Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

2. Квалитология және оның құрамдас бөліктері. Квалиметрияның анықтамасы және оның түрлері.

«Квалитология» термині 60-шы жалдардың ортасында пайда болған және ол А.В. Гличев, В.И. Сиськов, А.И. Субеттоның негіз қалаушы жұмыстарының арқасында ғылым саласында қалып қойды. Бұл терминнің астарында объектілер мен процестердің сапасы туралы ғылым жатыр. Сапа саласындағы әр түрлі мәселелердің тәсілдік-әдістемелік шешімдерін қамтамасыз етуге арналған мәселелі-бағытталған ғылыми-тәжірибелік кешен ретіндегі квалитологияны ұйымдастырудың негізгі принципі – үшбірлік принципі: түсінік, принциптер және заңдар жүйелері арқылы өзара байланысқан сапа теориясы, квалимертия және сапаны басқару теориясы.

Квалитология «сапа философиясының» және 21-ғасырдағы сапа мәселесінің қалпын зерделеу мен түсінуге мүмкіндік беретін белгілі бір әдістемелік-дүниетанымдық өрістің құрылуымен тығыз байланысты. Әр түрлі деңгейдегі бағалау, аккредиттеу, аттестаттау, сертификаттау, лицензиялау, аудторлық қамтамасыз ету квалиметриялық және бағалау мәдениеті тұрғысынан шешілуі керек

Квалитология жаңа парадигманың концентраторы және конфигураторы ретінде өзінің даму сатысына ие:

-                    I саты: адамзат тарихының көне уақытынан бастап 19-ғасырдың ортасына дейін. Бұл сатының сипатты белігісіне жатады:

-               материалдық өндіріс сапасын қамтамасыз етудің өндірістік-экономикалық тапсырмасының алғашқы қалпы;

-            сапа мәселесін оның философиялық және экономикалық аспектілерінен түсіндеретін алғашқы теориялық жұмыстар (Ксенофонт, Аристотель, Кант, Гегель және т.б.);

-                    II саты: XIX  ғасыр ортасынан ХX ғасыр ортасына дейін.

Бұл кезең өндірістің дифференциациясының тереңдеуімен, сапа мәселелсіне тұтынушылық құн, еңбек сапасы теориясы, сапаны статистикалық басқару әдістері теориясы, сапаны басқару теориясы, өндірістік өнімнің дайындалу дәлдігі теориясы тұрғысынан қарау жүйесін құрумен және дамытумен байланысты.

-                    III  саты:  XX ғасыр ортасынан қазіргі уақытқа дейін. Бұл кезең сапаны басқарудағы жүйелі рефлексияның дамуымен, сапаны басқару жүйесінің пайда болуымен, ИСО 9000-9003 халықаралық стандарттар серияларында «сапа жүйесі» терминінің пайда болуымен, квалиметрияның және сапа теориясының әртүрлі концепцияларының пайда болуымен сипатталады.

Квалитологияның объектілері адам өміріндегі заттар мен құбылыстардың сапасы болып табылады. Квалитологияның мәні қоғамдық тәжірибемен ассимиляцияланған әлемдегі объектілер мен процестердің сапасы болып есептеледі.

А.В. Гличев алғаш рет сапа туралы ғылымның толық құрылымдық сипаттамасын берді, онда сапа туралы ғылым өнімнің барлық сатыларында оның сапасын қамтамасыз ету механизмдерін қамтитын ғылыми бағыттар мен мәселелердің жүйелері ретінде қарастырылған.

А.И. Субетто сапа туралы ғылымның үшбірлік әдістемелік принципін құрастырды – оның негізгі үш бөлігінің бірлігі:

-                  Сапа теориясының (объекттер мен процестердің сапасын құру және іске асыру заңдары мен принциптері);

- Өлшеу және сапаны бағалау (квалиметрия) теорияларының;

-   Сапаны басқару теориясының (өнімдердің, еңбектің және қызметтің сапасын басқарудың заңдары, принциптері, механизмдері, жүйелері, әдістемелері және технологиясы).

Квалитологияның негізгі үш бөлігінің өзара байланысы 1-суретте көрсетілген. Сапа теориясы (СТ) квалиметрияға кіріс ретінде қызмет етеді, квалитология триадасын бекітетін сапаны басқару теориясының негізі болып табылады.

    

 Рис. 1.1. Триада квалитологии

 Үшбірлік принципі қамтамасыз етіледі:

-  Түсініктік-категориялық аппараттың бірлігімен;

-  Өзара байланысты принциптер мен классификациялардың біркелкі жүйесімен;  

-  СТ, КВ және СБ заңдарының өзара байланыстылығымен.

Осылайша, үшбірліктің арқасында көрсетілген үш теорияны түсінудегі көмескілік алынып тасталады, ал квалитология зерттеу объектісі сапа болып табылатын пәннің интеграторы ретінде қалады.

Квалитологияның құрылымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]