Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

1. Стандарттаудың экономикалық және әлеументтік тиімділігі.

Стандарттаудың тиімділігі оның негізгі: экономикалық, әлеуметтік және коммуникативтік функциялары арқылы көрсетіледі.

Экономика саласындағы стандарттау жұмыстары, экономикалық тиім-ділікті бағалауды жүргізу принциптерін тағайындайтын стандарттар қатарын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл құжаттармен стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін керек деректерді жинау, талдау және өңдеу әдістері, экономикалық тиімділік әдістері, есептеу реті, т.б. тағайындалған.

Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі объективті шарты өндірушілердің де, тұтынушылардың да мүдделері мен түрлі факторлардың максималды санын есепке алу болатын жүйелік кешенді тәсіл.

Жалпы стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі ғылыми-техникалық жасалымдардың тиімділігін бағалау әдістері негіздел-ген әдістемелік принциптерге сүйенеді. Стандарттаудың экономикалық тиім-ділігі:

- стандарттау жоспарларын экономикалық негіздеуде;

- стандарттарды жасау және бекіту мақсатқа сай екендігін негіздеуде;

- стандарттаудың өндіріс, сауда, салалық қызмет көрсету сферасы және нақты кәсіпорындар дамуының тиімділігіне әсерін бағалауда;

- стандарттаудың, унификаттаудың, типтеудің, аграгаттаудың оңтайлы нұсқаларын іздеу процесінде;

- өнім бағасын және стандарттарды жасау келісілген жағдайда есептеулер жүргізу үшін;

- стандарттау саласының қызметкерлерін материалдық тұрғыдан ынталандыру кезінде бағалануы қажет.

Экономикалық тиімділік көздеріне:

- өндірісті технологиялық дайындауды басқару ережелерін енгізу және сақтау;

- бұйым конструкциясының технологиялылығын қамтамасыз ету ережелерін енгізу;

- технологиялық процестерді жасау мен қолдану және технологиялық жабдықтау құралдарын таңдау ережелері мен әдістемелік нұсқауларын енгізу;

- технологиялық жабдықтау құралдарын жобалау, жасау және қолдану ережелері мен әдістемелік нұсқауларды енгізу және сақтау;

- инженерлік техникалық жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру техникалық құралдарын қолдану ережелерін сақтау;

- өнімді сынау және бақылау әдістерінде типтік құралдарды қолдану ережелері мен әдістемелік нұсқауларды енгізу және сақтау;

- өндірістік қуатты пайдалану қарқындылығы ережелерін енгізу және сақтау;

- технологиялық процестерді ұйымдастыру пішімдерін таңдау ережелері мен әдістемелік нұсқауларды енгізу және сақтау;

- жабдықтарды технологиялық орналастыруды таңдау ережелерін енгізу және сақтау;

- технологиялық нормативтерді жасау ережелері мен әдістемелік нұсқауларды енгізу және сақтау;

- технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесін қолдану ережелерін енгізу және сақтау жатады.

2. Сынау жабдықтарын аттестаттау.

Сынау- әртүрлі әсер ету жағдайында жұмыс істейтін объектінің сандық немесе сапалық сипаттамаларын тәжірибе (эксперимент) жүзінде анықтау.

Сынауды жүргізетін жабдыктарды аттестаттауға сыртқы факторлар мен күштердің әсерінен болатын өзгерістерді анықтау үшін қатысады. Аттесттаудың мақсаты – жабдықтың нормаланған дәлдік сипаттамасын анықтау және олардың НТҚ талаптарына сәйкестігі мен жабдықтықтың пайдалануға жарамдылығын анықтау болып табылады. Сынау жабдығының нормаланған дәлдік сипаты дегеніміз бұл жабдықтың берілген диапазонда сынауға шыдау және сынауды жасап шығарудың мүмкіншілігінің техникалық сипаттамасы және берілген уақыт мерзімінде дәлдікпен бір қалыптылықты қамтамасыз ететін сипаттамалары .

Сынау жабдықтары алғашқы мерзімді және кезексіз аттестаттаудан өтеді .Бұл аттестаттау түрлі: - жалпы өндірістік қолданылатын – яғни сынау жабдықтарының аттестациялауы әдістер мен құралдардың әдістемелік нұсқауы немесе мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуымен салалық қолданылатын – салалық НТҚ сәйкес болуымен. Арнайы қолданылатын –бас метраголиялық қызмет министерствосымен бекітілген әрі қандайда бір ұйымда қолданылатын жабдықтарды аттестациялау әдістері үшін.

Сынау жабдықтарын аттестациялау әдістемесін түсіндіретін сттандарттармен НТҚ – аттестациялаудың кезінде баға беру және бақылау жабдықтарының сипаттамаларының тізімін, жүргізілетен операциялардың аттарымен жүргізу тәртібін, өлшеу құралдарына қосымша және көмекші құралдарға қойылатын талаптарды, аттесттациялауға дайындалу түрлерін, аттесттациялау шарттарын, жабдықтың дәлдік сипаттамасын анықтайтын сынау және өлшеу әдістемесін, пайдалануға жарамдылығын анықтау әдістемесін, өңдеу әдістемесін, аттестациялаудың нәтижесіне баға беру және рәсімдерді қамтамасыз етеді .

Алғашқы аттестациялауды арнайы мемлекеттік стандарт ұйымынан құрылған комиссия мен мемлекеттік бас метрологиялық қызметтен құралған комиссия мүшелері жүргізеді. Сынаққа алғаш түсетін жабдық үнемі техникалық құжаттармен келеді. Онда қолдану құжаты, өңдеуге арналған техникалық есептері, алғашқы аттестациялау бағдарламасы және мерзімді аттестациялау әдісінің жобасы болады.

Мерзімді аттестациялауды жабдықты пайдаланып жүрген ұйым бас метрологиялық қызметтің комиссиясының қатысыуымен іске асады. Онда қолданылатын бағдарламалар мен әдістер метролог қызметінің бекітілуімен қолданылады,

Кезексіз аттестациялау егерде жабдық - бір жерден екінші жерге көшірілген жағдайда немесе ұзақ пайдаланылмай тұрған жағдайда.

-жөндеу жұмысынан кейін немесе әртүрлі күрделі өзгерістер енгізілген жағдайда

- шығарылып жатқан өнімнің сапасы төмендеген жағдайда.

- мемлекеттік стандарт ұйымынан ұсыныс болған жағдайдаларда жүргізіледі.

Кезексіз аттестациялауды сол ұйымның метрологы дайындаған әдістемемен және бағдарламамен мемлекеттік стандарт ұйымы бекітуімен жүргізеді.

Сынау жабдықтары кезексіз немесе мерзімді аттестация нәтижесінде жарамсыз болғанда немесе берілген мерзімде аттестациялаудан өтпеген жағдайда қолдануға болады. Аттестациялау нәтижесі бойынша хаттама рәсімделіп, оған яғни аттестациялаудан өткен жабдыққа арнайы аттестат беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]