факторлардың жүйесі; 2 – материалдар; 3 - өндірістің негізгі факторлары; 4 – оператор; 5 – жабдық; 6 – операциялар тәсілі; 7 – процесс; 8 – себеп; 9 – сапа сипаттамасы; 10 – мәліметтер; 11 – процесс сапамен бақыланады.
Берілген диаграмма, басты їрдіске јр тїрлі факторлардыѕ ыќпалы мен аќпаратты алу їшін, жаєдайды анализдеуге арналєан жаќсы ќўрал болып табылады.
Бўл жерде їрдіске јсер ететін факторларды тауып ќана ќоймай, јсер етудіѕ басымдылыєын аныќтауєа мїмкіншілік туады.
Квалиметрлік анализдіѕ шешіліп жатќан маќсатына сјйкес, «адамдар» деген ќўраласќа – операцияныѕ орындалуыныѕ ыѕєайлылыєы жјне ќауіпсіздігімен байланысты факторларды; «жабдыќ» ќўраласы їшін – берілген операцияны орындаумен байланысты, анализделетін бўйымныѕ элементтерініѕ ґзара ќатынасын; «технология» ќўраласы їшін – орындалып жатќан операцияныѕ ґнімділігі жјне дјлдігімен байланысты факторларды; «материал» деген ќўраласќа – берілген операцияны орындау кезіндегі, бўйымныѕ материалдарыныѕ ќасиеттерінде ґзгерістіѕ жоќтыєымен байланысты факторларды; «технология» ќўраласы їшін – операцияны орындаудыѕ їрдісіндегі ќателерді дўрыс аныќтаумен байланысты факторларды; «орта» ќўраласы їшін – бўйымныѕ ортаєа жјне ортаныѕ бўйымєа деген јсерімен байланысты факторларды аныќтау ќажет.
3. Сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптар.
Өлшеу құралы — өлшеулер кезінде пайдаланылатын және нормаланған метеорологиялық қасиеттері бар техникалық құрал
Сынау аспаптары мен жабдықтардың 7 негізгі тобы бар:
1. Статикалық сынау үшін машиналар;
2. Соққылық жүктемеге сынау машиналары;
3. Жүктеменің ауысуына сынау машиналары;
4. Арнайы сынау түрін жүргізу машиналары;
5. Қаттылықты анықтау үшін аспаптар;
6. Күшті өлшеу үшін аспаптар;
7. Бақылау өлшеу құралдары.
Бүгінгі таңда машиналар, агрегаттар (бір жұмысты атқару үшін біріктірілген бірнеше машина, құрылғылар) және аспаптар жұмыс, температура, қысым, радиация деңгейлері режимдерінің кең диапазонымен, жүктемелер, жылдамдықтар және кәдеге жарату ұзақтығының үздіксіз көбеюімен сипатталатын қиын жағдайда кәдеге жаратылады. Қазіргі заманға сай бұйымдар мен материалдарды жасап шығару кезінде, оларға кәдеге жарату үрдісінде әсер ететін негізгі факторларды айқын елестету керек. Сыртқы әсерлерді модельдеу кезіндегі бұл мәліметтер – жаңа материалдар мен бұйымдарды құрастыру үрдісінде қаншалықты қажет болса, дайын өнім сапасын бағалау барысында да соншалықты қажет. Сынақ техникасының міндеті – сынау жағдайларын кәдеге жаратудың төтенше жағдайларына максимальді жақындату және осы жағдайларда бұйымдар мен материалдардың негізгі қасиеттерінің, функциялары мен сипаттамаларының өзгерісін сандық анықтау болып табылады.
Әсер етуші факторлардың түрлері мен олардың мәндері материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату жағдайларына байланысты стандарттар мен техникалық шарттарда белгіленеді, ал қайта жасалатын өнім үшін – оларды жасаудың техникалық тапсырмаларында.
Сыртқы әсер етуші факторлар (СӘФ) – бұл бұйымды кәдеге жарату кезінде оның жұмыс істеу қабілетін жоғалтуын немесе шектелуін тудыратын немесе тудыруы мүмкін, бұйым немесе оның құрама бөліктеріне қатысты сыртқы үрдістер немесе құбылыстар.
Бұйымға әсер ету сипатына байлынысты барлық СӘФ сыныптарға бөлінеді: механикалық, климаттық және басқа табиғи, биологиялық, радиациялық, электромагниттік өрістердің, арнайы орталардың, термиялық.
Бірінші сынып – механикалық СӘФ – алты топқа ие.
Бірінші топ – уақытта белгілі бір қайталану дәрежесін сипаттайтын қозғалыс тербелісі. Тербелістер түрлі ояту көздеріне ие болуы мүмкін және олар қайталану дәрежелері мен жағдайын ауыстыру жылдамдығы бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Екінші топ – соққы– екі дененің соқтығысуы кезінде, сонымен қатар қатты дененің сұйықтық немесе газбен кейбір әрекеттесуі кезінде пайда болатын құбылыстар жиынтығы. Гидравликалық соққы – сұйық ағынның (жидкая струя) қатты денеге соққысы. Аэродинамикалық соққы – ұшқыш аппараттың қозғалысы кезінде пайда болатын, соққыш толқынның механикалық әсері. Сейсмикалық соққы – жер сілкінісі. Баллистикалық соққы және жарылыс толқыны.
Үшінші топ – үнемі үдеу.
Төртінші топ – механикалық қысым – дене бетінің кез-келген бөлігіне, сол бетке перпендикуляр бағыт бойынша түскен күштердің интенсивтілігін сипаттайтын шама.
Бесінші топ – күш (момент) – денелердің өзара қарым-қатынасының өлшемі ретінде қызмет ететін векторлық шама. Күш бірлігі – Ньютон (Н), Ньютон күші моментінің метрге қатынасының бірлігі (Н•м).
Алтыншы топ – тек сұйық тасқынының ағымы түр-әлпетіне ие, сұйық тасқыны.
Екінші сынып – климаттық және басқа табиғи СӘФ –– құрамында 18 түрі бар 10 топқа ие болып табылады.
Бірінші топ – атмосфералық қысым және басқа газдардың қысымы.
Екінші топ – орта температурасы.
Үшінші топ – ауа мен басқа газдардың ылғалдылығы
Төртінші топ – атмосфералық жауын-шашын.
Бесінші топ – тұман.
Алтыншы топ – шаң (құм)
Жетінші топ – күннен сәулелену.
Сегізінші топ – ауа тасқыны, жел.
Тоғызыншы топ – коррозионды активтілігі бар орта.
Оныншы топ – қарлы-мұзды орта.
Үшінші сынып – биологиялық СӘФ үш топтан тұрады.
Бірінші топ – өсімдіктер (бактериалар, көгерткіш саңырауқұлақтар, таз қотырлар).
Екінші топ – омыртқасыз жануарлар (моллюсктер, губкалар, инелітерілілер)
Үшінші топ – омыртқалы жануарлар (балықтар, жермекенділер, құстар, сүтқоректілер).
Төртінші сынып – радиационды СӘФ, құрамында бір топ бар – иондаушы сәулелену. Ол екі түден тұрады: біріншісі – кванттық (электромагниттік) сәулелену (гамма-сәулелері және рентген сәулелері). Екінші түрі – нейтронды, электронды және протонды.
Бесінші сынып – электромагниттік өрістің СӘФ екі топтан тұрады.
Бірінші топ – электрлі зарядталған бөлшектердің қарыс-қатынасы арқылы жүзеге асырылатын физикалық өрістердің бірі.
Екінші топ – электр тоғы.
Алтыншы сынып – арнайы орталардың СӘФ - өнімге қатысты сыртқы орта.
Сынып төрт топқа ие.
Бірінші топ – қышқылды- және бейтарап.
Екінші топ – майлар мен (мұнай өнімдері негізіндегі және синтетикалық).
Үшінші топ – отын (мұнай өнімдері негізіндегі және ракеталық отын компонеттері).
Төртінші топ – арнайы орталар бес түрге ие. 1 – сынаушы орта, 2 – жұмысшы ертінділер, 3 – жұмысшы дене, 4 – улы заттар, 5 – радиоактивті аэрозольдер.
Жетінші сынып – термиялық СӘФ – құрамында екі топ бар – жылулық соққы және қыздыру.
Механикалық әсерлер статикалық, дірілді және соққы жүктемелер, үдеу, аккустикалық шуді білдіреді. Олар бұйым материалының созылу, қысылу, иілу, бұралу, қиылу, сығылу мен шаршауының салдарынан пайда болған бұзылуды тудырады. Механикалық жүктемелер әсер ететін жағдайларда жұмыс жасауға арналған бұйымдар, осы жүктемелер әсер еткен кезде берік және төзімді болуы қажет.
Механикалық факторлардың әсеріне беріктік – белгіленген нормалар шегінде, механикалық факторлар әсер еткен уақытта бұйымның өз параметрлерін сақтай отырып, өз функцияларын орындау мүмкіндігі.
Көбінесе, бақылануға тиісті негізгі параметрлер, материалдардың механикалық қасиеттерін сипаттайды – беріктікті, икемділікті, қаттылықты, соққылық тұтқырлық пен шыдамдылықты. Металдар мен қоспалардың беріктігін келесі сипаттамалармен бағалайды:
Серпімділіктің физикалық шегі – оған дейін металл қадықты деформациясыз деформацияланатын максимал кернеу.
Серпімділіктің шартты шегі – металда берілген шамадан бұрын қалдық деформациялар пайда болатын максимал кернеу (әдетте 0,05%, 0,005% дейін рұқсат етіледі).
Пропорционалдықтың физикалық шегі – оған дейін металда тура тәуелділік сақталатын кернеулер мен деформацияларға дейінгімаксимал кернеу, яғни кернеу немесе жүктемелердің тең өсімшелеріне металл деформациясының тең өсімшелері жауап бергенде.
Пропорционалдықтың шартты шегі – деформацияның кернеуден сызықты тәуелділігінің ауытқуы одан бұрын берілген шамамен сәйкес келетін максимал кернеу.
Ағудың физикалық шегі – кернеуді көбейтпей-ақ металл пластикалық деформацияланатын максимал кернеу (яғни, «ағады»).
Ағудың шартты шегі – металдың қалдық деформациясы берілген шамадан бұрын жететін максимал кернеу (әдетте 0,2 %).
Беріктік шегі (немесе уақытша кедергі) – үлгіге қосымша қойылған максимал жүктемеге сәйкес келетін кернеу (немесе үлгі щыдай алатын максимал кернеу).
Бұзылуға кедергі (немесе жыртылуға ақиқат кедергі) – ол бұзылып (жыртылып) жатқан мезетте үлгіге әрекет етуші кернеу.
Температура деңгейінің тұрақты тоқтың бірыңғайлық сигналына алдын – ала түрленуінің тіркелуі және қызу параметрінің бақылануы үшін АСКР – ға кіретін аспаптарды қолдануға болады.Бұл аспаптардың кейбір типтері 10 – кестеде көрсетілген. Аспаптарды қалқанша беттік орындалуда шығарады.Кіріс
сигналының өзгеріс шегі:
0 – 1В ( RBX > 20 кОм), 0 – 10В ( RBX > 20 кОм), 0 – 5мА ( RBX ≤ 200 Ом), 0 – 20мА
( RBX = 50 Ом)
Шкала ұзындығы және өріс ені 100мм. Егер материалдарды сынау кезінде үлгінің температуралық режимін үзіліссіз тіркеу керек болмаса, визуалды сынақ үшін меңзерлі қалқаншалы аспаптарды таңдауға болады. Тарпрофильді милиамперметрлер және вольтметрлер сәулелік көрсеткішті ГСП түрлендіргішімен жұмыс істеу үшін арналған.
БИЛЕТ №15
