Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
930.96 Кб
Скачать

1 Билет

1. Стандарттаудың анықтамасы. Стандарттаудың мақсаты және объектілері

Стандарттау- бұл қызмет бағытын жетілдіру шарттарын белгілеу, нормалау, ережелеу, сипаттау, орындауды міндеті және ұсынылатын, белгілі бір бағаға сәйкес келетін сапасы бар тауарды тұтынушы сатып алу құқын қамтамасыз ету, сонымен бірге қауіпсіздік және еңбектің талапқа сай болу құқығын қамтамасыз етеді.

Стандарттау мақсаты- қандайда бір аумақта ұтымды реттеу дәрежесіне жету, белгіленген жағдайды, талапты,қазір бар, жоспарланған немесе потенциалды тапсырмаларды шешу нормасы кең және көп ретті пайдалану.

Стандарттаудың негізгі нәтижесі- стандарттау қызметінің өнімге сәйкестік дәрежесінің, процестердің функционалдық пайдалануы,Халықаралық тауар ауыстырудағы техникалық барьерлерді азайту, ғылыми-техникалық прогрестің көмегімен қосу және әртүрлі аумақта бірлікпен жұмыс жасаудың дәрежесі өсуі қажет.

Стандарттаудың жалпы мақсаты – тұтынушының қызығушылығын қорғау және мемлекеттің өнім , процесс және қызмет сапасының сұрақтарына жауап беру болып табылады. Жалпы дәлдеу мақсаты бар стандарт талабын орындауын қажет ететін міндетін қадағалау. Оған жетілдіру қажет ететін норма, талап, ережелермен қамтамасыз ету болып табылады. Олар:

  1. Өнімнің қауіпсіздігін, жұмыстың, өмір үшін қызметтің, адам денсаулығының, қоршаған орта мен мүліктің;

  2. Бұйымның өзараауыстырымдылығы мен сыйымдылығы;

  3. Өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасының ғлыми-техникалық өркендеу процесіне сәйкес болуын;

  4. Өлшеудің бірлігін;

  5. Барлық ресурстар түрін үнемдеу;

  6. Әртүрлі катастрофалар болуынан (табиғи және техникалық сипаттағы) және төтенше жағдайлар кезінде шаруашылық объектілердің қаіпсіздігін;

  7. Мемлекеттің қорғау қабілетінің мобильді дайындығы.

  8. Стандарттаудың нақты мақсаты- анықталған аумақ қызметін, өндірістің тауар және қызмет сапасына, сол немесе басқа өнім түріне, өндіріске және т.б. стандарттаумен байланысты. Стандарттау объекті және станарттау саласы сияқты ұғыммен байланысты болып табылады.

Стандарттау объектісі өнім, процесс (жұмыс), қызмет, қайсыларын перспективалы к өп реттіқайта құрылуы және (немесе) пайдалану және қайсылары үшін қандайда бір нормаларды, талаптарды, сипаттамаларды, ережелерді және т.с.с. жетілдіру болып табылады.

2. Өлшеудің бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің мақсаты және мәселелері

Өлшеу бірегейлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) –өлшеу бірегейлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік стандарттармен, басқа да нормативтік құжаттармен тағайындалған, өлшеу бірегейлігіне қол жеткізуге және оны қолдауға бағытталған заңдастырылған актілеріне, ережелер мен нормаларына сәйкес метрологиялық қызметтің іс-әрекеті.

ӨБҚ негізгі мақсаты – ҚР азаматтарының мүддесін және экономикасын ақиқат емес өлшеу нәтижелерінің салдарынан сақтау. (ҚР заңы 4 бап « Өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жайлы»).

Өлшеу бірегейлігін қамтамасыз ету мақсаты:

  • ұлттық және шетелге жіберілетін өнімдер, процесстер мен қызметтер;

  • ғылыми зерттеулер кезіндегі өлшеу ақиқаттығы;

  • материалдық және энергетикалық ресурстарды есепке алу ақиқаттығы;

  • ауруды болжау және емдеу, еңбек шарттары мен адам тұрмысындағы қауіпсіздікті бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету нәтижелерінің ақиқаттығы.

Заң мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының тағайындалған құқық тәртібі мен экономикасын дұрыс емес өлшеу нәтижелерінің теріс зардабынан азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау;

  • елімізде қолдануға рұқсат етілген бірліктермен көрсетілген шама бірлігінің мемлекеттік эталондары мен берілген дәлдікпен алынған өлшем нәтижелерін қолдану негізінде ғылыми-техникалық және экономикалық дамуына қосқан үлесі

  • халықаралық және мекеме аралық байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

  • өлшеу құралдарын өндіру, шығару, пайдалану, жөндеу, сату және сырт елге жіберу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдары мен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеу;

  • Қазақстан өлшеу жүйесін дүниежүзілік тәжірибеге үйлестіру.

ҚР-ың өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік басқарылуы, Қ-ың смс жөніндегі өкілетті органы мен ҚР-ң Мемстандартымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемстандарты:

  • - ҚР-ң метрологиялық қызметінің жұмыс координациясын жүзеге асырады;

  • - метрология саласындағы іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

  • - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту мен жұмыс тәртібін анықтайды;

  • - өлшеу құралдарын жөндеу, қолдану және жасау тәртібін анықтайды;

  • - өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің реестірін жүргізеді;

  • - метрологиялық халықаралық және аймақтық ұжымдарда ҚР өкілі болады;

  • - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлерді дайындау мен қайта дайындауы. ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады :

  • - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту;

  • - шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру;

  • - метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту.

Өлшеу бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. ҚР МБЖ - ҚР-дағы өлшеу бірегейлігін қамтамасыз етудегі, субъектілерді, нормаларды, іс-әрекет пен құралдарды мемлекеттік бақылау жүйесі. МБЖ құру және енгізу қажеттілігі:

  • өлшеу адам істерінің ішіндегі ең көп сұранысқа ие болған іс-әрекет (еңбек шарттары мен қауіпсіздігін бағалау, қоршаған ортаны бақылау, бағалы заттарды есептеу, ауруды болжау және емдеу);

  • өлшеу дәлдігіне қойылатын талаптар күннен-күнге өсуде;

  • адам іс-әрекетінің бар саласындағы халықаралық қатынастың дамуы, өлшеу нәтижелеріне өз-ара сенімділік көрсетуді талап етеді.

Өлшем бірегейліген қамтамасыз ету үшін құқұқтық, нормативтік, ұйымдастырушылық, техникалық және экономикалық шараларды құру - ҚР МӨЖ негізгі мақсаты.

ҚР МӨЖ қарастыратын негізгі мәселелері:

  • өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жұмыстарын басқару принциптерінің тиімдісін жобалау;

  • шама бірліктерінің эталондық базаларын құру және жетілдіру;

  • метрология саласындағы негізгі ұғымдар, терминдер мен анықтамаларды бекіту;

  • өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жұмыстарының нормативтік базасын құру және нығайту;

  • метрология саласындағы ережелерді, нормаларды және талаптарды халықаралық, региондық және ұлттық ережелермен үйлестіру;

  • өлшеу саласындағы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]