Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы

Бұйым

ның атауы

Жұмсалған материалдың саны, кг

Қайтарылатын қалдықтың шығу нормасы,

%

Жұмсалған материадың нақты санына шаққандағы нормалар бойынша қалдықтар

Бөлу коэффи-циенті

Салмағы, кг

Қалдықтардың нақты шығуы

Салмағы, кг

Баға, теңге

Сома, теңге

Салмағы, кг

Сома, теңге

А

3136

0,8

25

50

1250

1,2

30

1500

Б

2450

1,0

24,5

50

1225

1,2

29,4

1470

В

2058

0,7

14,4

50

720

1,2

17,3

865

Жиыны

63,9

3195

76,7

3835

Бөлу коэффициенті (76,7:63,9)=1,2

Материалды есептен шығару бухгалтерлік есепте былайша көрсетіледі:

Дт

Кт

Операцияның мазмұны

8110

1310

Шикізат пен материалды өнім өндірісінің есебіне шығару

8110

1310

Жартылай фабрикат, жинақтаушы бұйым, конструкция мен бөлшектерді өнім шығарудың есебіне шығару

8110

1350

Технологиялық мақсаттарға арналған отын өндірісінің есебіне шығару

8110

1350

Өнім салуға арналған қаптама өндірісіне есепке шығару

8110

1350

Өзге материал өндірісіне есепке шығару

8110

3310

Өндірістің технологиялық процесімен (судың, отынның, энергияның, будың, газдың, суықтың, өнеркәсіптік қызметтердің және т.б. құны) байланысты бөгде ұйымдардың қызмет өндірісінің шығындарына жатқызу.

8110

8310

Қосалқы өндіріс цехтары шығарған, технологиялық мақсаттарда пайдаланылатын будың, ыстық және суық судың, электр энергиясының, суықтың және т.б. құны.

1350

8110

Қайтарылатын қалдықтарды оларды ықтимал пайдалану немесе сату бағасы бойынша кіріске жатқызу.

2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру

Ұйымдарда материалды өндіріске босатуды ағымдағы бақылау ғана емес, сонымен бірге олардың тиімді пайдаланылуын кейінгі бақылау да ұйымдастырылуға тиіс. Бақылау барысында материалдың нақты шығыны мен шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақты көлеміне арналған нормалар бойынша олардың шығысы салыстырылып, белгіленген нормалардан ауытқу (үнем немесе артық жұмсау), оның пайда болуының себептері мен оған кінәлілер анықталады.

Бақылау тәсілдері пайдаланылатын материалдың, өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты. Бақылау тәсілдерінің ішінде нормалардан ауытқуды құжатпен ресімдеу (сигналдық құжаттама тәсілі), инвентарлар мен топтарға бөлу кең таралған.

Нормалардан ауытқуды құжатпен ресімдеу тәсілі бір материалды екінші материалмен ауыстыру салдарынан пайда болатын ауытқуды табу сондай-ақ материалды белгіленген нормалардан тыс босатылғанда, олардан шамадан артық жұмсалғанда, өнімнің ақауын анықтау кезінде және т.б. жағдайларда қолданылады. Осы тәсілде материалды нормадан тыс босатуға немесе оларды алмастыруға белгіленген нормалардан ауытқу туралы белгі беретін жеке құжат (талап, ауыстыру актісі) ресімделеді. Кейбір салалардың (тамақ, тоқыма және т.б.) ұйымдарында өндіріске шикізат, материал босатқанда бастапқы қоспаның (шихта, қоспа, композиция) құрылымдық өзгерістер нәтижесінде ауытқу пайда болады. Олар алдын-ала есептеу арқылы анықталады, бұл нормадан ауытқуды құжатпен ресімдеудің бір тәсілі болып табылады.

Бұл жағдай да ауытқу нақты пайдаланылған материал жиынын оның технологиялық норма (рецепт) бойынша шығысымен салыстырылып анықталады.

Бұл жағдайда технологиялық нормалар бойынша жиын қоспаның нақты бүкіл жүктемесін жалпы жүктемедегі материалдың әр бір түрінің, сұрпының, маркасының түрінің пайыздық арақатынасын көбейту арқылы анықталады. Есепті кезеңнің соңында шығындардың шифры бойынша сигналдық құжаттардың талдап қорытылған деректері бойынша материалдың артық жұмсалуы мен оның себептері анықталады.

Топтарға бөлу тәсілі тапшы және қымбат материалды: металды, теріні, ағашты және т.б. жұмыс орнында бөлінетін дайындау және тағы басқа да өндірістерде қолданылады, осы тәсілді өндірістік мастерлер бөлінетін материалдың әр бір тобына ашылатын есептік (бөлу) карталарында қолданады. Есептік (бөлу) картасында блінетін материалдың саны, бір әзірлемеге шаққандағы норма, осы топтан алынуға тиіс әзірлеме мен қалдықтың саны көрсетіледі. Материал бөлінгеннен кейін есептік (бөлу) картасында осы топтан жасалған әзірлеме мен алынған қалдықтың нақты саны қойылады. Бөлудің нәтиженсін білу үшін әзірлеме мен қалдықтың нақты алынған саны дайын болған әзірлеменің нақты санын қолданыстағы шығыс нормасына көбейту арқылы анықталатын материалдың нормативтік шығысымен салыстырылады. Нормалардан ауытқу материалдың нақты шығысын нормативтік шығыспен салыстырылып анықталады және қалдық та осылай бақыланады.

Әр бір материал түрі бойынша ауытқуды анықтаудың жоғарыда көрсетілген тәсілін қолдану мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда ауытқу инвентарлық тәсілмен анықталады.

Инвентарлық тәсілде материалдың нақты шығысын анықтау үшін кезең-кезеңмен (ауысым, тәулік, бес күннің, айдың соңында – материалдың, өндіріс жағдайларының ерекшелігіне байланысты) жұмыс орындарында пайдаланылмаған материалдың қалдығын түгендеу жүргізіледі. Материалдың нақты шығысы есепті кезеңнің басындағы қалдық пен есепті кезең ішінде түскен материал қосылып, одан осы кезеңде қоймаға қайтарылған материалдың саны мен есепті кезеңнің соңындағы қалдықтың санының сомасы шегеріліп анықталады. Нормалар бойынша шығыс жасалған бұйымның немесе жартылай фабрикаттардың санын шығыстың нормасына көбейту арқылы есептеледі. Ауытқу әр бір материалдың нақты шығысын нормативтік шығыспен салыстыру арқылы анықталады.