
- •1 Билет
- •1. Стандарттаудың анықтамасы. Стандарттаудың мақсаты және объектілері
- •2. Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің мақсаты және мәселелері
- •3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оны бекіту тәртібі
- •2 Билет
- •1. Стандарттау саласындағы исо мақсаттары мен мәселелері
- •2. Стандарттаудың функцияларын және принциптерін атап өтіңіз
- •3. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
- •3 Билет
- •1. Метрологияның заңнамалық және нормативтік базасы
- •2. Квалитология және оның құрамдас бөліктері. Квалиметрияның анықтамасы және оның түрлері.
- •3. Сертификаттауда қолданылатын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттап беріңіз
- •1. Сапаны басқарудың мақсаттары. Басшылықтың жауапкершілігі.
- •2. Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын(орталықтарын) аккредиттеу.
- •3. «Эталон» туралы түсінік. Эталондардың жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі мақсаттары.
- •2. Сапа жүйесінің даму тарихы.
- •3. Қр Мемлекеттік өлшеу жүйесінің(қр мөж) құрылымы және объектілері.
- •1. Өлшеуді жүргізу әдістемесін(өжә) жасау ережесі және тәртібі.
- •2. _Метрологияның бөлімдері және олардың функциялары.
- •3. Сапа саласындағы саясат қандай принциптерге негізделіп құрылады.
- •1. Мемлекеттік Техникалық Реттеу жүйесінің құрылымы және атқаратын функциялары.
- •2. Сапаны жоспарлау және басқару сатылары.
- •1. Өлшеу құралдары(өқ) дегеніміз не және ?? жіктелуі.
- •2. Ұйым стандартын өңдеу тәртібі.
- •3. Қр сертификаттаудың негізгі мәселері қандай.
- •1. Өнім сапасының дәрежесін квалиметриялық бағалау.
- •2. Машина жасаудағы параметрлік стандарттаудың мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Өнімді өлшеу, сынау және бақылаудың негізгі мәселелері.
- •Сертификаттау, стандарттау және аккредиттеу бойынша сарапшы аудиторларға қойылатын талаптар.
- •2. «Сапа тұзағының» құрамдық элементтері.
- •3. Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау принциптері.
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.
- •2. Өнімнің сәйкестігін растау бойынша қандай іс-шаралар іске асады.
- •3. Тейлордың сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызы немен ерекшеленеді.
- •Сертификаттау бойынша құзіретті органның негізгі функциялары.
- •2. Өнімді сәйкестендірілуі (идентификаттаудың) маңызы және мәселелері.
- •3. Өлшегіш түрлендіргіштер және олардың тағайындалуы.
- •1. Өқ типтерін Мемлекеттік сынау және бекіту.
- •1. Өнімді стандарттау және унификаттау дәрежесін анықтау.
- •2. Исикава диаграммасын қолданудың мақсаты және мәні.
- •3. Сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Стандарттаудың экономикалық және әлеументтік тиімділігі.
- •2. Сынау жабдықтарын аттестаттау.
- •3. Квалиметриялық бағалау сатылары.
- •1. Өнімді, қызметті сертификаттау бойынша жїргізілетін жұмыстардың реті.
- •2. Ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі. Түзетуші іс-әрекеттер.
- •3. Стандарттау объектісінің қолдану түріне байланысты стандарттар түрлері.
- •Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының(хзмұ-мозм)негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •Қр қолданылатын салалық стандарттардың сипаттамалары.
- •3. Сертификаттаудың түрлері және пішіндері. Сертификаттауға қатысушылар.
- •2. Исикава диаграммасы не үшін қажет. Мысал келтіріңіз.
- •3. Өлшем біріңғайлығын қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (қр мөж) негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Мемлекеттік баќылау жјне тексерудіѕ функциялары. Нормабаќылаудыѕ мјселелері.
- •9.2 Кесте
- •Қр Халықаралық стандарттар жүйесінің мақсаттары мен бағыттары.
- •3. Өқ салыстыру, калибрлеу және метрологиялық аттестаттау. Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •1. Стандарттаудың әдістемелік және теориялық негізі.
- •2. Сапа көрсеткіштерінің номенклатураларының анықтамалары.
- •3. Өткізу әдістеріне бойынша сынаудың жіктелуі.
- •1. Демингтің 14 принципі.
- •2. Қызметті сертификаттау сұлбалары.
- •3. Созуға сынау. Сынау әдістемесі.
- •2 Ґлшеудіѕ дјлдік класы жјне ґќ ќателіктерініѕ тїрлері.
- •3 Мемлекеттік стандарттарды ґѕдеу сатылары.
- •Стандарттау объектілерінің жіктелуі каталогталуы және кодталуы туралы түсінік
- •Tqm принциптері және оны қолдану
- •2. Сәйкестік сертификатын қолдануды тоқтату немесе жою қандай жағдайларда іске асады
- •3 Машина жасаудағы стандарттың рөлі. Алға ұмтылу стандарттау туралы түсінік.
- •1. Қр Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы. Сапа тұзағы
- •Өқ түрлері және өқ метрологиялық қасиеттреі, қр өлшеу объектілері түрлері бойынша өқ жіктелуі.
- •3. Қр стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың негізгі категориялары.
3. Өқ салыстыру, калибрлеу және метрологиялық аттестаттау. Өлшеу құралдарын калибрлеу.
Сенімдеуге жатпайтын өлшеу құралдары өндірістен, жөндеуден шыққанда, импорт бойнынша келгенде, өндірушілермен немесе осы өлшеу құрал тұтынушымен анықталатын қатарды іске қосу кезінде калибрленеді.
ҚР-ң өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік жүйенің бір бөлігі блып табылады.Калибрлеу жүйесі – өлшеу тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған және ұйымдарға орнатылған талаптар жүйесі және өлшеу құралдарын калибрлеу жүргізу негізінде жүзеге асатын калибрлеу жұмыстарының және қызмет субъектілерінің жиынтығы.ҚР-ң калибрлеу жүйесіндегі негізгі қызметтер:
Калибрлеу облысында заңды тұлғалардың біліктілігін бағалау мақсатында олардың метрологиялық қызметін аккредиттеу;
•Өлшеу құралдарын калибрлеу;
•Калибрлеу зертханасы қызметін бақылау;
•ҚР калибрлеу жүйесінің ережелері мен негізгі принциптерін орнату.
Өлшеу құралдарын калибрлеу - шынайы метрологиялық сипаттамасын орнату немесе мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдарының жарамдылығын орнату мақсатында берілген өлшеу құралдарының көмегімен алынған шамалардың мәндері мен эталон көмегімен анықталған шамалардың сәйкес мәндері арасындағы қатынас орнататын іс-әрекеттер жиынтығы.Калибрлеуді кім жүргізеді?Өлшеу құралдарын калибрлеуге, орнатылған тәртіппен аккредиттелген, заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет бөлімшелерінің құқы бар.Аккредиттелу ерікті түрде жүргізіледі.Калибрлеу зертханаларының заңды тұлғалық статусы немесе заңды тұлғалық бөлімшесі болуы қажет және де келесі талаптарға жауап беруі қажет:• Өлшеу құралдарын калибрлеу кезінде өзіндік шешім қабылдауға сәйкес құқы болуы қажет;• Сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін метрологиялық қызметі болуы қажет;• Калибрлеу шартына сәйкес ғимарат болуы қажет;• ӨҚ-н калибрлеу үшін қажетті сәйкес техникалық база болуы қажет;• Ұйымды және калибрлеу жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативті құжаттары болуы қажет;• Калибрлеу жұмысы сапасының құжатталаған жүйесі болуы қажет.Калибрлеу зертханасында калибрлеуді кім және қалай жүргізеді?Калибрлеу зертханасында ӨҚ-н калибрлеуді профессиональды дайындығы және мамандығы бар, яғни сәйкес курстарды бітіргені туралы растайтын құжаттамалары бар тұлғалар жүргізеді.ӨҚ-н калибрлеу шама бірліктерінің мемлекеттік эталонына бағынатын калибрлеу құралдарын қолдана отырып калибрлеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.Калибрлеу әдістемесін кім дайындайды?Калибрлеу әдістемесін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі – өндірушілер, ӨҚ-ң иегерлері немесе қолданушылар, немесе олардың тапсырысы бойынша басқа заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі дайындайды.Әдістемелер міндетті түрде тапсырушылармен келісіледі.Калибрлеу әдістемесін дайындаудан бұрын ӨҚ сенімдеу бойынша сәйкес нормативті құжаттарды қолдануға рұқсат етіледі.ӨҚ-н калибрлеу аралық интервалын ӨҚ-н іске қосу кезінде тұтынушының өзі орнатады.Қажет болған жағдайда калибрлеу нәтижесі бойынша калибрлеу хаттамасырәсімделеді.Калибрлеу нәтижесі бойынша ӨҚ-н қолдануға жарамды болса, онда оған калибрлеу белгісіқойылады немессе калибрлеу туралы сертификатрәсімделеді.Заңды немесе жеке тұлға жақтан калибрленген ӨҚ-на калибрлеу сертификатын рәсімдеу міндетті.Заңды немесе жеке тұлға жақтан калибрлеуге ұсынылған ӨҚ-н жарамсыздығын орнатқан жағдайда тапсырушыға міндетті түрде калибрлеу зертханасының басшысы мен орныдаушыларының қолы бар калибрлеу хаттамасы беріледі.Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшемқұралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:
− автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;
− республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;
− осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшемқұралдарының жеке даналары;
− сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады.
Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадайқұжаттар жинағымен ұсынылады:
− өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш;
− өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалықшарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса);
− пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);
− өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасыныңжобасы;
− өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде);
− әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.
Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынады:
− жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);
− метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардыңтізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеуіш каналдың құраушы элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар.
Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексерушіқондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.
Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеруәдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялықаттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеруәдістемесін келісім шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауғаұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.
БИЛЕТ №23
1. Физикалық шамалар бірліктері. Үлгілік және жұмыс ӨҚ. Физикалық шама деп көптеген физикалық объекттер үшін сапалың тұрғыда ортаң болатын және сандық мәнде ерекшеленетін физикалық объект (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі аталады. Осылайша, «қаттылық» қасиеті сапалық тұрғыда болат, ағаш, шыны сияқты материалды сипаттайды, ал қаттылық дәрежесі (сандық мәні) - олардың әрқайсысы үшін әр түрлі шама. Физикалық шамаларды өлшенетін және бағаланатын деп бөлуге болады.
•Бағаланатын физикалық шамаларды сандық түрде белгіленген өлшем бірліктерінің (масса, күш, кернеу және т.б.) белгілі бір саны түрінде өрнектеуге болады.
•Өлшенетін физикалық шамалар - белгілі бір себептермен өлшем бірлігі белгіленбейтін шамалар, сол себептен олар тек бағалануы мүмкін (өнім сапасы, баға және т.б.)
Құбылыс түрлері бойынша олардың түрлері:
•Энергетикалық (белсенді, активті), яғни энергияның түрлену, берілу және пайдалану үдерістерінің энергетикалық сипаттамаларын суреттейтін шамалар; оларға ток, кернеу, қуат,энергия, заряд жатады, олар қосымша энергия көздерін пайдаланбай өлшенетін ақпарат белгісіне түрленуі мүмкін.
•Заттық (пассивті), яғни заттардың, материалдардың және олардан жасалатын бұйымдардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін сипаттайтын шамалар;радиотехникалық шамалардың ішінен - электрлік кедергі, сыйымдылық, индуктивтілік және т.б; оларға өлшеуіш аңпарат белгілерін қалыптастыратын қосымша энергия кезі қажет; мұнда пассивті физикалық шамалар өлшенетін активті шамаларға түрленеді.
•Уақыттық процестерді сипаттайтын, бұл топқа түрлі спектальді және поляризациялық сипаттамалар, корреляциялық функциялар және т.б. жатады.
Құбылыстар мен үдерістердің түрлі топтарына қатыстылығы бойынша физикалық шамалар бөлінеді:
•Кеңістіктік-уақыттық
•Механикалық, жылулық
•Электрлік, магниттік, акустикалық
•Физикалық-химиялық
•Иондағыш сәулеленудің, жарықтық
•Атомдық жөне ядерлік физиканың.
Басқа шамалардан шартты тәуелсіздігі дәрежесіне байланысты физикалық шамалар жіктеледі:
•Негізгі
•Туынды
•Қосымша
Бұл белгі бойынша жіктелу туралы төменде толығырақ қарастырылған. Өлшемдерінің болуы бойынша физикалық шамалар бөлінеді:
•Өлшемі бар
•Өлшемі жоқ
Өлшемдердің объектісі негізгі және туындыға бөлуге болатын физикалық шамалар болып табылады.
Негізгі шамалар бір-бірінё тәуелді емес, бірақ олар туынды деп аталатын басқа физикалық шамалармен байланысты орнату үшін негіз ретінде қызмет етеді. Эйнштейн формуласындағынегізгі бірлік - масса, ал энергия - бұл туынды бірлік, олардың арасындағы тәуелділікті белгілі формула анықтайды.
Негізгі шамаларға өлшемдердің негізгі бірліктері сөйкес келеді, ал туынды шамаларға - өлшемдердің туынды бірліктері.
Негізгі жөне туынды бірліктердің жиынтығы физикалық шамалардың бірліктер жүйесі деп аталады. Бірліктердің бірінші жүйесі болып метрлік жүйе саналады, мұнда ұзындықтыңнегізгі бірлігі болып метр қабылданған, салмақ бірлігі ретінде - +4°С температурадағы химиялық таза судың 1 см3 салмағы - грамм алынған. 1799 жылы метр мен килограмның алғашқы үлгісі (эталоны) жасалған. Бұл екі бірліктерден басқа метрлік жүйеге өзінің бастапқы нұсқасында аудан (ар - қабырғасы 10 м квадрат ауданы), көлем (стер - бүйірі 10 м-ге тең кубтың көлемі), сыйымдылық (литр - бүйірі 0,1 м-ге тең кубтың көлемі) бірліктері енген.
Осылайша, метрлік жүйеде негізгі және туынды бірліктерге нақты бөлу болған жөң.
Бірлік жүйесі түсінігін негізгі және туындының жиынтығы ретінде ең алғаш рет 1832 жылы неміс ғалымы К.Ф. Гаусс ұсынған. Бұл жүйеде негізгі ретінде мыналар қабылданды:
•ұзындық бірлігі - миллиметр
•масса бірлігі - миллиграмм
•уақыт бірлігі - секунд
Бірліктердің бұл жүйесі абсолютті деп аталды.
1881 жылы СГС физикалық шамалардың бірліктер жүйесі қабылданған, оның негізгі бірліктері:
•сантиметр - ұзындық бірлігі
•грамм - масса бірлігі
•секунд - уақыт бірлігі
Жүйенің туынды бірліктері: күш бірлігі - килограмм - күш және жұмыс бірлігі - эрг. СГС жүйесін тәжірибеде қолдану қолайсыз болды. Өйткені көптеген бірліктердің арақатынасын анықтау және басқа жүйелерге қайта санау қиындық тудырды.
2. ҚР Мемлекеттік жіктеуіштерді өңдеудің тәртібі. Техникалық-экономикалық ақпараттың Мемлекеттік жіктеуіштері(ТЭА МЖ) Қазақстан республикасының мемлекеттік стандартына теңестіріледі. ТЭА МЖ мына жағдайларда жасалады :
- халық шаруашылығындағы басқару деректерінің және әртүрлі салалардағы салыстыруды қамтамасыз ету (салааралық қолдану);
- мемлекеттік сыныптауыштары ақпараттық байланысы және олармен техникалық байланыс енгізуді қамтамасыздандыру;
- ТЭА МЖ жасау жұмысы және енгізуге дайындық мына кезеңдерден тұрады:
- жіктеуіштерді жасауды ұйымдастыру;
- жіктеуіштерді жасауды әдістемесін құру және бекіту.
- жіктеуіштердің бірінші редакция жобасын жасау;
- жіктеуіштердің соңғы редакция жобасын бекіту;
- жіктеуіштердің басылымы;
- жіктеуіштерді енгізуді ұйымдастыру.
Жіктеуіштерді жасауды ұйымдастыру кезінде зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады, халықаралық, мемлекетаралық және басқа елдердің ұлтық сыныптауыштарын үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында зерттеу және салыстыру.
Жіктеуіштер әзірлеудің негізі:
- Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілерінің өзгеруі;
- осы жіктеуіштерге базалық болып табылатын халықаралық, мемлекет аралық, мемлекеттік жіктеуіштерге өзгерістер мен толықтырулар;
- халықаралық жіктеуіштер мен стандарттар енгізу;
- Агенттіктің стратегиялық, операциялық жоспарларын және құрылымдық бөлімшелердің ағымдағы жоспарларын іске асыру болып табылады.
3. Өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын негізгі бақылау түрлері. Қабылдап алу бақылау түрлері. Бақылаудың ерекше түрі дайын өнімді сынау болып табылады. Сынау бұл – бір немесе бірнеше өнім сипаттамасын физикалық, химиялық, табиғи немесе эксплуатациялық факторлар мен шарттардың әсерінен зерттеу немесе анықтау.
- Мақсаттарына байланысты сынаудың келесідей негізгі түрлері бар:
- алдын – ала;
- қабылдағыш;
- қабылдап- өткізгіш;
- кезеңдік;
- типтік;
Берілген өнім түрінің техникалық шарттарына сәйкестігін тексеруде қабылдап өткізгіш, кезеңдік және сертификациялық сынақтар жүргізіледі.
Қабылдап -өткізу сынақтарын өнімді тапсырыс берушіге жеткізу мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында кәсіпорынның техникалық бақылау бөлімі жүргізіледі. Қабылдап - өткізу сынақтарына барлық көрсеткіштері техникалық шарттар сәйкестігіне әрбір өнім тобы сынауға жіберіледі. Топ болып бір құжатпен дайындалып, бір технологиялық циклда алынған қабырғалық бетон тасының кез – келген саны аталады. Сертификациялық сынау – бұйымның нақты сипаттамасының НТҚ талаптарына сәйкестігін нақтылау, растау бағытындағы іс-әрекет жүйесінің элементі. Сертификациялық сынауды өткізуші мен тұтынушыға тәуелсіз сынау орталықтары жүргізеді. Сынау қорытындысы бойынша өнімнің НТҚ талаптарына сәйкестігіне байланысты сәйкестік белгісі немесе сертификат беріледі. Сертификаттау сынау қорытындысын жеткізуші мен тұтынушының өзара мойындауына ықпал етеді. Қабылдамалық–өткізу сынауларын өнімді қолдануға немесе пайдалануға жарамдылығы жөнінде шешім қабылдаған кезде жүргізеді. Дайындалған өнімнің әр бірлігін немесе партияның таңдамасы сыналады.
БИЛЕТ №24
1. Өнім стандарттарының түрлері және оның құрамдас элементтері. Стандарттау объектісінің ерекшелігі мен қойылатын талаптарға байланысты келесідей стандарттар түрлері бар:
1) негізгеалушы стандарттар;
2) өнім мен қызмет стандарттары;
3) бақылау әдістерінің стандарттары;
4) процестер(жұмыстар) стандарттары.
Негізгеалушы стандарттар белгілі бір салаға қатысты жалпы ұйымдастыру - әдістемелік ережелерін, өнім өндіру және пайдалану үрдісіндегі ғылымның, техниканың және өндірістің әр саласын өзара байланыстыру және техникалық бірлікті қамтамасыз ететін жалпытехникалық талаптар, нормалар мен ережелерді бекітеді.
Негізгеалушы стандарттар мыналарға бөлінеді:
а) ұйымдастыру-әдістемелік белгілі нақтылы саладағы жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастыру – техникалық ережелерін бекітеді.
б) жалпытехникалық мыналарды бекітеді:
● көпқайтара қолданылатын ғылыми – техникалық терминдер;
● әртүрлі стандарттау объектілерінің шартты белгілері-кодтар, таңбалар, символдар;
● әртүрлі құжаттардың құрылуына,баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар;
● сапа көрсеткішінің номенклатурасы;
● жалпытехникалық өлшемдер, талаптар мен нормалар;
● техникалық эстетика мен эргономика талаптары;
● қауіпсіздік талаптары.
Өнім мен қызмет стандарттары біртекті өнім(қызмет) топтарының немесе нақтылы өнім(қызмет) талаптарын қарастырады.
Өнім(қызмет) стандарттары келесі түрлерге бөлінеді:
а) жалпы техникалық шарттар стандарттары;
б) техникалық шарттар стандарттары;
в) жалпы техникалық талаптар стандарттары;
г) техникалық талаптар стандарттары.
2. ИСО 9000 сериялы стандарттары сапа жүйесі бойынша қанша құжаттар дәрежесін талап етеді. Сапаны басқару халықаралыќ тәжірибесі ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар пакетінде негізделген, ол 1987 ж наурызда стандартизация бойынша халықаралыќ ұжыммен ќабылданды және периодты түрде жаңарады. 1994 ж Осы сериядағы стандарттардың екінші басылымы шыќты, 2000 ж Бўл стандарттардыѕ үшінші басылымы шыќты.
ИСО 9000 сериясындаєы стандарттар талаптар жиынын ќўрайды, олар јр тїрлі дјрежеде барлыќ ґнеркјсіптерде орындалады (контракт анализі, ќўжаттаманы жїргізу, шыєарылатын ґнімді баќылау). Бўл жўмыстар жїйелі тїрде емес, бґлім ретінде ґткізіледі. Стандарттар бўл жўмыстардыѕ жїйелі тїрде ґткізілуін, ќўжаттандырылєан їрдістер негізінде нјтижелердіѕ бекітілуін талап етеді.
Бўл стандарттардыѕ ерекшелігі еркіндік болып табылады, дайындаушы ИСО 9000 бойынша сапа жїйелік ќўру немесе ќўрмауды ґзі біледі, біраќ мўндай шешім ќабылданєаннан кейін стандарттыѕ талаптарын орындауєа міндетті. Егер тиімді тапсырыс болса, контракт ќўру талабы сертификатталєан сапа жїйесі бар болса, жиі ґнеркјсіп басќарушысы сапа жїйесін тапсырыс беруші талабымен енгізеді. Ал сертификаттау бір нјрсеге сјйкестендіру бойынша жїргізіледі. ИСО 9000 сериясындаєы стандарттар ґнеркјсіптіѕ жеке жўмыс сферасынан. Бўл стандарттардыѕ маѕыздылыєы олардыѕ јмбебаптылыєы, яєни жўмыстыѕ шектеусіз барлыќ тїрінде ќолданылуы. ИСО 9000 стандарттарында минималды талаптар ќойылєан, ґнеркјсіптіѕ кґрсететін ќызметтері немесе ґндіретін ґнімдеріне ќарамастан ўжым сапаны ќамсыздандыру талаптарына сјйкес болу керек. Егер сапаны басќару жїйесі кґрсетілген стандарттар талаптарына сјйкес келсе, онда ол ґнеркјсіптіѕ кґрсететін ќызметтерініѕ немесе шыєарылатын ґнімдерініѕ сапасы талаптарєа сай екенініѕ наќты дјлелі болып табылады.
ИСО 9000 стандарттарыныѕ ерекшелігі сапа жґнінен ўжым басшылыєыныѕ жауапкершілік дјрежесі болып табылады. Ўжым басшылыєы сапа жаєынан саясаттыѕ жїргізілуіне, сапаны басќару жїйесініѕ жўмыс істеуіне, енгізілуіне, ќўрылуына жауап береді жјне осыныѕ бјрі ќўжаттарда наќты хатталуы керек. Басшылыќ міндеттеріне кіреді: мамандарды таѕдау жјне ґнімді, ґлшеуіш, баќылауын, сынау жабдыќтар їшін ќажетті ресурстардыѕ бґлінуі, сонымен ќатар аќпараттыќ ќамту їшін компьютерлік техника. Сонымен ќатар осыныѕ бјрі ќўжаттарда наќып хатталуы керек.
Басшылыќ біліктіліктіѕ керекті деѕгейін орнату керек жјне мамандардыѕ уаќытылы мамандыєын жоєарлатуды баќылау керек.
-халыќаралыќ ИСО 9000 стандарттары Ќазаќстанда СТ РК ИСО 9000-2001 жеке стандарттары ретінде барлыќ жерде енгізілуде.
Їшінші басылымда стандарттар санын едјуір азайтты.
ИСО 9001: 2000 Сапа менеджменті жїйесі – Талаптар.
ИСО 9004: 2000 Сапа менеджменті жїйесі – жўмысты жаќсарту їшін ўсыныстар. Осы екі стандарт сапа менеджменті жїйесін енгізу жјне жетілдіру їшін негізгі болып табылады.
ИСО 9000: 2000 Сапа менеджменті жїйелері – Негізгі жайлары жјне сґздік.
ИСО 10011: 2000 Сапа жїйесініѕ ќўжаттарыныѕ ќўрылымы.
Сапа менеджмент жїйесініѕ ќўжатнамасына мыналар кіреді:
1. Сапа облысындаєы маќсат пен саясат туралы арыз.Ґндірістіѕ сапа аумаєындаєы ќызметі жјне жалпы баєытттары жјне ол жоєарыда негіз ретінде енгізілген. Ереже бойынша ол келесі аумаќтарда ќолданылады.
- жаѕа техника мен технология,
- ґнімді жаѕарту немесе жаѕа ґнім ,
- тўтынушыны ќанаєаттандыру жјне нарыќты жаулап алу,
- јлеуметтік сўраќтар жјне ќызметкерлердіѕ канаєаттануы,
- жабдыќтаушылар, ќалдыќтарыдыѕ тґмендеуі, ресурстардыѕ экономикасы.
3. Дифференциалды және интегралды көрсеткіштері көмегімен өнімнің сапа деңгейін бағалау.
БИЛЕТ№25