Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

3. Тейлордың сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызы немен ерекшеленеді.

Бірінші жүйе – ақаусыздық жүйесінің пайда болуы. Тәжірибенің ғылыми жалпыламасы және негізі американың ғалымы, инженер және менеджер Фредерик У. Тейлордың жұмыстары болды. ХХ ғасыр басында топтық, массалық өндірістің пайда болуымен, әсіресе АҚШ – та машина жасау кезінде бұл жұмыстар қолданыла басталды. Өдірістік үрдістің көп нұсқалылығын және бақылауға үлкен мән беретін ғылыми менеджменттің концепциясы. Жүйе сапаның жоғарғы және төменгі шектері шақтамалар алаңдары ұғымдарын кіргіздірді, бақылау құралдарын ендірді, қажетті тәуелсіз тексеруді ақау үшін айып жүйесін, жұмыс сапасын жоғарлатудың әр түрлі формаларын негіздеді. Тейлер жүйесі жалпы менеджментті және сапа менеджментін байланыстырды. Бұл сапа жүйесі белгілі өнімнің сапасын алудың жүйесі болды. Оқыту жабдықта жұмыс жасаудың және өлшеу аспаптарын қолданудын, типтік қосылыстар үшін дәлдік жүйелерін білудің профессионалды оқытуына әкелінді. Жеткізуші мен тұтынушы арасындағы қарым – қатынас техникалық жағдайларда бекітілген талаптар негізінде құралған.

Бұл этаптың сапаны қамтамасыз етудің концепциясының негізін мына түрде жазуға болады: «Тұтынушы тек жарамды өнім алуы қажет, яғни стандартқа сәйке келетін өнім. Негізгі күштер жарамсыз өнімді тұтынушыдан әрі алып кетуіне бағытталуы керек.»

БИЛЕТ №12

  1. Сертификаттау бойынша құзіретті органның негізгі функциялары.

Сертификаттау бойынша орган ( ол мемлекеттік мекеме, сондай-ақ жеке фирма болуы мүмкін ) – сәйкестік сертификаттауын жүргізген орган. Ол заңды тұлға статаусы бармекеме базасында жасалады және үшінші жақ болады, өндіруші мен тұтынушыдан ерікті. Сертификаттау бойынша органдар көп болуы мүмкін, олардың әрқайсысы біртипті өнімді сертификаттауға бағытталады, мысалы, машина жасау, жанармай, тамақ және тағы басқа.

Негізгі функциялары:

- біртипті өнімді сертификаттау кезінде қолданатын нормативті құжаттар қорын құрау және актуалдығы,

- берілген сертификаттау жүйесі ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарын өңдеу мен жүргізу,

- сертификаттауға тапсырыстарды, аппеляцияны қабылдау және қарастыру, шешім шығару,

- сәйкестік сертификатын тағайындау және беру, оны мемлекеттік реестрде тіркеу,

- шетел сертификаттарын және басқа сәйкстік куәліктерін тану,

- өнім мінездемесі тұрақтылығына инспекциялық бақылау ҚР Мемлекеттік стандарт аймақтық органдарын тарту арқылы ұйымдастыру,

- берілген сертификаттар мен сәйкестік белгілерінің жұмыстарын тоқтату,

- сертификатталған өнім реестрін жүргізу және сертификаттау нәтижелері туралы ақпаратты баспаға шығару үшін дайындау,

- Қаржылық жұмыс пен іс-қағаздар жұмысын жүргізу,

- Қызметкерлер квалификациясын жоғарылату мен аттестациясын ұйымдастыру.

- Стандарт талаптары өзгергенде өнімді уақытылы сертификаттау бойынша өндірушімен өзара байланысу.

Сертификаттау органы құқығына иеленуші мекеме аккредитация процедурасын өту керек. Аккредитация тәртібі мен талаптары Мемлекеттік стандарт нормативті құжаттарында және сертификаттау жүйелері құжаттарында орнатылуы қажет. Аккредитация кезінде назарға алынатын критерийлер, сертификаттау органы қарастырады:

- мамандандырылған және арнайы дайындықты өткен қызметкерлер,

- сертификатталатын өнімге нормативті құжаттардың актуалды қоры және оны сынау тәсілдері,

- сертификаттауды жүргізу үшін заңды және экономикалық мүмкіндік, басқару құрылымдары, сонымен қатарсертификатталған өнімге сынау мен инспекциялық бақылау

- сертификаттау ережелері мен тәртібін орнататын ұйымдастырушы-әдістемелік құжаттар, сонымен қатар апелляция қарастыру ережелері және сертификаттау жұмыстарын және сәйкестік белгілерін тоқтату,

- сертификатталған өнімнің реестрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]