- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
Нормативтік әдіс өндіріс шығындарының деңгейін күнделікті бақылауды жүзеге асыруға, ұйымның ресурстарын тиімсіз жұмсауға жол бермеу үшін шара қолдануға мүмкіндік беретін ең озық әдіс болып табылады.
Нормативтік әдісте мынадай іс-шаралар қарастырылған:
– озық нормалар мен нормативтер жүйесін құру және оның негізінде нормативтік өзіндік құнды калькуляциялау;
–есепті кезең ішінде нақты шығындардың есебін оларды нормалар бойынша шығыстар мен нормалардан ауытқуға бөліп жүргізу;
– есепті кезең ішінде нормативтік өзіндік құнды нақтылау және осы өзгерістердің өзіндік құнға жасайтын әсері мен осы өзгерістердің себептерін анықтау үшін қолданыстағы нормалардың өзгерістерінің есебін жүргізу;
– шығын түрлеері бойынша нормалдардан ауытқу мен олар пайда болған жерлер бойынша ауытқуларды анықтау және олардың себептерін талдау;
–есепті кезеңнің басындағы нормативтік өзіндік құнды, нормалардан ауытқуды (артық жұмсауды қосу, үнемді шегеру) және есепті кезең ішіндегі нормалардың өзгерісін қосу арқылы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақұты өзіндік құнын есептеу.
Нормативтік әдіс – бұл өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын есептеу мен калькуляциялау әдісі ғана емес, сонымен бірге ол өзіндік құнын қалыптасуын басқаратын өте маңызды жүйенің бөлігі.
Нормативтік есеп озық, ғылыми жағынан негізделген еңбек, материалдық және қаржы нормалары мен нормативтерінің кешенін білдіретін нормативтік базаға негізделеді.
Нормлар – бұл өнім, жартылай фабрикаттың, тораптың, бөлшектің бірлігін жасауға жұмсалатын материалдық құндылықтар мен еңбек шығындарының ең көп жол берілетін мөлшері. Олар техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі деңгейі, сондай-ақ тиімділік пен сапаны арттыру жөнінде жүзеге асырылатын іс-шаралар ескерілген техникалық жағынан негізделген әрі озық болуы тиіс. Осы нормалардың негізінде нормативтік калькуляция жасалады.
Шығындарды есептеудің нормативтік әдісінде қолданыстағы нормалардың өзгеруінің есебін жүргізу маңызды рөл атқарады. Ол нормативтік базаны жүйелі түрде нақтылау үшін қажет. Нормалар жаңа техника, технология енгізудің, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, тиімділік пен сапаны арттырудың әсерінен өзгереді.
Қолданыстағы нормалардың өзгеруі арнайы құжаттармен – өзгерудің себептері көрсетілген нормалардың өзгергені жөніндегі хабарламалармен ресімделеді (қызметтер жаңа нысан енгізілген нақты күннен бастап жазады).
Хабарламалардың негізінде нормативтік калькуляцияларға өзгерістер келесі айдың басынан бастап енгізіледі. Есепті айдың ішіндегі ағымдағы норманың мөлшері айтарлықтай өзгеруі есепті кезеңнің соңына дейін есептеледі, ал осы өзгерістің мөлшері шамалы болған жағдайда ол нормадан ауытқумен бірге жеке позицияда көрсетіледі. Хабарламаның негізінде осы өзгерістердің іс-шара, себеп, орындаушы бойынша жедел есебі жүргізіледі.
Өзгерісті жедел анықтау (оның ішінде сигналдық құжаттаманың көмегімен) мен шығындардың нормалардан ауытқуының есебін жүргізу жүргізіледі (шығын баптары, пайда болған жеру, себептер, ауытқу үшін жауапты тұлғалар бойынша) маңызды рөл атқарады. Ауытқудың есебі нақты өнім (жұмыс, қызмет) түрі бойынша ұйымдастырылады. Ауытқу деп шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикатттарды пайдаланғанда, жұмысшыларға жалақы төлегенде белгіленген нормалар мен нормативтерден әр түрлі ауытқулар мен үстеме шығыстардан ауытқулар аталады.
Нормалардан ауытқу оны анықтау мен оны құжатпен ресімдеудің толықтық дәрежесі бойынша құжатталған және құжатталмаған ауытқуға бөлінеді.
Құжатталған ауытқуға өндіріс процесі басталғанға дейінгі немесе оны жүзеге асыру барысында сигналдық құжаттаманың деректері бойынша аенықталған, сондай-ақ есептеу арқылы анықталған (өндіріс процесі басталғанға дейін немесе өндіріс процесі аяқталғаннан кейін дереу) ауытқулар жатады.
Құжатталмаған ауытқуға шығын нормасының жалпы сомасы (нақты шығын мен норма бойынша шығынның айырмасы ретінде анықталатын) және оның құжатталған бөлігінің арасындағы айырма жатады.
Бұрын атап өтілгендей, шикізат пен материалдардың шығысындағы ауытқулар бірнеше әдіспен: құжаттаумен, топтар бойынша бөлуді есептеумен, нақты рецептура бойынша алдын-ала есептеу мен және кейінгі есептеумен, сондай-ақ түгендеудің деректерін пайдаланумен (инвентарлық әдіспен) анықталады.
Жалақы төлеу жөніндегі нормалардан ауытқу мына құжаттармен: қолданыстағы нормалар мен бағаларға әр түрлі қосымша ақылар – қосымша ақы төлеу жөніндегі парақтармен; технологиялық процесте қарастырылмаған қосымша операцияларды төлеу – айрықша белгісі бар нарядтармен (мысалы, диагональ бойынша қызыл сызықпен – нарядтың бланкісі ) ресімделеді.
Осы құжаттарда қосымша ақы мен қосымша жұмыстың себептері, сондай-ақ осы жұмыстарды орындау үшін жауапты тұлға көрсетіледі. Құжаттар, әдеттте, ауытқу пайда болған кезде (жұмыстар басталғанға дейін) жазылады.
Мерзімді жалақыда нормадан ауытқу жекелеген учаскелер (жалақының есептелу шамасына орай цехтар бойынша) арнайы есептеу бойынша анықталады.
Есепте нормалар бойынша жалақының сомалары (жұмыс орындарының тізбесі, штаттық лауазымдар мен тарифтік ставкаларға сәйкес есептелген), нақты есептелген сома мен норма бойынша жалақының сомасының арасындағы айырма ретінде анықталатын ауытқулар көрсетіледі.
Жұмысшылардың кесімді жалақысы бойынша нормадан ауытқу нақты өнім түріне, әдетте, тура әдіспен, ал мерзімді жалақы алатын жұмысшылардың – олардың нормалар бойынша жалақысына пропорционал жатқызылады. Бір топқа кіретін біркелкі өнім топтары бойынша ауытқуларды есептеген кезде – нормалар бойынша жалақыға пропорционал (индекстердің көмегімен) есептеледі.
Үстеме шығыстар бойынша ауытқулар жалпы бекітілген сметалар мен олардың жекелеген баптарынан анықталады. Кешенді баптар бойынша ауытқу ол пайда болған сәтте құжаттау арқылы да, сондай-ақ осы шығыстардың жоспарлы (сметалық) және нақты сомаларын салыстыру арқылы да анықталады.
Есепті жылдың соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы айдың басындағы ағымдағы нормалар бойынша бағалануы тиіс, яғни нормалардан ауытқу шығарылған өнімге есепке шығарылады.
Нормативтік әдісте өндіріс шығындарының жиынтық есебі мен тиісті регистрлер (ведомостер) біркелкі өнімнің жекелеген түрлері немесе топтары бойынша және калькуляциялық баптар бойынша нормалар бойынша шығындар, нормалардан ауытқу мен нормалардың өзгерісі бойынша бөлініп жүргізілуге тиіс. Жиынтық есеп ведомосінің барлық тараулары бойынша нормалар бойынша шығындар (есепті кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндіріс, есепті кезеңдегі шығындар, өндірімнің нақты өзіндік құны) есепті кезеңнің басында қол жеткізілген бірыңғай нормалардың деңгейі бойынша есептелуге тиіс. Есепті кезеңнің соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтары келесі есепті кезеңдегі бастапқы қалдық болатыны белгілі. Егер есепті кезеңнің ішінде ағымдағы нормалар өзгерсе, онда аяқталмаған өндірістің қалдықтарын есепті кезеңдегі нормалар өзгерген мөлшерге қайта санау қажет болады. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс бойынша нормалардың өзгерісі өндіріс шығындарының жиынтық есебінің ведомосінде жеке жазылады.
