Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

2. Сапа жүйесінің даму тарихы.

1.Бірінші жүйе – ақаусыздық жүйесінің пайда болуы. Тәжірибенің ғылыми жалпыламасы және негізі американың ғалымы, инженер және менеджер Фредерик У. Тейлордың жұмыстары болды. ХХ ғасыр басында топтық, массалық өндірістің пайда болуымен, әсіресе АҚШ – та машина жасау кезінде бұл жұмыстар қолданыла басталды. Өдірістік үрдістің көп нұсқалылығын және бақылауға үлкен мән беретін ғылыми менеджменттің концепциясы. Жүйе сапаның жоғарғы және төменгі шектері шақтамалар алаңдары ұғымдарын кіргіздірді, бақылау құралдарын ендірді, қажетті тәуелсіз тексеруді ақау үшін айып жүйесін, жұмыс сапасын жоғарлатудың әр түрлі формаларын негіздеді. Тейлер жүйесі жалпы менеджментті және сапа менеджментін байланыстырды. Бұл сапа жүйесі белгілі өнімнің сапасын алудың жүйесі болды. Оқыту жабдықта жұмыс жасаудың және өлшеу аспаптарын қолданудын, типтік қосылыстар үшін дәлдік жүйелерін білудің профессионалды оқытуына әкелінді. Жеткізуші мен тұтынушы арасындағы қарым – қатынас техникалық жағдайларда бекітілген талаптар негізінде құралған.

Бұл этаптың сапаны қамтамасыз етудің концепциясының негізін мына түрде жазуға болады: «Тұтынушы тек жарамды өнім алуы қажет, яғни стандартқа сәйке келетін өнім. Негізгі күштер жарамсыз өнімді тұтынушыдан әрі алып кетуіне бағытталуы керек.»

Осы концепцияны одан әрі өмірге келтіру хх ғасырдың 20 жылдарында өндірістің (авияциялы, электротехника, әскери кәсіпкерлік) жоғары технологиялы салаларында бақылаушылар саны өндірістік жұмысшылардың 30 – 40% -ін құрған. Мысалы, 1924 жылы Хоторн (АҚШ) қаласындағы телефон станцияларына жабдықтар дайындайтын ІТТ корпорациясының «Вестерн Электрик» заводында 40000 жұмысшы жұмыс жасаған, олардың 5200 бақылау қызметінде жасады, яғни 13% - і.

Осы концепцияда сапаны жоғарлату әрқашанда оны қамтамасыз ету шығындарының өсуімен бірге жүрді, яғни өндірістің әсерлігін жоғарлату және бұйымның сапасын жоғарлату мақсаттары бір – біріне қарама – қайшы келді, және бір мезгілде іске асуы мүмкін емес. Бұл концепция қазір де бар, бірақ та зерттеулер көрсеткендей ол дұрыс емес және пайдасыз.

  1. Сапаны басқару этапы.

1924 жылы Вальтер Шухарт технологиялық үрдісте арнайы статистикалық диаграммаларды, үрдістің жүру сипатын көрсететін бақылау карталарын қолдануға ұсынды.

В. Шухарт ұсынған статистикалық әдістер технологиялық үрдістің дамуының жалпы тенденцияларын шығарып алуға және үрдістің белгіленген мәндер шектерінен шығуына бағытталып дамуды алдын ала көруге және ақаулы бұйымдарды шығарғанға дейін түзету әдістерін қолдануға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге КСРО мен АҚШ-тағы тәжірибелер көрсеткендей сапалы тұрақты жұмыс алу үшін жұмысшының жеке тұлғасына үлкен көңіл бөлу керек, өйткені жұмысшыға деген қарым – қатынас, оны сыйлау, оның ой-пікірін тыңдау, сол ой-пікірді есепке алу жұмысшының сапалы жұмыс істеу ерігіне үлкен әсер етеді.

Осы этапта сапаны қамтамасыз ету концепциясының ядросы мынау болды:

«Ең басты мақсат – тұтынушы тек жарамды өнім алуы керек, яғни стандартқа сәйкес келетін өнім сақталынады. Ақаусыздық сапаны қамтамасыз етудін ең басты әдістерінің бірі болып қалады. Бірақ негізгі күштер, жарамды өнім шығару проценттін көбейтуді қамтамсыз ете, өндірістік үрдістерді басқаруға бағытталуы қажет»

Сапаны қамтамасыз ету концепциясын практикаға ендіру өнім мен қызметтің жеткілікті жоғары сапасында өндірістің әсерлігін ұдайы жоғарлатуына жол берді. Бұл тауарлар мен қызметтердің дүниежүзілік нарығының пайда болуына жағдай тудырды.

Осы этапта мамандар сапасының аумағында жауапкершілікті бекітетін құжатталынған сапа жүйесі пайда болады.

3.Сапаны жоспарлау кезеңі (этап)

Сапаны жоспарлау 1950 ж. кезеңінен бастап санау қабылданған. Доктор Эдвардс Домингтің Жапонияның алдынғы қатарлы өндірісшілерінің алдында дәрістермен шығуы басты оқиға болды. 12 дәріс ішінде доктор Деминг жапон фирмаларының жүздеген алдынғы қатарлы менеджерлерімен кездесті. Онымен, және ДЖозеф М. ДЖуранмен , олда жапонияға мемлекеттік техникалық көмек ретінде шақырылған, программа шығарылған, оның негізгі идеясы. “Өнім сапалығы негізі” – еңбек сапасы және сапалы менеджмент барлық деңгейдегі, яғни әр жұмысшы өз жұмысынан ләззат алатындай адамдар ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру.

Бағдарлама енді тек қана өндірістік үрдістерді емес, бүкіл жүйені ортақ нәрлендіруге (совершенствовать) негізделді, компанияның жоғары басшылығы өзінің араласуымен сапа мәселесін, компанияның барлық жұмысшыларын сапаны қамтамасыз етудің негізгі әдісіне үйретіп, жұмысшыларды жоғары сапалы жұмысқа бағыттандырды.

Тұтынушыға ақаулы өнімді жібермеу және жарамды бұйымдардың шығарылуын жоғарлату концепциясының орнын, толық ақаусыз және барлық бұйымдар жарамды болу концепциясы басты.

Бұл кезеңде, жоғары сапаның шығындардың азаюына әкелетіндігі толығымен көрсетілді.

Сапаны қамтамасыздандыру және жоғарылатуға кететін шығындарды өндіріске инвестиция ретінде қарастыру керек, ақаулар мен ақаулы өнімді жөндеу фирмаға әлде қайда қымбат түседі. Мұны Ф. Крocби өз еңбектерінде қарастырды.

50-жылдары сапаны тотальды басқару концепциясы шығарылды – IQC. Бұл кезеңде сапаны тек қана сапа ұйым мамандары ғана басқармай, кәсіпорынның бүкіл басшылығы жауапкершілікке алынып, құжатталған сапа жүйелері пайда болды.

Мотивация жүйелері адам факторлары жағына қарай жылжи бастады. Материалды ынталандыруы азайып, моральдылығы көбейді. Сапалы жұмыстың басты мотивтері болып ұйымдағы жұмыс, жетістіктерін бірге жұмыс істейтіндердің және басшылықтың тануы болды. Оқуға және квалификациясын жоғарылатуға көп көңіл бөлінеді.

4. Сапаның тотальды менеджменті кезеңі.

Бұл сапаның тотальды менеджменті кезеңі тұтынушылардың әлде қайда толық сұраныстарын қанағаттандыру бағытындағы алдағы кезең идеяларын дамыту ретінде 60-жылдардың ортасында қалыптаса бастады. Бұл кезеңді дамыту керектігі әлемдік товар және қызмет көрсету нарығының дамуы, нарықта бәсекенің шиеленісуі және тұтынушылардың мүдделерін мемлекеттік қорғау саясатына байланысты болды.

Мұның бәрі мынадай жағдайға алып келеді: мағынасыз қателіктер және тұтынушы сұраныстарын аз деңгейде қанағаттандыратын өнімдерді нарыққа шығару бәсекелер бұйымдарына қарағанда біржағынан бұйымдардың сенімділігі теориясының дамуымен, екінші жағынан есептеуіш машиналарының және АЖЖ-ның көп қолданысқа түсуінетәуелділік.

Жаңа фаза концепциясының негізі:

1. бұйымдардың ақауларының үлкен бөлігі дайындау кезінде, жобалау жұмыстарының жеткіліксіз сапалылығына байланыстылығы туралы ойлар;

2.“нөл ақаулары” концепциясының орнын “қанағаттанған тұтынушы” концепциясы орын алды;

3.тұтынушыға арзан баға үшін жоғары сапа беру, бұл бәсекенің нарықта өте жоғары болғанына байланысты ылғи бағасы түсіп тұруы керек.

4.70-80 жылдары сапаның тотальды менеджментіне өту басталды (TQM). Бұл кезде ИСО 9000 сапалы мемлекеттік стандарт сериялары пайда болды.

5. Сапаның тотальды экологиялық менеджменті кезеңі

Бұл кезең енді-енді басталуда. 90-жылдары қоғамның өндірістерге әсері күшейді, бұл олардың өндіру іс-әрекетінен болатынын экологиялық мәселелерге байланысты болды. Экологиялық мәселелердің күшеюі пайда болады. Мұның бәрі ИСО 14000 сериялы стандарттардың пайда болуына әкеледі, олар менеджментке табиғат және өнімнің қауіпсіздігі жағынан қарайтын талаптарды қояды.

Сапа жүйелерін, әсіресе табиғатқа өндірістен үлкен жүктеу түсетін елдерде ИСО 14000 стандарттарына сәйкес сертификациялау ең алдынғы қатарлы болып келеді. Қазіргі уақытта ИСО 14000 сертификатының әлде қайда үлкен саны Жапонияда бар екені осыдан. 2002-жыл ИСО комитеттерімен ИСО 19011 “Сапа және қоршаған орта менеджменті жүйелерінің аудиті бойынша басқару нұсқаулары” стандарты шығарылған және енгізілген, сапа түсінігін арықарай гуманизациялау жүреді. Сапа және экологиялық қауіпсіздік бір түсінігі болады және бұл екі критерий бойынша сертификациялау бір кезде жүргізіледі.

Кеңес одағында да сапаны жоғарылату бағытында жұмыстар жүргізілді, бірақ КСРО – дағы сапаны қамтамасыз ету жүйелері өндірістің административті – бұйрықты жүйесіне негізделген, онда кәсіпорындар бір-бірімен мемлекеттік жоспарлармен байланыста болған, бағыну әдетті түрде вертикальді болды, әрқайсысы өзі жауап берген жұмысты ғана атқарды. Барлық кәсіпорындар кепілді түрде мемлекеттік тапсырыстармен бірнеше жылға алға қамтамасыз етілген, бұл өнімнің сапасын арттыруға ынталандырмады. Өнімнің сапасы әдетте өндірістік циклдан шығарда тексерілген, яғни соңғы өнімнің техникалық нормаларға және стандарттарға сәйкестігі тексерілді (ОТК жүйесі және мемлекеттік тексеру). Сапаны қамтамасыз ету бойынша амалдар тек қана ақаулы өнім табылған кезде ғана қолданылды, негізінде бұл амалдар репрессивті мінезде болды. Негізінен кеңес кәсіпорындарында бірнеше өзгертілген, бірақ ескірген Ф. Тейлор басқару жүйесі қолданылған.

КСРО қазіргі кезгі сапаны басқару жүйелерін енгізуге талпынды. Сапаны жақсарту жұмыстарын ұйымдастыруға жүйелік жақындау КСРО-да 50-жылдың ортасында дами бастады (Саратовтық ақаусыз өнім дайындау жүйесі), кейін КАНАРСПИ жүйесі келді (качество, надежность, ресурс с первых изделий), 1960ж. (сапа, сенімділік, бірінші бұйымдардан ресурстар) 70 жылдардың басында өнім сапасын басқарудың кешенді түрі жасалды – КСУКП. Бірақ жоспарланған өндіріс жүйесі, саны жағынан жарыс, өнімге кепілденген мемлекеттік тапсырыс кәсіпорындарды сапаны жоғарылатуға ынталандырмады, бұл КСРО-да шығарылатын товарлардың сапасына жаман жағынан әсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]