Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

2. _Метрологияның бөлімдері және олардың функциялары.

Метроло́гия (грек тілінен μέτρον — өлшем,  λόγος — мән, себеп) — өлшеу, талап етілетін дәлдікке жету әдістері және бірыңғайлықты қамтамасыз ету әдістері мен құралдары туралы ғылым. Метрология пәні болып тапсырылған дәлдікті және сенімділігі бар объекттердің қасиеттері туралы сандық ақпаратты шығару табылады; бұл үшін нормативті база болып — метрологиялық стандарттар табылады.

Метрология 3 бөлімнен тұрады:

  • Теориялық– жалпы теориялық мәселелерді қарастырады(физикалық шамаларды, олардың бірліктерін, өлшеу әдістерін өлшеу мәселелері мен теориясын дайындауды).

  • Қолданбалы - теориялық метрология дайындамаларын практикалық қолдану сұрақтарын зерттейді және метрологиялық қамтамасыздандырудың барлық сұрақтарын қарастырады.

  • Заңнамалық – физикалық шама бірліктерін, өлшеу әдістерін және құралдарын қолдану бойынша міндетті техникалық және заңдық талаптарды орнатады.

Метрология мақсаты және тапсырмалары;

  • Өлшеудің жалпы теориясын дайындау;

  • физикалық шамалардың және бірлік жүйесінің бірліктерін құру;

  • өлшеу әдістерін және құралдарын, өлшеу дәлдігін анықтау әдістерін, өлшем бірыңғайлығын және өлшеу құралдарының бірыңғайлығын қамтамасыз ету негіздерін дайындау және стандарттау («заңнамалық метрология »;

  • эталондарды және үлгілі өлшеу құралдарын құру, шама және өлшеу құралдарын тексеру. Аталған бағыттың артықшылықты тапсырмасы болып физикалық константалар негізіндегі эталондар жүйесін құру табылады.

Сонымен қатар, метрология шама, ақша бірліктері және есеп жүйесінің тарихи дамуын зерттейді.

Метрология аксиомалары:

  1. Кез келген өлшеу салыстыру.

  2. Кез келген өлшеу априорлық ақпаратсыз мүмкін емес.

  3. Кез келген өлшеу нәтижесі мәнді дөңгелектеусіз кездейсоқ шама болып табылады.

3. Сапа саласындағы саясат қандай принциптерге негізделіп құрылады.

Сапа саласындағы саясат

Казiргi кезде бұл талаптар ерекшелiнедi. Жоғарғы басшылық сапа жөнiндегi саясатқа кепiлдiк беру керек:

-Ұйым мақсатына сай болу керек;

-Сонымен қатар мiндеттердiн ардайым жақсаруы тұтынүшы талаптарына сайкес болу керек;

-Сапа жөнiндегi мiндеттердi талдауы орнату шегiнде қамтамасыз етлуі қажет (басшылык тарапынан талдау);

- Ішкi ұйымнын денгейiне сайкес хабарландыруы жане түсiндiрiлуі қажет;

-Жарамды онiмнiн ардайым талдауын жүргізу қажет.

Сапа жөнiндегi мақсаттар

Кез – келген ұйым денгейiне сай сапа облысы бойынша ұйым мiндеттерiн әрдайым жақсарту.

Сапа саласындағы саясат

Жоғары басшылық сапа саласындағы саясаттың төмендегілерге қамтамасыз етуі қажет:

а) ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;

б) талаптарға сәйкес болу міндетін қамтуын және сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін үнемі арттыруын;

в) сапа саласындағы мақсаттарды орнату және талдау үшін негіздерді құруын;

г) ұйым қызметкерлеріне хабарланып, оларға түсінікті болуы;

д) тұрақты жарамдылыққа талдануын.

Сапа саласындағы саясат ұйым дамуының негізгі бағыттарын қамтиды.

Сапа саласындағы саясат және мақсат өзара үйлесімді болуы қажет. Негізін айтқанда, ұйымның сапа саласында орнатылған мақсаттарға қандай жолмен жететіндігін көрсетеді.

Сапа саласындағы мазмұнды саясатты дайындау

Сапа саласындағы саясатты сапа саласындағы мақсаттармен байланыстыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі Исикаваның себеп салдардық диаграммасын қолдану болып табылады.

Келесі бес қадам кез келген басшылығына сапа саласындағы мазмұнды саясатты дайындауға мүмкіндік береді.

Бірінші қадам. Сапа саласындағы мақсаттардың генерациясы үшін диаграмманы қолданған жөн, мысалы:

1. Адам ресурстары. Компанияның бастапқы позициядағы орынды алуына, бизнес процестерді құру және әлемдік деңгейде қолдану және үнемі жақсартуға қажетті қызметкерлердің кәсіби деңгейге қол жеткізуін және сол деңгейде қалуын қамтамасыз ету..

2. Материалдар. Алынатын материалдарды 5%ға, жеткізіп беру мерзімін –10%ға төмендету үшін жеткізіп берушілермен қарым қатынасты құру, ұстау және жақсарту.

3. Жабдық. Жабдықтың технологиялық мүмкіндіктерін жасау, ұстау және үнемі жақсартуды қамтамасыз ету.

4. Әдістер. Басшылыққа PDCA (жоспарла – жаса – тексер –әрекет ет) циклін ішкі және сыртқы тұтынушылар үшін құндылықтың өсуін қамтамасыз ете отырып, менеджмент және өндірістің негізгі процестеріне қолдануға мүмкіндік беретін сапа менеджмент жүйесін құру және жұмыс қалпында сақтау.

5. Өлшеулер. Ішкі және сыртқы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін олардың қалпына келі индексін орт 1,33 аз емес деңгейде қамтамасыз етіп, менеджмент және процестің негізгі процестерін құру, демеу және жақсарту.

6. Өндірістік орта. Білім деңгейін үнемі жоғарылату, сондай ақ қызметкерлердің еңбегін қауіпсіз ететін және компанияның болашақта болуына кепілдік беретін қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және қауіпсіздік облысындағы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

Барлық мақсаттар өлшенетін болуы керек. Сонымен бірге қандай да бір мақсаттардың оған жетудің бірнеше критерийлері болуы мүмкін.

Екінші қадам. Ары қарай әрбір мақсаттың компанияның негізгі құндылықтарымен және оның басшылығының міндеттерімен байланысын талдау үшін «Бес не үшін» қолданылады.

Мысал: Мақсат – компанияның бастапқы позициялардан орын алуына қажетті қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейге жетуін қамтамасыз ету және сақтау, бизнес процестерді құру және үнемі жақсартуда ұстау.

1. Не үшін? Бизнес-процестер жасалып, қызметкерлерге түсіндіріліп, дұрыс қолданылуы үшін.

2. Не үшін? Басқарушы құрам бизнес процесті қалай басқаратындығын нақты көру және өз уақытында қажетті ресурстарды бөлу үшін.

3. Не үшін? Басшылар компанияның бизнес қызметін нәтижелі басқаруы үшін.

4. Не үшін? Тұтынушылар үшін қажетті құндылықты құру және олардың айтылған және айтылмаған күтулерін қанағаттандыру үшін.

5. Не үшін? Қызметкерлердің тұрақты кірістері және салықтық аударымдар есебінен қоғамға құндылықты қосу үшін.

Бұл үрдіс барлық мақсаттарға қолданылады.

Үшінші қадам. Сапа саласындағы саясатты жасау үшін жоғарыда аталған алты мақсатты қамтитын соңғы «не үшін?» сұрағы қолданылады.

Төртінші қадам. Әрбір мақсатқа қол жету деңгейін мониторингілеу және бағалау үшін қолданылатын әдістер таңдалады. Тенденция талдауын жүргізу үшін және үнемі жақсартуға потенциалды анықтау үшін басқарушы құрамға Парето диаграммасын қолданған дұрыс.

Бесінші қадам. Жоғары басшлық жағынан талдау үшін бастапқы деректер ретінде кері байланыс ретінде алынған деректер қолданылады.

Сапа саласындағы саясаттың мазмұнды саясатын жасау аяқталған процес болуы мүмкін емес. Сәтті менеджмент және басшылық нақты көрсетілген және мақсатқа бағытталған ниеттен басталады.

БИЛЕТ№7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]