
- •1 Билет
- •1. Стандарттаудың анықтамасы. Стандарттаудың мақсаты және объектілері
- •2. Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің мақсаты және мәселелері
- •3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым және оны бекіту тәртібі
- •2 Билет
- •1. Стандарттау саласындағы исо мақсаттары мен мәселелері
- •2. Стандарттаудың функцияларын және принциптерін атап өтіңіз
- •3. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
- •3 Билет
- •1. Метрологияның заңнамалық және нормативтік базасы
- •2. Квалитология және оның құрамдас бөліктері. Квалиметрияның анықтамасы және оның түрлері.
- •3. Сертификаттауда қолданылатын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттап беріңіз
- •1. Сапаны басқарудың мақсаттары. Басшылықтың жауапкершілігі.
- •2. Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын(орталықтарын) аккредиттеу.
- •3. «Эталон» туралы түсінік. Эталондардың жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің негізгі мақсаттары.
- •2. Сапа жүйесінің даму тарихы.
- •3. Қр Мемлекеттік өлшеу жүйесінің(қр мөж) құрылымы және объектілері.
- •1. Өлшеуді жүргізу әдістемесін(өжә) жасау ережесі және тәртібі.
- •2. _Метрологияның бөлімдері және олардың функциялары.
- •3. Сапа саласындағы саясат қандай принциптерге негізделіп құрылады.
- •1. Мемлекеттік Техникалық Реттеу жүйесінің құрылымы және атқаратын функциялары.
- •2. Сапаны жоспарлау және басқару сатылары.
- •1. Өлшеу құралдары(өқ) дегеніміз не және ?? жіктелуі.
- •2. Ұйым стандартын өңдеу тәртібі.
- •3. Қр сертификаттаудың негізгі мәселері қандай.
- •1. Өнім сапасының дәрежесін квалиметриялық бағалау.
- •2. Машина жасаудағы параметрлік стандарттаудың мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Өнімді өлшеу, сынау және бақылаудың негізгі мәселелері.
- •Сертификаттау, стандарттау және аккредиттеу бойынша сарапшы аудиторларға қойылатын талаптар.
- •2. «Сапа тұзағының» құрамдық элементтері.
- •3. Өлшеу және бақылау құралдарын жобалау принциптері.
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.
- •2. Өнімнің сәйкестігін растау бойынша қандай іс-шаралар іске асады.
- •3. Тейлордың сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызы немен ерекшеленеді.
- •Сертификаттау бойынша құзіретті органның негізгі функциялары.
- •2. Өнімді сәйкестендірілуі (идентификаттаудың) маңызы және мәселелері.
- •3. Өлшегіш түрлендіргіштер және олардың тағайындалуы.
- •1. Өқ типтерін Мемлекеттік сынау және бекіту.
- •1. Өнімді стандарттау және унификаттау дәрежесін анықтау.
- •2. Исикава диаграммасын қолданудың мақсаты және мәні.
- •3. Сынау жабдықтарына және өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Стандарттаудың экономикалық және әлеументтік тиімділігі.
- •2. Сынау жабдықтарын аттестаттау.
- •3. Квалиметриялық бағалау сатылары.
- •1. Өнімді, қызметті сертификаттау бойынша жїргізілетін жұмыстардың реті.
- •2. Ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі. Түзетуші іс-әрекеттер.
- •3. Стандарттау объектісінің қолдану түріне байланысты стандарттар түрлері.
- •Халықаралық заңнамалық метрология ұйымының(хзмұ-мозм)негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •Қр қолданылатын салалық стандарттардың сипаттамалары.
- •3. Сертификаттаудың түрлері және пішіндері. Сертификаттауға қатысушылар.
- •2. Исикава диаграммасы не үшін қажет. Мысал келтіріңіз.
- •3. Өлшем біріңғайлығын қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің (қр мөж) негізгі мақсаттары мен мәселелері.
- •3. Мемлекеттік баќылау жјне тексерудіѕ функциялары. Нормабаќылаудыѕ мјселелері.
- •9.2 Кесте
- •Қр Халықаралық стандарттар жүйесінің мақсаттары мен бағыттары.
- •3. Өқ салыстыру, калибрлеу және метрологиялық аттестаттау. Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •1. Стандарттаудың әдістемелік және теориялық негізі.
- •2. Сапа көрсеткіштерінің номенклатураларының анықтамалары.
- •3. Өткізу әдістеріне бойынша сынаудың жіктелуі.
- •1. Демингтің 14 принципі.
- •2. Қызметті сертификаттау сұлбалары.
- •3. Созуға сынау. Сынау әдістемесі.
- •2 Ґлшеудіѕ дјлдік класы жјне ґќ ќателіктерініѕ тїрлері.
- •3 Мемлекеттік стандарттарды ґѕдеу сатылары.
- •Стандарттау объектілерінің жіктелуі каталогталуы және кодталуы туралы түсінік
- •Tqm принциптері және оны қолдану
- •2. Сәйкестік сертификатын қолдануды тоқтату немесе жою қандай жағдайларда іске асады
- •3 Машина жасаудағы стандарттың рөлі. Алға ұмтылу стандарттау туралы түсінік.
- •1. Қр Сертификаттау жүйесінің типтік құрылымының сипаттамасы. Сапа тұзағы
- •Өқ түрлері және өқ метрологиялық қасиеттреі, қр өлшеу объектілері түрлері бойынша өқ жіктелуі.
- •3. Қр стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың негізгі категориялары.
3. Қр Мемлекеттік өлшеу жүйесінің(қр мөж) құрылымы және объектілері.
МӨЖ - бұл Қазақстан Республикасының өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша қызмет түрлерін және құралдарын, субъекттерін, нормаларын басқарудың мемлекеттік жүйесі. ҚР МӨЖ негізгі мақсаты - өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды шешуге арналған құқықтық, нормативтік, ұйымдық, техникалық және экономикалық шарттарды туғызу.
ҚР МӨЖнегізгі тапсырмалары болып табылады:
♦ өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша қызметті басқарудың оптимал принциптерін дайындау; ♦ шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру; ♦ метрологич облысында негізгі түсініктерді, терминдерді және анықтамаларды орнату; ♦ өлшем бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша нормативті базаны құру және жетілдіру; ♦ метрология облысындағы ережелерді, нормаларды және талаптарды халықаралық, мемлекетаралық, аудандық және ұлттық ережелермен, нормалармен және талаптармен үйлестіру; ♦ өлшеу облысында ақпаратпен қамтамасыз ету. ҚР МӨЖобъектілері болып табылады: ♦ шама бірліктері;
♦ шама бірліктерінің эталондары;
♦ өлшеу құралдары (ӨҚ): ♦ өлшеу құралдарына, өлшеу әдістеріне және нәтижелеріне талаптар; ♦ өлшеуді орындау әдістемелері (ӨОӘ): ♦ нормативті құжаттар (НҚ). ҚР МӨЖ Қазақстан Республикасында бірыңғайлықты және талап етілетін дәлдікке қол жеткізуге және демеуге арналған ұйымдық, техникалық және нормативті негіздердің жиынтығы болып табылады. ҚР МӨЖ ұйымдық негізі болып ҚР метрологиялық қызметі табылады: Мемлекеттік басқаруы ҚР станд, метрол,сертиф бойынша өкілетті органға жүктелген (ҚР Госстандарты). ҚР МӨЖ техникалық негізін құрайды: шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесі және шама бірліктерінің эталондары; өлшеу құралдары; физикалық тұрақтылар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық деректер. ҚР МӨЖ нормативті негізі төмендегілерді регламенттейді:
♦ шама бірліктерін;
♦ мемлекеттік шама эталондарын және мемлекеттік тексеру сұлбаларын;♦ өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу әдістері мен құралдары;
♦ өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларының номенклатурасын;
♦ өлшеу дәлдігінің нормалары; ♦ өлшеу нәтижелерін және өлшеу дәлдігі көрсеткіштерін белгілеу әдістері мен көрсету пішіндерін; ♦ өлшеуді орындау әдістемелерін;
♦ құрам және заттар мен материалдардың стандарттық үлгілеріне талаптар; ♦ сынауды жүргізуді, метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеуді, нормативті құжаттардың, жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманың, яғни стандарттарды, нормативті құжаттардың метрологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін.
БИЛЕТ№6
1. Өлшеуді жүргізу әдістемесін(өжә) жасау ережесі және тәртібі.
Өлшеу жүргізу әдістемесі. Жалпы ережелер. 1972 ж. өлшеу жүргізу әдістемесіне қатысты бірінші мемлекеттік стандарт – ГОСТ 8.010-72 «МӨЖ. Өлшеу жүргізу әдістемесін стандарттау және аттестаттауға қойылатын жалпы талаптар» бекітілген.
ҚР «Өлшем бірлігі туралы» (2000ж.) Заңының ережелері бірқатар жаңа талаптар қойып отыр. ӨЖӘ жасау, қолдану және метрологиялық аттестаттау тәртібі ҚР СТ 2.18-2003 «ҚР МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемелері. Дайындау, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі», ГОСТ 8.010-99 «МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемелері. Негізгі ережелер», ПМГ 44-2001 «Өлшемдерді орындау әдістемелерін мойындау тәртібі» стандарттарында берілген.
ТМД елдерінде жасалған ӨЖӨ қолдануға рұқсат ӨЖӘ ҚР МӨЖ реестірінде тіркеу арқылы техникалық реттеу және метрология комитетімен жүзеге асырылады.
Өнеркәсіпте өлшеу ақпараттарын жинау тәжірибесі өлшеу кезіндегі дәлдікті жоғалту қолданылатын өлшеу құралдарының мүмкүн болатын метрологиялық дәлсіздіктерінен емес, өлшеу жүргізу әдістемелері мен әдістерінің жетілмегендігінен екенін көрсетеді.
Өлшеу дәлдігі қолданылатын өлшеу құралының дәлдігіне, өлшеу әдісінің дәлдігіне және сыртқы әсер етуші факторларға тәуелді. Әрбір жағдайда олардың әсері әртүрлі болады.
Мысалы, транспортермен жылжып келе жатқан материалдың массасын өлшегенде, өлшеу құралының дәлдігі массаны өлшеудің жалпы дәлдігінен 10...20 ретке жоғары.
10 Ом-нан кем кедергіні өлшеуде бірқатарлық көпіршеде байланыстырушы сымдар кедергісі өлшеу дәлдігіне едәуір әсер етеді.
Жарық температурасын өлшеуде, сынап термометрлерін салыстырып тексеруде көрсетілім «оқылуының» дәлдігін ескеру қажет.
Өлшеу дәлдігіне сыртқы факторлардың, сонымен қатар өлшеу құралы мен өлшеу объектісін өлшеу жүргізуге дайындау әсері де мол.
Өлшеудің жалпы дәлдігі өлшеу жүргізу әдістемесімен анықталады. Өлшеу жүргізу әдістері, құралдары, процедуралары, дайындау және жүргізу шарттарын, сондай-ақ нақты өлшеулерді жүргізу кезіндегі эксперименттік деректерді өңдеу ережелерін өлшеу орындау әдістемесі деп түсінеміз.
Өлшеу жүргізу әдістемесі (ӨЖӘ) дегеніміз өлшеу нәтижесін белгілі дәлдікпен алуды қамтамасыз ететін ережелер мен операциялар жиынтығы. Өлшеу орындау әдістемелерін жасау. Кәсіпорынға өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін қажет:
- күрделігіне қарамастан барлық өлшеулерді аттестатталған және стандартталған өлшеу жүргізу әдістемелерімен жүргізу тәртібін тағайындау;
- өлшеу жүргізу әдістемелерін жоспарлау, жасау, аттестаттау және қайта қарастыру жүйесін тағайындау;
- өнімді өлшеуге дайындау тәртібі.
ӨЖӘ жасау. ӨЖӘ аттестаттау, стандарттау, сараптауды қамтитын ӨЖӘ жасау процедурасы.
Өлшеу құралдарын және әдістерін таңдау (жасау). Көп жағдайда өлшеу әдісі мен ӨҚ таңдау көп нұсқалық мәселелерге жатады. Оның оңтайлы шешімі ӨЖӘ қойылатын талаптардың, өлшеудің дәлдігіне қойылатын талаптардың орындалуын алғанда, өлшеуге кететін шығынның, оның ішінде ӨҚ метрологиялық қызмет көрсету шығынын қоса алғанда, аз болуына сәйкес. Бұл мәселені итерациялық (қайталамдық) жолмен шешуге болады. Берілген шарттарда қолдануға болатын әдіс пен ӨҚ алдын ала таңдайды, бұл дегеніміз әдіс пен ӨҚ барлық талаптарды (қанағаттандырарлық деп саналатын өлшеу дәлдігінен басқасын) қанағаттандырады деп айтамыз. Ары қарай өлшеу дәлдігін бағалауды жүргізеді.
Өлшеу дәлдігінің бағаланған сипаттамалары рұқсат етілген шектен аспаса және ол шектерден кішкене кем болса, онда өлшеу дәлдігін қанағаттандырарлық деп санайды және оның сипаттамаларын берілген ӨЖӘ деп саналады.
Егер өлшеу дәлдігінің бағаланған сипаттамалары рұқсат етілген шектен едәуір кем болса (мысалы, рұқсат етілген мән шегінің 0,5 кемін құрайды), онда таңдап алынған әдіс пен ӨҚ экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылады. Бұл жағдайда осы ӨҚ метрологиялық қызмет көрсету шығынымен өлшеуге кететін шығын едәуір аз болса, онда дәлдігі төменірек әдіс пен ӨҚ таңдау керек. Ары қарай өлшеу дәлдігінің сипаттамасын жаңадан бағалау қажет және оларды рұқсат етілген шектермен салыстырады.
Егер өлшеу дәлдігінің бағаланған сипаттамалары рұқсат етілген шектен үлкен болса, онда дәлдігі жоғары әдіс пен ӨҚ таңдап, олардың өлшеу дәлдігі сипаттамасын бағалау қажет.
Дәлірек әдіс пен ӨҚ таңдауда (жасауда) МИ 2301-94 «МӨЖ. Технологиялық процестердібасқарудағы өлшеу тиімділігін қамтамасыз ету. Дәлдікті жетілдіру әдістері мен тәсілдері» ұсыныстарын пайдаланған жөн. ӨЖӘ жасауда МИ 1967-89 «МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемелерін жасау кезінде өлшеу құралдары мен әдістерін таңдау. Жалпы ережелер» ұсыныстарын пайдаланған жөн.
Егер мемлекеттік метрологиялық тексеру мен бақылау жүргізілетін салада ӨЖӘ пайдалану қарастырылса, ал ол жерде пайдаланылатын ӨҚ типі бекітілмеген және ӨҚ Мемлекеттік реестіріне тіркелмеген болса, онда ӨҚ сынау және типін бекіту қарастырылуы тиіс.
ӨЖӘ пайдаланылатын ӨҚ салыстырып тексеру әдістемелеріне нормативтік немесе ұсынушы құжаттар жоқ болса, онда ӨҚ әдістерін таңдау (жасау) және салыстырып тексеру (калибрлеу) жүзеге асырылады.