
- •1 Билет
- •1. Стандарттаудың анықтамасы. Стандарттаудың мақсаты және объектілері
- •2. Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің мақсаты және мәселелері
- •3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оны бекіту тәртібі
- •2 Билет
- •1. Стандарттау саласындағы исо мақсаттары мен мәселелері
- •2. Стандарттаудың функцияларын және принциптерін атап өтіңіз
- •3. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
- •3 Билет
- •1. Метрологияның заңнамалық және нормативтік базасы
- •2. Квалитология және оның құрамдас бөліктері. Квалиметрияның анықтамасы және оның түрлері.
- •3. Сертификаттауда қолданылатын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттап беріңіз
- •1. Сапаны басқарудың мақсаттары. Басшылықтың жауапкершілігі.
- •2. Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын(орталықтарын) аккредиттеу.
- •3. «Эталон» туралы түсінік. Эталондардың жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі мақсаттары.
- •2. Сапа жүйесінің даму тарихы.
- •3. Қр Мемлекеттік өлшеу жүйесінің(қр мөж) құрылымы және объектілері.
- •1. Өлшеуді жүргізу әдістемесін(өжә) жасау ережесі және тәртібі.
- •2. _Метрологияның бөлімдері және олардың функциялары.
- •3. Сапа саласындағы саясат қандай принциптерге негізделіп құрылады.
- •1. Мемлекеттік Техникалық Реттеу жүйесінің құрылымы және атқаратын функциялары.
- •2. Сапаны жоспарлау және басқару сатылары.
- •1. Өлшеу құралдары(өқ) дегеніміз не және ?? жіктелуі.
- •2. Ұйым стандартын өңдеу тәртібі.
- •3. Қр сертификаттаудың негізгі мәселері қандай.
- •1. Өнім сапасының дәрежесін квалиметриялық бағалау.
- •2. Машина жасаудағы параметрлік стандарттаудың мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Өнімді өлшеу, сынау және бақылаудың негізгі мәселелері.
- •Сертификаттау, стандарттау және аккредиттеу бойынша сарапшы аудиторларға қойылатын талаптар.
- •2. «Сапа тұзағының» құрамдық элементтері.
- •3. Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау принциптері.
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.
- •2. Өнімнің сәйкестігін растау бойынша қандай іс-шаралар іске асады.
- •3. Тейлордың сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызы немен ерекшеленеді.
- •Сертификаттау бойынша құзіретті органның негізгі функциялары.
- •2. Өнімді сәйкестендірілуі (идентификаттаудың) маңызы және мәселелері.
- •3. Өлшегіш түрлендіргіштер және олардың тағайындалуы.
- •1. Өқ типтерін Мемлекеттік сынау және бекіту.
- •1. Өнімді стандарттау және унификаттау дәрежесін анықтау.
- •2. Исикава диаграммасын қолданудың мақсаты және мәні.
- •3. Сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Стандарттаудың экономикалық және әлеументтік тиімділігі.
- •2. Сынау жабдықтарын аттестаттау.
- •3. Квалиметриялық бағалау сатылары.
- •1. Өнімді, қызметті сертификаттау бойынша жїргізілетін жұмыстардың реті.
- •2. Ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі. Түзетуші іс-әрекеттер.
- •3. Стандарттау объектісінің қолдану түріне байланысты стандарттар түрлері.
- •Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының(хзмұ-мозм)негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •Қр қолданылатын салалық стандарттардың сипаттамалары.
- •3. Сертификаттаудың түрлері және пішіндері. Сертификаттауға қатысушылар.
- •2. Исикава диаграммасы не үшін қажет. Мысал келтіріңіз.
- •3. Өлшем біріңғайлығын қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (қр мөж) негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Мемлекеттік баќылау жјне тексерудіѕ функциялары. Нормабаќылаудыѕ мјселелері.
- •9.2 Кесте
- •Қр Халықаралық стандарттар жүйесінің мақсаттары мен бағыттары.
- •3. Өқ салыстыру, калибрлеу және метрологиялық аттестаттау. Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •1. Стандарттаудың әдістемелік және теориялық негізі.
- •2. Сапа көрсеткіштерінің номенклатураларының анықтамалары.
- •3. Өткізу әдістеріне бойынша сынаудың жіктелуі.
- •1. Демингтің 14 принципі.
- •2. Қызметті сертификаттау сұлбалары.
- •3. Созуға сынау. Сынау әдістемесі.
- •2 Ґлшеудіѕ дјлдік класы жјне ґќ ќателіктерініѕ тїрлері.
- •3 Мемлекеттік стандарттарды ґѕдеу сатылары.
- •Стандарттау объектілерінің жіктелуі каталогталуы және кодталуы туралы түсінік
- •Tqm принциптері және оны қолдану
- •2. Сәйкестік сертификатын қолдануды тоқтату немесе жою қандай жағдайларда іске асады
- •3 Машина жасаудағы стандарттың рөлі. Алға ұмтылу стандарттау туралы түсінік.
- •1. Қр Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы. Сапа тұзағы
- •Өқ түрлері және өқ метрологиялық қасиеттреі, қр өлшеу объектілері түрлері бойынша өқ жіктелуі.
- •3. Қр стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың негізгі категориялары.
3. Квалиметриялық бағалау сатылары.
Квалиметрия ( quails латын сөзінен- сапасы бойынша қандай және . . . метрия, өлшеу) – түрлі объекттер сапасын сан жағынан бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми сала.
Квалиметрияның негізі мақсаты - өнімнің қажет сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын, оның оңтайлы мәндерін анықтау, сонымен қатар сапаның сандық бағалау әдісін өңдеу, уақытта сапа өзгеру санағы әдістемесін жасау.
Бағалау көрсеткіштері өнімдер қасиеттерін мінездейді және оның қабілетімен байланысы анықталған тұтынуын қанағаттандырады және өнімдер түрлерін салыстыру үшін пайдаланылады.
Өнімнің сапасын сараптап бағалау төрт сатыда жүргізіледі.
Біріншісінде яғни дайындық сатысында жұмыс және сараптау топтарын құру және бағалау мақсатында айқындау жүргізіледі.
Өнімнің сапасын сараптап бағалауды өткізілуін, дайындалуын және алынатын нәтижелерінің анализін жұмыс тобы іске асырады. Жұмыс тобының құрамына ұйымдастырушы, бағаланатын өнім бойынша кеңесші, техникалық жұмысшылар кіреді.Жұмыс сараптама тобын құрудың негізінде оның құрамын кәсіптік құрамын сарапшылардың санын және сарапшыларды іріктеуді анықтауда жатыр.
Сарапшы топтарға кіретін кәсіптік мамандар құрамы мәселелерді шешіп жан-жақты анализ жасап қамтамасыз етуі тиіс.Іріктеу кезінде сарапшылар анализдерін іске асырып олардың жауапкершілігін талап етуін көрсетуі тиіс.
Сараптау тобының құрамына кіретін сарапшылар өнімнің сапасын бағалау мақсатын және тапсырмаларын біркелкі түсінуі тиіс.Компетеция бойынша талаптарды қанағаттандыру жұмысқа қатысушылар сараптау комиссиясының жұмысқа қатысуға қызығушылығын іскерлік және объективті болуы керек.
Жұмыстың екінші сатысында әдістер,тәсілдер және бағалау процедураларын таңдау атқарылады. Ол жұмыс тобымен орындалады.Жұмыс тобы бағаланатын өнімнің ерекшеліктерін,жұмысты орындауға қойылған мерзімді,оның еңбек сиымдылығынан алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндік аймағын есепке алады. Сарапшылардың орындауы тиісті операциялардың тізбегін анықтау жұмыс тобымен бағалау мақсатына бар ақпаратқа таңдалған әдістерге,тәсілдерге және бағалау процедураларына бағалауды орындау мерзіміне және шарттарына байланысты атқарылады.
Жұмыстың үшінші сатысы мүшелері өздерінің ой-пікірлерің екінші сатыда бекітілген әдістермен,тәсілдермен және процедуралармен сәйкесінше айтылатын сараптама тобымен атқарылады.
Жұмыстың төртінші соңғы сатысында сараптама комиссиясымен сараптама талқылаулары өңделеді және сараптама қорытындысы жасалады.
БИЛЕТ№16
1. Өнімді, қызметті сертификаттау бойынша жїргізілетін жұмыстардың реті.
Қазақстан Республикасы аумағында өнімді сертификаттау ерікті және міндетті сипатта болуы мүмкін. Міндетті растауда өнімнің адам өміріне және денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, нақты стандарттарын және басқа да нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сәйкестігі расталады. Міндетті сертификатттауға жататын өнім тізбесін және өнімнің сәйкестігін, сәйкестік деклорациясы арқылы растайтын тізбелі Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді. Ерікті сертификаттауда өнімнің сәйкестігі стандарттарға немесе басқада өтінуші таңдаған нормативті құжаттарға, және де өтінішінің арнайы талаптарына сәйкестігін растайды. Шетелден әкелінген өнімді сертификаттауды сертификациялық сынау арқылы немесе берілген құжаттарына сәйкестік өтінішін қарау немесе ПМГ – 36, ҚР СТ 3.9 және осы стандарттың талаптарына сай шетел сертификатын тану арқылы жүргізіледі. Республика да танымға жататын сәйкестік сертификаты болмаған жағдайларда өнімнің үлгісін Қазақстан Республикасының әрекеттік техникалық регламенттерінде немесе нормативті құжаттарында бекітілген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес сертификатциялық сынақ жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Өтінілген немесе соған ұқсас өнімге республикадағы нормативтік құжаттың болмаған жағдайында өнімді жіберетін ел (фирма) өтініш ұсынған нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді. 1.2. Өнім сәйкестігін растауды тіркеу саласына сәйкес сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар, ал олар жоқ болса өкілетті орган берген сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге біржолғы рұқсат бойынша құзыретті мекемелер жүргізіледі.. 1.3. Қазақстан Республикасының МСЖ аясында сертификаттау сынақтарын өткізуге тек аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары), өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын нормативті құжаттарда көрсетілген сынақтардың өз аккредитациясы аясында ғана өткізе алады. Сертификаттау кезінде аккредиттелген сынақ зертханалары жоқ болған жағдайда өкілетті ұйым аккредиттелмеген, бірақ сынақтың объективті нәтижесін бере алатын сынақ зертханасында өткізуге біржолғы рұқсаты бойынша өткізіледі. 1.4. Өтінуші сәйкестікті растауға шығатын барлығ шығынды оның нәтижесіне қарамай сертификаттау ұйымы мен сынақ зертханалары мен отырған келісім бойынша түгел төлейді. Келісім тек сертификаттау ұйымымен ғана жасалуы мүмкін, бұл жағдайда өнімнің сәйкестігін жүргізуде қатынасушылармен есепті өзі айырысады. Өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарына төлемақы төлеу тәртібі ҚР СТ 50.3.01 тәртібінде бекітілген. 1.5 Осы стандартың негізінде сертификаттау ұйымдары беріктікті өнімді сертификаттауды жүргізудің нақты процедураларын бекітітін (егер олар бұрын әзірленбеген болса) арнайы тәртіптерді, Қазақстан Республикасының МСЖ [1], [2] аккредиттеу куәлігі бойынша және осы стандарттың талаптарын сай әзірлейді. 2. Өнімді сертификттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу. 2.1 Өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізк реті былай: қазақстан Республикасының МСЖ өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуді мына реттермен көздейді: - сертификаттау ұйымына өтініш беру (сәйкестік өтінішін) және оны қарау; - өтініш (сәйкестік өтінішін) қарау, сертификаттау үлгілерін таңдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау; - өтініуші мен сертификаттау ұйымының арасында сертификаттау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге отыру; - өтінілген өнімді ұқсастыру, үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларын жүргізу туралы келісімге отыру; - өтінілген өнімді ұқсастыру үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларына жіберу; - Өтінілген өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарын жүргізу және де басқа да сертификаттау үлгілері бойынша жұмыстарды жүргізу; - Сынақ нәтижесін талдау немесе сәйкестік өтініші бойынша берілген құжаттарды қарау; -сәйкестік сертификатын беру мүмкіншілігін ьеру туралы шешім қабылдау; - сертификатты Қазақстан Республикасының МСЖ мемлекеттік тізіміне тіркеу және оны өтінушіге беру, сейкестік белгісімен өнімді таңбалау (егер ол сертификаттау үлгісі бойынша көзделген бойынша) құқығын беру; - өнімнің сертификатталған сипаттарының тұрақтыығына және сакпаның менеджмент жүйесінің жүзеге асуына (егерол сертификаттау үлгісі көзделген болса) инспекциялық бақылау жүргізу; -өнімді сертификаттау туралы ақпарат беру; 3. Өтініш беру және оны қарау 3.1. Өнімді сертификаттауды өтушінің аккредиттеу аясына осы өнім кіретін сертификаттау ұйымына берген өтініші негізінде жүргізіледі. Өтініш сертификаттау ұйымымен бірлесе отырып өнімді сертификаттау үшін сертификаттау үлгісін таңдайды. 3.2. Осы өнімді сертификаттайтын бірнеше ұйым болған жағдайдв өтінуші өз өтінішін оның кез-келгеніне жіберуі мүмкін. 3.3 Сертификаттау ұйымы, өтініш алынған және және тіркелген күннен бастап 2 апта ішінде, өтінушіге өтінішті қарау негізінде шығарылған шешімді және өтінілген өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған 2 дана келісімді жібереді. Шағын кәсіпкер субъектері үшін бұл жұмыс бір апта ішінде жүргізілуі тиіс. Өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары көрсетіледі: ұсынылған сертификаттау үлгісі сынақ зертханасы сертификатталған өнімге өткізілетін инспекциялық бақылау. Өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін өнімді сертификаттауға қатысушыларға жібереді. 3.4 Өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сертификаттау ұйымы өтініш бойын шешімімен бірге нақты негіздегі бас тарту мен бірге оны меншікті құжаттарын қайырады. 3.5 Өтінуші өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге келіскен жағдайда, ол сертификаттау ұйымына өзі қол қойған келісімнің бір данасын және осы келісімде көрсетілген шамадағы алдын-ала тқлем ақысын сертификаттау ұйымының есепшотына жіберілген туралы құжат көшірмесіне бірге жібереді. Сонымен бірге өтінуші, қажетіне орай, сертификаттау ұйымымен өтінілген өнімнің үлгісін іріктеу мерзімін келіседі. 4. Үлгіні іріктеу және өнімді ұқсастыру. 4.1 Өтінілген өнімнің үлгіні сертификаттау ұйымы іріктейді. Қажетіне орай сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді аккредиттелген сынақ зертханасына жүктеуі мүмкін. Сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді өтінушінің өзінеде жүктеуі мүмкін. Бұл жағдайда өтінуші бұйрығымен тағайындалған үш адамнан кем емес тұратын тәуелсіз ұйымдардың өкілдерінің құралған білікті коммиссия үлгіні іріктейді. Комиссия мүшелерінің жұмыс төлемінің өтінуші төлейді. 4.2 Іріктелетін үлгі саны оны іріктеу әдістері, ұқсастыру және сақтау өтінілетін өнімнің нормативті құжаттарында көрсетілген талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бұндай нормативтік құжат жоқ болғанда немесе олардың талаптары жетімсіз болғанда, үлгіні сертификатту ұйымы қабылдаған әдістерге немесе басқа құжаттарға сәйкес іріктейді. Іріктелетін үлгінің конструкциясы, құрамы және өндіру технологиясы тұтынушыға (тапсырушыға) жіберілетін, өтінілген өніммен бірдей болуытиіс. 4.3 ҚР СТ 1014 талаптарына сәйкес қажетті түріне ұқсастырылған, іріктелген үлгіні іріктеген адамдардың (комиссияның) көз алдында қапталады және пломбыланады (егер оның қажеттілігі немесе мүмкіншілігі болса). Содан соң іріктеу актісі және құрамы мен мазмұны сертификаттау ұйымы бекіткен техникалық құжаттың есептелген данасымен бірге стандарттау ұйымы анықтағанаккредиттелген зертханаға орталыққы жіберіледі. Өнімді сертификаттау кезінде қолданыладын үлгілеімен іс істеуді ҚР ЕР 50.3.19 жағдайларын басшылыққа алу қажет. 5. Сертификаттау мақсатында сынау жүргізу. 5.1 Сынақ зертханасы өтінілген өнімге сынақты сертификаттау ұйымымен сынау әдістерін бекіткен нормативті құжат көрсеткен мерзім ішінде жүргізуі тиіс. Ең болмаса көрсеткіштерідң бірінен сынаулардың жағымсыз нәтижелерінде өнді сертификаттау мақсаты мен сынаулар тоқтатылады. 5.2 Хаттама ретінде дайындалған сынақ зертханасы сертификаттау ұйымына жібереді 5.3 Сынақтың терсі нәтижесі болғанда сертификаттау ұйымы сәйкестік сертфикатын бермеу туралы шешімді сынақ хаттамасы мен бірге өтінушіге және өкілетті ұйымға жібереді. 5.4 Өтінушінің өтініш беру кезінде қолында өкілетті ұйымның мемлекеттік бақылау бқлімшесінің өкілі іріктеп, Қазақстан Республикасының МСЖ аккредиттелген немесе танылған сынақ зертханасында сыналғаны туралы сынақ хаттамасы болған жағдайда сертификаттау ұйымының шешімі бойынша өнінің сыналған көрсеткіштерін сынақ жүргізбеуі мүмкін. 5.5 егер нормативті құжатта бекітілген сынаққа шығатын шығын қамбат, мерзімі ұзақ, және де қиын тасылатын заттар, сертификаттау сынағы күрделі, үлгі іріктеу қымбат болған жағдайда сертификаттау ұйымы сертификаттау сынағы мен сертификаттау ұйымының өкілі қатысатын өндіріс процесінде өтетін сынағын біріктіру туралы шешім қабылдауы мүмкін. 6. Сәйкестік өтінішін қарау және өндіріс жағдайын талдау. 6.1 Сертификаттау үлгісіна байланысты өнімді сертификаттау сынағынан өткізкізгенінен басқа өндіріс жағдайын таңдау (2,3,4,10 үлгілері,), өндірісте немесе сапа менеджменті жүйесін сертификатттау (5 және6 үлгілері) жүргізіледі.9 және 10 үлгілері бойынша өнімді сертификаттату үшін сәйкестік өтінішін берілген құжаттармен бірге қарайды. 6.2. Өндіріс жағдайын талдау сертификаттау ұйымының өнімнің және оның өндіріс ерекшелігін еске ала отырып жасаған бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл кезде: - нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, оның жағдайлары; - технологиялық процестерді сақтау және оның метрологиялық қамсыздану жағдайлары ; - кіріс қабылдау, тексеру жүйелері және кезеңдік сынақ жүргізілуі болуы; - сертификатталған өнім сапасының тұрақтылығы - сақталу жағдайларының болуы; - шағымдарды есепке алу және талдау тексеріледі; Тексеру нәтижесі акт пен аяқталады және қажетті қорытындысымен өтінушігі беріледі. Тексерудің теріс нәтижесі болған жағдайда өтінілген өнімді таңдалған үлгі бойынша сертфикаттау жұмыстары тоқтатылады да, ол туралы сертификаттау ұйымы үш күн ішінде өтінушіге жазба түрінде хаттар береді. Анықталған жетіспеушіліктерді жойған соң немесе сертификаттаудың басқа үлгісін таңдаған өтінукші сертификациялауға жаңа өтініш береді. 6.3 Өтінушіде Қазақстан Республикасы МСЖ ұйымы немесе Қазақстан Республикасы МСЖ танылған ұйым берген өндіріске немесе сертификатталған өнімніңөндірісіне немесе сапа жүйесе менеджментіне сертификаты болған жағдайда, өндіріс жағдайын талдау қажеттігі жоқ. 6.4 Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау процедуралары жеке де және өнімді сертификаттау процедураларына қосымша болуы мүмкін. Екі жағдайларда да бұл жұмыстарды өнімге сәйкестік сертификатын бермес бұрын жүргізіледі. Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау тәртіптері ҚР СТ 3.15.1, ҚР СТ 3.15.2, ҚР СТ 3.15.3. 7. Инспекциялық бақылау. 7.1. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды. Егер ол сертификаттау үлгісімен көзделген болса. Сертификат берген ұйымы жүргізеді. Инспекциялық бақылау сертификаттың әрекеті мерзіміне және өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығына бірреттен кем емес, кезеңдік және жоспардан тыс бақылаулар арқылы жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезеңін сертификаттау ұйымы анықтайды. Жоспардан тыс бақылауды сертификатталған өнімді шағымдар түскен кезде жүргізеді. Инспекциялық бақылаудың жұмыс түрін, көлемін және кезеңдерін, сертификатталған үлгісін өнімнің сипаттарының тұрақтылығын, өнімнің қауіптілік дәрежесін, өндіру көлемін ескере отырып сертификаттау ұйымы анықтайды. 7.2. Инспекциялық бақылауға әдетте мына жұмыстар тіркеледі: - сертификатталған өнімге түскен ақпараттарды талдау; - өнім сапасының тұрақтылығына қажетті жағдайларды сақтауды тексеру; - өнімді сынау және оның нәтижесін талдау; - бақылау нәтижелерін дайындау және шешімін қабылдау; Нақты өнімнің өндірісінің және сапа жүйесі менеджментінің сертификаты болған жағдайда және инспекциялық бақылаудың нәтижесі оң болса өнім тұрақтылығы жағдайында талдау жүргізілмейді.
Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарды:
1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге;
2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады.
Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды.
Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс.
Қызметтерді сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау схемалары осы Регламентке 6-қосымшада келтірілген.
Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді.
Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды:
1) Органға сертификаттауға өтінім беру;
2) өтінім бойынша шешім қабылдау;
3) сертификаттау схемасын таңдау;
4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;
5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;
6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;
8) Сертификат беру;
9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).
Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді.
Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы.
Орган оны алғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.
Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.
Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады:
1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;
2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.
Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.
Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді.
Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді.
Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.
Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді.
Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс.
Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.
Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.
Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:
1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;
2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;
3) тексерістер жүргізу;
4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.
Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды.
Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды.
Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға, екіншісі Органға жіберіледі.
Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган көрсетілетін қызмет нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:
1) қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжат өзгерген;
2) қызмет көрсетудің технологиялық процесі өзгерген;
3) бақылау, сынақтар (тексеріс) әдістері, егер көрсетілген өзгерістер қызметтердің сәйкессіздігін тудыруы мүмкін болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесі және сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;
4) егер кәсіпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.
Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу іс-шараларының жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.
Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.
Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу іс-шаралары жүзеге асырылады.
Түзеу іс-шараларын жүргізген кезде Орган:
1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;
2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;
3) түзеу іс-шараларын орындау мерзімін белгілейді;
4) түзеу іс-шараларын орындауды тексереді;
5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.
81. Түзеу іс-шаралары орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.
Қызметтерді орындаушы түзеу іс-шараларын орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды.