Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

3. Стандарттау объектісінің қолдану түріне байланысты стандарттар түрлері.

Стандарттау объектісінің ерекшелігі мен қойылатын талаптарға байланысты келесідей стандарттар түрлері бар:

1) негізгеалушы стандарттар;

2) өнім мен қызмет стандарттары;

3) бақылау әдістерінің стандарттары;

4) процестер(жұмыстар) стандарттары.

Негізгеалушы стандарттар белгілі бір салаға қатысты жалпы ұйымдастыру - әдістемелік ережелерін, өнім өндіру және пайдалану үрдісіндегі ғылымның, техниканың және өндірістің әр саласын өзара байланыстыру және техникалық бірлікті қамтамасыз ететін жалпытехникалық талаптар, нормалар мен ережелерді бекітеді.

Негізгеалушы стандарттар мыналарға бөлінеді:

а) ұйымдастыру-әдістемелік белгілі нақтылы саладағы жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастыру – техникалық ережелерін бекітеді.

б) жалпытехникалық мыналарды бекітеді:

● көпқайтара қолданылатын ғылыми – техникалық терминдер;

● әртүрлі стандарттау объектілерінің шартты белгілері-кодтар, таңбалар, символдар;

● әртүрлі құжаттардың құрылуына,баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар;

● сапа көрсеткішінің номенклатурасы;

● жалпытехникалық өлшемдер, талаптар мен нормалар;

● техникалық эстетика мен эргономика талаптары;

● қауіпсіздік талаптары.

Өнім мен қызмет стандарттары біртекті өнім(қызмет) топтарының немесе нақтылы өнім(қызмет) талаптарын қарастырады.

Өнім(қызмет) стандарттары келесі түрлерге бөлінеді:

а) жалпы техникалық шарттар стандарттары;

б) техникалық шарттар стандарттары;

в) жалпы техникалық талаптар стандарттары;

г) техникалық талаптар стандарттары.

Бақылау әдістері стандарттары өнімді дайындау, сертификаттау,пайдалану кезеңдерінде оны сынау, өлшеу, зерттеу әдістерін(таңдау, қабылдау, әдістеме) бекітеді.

Процесстер(жұмыстар) стандарттары өнімнің тіршілік циклындағы жеке кезеңдеріндегі әр түрлі жұмыстарды орындау әдістерін(тәлілін, жолын, режимін, нормасын) бекітеді.

Стандарттардың құрылуына қойылатын талаптар

Стандарттарда келесі құрылымдық элементтер бар:

- титул парағы ;

- алғы сөз ;

- мазмұны ;

- кіріспе ;

- атауы;

- қолдану саласы ;

-нормативтік сілтемелер ;

- анықтамалар ;

- белгілер мен қысқартулар ;

- талаптар;

- қосымшалар ;

- библиографиялық деректер .

Стандартталын обьектілердің ерекшелігіне байланысты стандартқа кіретін құрылымдық элементтер “ Титул парағы” , “ Алғы сөз”, “Атауы”, “ Қолдану саласы”, “ Талаптар” обьектілерін қоспағында, қажет болған кезде келтіріледі.

БИЛЕТ№17

  1. Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының(хзмұ-мозм)негізгі мақсаттары мен мәселелері.

Халықаралық Заңнамалық Метрология Ұйымы (ХЗМҰ) 24 ел ХЗМҰ құрылтай құжаты Конвенциясына қол қойған кезде 1955 жылы 12 қазанда Парижде құрылды. Бүгінгі таңда ХЗМҰ құрамында толық құқылы мүше 58 ел және корреспондент-мүше 56 ел бар.  Негізгі міндеттері мен қызметінің бағыты, құрылымы ХЗМҰ қызметінің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ет усаласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға және өлшем құралдарын қолдануға байланысты туындаған техникалық және әкімшілік проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Негізгі міндеттері: - заңнамалық метрологияның жалпы принциптерін анықтау;  - бірыңғайлау мақсатында заңнамалық метрологияның халықаралық елеулі мәселелерін зерделеу; - мүше-елдерді тану үшін және халықаралық практикада қолдану үшін қажетті сипаттамаларды және өлшеу құралдарына қойылатын талаптарды айқындау; -өлшеу құралдарын қолдануға және бақылауға байланысты типтік заңдар мен ережелерді әзірлеу; -толық түсіну үшін қажетті түсініктемелермен түрлі мемлекеттерде қолданыстағы өлшем құралдары мен оларды қолдану туралы нормативтік құжаттарды аудару және басып шығару. ХЗМҰ құрылымына:  - Халықаралық Заңнамалық Метрология конференциясы, - Халықаралық Заңнамалық Метрология жөніндегі комитет  (ХЗМК), - Халықаралық Заңнамалық Метрология Бюросы (ХЗМБ) – ХЗМҰ жұмыстық органы, (Париж қ., Франция). Қазақстан Республикасының қатысуы Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ХЗМҰ толық құқылы мүшесі болып табылады (Министрлер Кабинетінің «Халықаралық Заңнамалық метрология жөніндегі ұйымға кіру туралы» 1994 жылғы 19 сәуірдегі қаулысы). Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасы атынан ХЗМҰ комитетінің мүшесі болып табылады. ХЗМҰ мүшелік мынадай мүмкіндік береді: -шешім қабылдау кезінде дауыс құқығымен Халықаралық заңнамалық метрологияның конференциясына және ХЗМК отырысына қатысу; - ХЗМК халықаралық ұсыныс жобаларын, құжаттарды және басқа да жарияланымдар түрлерін  қарастыру, өзінің ұсыныстары мен ескертпелерін беру, ХЗМҰ МР және МД қабылдау, өзгерістер енгізу немесе жою бойынша дауыс беру; -ХЗМҰ халықаралық жарияланымдарын метрология жөніндегі ұлттық нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіру үшін негіз ретінде пайдалану; -осы ұйым аясында өткізілетін семинарларға, жобалар мен зерттеулерге қатысу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]